Бақыт Құрманқызы. Тастанды сәби. Тасбауыр ана
Дүниеге қалаусыз келген бала. Қаламаған жүктілік. Ақтөбеде қалаусыз туылған балалар көбейіп барады. Қаламаған жүктіліктің соңында босандыру мекемелеріне ауыр халде түсу бар. Осы қатерлі жәйтке байланысты облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері өз алаңдаушылықтарын білдіріп отыр.
Жәрдем көлігі жеткізген ес-түссіз жатқан 20 жасар Жұлдызайдың өмірі қыл үстінде еді. Босанар күнді үлкен қорқыныш сезіммен күтіп жүрген ол күйзелістің кесрінен бе, әлде дәрігерге көрінбегендіктен денсаулығында бір кінәрат болды ма әйтеуір, қан қысымы 180-ге көтеріліп есінен танып құлаған екен.Іштегі бала ғана емес, ана өміріне қауіп төнген сол шақта тек дәрігерлер оны ажал шеңгелінен суырып алады. Мерзімінен бұрын туылып, еш ем, күтім көрмей, күйзелісте жүрген қыз жатырында дамығандықтан салмағы айына сәйкес емес, аз тек, екі келілік қалаусыз ұл осылай дүниеге келеді. Қалаусыз болған соң, осындай қиындықпен болса да, дүниеге аман-есен келген ұлдан анасы бас тартты. Бас тарту себебін көз жасын төге отырып баяндады.
Жұлдызай, 20 жасар босанушы:
Дүниеге қалаусыз келген бала. Қаламаған жүктілік. Ақтөбеде қалаусыз туылған балалар көбейіп барады. Қаламаған жүктіліктің соңында босандыру мекемелеріне ауыр халде түсу бар. Осы қатерлі жәйтке байланысты облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері өз алаңдаушылықтарын білдіріп отыр.
Жәрдем көлігі жеткізген ес-түссіз жатқан 20 жасар Жұлдызайдың өмірі қыл үстінде еді. Босанар күнді үлкен қорқыныш сезіммен күтіп жүрген ол күйзелістің кесрінен бе, әлде дәрігерге көрінбегендіктен денсаулығында бір кінәрат болды ма әйтеуір, қан қысымы 180-ге көтеріліп есінен танып құлаған екен.Іштегі бала ғана емес, ана өміріне қауіп төнген сол шақта тек дәрігерлер оны ажал шеңгелінен суырып алады. Мерзімінен бұрын туылып, еш ем, күтім көрмей, күйзелісте жүрген қыз жатырында дамығандықтан салмағы айына сәйкес емес, аз тек, екі келілік қалаусыз ұл осылай дүниеге келеді. Қалаусыз болған соң, осындай қиындықпен болса да, дүниеге аман-есен келген ұлдан анасы бас тартты. Бас тарту себебін көз жасын төге отырып баяндады.
Жұлдызай, 20 жасар босанушы:
- Екіқабат болып қалғанымды ішімдегі бала 5 ай болғанда ғана білдім.Сол кезде бір жыл бойы кездесіп жүрген жігітімнің басқа қызға үйленгелі жатқанын естідім. Аяғымның ауырлағанын оған айтқан жоқпын. Түсік жасатқым келіп еді, мерзімі өтіп кетіпті. Ішім білінгенде барып, шешем көріп қалды. Содан айқай, содан қырын-қабақ. Содан қаладағы апамның үйінде жүрдім. Қалай талып қалғанымды білмеймін. Есімді жисам, осында перзентханада жатыр екенмін. Дәрігерлерге рахмет. Жанымды алып қалды. Шешем баламмен үйге кіргізбеймін деген соң, амалсыздан бас тартып отырмын.
Гүлшат Темірбаева, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:
-Дәрігерге қаралмаған, тіркелмеген. Ақыр соңы міне эклампсия, яғни жүкті әйелдің тырыспасы кесірінен есіне тану болды. Бір емес 3 рет тырысып қалған. Бұл гистоздың ең ауыр түрі. Оның салдары жаман. Өйткені, оның миға әсері жаман. Ерртең күйеуге тиіп, қалаулы бала туғысы келген кездегі қиындығы көп болады. Міне, қазір жан сақтау бөліміне бір әйел Кірпішті ауылынан түсті. Өзінің екіқабат екенін, аты -жөнін білмейді, бәрін ұмытып қалған. Эклампсиядан соңғы ретроградты амнезия. Қазір операцияға дайындап жатырмыз.
Енді Хромтаудан түскен 26 жасар әйел күйеусіз аяғы ауырлап, ешкімге білдірмей жүргенде, іштегі бала өліп қалады. Ауыр жағдайда орталыққа түскен әйелді ажалдың шеңгелінен дәрігерлер әрең алып қалады. Сөйтсе, баланың орнынан алынған сынама әйел бойындағы түрлі инфекцияның ушығып кеткенін көрсеткен. Нәтижесінде әйелдің жатырын түгелдей кесіп алу тастау қажет болған. Дәрігерлердің айтуынша, қалаусыз болса да, жүкті болған соң, есепке уақытында тұрып дәрігерге қаралғанда, мұндайға жол берілмес еді.
Әдетте, жүктілік қалаусыз болған соң, анасы оны сақтауға, зиянды әсерлерден қорғауға тырыспайды. Екіқабат болып қалғанымды, ауыл-аймақ, ел білмесе болды деп ол жарық дүние есігін ашқалы тұрған баладан құтылуға асығады. Сырт көзге білдірмеймін деп, ішін буып, жатырдағы баланың дұрыс дамуына кедергі келтіреді. Осылай обал жасайды.Іштегі бала түгілі, өз денсаулығына қауіп төндіріп жатқанын ойламайды . Олардың бойына қалаусыз біткен баладан құтылу үшін не істейтіні, қандай дәріні ішетіні бір құдайға аян.
Ақылбек Түсіпқалиев, М.Оспанов атындағы медакадемияның кафедра меңгерушісі:
-Құдайдың бұйрығымен дімкәс болып келген балаға жасар қайрат болмаса да, түсік тастау арқылы келетін өлімді болдырмауға болады ғой. Сондықтан жастарымыздың қаламаған жүктілікті болдырмаудың жайын ойлауына кеңес берер едім. Қазір мектептен бастап, жыныстық тәрбиеге аса мән беріліп, жастарған көп ақпарат беру қажет. Ерте жастан жыныстық қатынасқа түсетіндердің көбейгені жасырын емес. Бұл өмір. Не қыламыз енді. Контрацептив қолдану сияқты екіқабат болмаудың тәсілдерін айтып, анонимді кабинеттерге барып, қам-қарекет жасауға болатынын ескертеміз.
Өткен жылғы тастанды 40 баланың жартысын жоғар және орта оқу орындарында 1-курста оқитын студент-қыздар туған. 8 баланы басқа облыстардан келіп туып, тастап кетіпті. Қазіргі күнде көбі әлеуметтік жағдайдың жоқтығы, заңды түрде некелескен күйеуінің болмауы, байқаусызда аяғы ауырлап қалып, туған-туыстарынан қорқуы сияқты жағдайларды айтып, баладан бас тартады.
Гүлшат Темірбаева, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:
-Шындығында қазір қалаусыз туылған балалар көбейді. Кей жағдайда ана мен бала өліміне әкеп соғатын қаламаған жүктілік те көп. Олардың екіқабат болып, босанайын деп жатқанын туысқандары соңғы сәтте біледі.Болған нәрсе болды. Қолдау көрсетудің орнына онсызда тығырыққа тірелген адамның көзіне шұқып, өңменінен итереді. Байғұстар баласынан бас тартпағанда қайда барады. Әйелдердің өздері бойына біткен баланың ғана емес, өзінің өміріне де өзі жауапты.. Жүкті әйелдерді патологиясы бөліміне барсаңыз, жатқан әйелдердің көбінде жүктіліктің 24 аптасынан бастап, суы кетіп, босануға келгендер. Неге мерзімінен бұрын суы кетеді? Негізігі себеп-инфекцияда. Тууға дейінгі уақыт ішінде жүкті әйел ағзасындағы өзгерістер болады. Түрлі инфекциялар кесірінен созылмалы болып келген аурулар қозып кетеді. Ал, жүкті кезінде өз денсаулығына мән бермей, уақытында дәрігерге қаралмағандардың кесірін айттық. Жалпы, қазір әйелдердің жауапкершілігі туралы мәселені көтеру керек.Жас қыз аяғын шалыс басып, екіқабат болып қалды ма; оны кінәламай, туысқандары, қоршаған ортасы түсіністікпен қарағаны жөн.
Қаламаған жүктілікке басы душар болғандар әбден толғағы басталғанда немесе бір қиын жағдай болғанда жедел жәрдем көлігімен келіп түседі. Адам өмірі таразының бір басында тұрғанда дәрігерлер оның құжаттарын түгендеп, сұрап жатпайды. Өзінің айтуымен босанушы тарихы толтырылады. Олардың әйелдер консультациясы беретін карталары түгілі жеке басын куәландыратын құжаттары болмайды. Жасырам деп, перзентханаға өтірік тегін көрсететіндері де болады.Соның бір көрінісі. Біз орталық директорымен сұқбаттасып отырған сәтте, бір әйел келді. Ол 1998 жылы осы орталықта бала туыпты. Көрсеткен тегі бойынша балаға анықтама береді. Сол әйел бала 13-ке келгенше куәлік ала алмаған. Солай күйеусіз бала туған соң, тегін өтірік айтқанын, мұрағатты көтеріп, анықтама беруін сұрап келген. Сол анықтаманы көрсетіп, сот арқылы баласына куәлік алмақ. Қалаусыз бала қаламаған ананың кесірінен құжатсыз зардап шегіп жүр. Бірақ, анасы бас тартпапты. Анасы бас тартқан қалаусыз тастанды балалардың тағдыры тіпті бұлыңғыр. Кінәсіз, аппақ періште сәбилердің обалына қалмаңдаршы, қыздар мен жігіттер!
«Абай-ақпарат»