Жадыра Шамұратова Баймыз ба, әлде кедейміз бе?
Шынында, осы сұрақ төңірегінде ойланып көрейікші. Байлар байыған үстіне байып, кедейлер жоқшылықтың зарын тартып жатқан заманда бұл да өзінше салмағы бар сұрақ.
Әрине, біз бай емеспіз, өйткені, вилланы айтасыз, бірнеше пәтеріміз де жоқ, Швейцар банктеріне ақша салу туралы армандаудың өзі әбестеу. Анау айтқандай, кедей де емес сияқтымыз, қарнымыз тойған күні «Құдайға шүкір» деп қоямыз. Әйтеуір, көршіміз Қытай болса, қалай киімсіз болайық, әрқайсысымыздың үйімізде жұрттан қалмайық деп өліп-талып сатып алған теледидарымыз, бейнетаспамыз, қалтамызда «соткамыз» бар (тағы да қытай ағайынға жүз рақмет), тіпті, кейбіреуіміздің ескі болса да пәтеріміз не жатақханада бөлмеміз бар емес пе, ендеше, қалайша кедей боламыз? Демек, біз орташамыз. Бір танысымыздың ұлы мектептен келіп, «папа, папа, айтшы, біз орташа отбасыға жатамыз ғой» деп қоймайтын көрінеді. Әкесінің ауқатты еместігін біледі, кедей отбасының баласы болғысы келмей, орташа болғанды барымен қалап тұрған бала әкесінен өзі күткен жауапты алғасын барып көңілі тынышталыпты. Әне, бала екеш, бала да тым құрыса орташа тұрмыс иесі болғанды қалайды. Ендеше, біз де өзімізді орташа қазақпыз деп есептейік.
Қатқан статистика, құтырған баға...
Шынында, осы сұрақ төңірегінде ойланып көрейікші. Байлар байыған үстіне байып, кедейлер жоқшылықтың зарын тартып жатқан заманда бұл да өзінше салмағы бар сұрақ.
Әрине, біз бай емеспіз, өйткені, вилланы айтасыз, бірнеше пәтеріміз де жоқ, Швейцар банктеріне ақша салу туралы армандаудың өзі әбестеу. Анау айтқандай, кедей де емес сияқтымыз, қарнымыз тойған күні «Құдайға шүкір» деп қоямыз. Әйтеуір, көршіміз Қытай болса, қалай киімсіз болайық, әрқайсысымыздың үйімізде жұрттан қалмайық деп өліп-талып сатып алған теледидарымыз, бейнетаспамыз, қалтамызда «соткамыз» бар (тағы да қытай ағайынға жүз рақмет), тіпті, кейбіреуіміздің ескі болса да пәтеріміз не жатақханада бөлмеміз бар емес пе, ендеше, қалайша кедей боламыз? Демек, біз орташамыз. Бір танысымыздың ұлы мектептен келіп, «папа, папа, айтшы, біз орташа отбасыға жатамыз ғой» деп қоймайтын көрінеді. Әкесінің ауқатты еместігін біледі, кедей отбасының баласы болғысы келмей, орташа болғанды барымен қалап тұрған бала әкесінен өзі күткен жауапты алғасын барып көңілі тынышталыпты. Әне, бала екеш, бала да тым құрыса орташа тұрмыс иесі болғанды қалайды. Ендеше, біз де өзімізді орташа қазақпыз деп есептейік.
Қатқан статистика, құтырған баға...
Өзімізді орташа қазақтың санатына қосып қойып, «бәрі жақсы-ау, тек инфляция болмаса» деп жүріп жатырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда инфляция салмағы кәдімгідей білінеді. Одан бері өнеркәсіп тауарлары құны, ақылы төлемдер құны, өнеркәсіптік емес заттар бірнеше есе өсті. Статистика «инфляция бәлен пайыз деңгейде» дейді, «статистика сөйдейді» деп оған да шүбәсіз сеніп қалмаңыз, бұл да саясат. Өйткені, кейбір тауарлар құнының бір жыл ішінде 50-80 пайызға өскенін көріп отырмыз. Жанар-жағармай өңдейтін үш бірдей зауыты бар Қазақстан хал¬қы бензинді де қымбатқа сатып ала¬ды, жылда миллиардтаған тонна астық жинап, нан жетпей жат¬қандай оны да 70 теңгеге бір-ақ шығарды. Қазақстанды қымбатшылыққа әкеліп тіреп отырған жағдай бар да шығар, өндірістің дамымай отырғанын өзіміз де көріп жүрміз ғой. Егер сыртқа мұнайды шикізат күйінде емес, тауар, бензин ретінде шығарса, жағдай, мүмкін, басқаша болар ма еді? Мысалы, өткен жылдың басында 20 мың теңгемен базарға барсаң, қыруар тамақ алатынсың. Қазір не алып, не қойғаныңды өзің де білмейсің. Қысып-қысып бір келіден алғанның өзінде көкөністің өзіне 5-6 мың теңгең шығып кетеді. Ақша құнсызданды, мем-ле¬кет тарапынан бағаны бақылау, монополияға қарсы күрес деген мүлдем жоқ, осы күні монопо¬листер халықты хабар¬дар етіп бас ауыртпайды, қырық себеп тауып, қызметін қала-ғанынша қымбаттатып отыра береді. Өткен жылы газ үшін бір адамға бес жүз бірдеңе төлейтінбіз, енді ол да қымбаттады. Бірақ, елеп жатпаймыз, «е-е» деп мұрынды бір тартып төлей саламыз. Салықтың неше атасы бар, соның бәрін төлеп отырған қарапайым халық. Монополистер де қарызына мұқият қарайтын зейнеткерлерді жақсы көреді. Бірақ, олардың зейнетақысы жылда мардымсыз өседі. Қара халықтан қалай өмір сүріп жатырсың деп ешкім сұрамайды. Біз болсақ, ілдебайлап, ана айдан мына айға жалғасып, қазақша айтқанда, қарызға өмір сүріп жатырмыз.
Орташа қазақтың өмірі
Сонымен, орташа қазақ қалай өмір сүріп жатыр? Танысып қойыңыз, қарапайым қазақ, атын Оспанхан ағамызша Мыжбан дейік. Мыжбан қалада тұрады, бюджеттік қызметкер, жалақысы 400 долларға жетпейді. Пәтер жалдайды, биліктің осы 30-40 жылда баспанаға қатысты барлық түйткілді шешеміз дегеніне сенер-сенбесін де білмейді, үш рет мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын «жүзеге асыруға үлес қоспақ» болып құжат тапсырғаны бар, болмады, әзірге екі бөлмелі пәтер үшін ай сайын 45 мың теңгесін жырып береді. Телефон, су, жарық дегендерге өзі төлейді, орыстың мәтүшкесімен арадағы келісім солай. Жасы отыздан асқан Мыжбанның кірісінен шығысы көп, (қазақ мұндайды тапқанынан шашқаны көп дейді), бірақ, өмірі көңілсіз екен деп қалмаңыз, ара- тұра болып тұратын туған күндер мен қонақтықтар, қаланың қай қуысына кіріп кетсе де тауып алатын ағыл-тегіл туысқаны он¬ың мұңаюына мүмкіндік бермейді. Байығысы келіп, жаңа бас құраған уақытында оны-мұнысын артқа сақтап үнемде¬ген болып көрген, болмайтын іс екен, қойды. Мыжбан кедеймін демейді, үш мезгіл тамақ ішеді, бір өзінде екі адамның тәбеті бар, тек азық-түлікке әйелі екеуі табысының 30 пайыздан астамы жұмсалады. Табыстың 17 пайызы жолақыға кетеді, бала¬сының балабақшасының ақшасын төлейді, 10 пайыз табыс көлемін әрі тартып, бері тартып, реті келгенде ғана қытай базарынан иығына бірдеңе ілген болады. Мыжбан үнемі ой үстінде жүреді, санасын сарытап еткен «ақшаны қайдан алуға болады?» деген ғаламдық сұрақ. Мысалы, Мыжбанның ағасы Тыж¬банды алайық, отбасында өзі, өмірі ештеңеге риза болмайтын бір әйелі, екі баласы бар. Ол да өзін орташа қазақпын деп есептейді. О-о, олай деп айтуға толық қақысы бар, өйткені, ортақ аулада болса да ескі үйі бар ғой. Ескі болғанда едені ішіне қарай опырылып, іргесінен жел соғып, төбесі дымданып... Бірақ, Тыжбан үйін ауыстыруды немесе еврожөндеу жасау туралы армандап та көрмепті. Қайда...Жөндеуге әйелі екеуінің шашын қосса да жетпес, сондай-ақ, жасы қырықтан аса бастаған бюджеттік мекеме қызметкеріне тұрғын үй бағдарламасының талаптары да томпақтау екен.
Тыжбан «бақыт» дегенді ақ¬ша деп біледі, ол «бақытын» ер¬теңге үнемдеп жүр, арманы ай-далған ескі иномарка алу. Өзі сияқты басқа қазақтардан қалғысы келмегені. Және бір арманы сол иномарканы басқа бір есірген ақшалы біреу түйіп өтсе дейді (туһ, арманы қандай жаман еді), сосын жөндетуге де көп ақ¬ша кетпес еді. «Соңғы он бес жылда бір жаққа барып, адам сияқты демалмадым-ау» деп ұн¬жырғасы түспейтін Тыжбанның ең сүйікті ісі бар: мүмкіндігіне қарай дәмді тамақ ішу, өйткені, күнде-күнде рожкиді жей-жей, басқа тамақтың дәмін ұмыта бастағандай (еттің келісі 1000 теңгеге жеткенін көріп көңілі түс¬кені өз алдына),сосын тәп-тәтті қылып ұйықтап алса және теледидар алдында отырса. Онда да теледидардан жақсы бірдеңе күткеннен емес, бірдеңені елдің соңынан естіп жүрмейін дегеннен. Оның үстіне Тыжбан інісі Мыжбан сияқты емес, оптимистеу, өзі айтпақшы, отырған жерде «пропаганда» туралы, қала берді, Қазақстанның байлығы туралы айтқанды ұнатады. Қысқасы, Тыж¬бан өз өміріне риза. Жаман ба, өзіңіз ойлаңыз.
- Өскенде кім боласың?
- Ким болам!
Кім білген, бара-бара біздің балаларымыз осылай дейтін шығар. Әйтпесе, Мыжбан мен Тыжбан болып қана өмір сүру аса қиын емес қой. Мемлекетіміз бай, байлардың қатары да көбейіп келеді. Әсіресе, ата-бабасы түгілі өзі де бұл жерде тумаған, сонда да ел ырысының игілігін біз¬ден бірнеше есе мол көріп отырған қазақстандықтардың байлығына есің кетеді. Жаман ойлап қалмаңыз, бұл - «белая зависть». Әйтпесе, Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы серкелері саналатын Машкевич, Шодиев, тіпті, болмаса Ибрагимов болам десе қазақтың қолын біреу қағып па? Қазірше қазақ миллиардерлерінің көшін бастап тұрғандар саусақпен санарлық қана. Бұдан екі жыл бұрын «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде Президенттің былай дегені көпшілік үшін жаңа әңгіменің басындай әсер еткені белгілі. «Бізде бай адамдар бар, ол ашық көрсетілуге тиіс. Абрамович өзінде қанша қаражат бар екенін айта алады, біз айта алмаймыз. Жекеменшікке, бақуатты адамдарға құрметпен қарау әдетін бойға дарыту керек», - деген болатын. Ендеше, елдегі бірлі-жарым аса бай адамдарды түгендеп шықсақ айыбы болмас. Біз әдетте Машкевичті көбірек айтамыз, мысалы, Центр Азия Ру баян етеді: «Кармет» комбинатының иесі, ел президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Лакшми Миттал аса бай адам саналады (28,5 млрд доллар). «Қазақмыс» АҚ (Шығыс Қазақстан) акцияларының алты пайыздан астамының, «kazastur zink AG» Швейцар компаниясына тиесілі Қарағанды металлургия комбинаты, тағы бірнеше энергетика және көмір өндіруші кәсіпорындардың иесі Миттал енді мұнай секторына да араласа бастаған. Өткен жылы «Mittal investments» инвестициялық қоры 980 млн доллар болған. Атақты бай Владимир Ким де ең көп акциялар пакетін біріктіріп ұстап отырған алпауыт. «Қазақмыс» мұнай мен газ-кен орындарын сатып алу арқылы бизнесін одан әрі әдемі гүлдендіруде. 2006 жы¬лы тіркелген «ENKO» жарғысы, Казхром, Қазақ алюминийі, Соколов-Сарыбай Кен байлығын өндіру орны, Еуразия энергетикалық корпорациясының, т. б. көптеген «сүбелі» орындардың пакеттері Ким мырзаның бағы асқан басына бұйырған. Міне, дерек көздері осылай дейді. Осынау тізімнің аяғына біздің Мыжбан, Тыжбандар қашан ілігер екен...
Жадыра Шамұратова,
Батыс қазақстан облысы
«Заң» газеті