Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 03:13

Гүлмира Тойболдина. «Өз күнін өзі көрген» халықтың есебі бар ма?

Мұнан 4-5 жыл бұрын біздің үкімет пен Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі 3 миллионнан астам адамның өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететіні туралы ресми түрде мәлімдеген-ді. Олардың қатарына қорасында бес-алты тауығы бар ауыл тұрғындары да еніп кеткен болатын. Бірақ сонан кейінгі уақыт ішінде бұл «экономикалық субъектілер» туралы ешкім еш нәрсе демей отыр...

Өзін-өзі еңбекпен қамту дегеніміз не? Бұл - капитализм ә деп басталғанда орын алатын көрініс. Айталық, кешегі Кеңес Одағы тарап, оның кеңістігінде капитализм шаң берген 90 жылдары біздің қоғамда «еркін еңбек, еркін табыс» табуға ұмтылғандардың алғашқы отряды пайда болды. Бұл, шындап келгенде, қандай әдіспен болса да, әйтеуір ақша табуды мақсат еткен күнкөріс қамы еді. Сол кезден-ақ түрлі салықтарды айналып өтіп, жер сүздіріп кетуді білмейтін біздің халық өз бетінше еңбек ету, еркін күнкөріс деп түсінгені рас. Сөйтіп, мемлекеттің өзі әлі нарық тетігін жасап үлгермей-ақ, адамдар жоқ жерден базар, дүңгіршектер ашып, жабайы нарықты бастап кетті. Сауда жасады. Өнеркәсіп, өндірістер, жер телімдерінен бастап ине-түймеге дейін, қысқасы, халық қолына не түссе, шамасы не нәрсеге келсе, соны сата бастады. Ауыл қолда бар малын семіртіп, оны сатумен айналысты.

Мұнан 4-5 жыл бұрын біздің үкімет пен Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі 3 миллионнан астам адамның өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететіні туралы ресми түрде мәлімдеген-ді. Олардың қатарына қорасында бес-алты тауығы бар ауыл тұрғындары да еніп кеткен болатын. Бірақ сонан кейінгі уақыт ішінде бұл «экономикалық субъектілер» туралы ешкім еш нәрсе демей отыр...

Өзін-өзі еңбекпен қамту дегеніміз не? Бұл - капитализм ә деп басталғанда орын алатын көрініс. Айталық, кешегі Кеңес Одағы тарап, оның кеңістігінде капитализм шаң берген 90 жылдары біздің қоғамда «еркін еңбек, еркін табыс» табуға ұмтылғандардың алғашқы отряды пайда болды. Бұл, шындап келгенде, қандай әдіспен болса да, әйтеуір ақша табуды мақсат еткен күнкөріс қамы еді. Сол кезден-ақ түрлі салықтарды айналып өтіп, жер сүздіріп кетуді білмейтін біздің халық өз бетінше еңбек ету, еркін күнкөріс деп түсінгені рас. Сөйтіп, мемлекеттің өзі әлі нарық тетігін жасап үлгермей-ақ, адамдар жоқ жерден базар, дүңгіршектер ашып, жабайы нарықты бастап кетті. Сауда жасады. Өнеркәсіп, өндірістер, жер телімдерінен бастап ине-түймеге дейін, қысқасы, халық қолына не түссе, шамасы не нәрсеге келсе, соны сата бастады. Ауыл қолда бар малын семіртіп, оны сатумен айналысты.

Ауылдар дағдарысқа ұшырай келе, ірі қалалардың маңына ағылған адамдар саудадан өзге түрлі жалдамалы қызмет түрлерін көрсетуге көшті. Қол жүгін таситын арбакештерден бастап, ақылы көлік тасымалы, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу, дел­далдық қызмет көрсету т.с.с. күн­көріс әдістерін игерді.

Ал қалаларда 90 жылдары өндірістер мен өнеркәсіптер жаппай жабылып, миллиондаған адамдар жұмыссыз далада қаңғырып қалған кезде, мемлекет емес, өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ету тірлігі мыңдаған отбасын аштық пен жалаңаштықтан құтқарғаны рас. Бірақ бұлай күн көру қиын әрі қауіпсіз де емес еді. Соған қарамастан, күніне сегіз сағат қатаң жұмыс тәртібіне дағдыланған кешегі кеңестік адамдар үшін бұл еркіндікті сезінудің бір белгісі сияқты болғаны - шындық.

Шынында да, бұл сол кездегі нағыз экономикалық еркіндік болатын: өзінің күнкөрісін жақсарту үшін тапқырлық пен табандылық таныту, өз тұтынушыларыңды іздеп табу еркін жүрді. Сөйтіп, кез келген адам өзінің ақыл-ойы мен талантын ресми еңбек нарығында ғана емес, ресми емес еңбек нарығында да таныта бастады.

Ресми еңбек нарығы - ол кесімді айлығы бар, бухгалтерлік есебі мен басшысы бар еңбек нарығы. Ресми емес еңбек нарығы бұған керісінше: әркім өзіне керек жұмысты өзі іздеп табады, өз есебін өзі жүргізеді, бар табысы тек өзінің қалтасына түседі.

Экономистердің айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ете­тіндер қоғамда белсенділік тудырады, ұсақ буржуазияны қалыптас­тырады, орта таптың қатарын көбей­теді.

Бірақ белгілі бір нарық заңына бағындырылмаса, мұның тиімсіз жақтары да жоқ емес. Мәселен, Қазақстанда сонау 90 жылдары өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз еткен­дердің бірқатары ірі кәсіпкерлерге айналды. Бір кезде той-жиындарда жай әншейін суретке түсіріп жүргендер қазір тұтас бір фотосалондар жүйесін ашып алды деген сияқты...

Эконо­миканың өзін-өзі еңбекпен қамта­масыз ету сегменті үлкен қаржы көзін қалыптастыруға қабілетті бола бастады.

Бір кезде жаппай ала дорба арқалап, алыпсатарлықпен айналыс­қан жұрттың алды экономиканың жоғарғы иерархиясына қол жеткізді. Енді олар салық төлеп, мемлекет алдында есеп беретін болды. Бірақ өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететіндердің бәрі бірдей бұл жолға түсе қоймады. «Өз қалтасына ғана еңбек ету» тәуелсіздігін артық көретіндер ресми емес еңбек нарығының шеңберінде әлі де қалып отыр. Елдегі экономи­калық дағдарыс, жаппай жұмыс­сыздық олардың қатарын көбейтпесе, азайтпайтынға ұқсайды. Олар қазірге дейін сол қалыптасқан (өздері қалып­тастырған) әдіс бойынша жұмыс істейді. Табысының белгілі бір бөлігі күнкөрісіне кетеді, одан артылғанын жинайды. Азғана қор жинаған соң, өзінің қарапайым кәсібін шамасы келгенше ұлғайтуға тырысады. Ондай кәсіп түрлеріне ауласында жиһаз жасау, қарабазарға жаңа контейнер қою немесе жалға беру үшін автокөлік сатып алу, т.с.с. жатады.

Мұндай кәсіппен айналысатындар­дың дені өзінің күнкөріс тірлігі мен табыс мөлшерін жария етуді қаламайды. Шамасы келсе, салық комитетінде тіркелмеуге тырысады. Алды 15-20 жыл уақыттан бері еркін ақша тауып дағдыланып қалғандар мемлекет тарапынан болатын түрлі бақылауды суқандары сүймейді. Сөйтіп, олар экономиканың күнгейі емес, көлеңкелі жағын толықтыруда.

Бүгін үкімет үшін осы әлеуметтік топқа қатысты екі түрлі қиындық орын алатын сияқты. Біріншісі - ресми емес еңбек нарығының жалпы экономикаға қандай ықпалы бар екені осы уақытқа дейін анықталмағаны, екіншісі - өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететіндерді басқару тетігінің жасалмағаны. Егер республикадағы еңбек бөлінісі бойынша алғанда, өзін-өзі еңбекпен қамта­масыз ететіндер республикадағы еңбекке жарамдылардың 40 пайызын құрайды екен. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздарды қоспағанда, еңбекке жарамды адамдардың зейнетақы қорына төлеген жарнасы бойынша анықталған көрсеткіш осындай. Бірақ ресми орындардың өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететіндердің жартысына жуығы зейнетақы жарнасын төлемейді дегенін ескерсек, олардың қатары 40 пайыздан да көп деген сөз!

Басқа елді қайдам, біздің Қазақ­станда өз күнін өзі көретіндердің санын анықтау өте күрделі көрінеді. Мәселен, ауыл адамының қанша мал бағып, қанша құс өсіріп, оның қан­шасын өз азығына қалдырып, қан­шасын сатуға жіберетінін қалай дәл анықтауға болады?

Немесе өз есебі­нен пәтерін еурожөндеуден өткізген адамның алыпсатарлықпен айналысатынын қалай дәлелдеуге болады?

Сөйтіп, әр отбасының ақша айналымын анықтау өзін-өзі қамтамасыз ететін миллиондаған қазақстандық­тардың арасында мүмкін болмай отыр.

Экономиканың салықтан тыс сегментінің қалыптасып, күннен-күнге шарықтап бара жатқаны үкіметтің көңі­лінен шығады деуге болмас... Бі­р­ақ бұл мәселені түбегейлі түрде немесе репрессиялық жағдаймен шешуге болмайтыны тағы да анық. Біз түгілі, дамыған елдердің өзі де мұндай кө­леңкелі экономикадан бірден құтыла қоймаған, керек десеңіз, оның кейбір сарқыншақтары оларда әлі бар... Бір кезде стихиялы түрде туындап, бүгін дамып бара жатқан ресми емес еңбек түрін қалай «жарыққа шығаруға» болады?

Әдетте, салық комитеттері салық төлеудің патенттік жүйесі бойынша оларды «жарыққа шығаруға» тура келетінін айтады. Екінші бір әдіс - кәсіпкердің бір күнгі еңбек көрсеткішін танытатын еңбек биржасын ашу. Осы биржада түрлі келісім-шарттардың жасалуына жол ашып, сол арқылы да еңбек табысын анықтауға болады.

Бірақ еркін еңбек табысына басшылық жасау әкімдіктің қолынан келе бермейді. Өз бетімен күн көре­тіндер есеп беруді, бақылау жаса­ғанды ұната бермейді. Сондық­тан да стихиялы еңбек нарығына әкімшілік нұсқау жасау өте күрделі. Бұл жерде өзгеше басқару тетігі қажет. Өзге жағынан алып қарағанда, өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететін­дер мемлекет үшін әлеуметтік тұрақ­тылықты қамтамасыз етіп отырғаны да рас. Билік болса өз тарапынан бұған әлеу­меттік-эконо­микалық тұрақтылық емес, саяси тұрақтылық деп те қарай­ды. Эконо­миканың бұл секторын аса қырына ала бермейтіні де сондықтан болса керек. Осы тұрғыдан алғанда, үкімет үшін салық­тан құрала­қан қалу дегенің түк болмаса керек. Салықтан құр қалу үкімет үшін қор­қынышты емес, үкімет үшін қор­қынышты болып отырған нәрсе - бүгін зейнетақы қорына жарна төлемей отырғандар ертеңгі күні қоғамның маргинал тобына айнала ма деген қауіп...

Ал бұл мемлекеттің иығына сая­си жүк болмасына сенім аз! Бірақ қазірдің өзінде бұл әлеуметтік топ қоғамды тұрақсыз­дыққа әкеле ме деген болжам жоқ емес. Себебі, өзін-өзі қамтамасыз ететіндердің арасында тұрақты жұмыс таба алмай, бір күндік еңбекпен өлместің күнін көріп жүрген­дер көп.

Сонда да, біздің билік бұл мәселені шешуге аса құлшынып отырған жоқ сияқты. Себебі, мемлекет оларды бақылауға алғысы келген сайын, өзін еңбекпен қамтамасыз ететіндер оларға үлкен сенімсіздікпен қарайды. Тіпті олардың болашағын жақсартуға мемлекет көмек жасайды деген ойдан мүлде аулақ.

Мұның үлкен бір астары - елдегі жемқорлық мәселесіне келіп тірелетіні анық! Мемлекетке деген сенімсіздіктің екінші бір астары - өзі жұмыс тауып, өз жоспары мен есебін өзі жүргізе­тіндер ең алдымен ақша табу еркін­дігінен айырылып қалудан қорқады! Олардың дені әкімшілік пен салық комитетіне тіркелудің адамға еш пайдасы жоқ деген пікірде!

Салық комитеті өз тарапынан тіркелмеген кәсіпкерлікпен күрескен болады. Олар бұл үшін газет беттеріндегі жарнамалардан бастап, бағанадағы хабарландыруларды да пайдаланады! Бірақ соның өзінде әлгі жарнама немесе хабарландыру бо­йынша әлгі адамның кәсіпкерлікпен айналысуын дәлелдеу қиынға түседі екен! Яғни бұл жерде де өзін-өзі қамтамасыз ететіндерді жарға жыға қою қиын! Тіпті дәлелдеген күнде, әрі кеткенде 50-60 мың теңге айыппұл салынады. Бұл ақшаны әлгі адам бір аптаның ішінде екі-үш есе етіп қайтарып алады. Оның үстіне, салық комитеті қызметкерлерінің айтуы бо­йынша, тіркелмеген кәсіпкерлік түгілі, тіркелген ірі кәсіпкерлікті тексерудің өзіне мүмкіндіктері жетпейтін көрінеді. 600-700 мың тұрғыны бар ауданды оншақты инспектор қанша уақытта аралап шыға алады?

Әкімдік пен салық комитетінің ендігі бар үміттері - Қазақстанның әр азаматы өзінің табысын заңды түрде жария ететін уақытқа жету. Бірақ мұның да қаншалықты тиімді болатыны күмәнді. Себебі, қазіргі бар заңдылықтар бойынша да әр азамат өз табысын мемлекеттен жасырмауға тиіс! Бірақ біз мұны көріп отырған жоқпыз.

Оның үстіне, өзін-өзі еңбекпен қамту сегменті ел экономикасының дамуына еш үлес қоспайды, әлемдік нарық бәсекелестігіне ұмтылмайды, тек көлеңкелі экономиканың шекарасын ұлғайтқаны болмаса... Сонда да, экономиканың бұл секторын біржола қатаң бақылауға алуға үкімет қауқар­сыздық танытып отыр. Себебі, кәсіп­керлікті сауатты әрі заңды жүргізу мәдениеті бізде дамымаған!

Бір қызығы, заңға қанша жерден қайшы келіп жатса да, эконо­миканың осы бөлігі ғана адамдардың көңіліне ертеңгі күнге деген сенім ұялататын көрінеді! Олар ешбір несиесіз-ақ, ешкімге салмақ салмай-ақ күн көре алады. Миллион адам осы іспен айналысып, миллион адам оның игілігін көреді! Жекеменшік кәсіпорын­дарда жұмыс істеп, ақшасын ала алмай жүргендер мен мемлекеттік меке­ме­нің болмашы айлығын жеткізе алмай қиналып жүргендермен салыс­тыр­ғанда, бұлардың күнкөрісі көп ретте көш ілгері екені де рас.

Сондықтан да олар бүгінгі статус­тарын жоғалт­қылары келмейді. Міне, сол себепті үкімет болсын, әлеу­меттік қамсыз­дандыру министр­лігі болсын, өзін-өзі қамтамасыз ететін­дер туралы үлкен сақтықпен сөйлейді.

Және олардың «тыныштығын бұзу» қымбат­қа түсеті­нін де біледі. Өз күнін өзі көруге дағдыланған «Шаңырақ­тағы» жерге қатысты оқиға, Алматы мен Астана­дағы ірі-ірі базардағы ереуіл­дер нені білдіреді деп ойлайсыз?

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 02 (85) 19 қаңтар 2011 жыл.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499