Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2472 0 пікір 23 Қаңтар, 2011 сағат 22:24

Мұхтар Шерім. Жалаңаштар жиналысы

Ойеба-ай, ол сұмдық адам! Кеудесіне көже, нан,бір асым ет те пісе береді... Ісіп-кеуіп жүргені... Қаладағы жер комитетінің  ордабұзар отыздағы бастығы болсаңыз, сіздің де кеудеңізге котлет, жұмыртқа пісуі мүмкін...  Бір күні ол көмекші оқ қағарына опырыла қарап: «Сауналардан жалықтым, кеңес зама­ны­нан қалған «Рахат-ай!» деген көпшілік моншасына барамыз!»,-деді.

Адамдарды жалап-жұқтап тапқан қара сүліктей «Джипіне» отырған олар моншаға келгенде, билет сатушы әйел таңдайын тақ еткізді.

- Неменеге тақылдап отырсыз?-деп сұрады май басқан қолымен иегін сызғылап тұрған  Кісібай Шалқайғанұлы.

- Біздің мо-моншаға байлар де келеді екен ғой, тіфә-тіфә, мына шылапшынға түкіріп кетіңізші...

Кісібай шылапшынға қақырына бір түкірді де, оққағарына бұрылды:

- Екі билет ал...

- Басеке, мен моншаға барып қойғанмын.

- Қашан?

- Бы-былтыр...

- Мен білсем, өкшең сенің жылтыр! Жүр, кім біледі. Моншада маған қауіпті болуы мүмкін...

Ойеба-ай, ол сұмдық адам! Кеудесіне көже, нан,бір асым ет те пісе береді... Ісіп-кеуіп жүргені... Қаладағы жер комитетінің  ордабұзар отыздағы бастығы болсаңыз, сіздің де кеудеңізге котлет, жұмыртқа пісуі мүмкін...  Бір күні ол көмекші оқ қағарына опырыла қарап: «Сауналардан жалықтым, кеңес зама­ны­нан қалған «Рахат-ай!» деген көпшілік моншасына барамыз!»,-деді.

Адамдарды жалап-жұқтап тапқан қара сүліктей «Джипіне» отырған олар моншаға келгенде, билет сатушы әйел таңдайын тақ еткізді.

- Неменеге тақылдап отырсыз?-деп сұрады май басқан қолымен иегін сызғылап тұрған  Кісібай Шалқайғанұлы.

- Біздің мо-моншаға байлар де келеді екен ғой, тіфә-тіфә, мына шылапшынға түкіріп кетіңізші...

Кісібай шылапшынға қақырына бір түкірді де, оққағарына бұрылды:

- Екі билет ал...

- Басеке, мен моншаға барып қойғанмын.

- Қашан?

- Бы-былтыр...

- Мен білсем, өкшең сенің жылтыр! Жүр, кім біледі. Моншада маған қауіпті болуы мүмкін...

Олардың соңын ала, мен де шомылатын жайға беттеп келемін. Кісібайды оққағары шешіндірді. Ол қақиып тұра береді екен. Бір кезде Кісекең галстугін жалаңаш мойнына тағып алды. «Басеке, моншаға галстуг тағып шомылған ұят болады...»-деп сыбырлады оққағары. «Менің бастық екенімді жұрт білсін. Жалаңашты кім тани қояды дейсің!»-деп ол көнбей қойды. Оққағары не істей қойсын, өзі де шешініп, қолына сүлгі алды да, оған пистолетін орай қойып, жас мырзасының соңынан ілесті. Кетіп бара жатып, жан-жағына шпиондардай біртүрлі қарап қояды. «Менің балам дипломы болса да, жұмыс таппай жүр, ал мынау отызға жетпей жатып, дүрдей бастық!»,-деп қалды бір жалаңаш жақтырмай.  Жаңбырлатқыштың астында біраз тұрып, буханаға кірейін десем, алдына ақжайма орап алған, екі қолын айқастыра, талтайып тұрған әлгі оққағар жібермейді.

- Кешіріңіз...-деп міңгірледім мен.

- Кешірмеймін!-деп салды ол. Енді бірдеңе десем, ата салмақшы. Моншада жалаңаш өлу деген масқара емес пе? Сөйтсем, жас мырзасы буханада отыр екен. Бұған ызаланған бір топ жалаңаштар бір бұрышқа жиналып алып, жиналыс жасап жатты. «Бұл қайдан келген кеңкелес?», «Көпшілік моншасын басынғаны ма? Саунаға бармайды ма?» деген дауыстар шығып жатты. Сосын олар шылапшындарын көтеріп, бірі ұстарасын алып, оққағарға жақындады.

- Пистолетіңде оғың қанша?-деп сұрады қария жалаңаш.

- Оғы жоқ.

- Онда атаңның басына алып жүрсің бе? Тұр былай!

Жалаңаштар оны қытықтай жөнеліп еді, қытығы жаман екен, байғұс қашып бара жатып, шалқасынан түсті.  Ішке жұртпен мен де кірдім. Сөйтсек, Құдай-ау, Кісібай бухананың төрінде жілік мүжіп отыр... Ұялы телефонымен сөйлесіп қояды. Астында кілемше...   Буханада тамақ жегенді бірінші көруім.  Ыстық буға қалай шыдап отыр десеңші!

- Не мәселемен келдіңіздер? Бір-бірлеп кіріңіздер, мен жер комитетінің бастығы боламын...- деді ол сырадан ұрттап қойып.  Сол екен, жалаңаштар жапырыла сыртқа шығып, бухана  «кабинетке» кезекке тұра бастады. Қайран қазағым, сенатор Ғани Қасымов «жер жетеді, шетел елшілеріне пәлен гектардан жер берейік!» демеп пе еді, ал, мына жалаңаштардың бір жапырақ жерлері де жоқ екен! «Қазақ жері кең байтақ! Саған да анаған да, оған да жетпейді, бірақ оларға жетеді!»,-деп миығынан күлген оққағар бір кезде шала бүлінді де қалды: «Ойбай, мына жерге қойған пистолетім қайда?» Бір жалаңаш пистолеттің ұшымен кір табанын қырнап отыр екен, «Кешіріңіз...»,-деді. Кезекке тұрып, іштен шыққан жалаңаштардың кейбірі мәз. «Ертең бес мың доллар әкеліп берсем, жер алатын болдым!» дейді сыбырлап. Кезек маған келді. Ішке кірсем, парды қатты ашып қойған екен, қалай отыр десеңші, аузымды алақаныммен баса, есік алдында тұрып қалдым.

- Бері келіңіз!-деді ол.

- Рахмет, осы жерде тұра беремін...

- Неге келдіңіз?

- Арызданып... Жерімнің үстіне жер жатып алыпты.

- Түсінбедім? Бері келіңіз деймін!

Күйіп-жанып бара жатсам да, жер үшін жаным пида, жанына жақындадым.

- Былтыр жер алғанмын, соның үстіне тағы басқа біреуге жер беріп жіберіпсіздер. Соттасып жатырмыз.

- Құтты болсын!

- Айтсын...

- Қанша бересің?

- Менде дым жоқ...

- Сіз диктофонға жазып тұрған жоқсыз ба?

- Жо-жоқ...

- Бірдеңе қыжылдайды...

- Ішім ғой құрылдап тұрған. Ашпын..

- Ешқайда кетпей, осында қалыңыз!

Құдай-ау, ыстық буға піскен мәнтідей болып қашанғы тұрайын, буханадан тұра қаштым. Кезекке тұрған жалаңаштар бір семіз, жаңадан келген жалаңашты ішке «өшіретсіз» кіргізбей жатыр. Әңгімесіне құлақ түрсем, осы моншаның қожайыны көрінеді. Оған да жер керек екен... Бір уақытта, Кісібай шықты шіреніп. Монша қожайыны өзін таныстырып, шай ішетін бөлмеге қарай ертіп әкетті. Ол жақтан кәуәптің исі шығып, мұрнымызды жарып барады... Бір жалаңаш тайып жығылып еді, екінші бір жалаңаш: «Ештеңе етпейді, қазақ жері кең, әрі тайғақ!»деп жұбатып жатыр. Есім шыққан байғұс басым, шалбарымды көйлегім екен деп басыма киіп жатыр екенмін...

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475