Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2398 0 пікір 17 Қаңтар, 2011 сағат 19:06

Жұмамұрат Шәмші. Қытайдың «сиқырлы» құшағы

«Таза қытай» тапқан келіншек

Жақында мен Талдықорған қаласында тұратын досыма барған едім, көршісі Хау-ин деген ханзудың әйелі Жанар қазақтың қызы екен. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында туған. Ханзуға тиіп, отбасы құрғанына 10 жыл болыпты. Өздерінің айтуына қарағанда, 1998 жылы Алматының базарында қаңтардың қақаған суығында танысыпты. 1998 жылы 21 наурыз күні Сарыағаш ауданында тойын өткізіпті. Жанар Хау-иннің Шанхай қаласында қытай әйелі, қызымен тұратынын кейін естіпті. Жанар да ажырасқан. Бұрынғы күйеуінен Нұржан есімді ұлы бар екен. Қытай мемлекеті шетелге кеткен өз аза-маттарына қомақты қаржымен көмектеседі екен. Сондай қаржының арқасында екі қабатты даңғарадай үй тұрғызыпты, тұрмысын жақсартыпты.  Ең қызығы, Хау-иннің Жанардан Жун-Го деген ұлы бар екен. Жун-Гоны қытай тілінен тікелей қазақша аударсаң "таза қытай" деген мағынаны білдіреді.

Біздің шетелде жүрген қандастарымыз "Таза қазақ" деген атты ұлдарына қоя ала ма? Әрине, жоқ. Басқа мемлекет бұған рұқсат етпейді де,  мына ханзудың сақтығын көрдің бе? "Ұлым қазақтарға сіңіп  кетпесін" деп әдейі осы атты қойған. Жун-Го мен Нұржан орыс мектебінде оқиды. Нұржан жетінші, Жун-Го екінші сыныпта жүр. Қытайша,  орысша, ағылшынша судай сөйлегенімен, олар қазақшаға мақұрым. Міне, тұрған мемлекетіміздің қызын алып, жерін, ұлтын сыйламау,  аяқасты қылу деген осы емес пе?

«Таза қытай» тапқан келіншек

Жақында мен Талдықорған қаласында тұратын досыма барған едім, көршісі Хау-ин деген ханзудың әйелі Жанар қазақтың қызы екен. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында туған. Ханзуға тиіп, отбасы құрғанына 10 жыл болыпты. Өздерінің айтуына қарағанда, 1998 жылы Алматының базарында қаңтардың қақаған суығында танысыпты. 1998 жылы 21 наурыз күні Сарыағаш ауданында тойын өткізіпті. Жанар Хау-иннің Шанхай қаласында қытай әйелі, қызымен тұратынын кейін естіпті. Жанар да ажырасқан. Бұрынғы күйеуінен Нұржан есімді ұлы бар екен. Қытай мемлекеті шетелге кеткен өз аза-маттарына қомақты қаржымен көмектеседі екен. Сондай қаржының арқасында екі қабатты даңғарадай үй тұрғызыпты, тұрмысын жақсартыпты.  Ең қызығы, Хау-иннің Жанардан Жун-Го деген ұлы бар екен. Жун-Гоны қытай тілінен тікелей қазақша аударсаң "таза қытай" деген мағынаны білдіреді.

Біздің шетелде жүрген қандастарымыз "Таза қазақ" деген атты ұлдарына қоя ала ма? Әрине, жоқ. Басқа мемлекет бұған рұқсат етпейді де,  мына ханзудың сақтығын көрдің бе? "Ұлым қазақтарға сіңіп  кетпесін" деп әдейі осы атты қойған. Жун-Го мен Нұржан орыс мектебінде оқиды. Нұржан жетінші, Жун-Го екінші сыныпта жүр. Қытайша,  орысша, ағылшынша судай сөйлегенімен, олар қазақшаға мақұрым. Міне, тұрған мемлекетіміздің қызын алып, жерін, ұлтын сыйламау,  аяқасты қылу деген осы емес пе?

Басқа мемлекетте сол жердің ұлттық тілінде сөйлемесең, нан тауып жей алмай аштан өлесің. Ал бізде мүлдем басқаша. Осындай  еркінсіп кеткендерге тосқауыл қоятын заң да жоқ. Келімсектер неге қазақ тілін мойындамайды?  Хау-иннің ендігі бір арманы - Қазақстан азаматтығын алу. Оны алуға өтініш беріп қойыпты. Өйткені, әйелі Жанардың туған жері Сарыағаш ауданы. Ең бастысы некеде. Басқа ұлтқа "үйленбесін" деген заң жоқ. Қазақстанда демократия, еркіндік, сөз бостандығы бар деп мақтанамыз. Баяғыда, кеңестер заманында "Жүз ұлт мекендеген Қазақстан" деп кеуде қақсақ, қазір егемендік алған қазақ елі "Жүз отыз сегіз ұлт болдық" деп мәз боламыз. Оңтүстіктегі көршіміз өзбектер болса, орыс мектептерін жауып, өзбек мектептерге ауыстырып, балалар бақшасынан жоғары оқу орындарына дейін тазалап жатыр. Ал бізде «Таза қытай» атты сәбилер пайда бола бастады...

Бұрынғы будундар

Шартарапқа ат шаптырған түркі баласы қағанатқа бөліп, қоныс тепкен Орталық Азия ХІ ғасырдың  аяғында керегесі сөгіліп, ту-талақай бөліске түсті.  Содан соң-ақ, Орталық Азияны  солтүстіктен келген Ресей қырып-жойып, тұтастай өзіне қаратып алды. Оңтүстікте Үндістанды жаулаған ағылшындардың Термезге жеткенше тоқтататын тегеурінді  күш болмады.  Парсы жұртына ағылшынның тісі батпады, дегенін істете алмады.

Жартылай отарға айналған Қытай да құр жатпай, Петербург келісімі бойынша, Шығыс Түркістанды қарпып қалды. Оған - Құлжа, Үрімші, Алтай таулары жатады. 751 жылы әйгілі Атлах шайқасында түркі-араб біріккен күшінен күйрей жеңілген қара қытайдың, бірнеше жүздеген жылдар бойы Орталық Азияға қайта беттеуге жүрегі дауаламап еді. Қытайға 5650 шақырым қорған салдырған сол бабалардың қажымас батырлығының айғағы.

Тарихта талай теперіш көрген түркінің ұрпағы - қазақтар шөкелеп жығылса да, тірсегі қиылмаған. Еңсесін тіктеген бүгінгі Қазақ жері - Атырау мен Алтайдың арасы, баяғы үлкен Түрік қағанатының бір бөлігі - ат сауырынан қан кешкен бабалардың аманаты. Сондықтан жан-жақтан қаумалаған АҚШ, Ресей мен Қытайдан шегінерге жол жоқ. 1990 жылдары әлеуметтік ауыртпалықтарды бастан өткізген Қытай, енді геостратегиялық даму жолын таңдап алды.

Аждаһаның амалы

Әуелі шекарасын кеңітіп, етек-жеңін жапты. Ағылшындардан 1997 жылы Гонконгты қайтарып алды, 1998 жылы Алынды қосып алды.  Даулы территориялар мәселесі бойынша, Ресей 1992 жылы Амур мен Уссури аймағындағы 600-ге жуық кішігірім аралды және 10 шаршы шақырым жерді Қытайға беру туралы келісімшартқа қол қойды. 1995 жылы Гримфильдегі шекараны анықтауда Ресей 1,5 гектар жерінен айырылып қалды. Тек баяғы гоминданшылардың ақсүйек ұрпағы қоныс тепкен Тайвань аралы ғана бой бермей қойды. Бірақ болашақта оны бәрібір Қытай  жұтып жібереді.

Ұйқысынан оянған айдаһардың араны үлкен. Көршілеріне енді бұрынғыдай ысылдап емес, ысқырып жақындай түспек. 2002 жылы Шанхайда басылып шыққан 8-сынып оқулығы бойынша, Қазақстанның 510 мың шаршы шақырым аумағын Қытайдың жері деп оқытудың ар жағында не тұр?

Діни экстремизм, лаңкестік  және ұлтшылдықтың өрістеу қаупін алға тартқан Қытай  1996 жылы "Шанхай бестігін" құру жөнінде ұсыныс жасады. 2001  жылы маусымда Шанхай Ынтымақтығы ұйымы құрылды. Ұйымның басты мақсаты өзара сенім, достық, бейбітшілік, тату көпшілік қатынастарды қолдау, аймақтардағы қауіпсіздікті сақтау болып табылады. ШЫҰ арқылы Қытай өзінің біртұтастығын, Тайвань оның құрамы екенін толық мойындатты.

Қытайдың АҚШ пен Ресейден айырма¬шылығы - еңбек миграциясы, сауда-саттық, жылжымайтын мүлік, мейрамхана экспансиясы арқылы кез келген елдің нарығын жаулап алады және тізе бүктіруге шамасы жетеді.  Қытай капиталы кішкентай  Қырғызстанда 500-ден аса жобаны қаржыландырып отыр. 2010 жылы Қытайдың тұтынымы 120 миллион тонна мұнайды құрады.  Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы еліміз 81 млн тонна мұнай өндірді. Қазақстандағы "Ақтөбемұнайгаз", «Петро-Қазақстан» мұнай компанияларының акция пакеттері Қытай ұлттық мұнай компаниясының уысында екенін ескерсек, геосаяси ойында ұтылып қалмауға қамданған жөн.  Өйткені Қазақстан неғұрлым мол мұнай өндірген сайын, Қытайдың қорегі де соғұрлым қыза бермек. Қазірдің өзінде АҚШ пен Еуропаның нарығын Қытайдың арзан тауарлары жаулап алды.

Хуацяоның қуаты

Әлемнің 500-ден астам трансұлттық компаниясы Қытайда жұмыс істейді. Сондықтан, жаһанданудың АҚШ, Еуропа секілді көшбасшылары қытайланудан қарадай қорқады. Жаһандану үрдісі әдейі, қытайлануға қарсы бағытталып отырған сыңайлы.  Әлемнің 174 елінде 60-100 миллион аралығында Қытайдың хуацяосы өріп жүр. «Хуацяо» дегеніміз - Жұңғо мүддесіне адал қызмет ететін, жоғары білімді отаншыл қытай кәсіпкері. Әлгі хуацяолар жұмыс істеген жерінде үйленіп, сол елдің азаматтығын алуға тырысады. Одан соң, біртіндеп, ірі қалалар маңында Қытай кварталдары пайда болады. АҚШ-та, Еуропаның кез келген мемлекетінде қытай кварталдары бар. Санақ бойынша, АҚШ-та 25 млн, Еуропада 30 млн-ға жуық ханзу бар екен.  Нью-Йорктің ортасынан Чайнатаун тұрғызған Қытайға АҚШ қарсылық білдіріп «тәйт» дей алмады.  Аузын айға білеген Қытай жалпы ішкі өнім көлемі жағынан былтыр Ұлыбританияны, 2020 жылы Жапонияны қуып жетіп, АҚШ-пен үзеңгі қағыстырмақ.

Компартияда 70 миллионнан астам мүшесі бар орталықтанған Қытайдың экономиканы басқарудың жоспарлы-орталықтық және нарықтық жүйесі қатар дамып келеді. Ойда-жоқта соғатын тайфунның тасқынын Моңғолияның 2-ақ миллион халқын, Қиыр Шығыстың аймағы бөгей алар ма  екен?  Ежелден құрт-құмырсқа, бақа-шаянды, құс-жыланды керек еткен ханзуымыз Сібірдің қақаған 60 С-суығын, Сахараның аптап 60 С + ыстығына да тез бейімделгіш, өзгенің ассимиляциясына түспейтін жаны сірі халық. Қайда барса да, өсіп-өніп, саны көбейіп шыға келеді.

Ресейдің тайгасында орыстың кемпірлерімен отасып үлгерген қытайдың қарасы 800 мыңға жетіпті-мыс. Ресми деректер 30 мың, бейресми мәліметтер 300 мыңнан астам Қытай азаматының Қазақстанда да тастай батып, судай сіңгенін алға тартады. Жуырда интернет сайттарында алдағы 20 жылда Қазақстанда 20 миллион ханзу мекендейтін болады деген қорқынышты мәлімет жарияланды.

Ерте бастан қамданып, демографиялық ахуалды түзеп, мемлекеттік идеологияны нығайтпасақ, бабалар айтып кеткен "Қара қытай таптаса, ақырзаман болады", "Қара қытай қаптаса, сары орыс туғаныныңдай болып кетеді" дегені анық болуы ықтимал.  Б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырда 100 миллион ханзу жұртына қорған салғызған 1 миллион ғұн бабаларымыздың даңқты рухымен 1миллиард  365 миллион алапат су тасқындай  қара қытайға қарсы тұруымыз  мүмкін  емес. Қытай өз экономикасын барынша дамытуға бет алды, егер халықтың сұранысын қанағаттандыра алмайтын болса, елде бүлікшілік басталып, өздері биліктен айырылып қалуы мүмкін екенін Қытайдағы әкім-қаралар өте жақсы түсінеді.

Уыстағы ресурс

Бірақ Қытайды қинайтыны экономиканы дамыту үшін қажет табиғи шикізат көздерінің жеткіліксіздігі. Қазірдің өзінде Қытай қалаларының үштен екісі су тапшылығын көріп отыр. Үлкен қалалардың маңайы тақыр далаларға айналуда. Егер бұған Қытайды ауызсумен біршама қамтамасыз етіп отырған Гималай мұздақтарының соңғы кездері күрт ери бастағанын қоссақ, жақын арада Қытай таза судан көп қиындық көретін болады.

Мұның соңы елде экология¬лық апатқа әкеліп ұрындыратыны анық. Сондықтан да Қытайдың жанары дәл қазір әлемнің қай-қай бұрышына да жіті тігулі. Қандай болсын, табиғи ресурстардың шеті шықса, тарпа бас салуға дайын отыр. Сондай-ақ, жақында Қытайдың тек тұщы суға емес, мұнайға да сұранысы күрт өсе түспек. Өйткені елдегі шағын электр стансаларын қамтамасыз етіп отырған төмен сапалы жергілікті көмір кендерінің өзі де таусылуға таяу. Мұндай сәтте Қытай секілді сұранысы шаш етектен алып империяның тәбетін қанағаттандыру өте қиынға түспек. Рас, дәл бүгінде әлем елдері мұнайдан тапшылық көре қоймайды. Алайда оның бағасы бұрынғыдай тиынға бағалана қоймайтыны да шындық.

Осыны ескере отырып, мұнайдың қалғанын молынан қарпып қалу, мүмкіндігі болса, қор жинау - қай-қай мемлекеттің үйреншікті дағдысына айналмақ.

Ұлыңды үйге жи

Көші-қон мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның ақпаратына сүйенсек, соңғы бес жылда арыз берген 30 мыңнан астам отбасы, барлығы 150 мыңға жуық қандасымыз шетелдерден келіп, квота ала алмай қиналып жүр. Шет жұртта қалған қандастарымызды түгендей алмай жатып, миллиондап гастарбайтерлерді шақырғанымызға жол болсын? "Бүйткен біздің бұл іске қабырғасын бір-бірлеп сөксең де қабақ шытпас ерлеріміз" қайда? Онсызда ормандай көп орысты елге шақырып, ұлттық жобасымен ықыласқа бөленген Ресейден неге үлгі алмасқа?

Тез арада Қытайда қалған 2 миллионға жуық қандастарымыздың соңғы көшін Қазақстанға көшіру керек. Әйтпесе, айдаһардың араны енді бес жылда соңғы тұяқ қалдырмайын деп тұр. Қытай өз ішінде де, сыртта да гегемондық саясат ұстануға баяғыдан-ақ бет бұрған. Қытайдағы қазақ мектептері 2005 жылдан бастап, түгелдей қытай мектептеріне айналып, қазақ тілі бір пән ретінда ғана жүретін болған. Енді 15-20 жылда жас қалған қазақ қытайланып бітуі мүмкін. Бұрын Қытайдағы қазақтардың тағдырына мемлекеттік деңгейде болысып тұрудың мүмкіндігі бар еді.  Алайда, сорымызға, біздің еліміздің басшылары кезінде Қытай тарапынан қитұрқылықпен ұсынылған құжатқа қол қойып жіберген. Сол құжат бойынша, қытай мемлекеті өз қарамағындағы қазақ ұлтының өкілдерін "пісіріп жеймін"  десе де, олардың ішкі саясатына Қазақстан араласа алмайды. Ал Қытайдың ыстық қойыны күйіп тұр.

P.S. Бірде көшеде садақа  сұрап жүретін долы сыған әйелдің төлқұжатына ұлты деген жерінде "казашка" деген жазуды көріп, жағамды ұстадым. Тіпті оны айтасыз, оралмандар секілді квотаға ілігіп, ақша алғандарын көргенде есімнен танып қала жаздадым.  О заманда бұ заман долы сыған әйел мен қазақ әйелінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар емес пе? Соны көрмегені ме?

Жұмамұрат ШӘМШІ, тарихшы-зерттеуші

«Жас қазақ» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543