Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2168 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 06:30

Дүрәлі Дүйсебай. «Бұл қай елдің командасы?»

Дәл осындай айдармен, тура осындай тақырыппен осыдан үш-төрт жыл бұрын еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» (кейіннен «Ана тіліне», 19.03.09.) мақала жазған едік. Ешкім елеңдеген де, ешкімді елеңдеткен де жоқ. Түсінікті болу үшін сол үш-төрт жыл бұрын жазылған мақаладан үзінді келтіре кетейік:

«Осыдан жарты жыл бұрын «Егемен Қазақстанда» (09.04.04) жарияланған «Шаңыраққа қарасақ қайтеді?!» атты мақалада біз айтқалы отырған ойдың бір шеті көрініс тауыпты. Ойды ой тудырады деген, ілгеріректе «Екібастұз қаласы», «Екібастұз командасы» деп жазып жүруші едік. Қазір «Экибастузец» немесе «Екибастузец» деп атайтын да, («Егемен Қазақстан», «Күтпеген нәтижелер, жерге қараған жанкүйерлер», 09.04.04) жазатын да болдық. Жалпы, атау қай тілде жазылса да, сыртқы өзгеріске түспеуші еді ғой. Мысалға алсақ, ағылшынша атауларды тек сол тілде ғана емес, латын қарпімен, ешқандай қатесіз қазақ, орыс басылымдарында жазып жүрміз ғой. Бұл біздің кемшілігіміз бе? Жоқ, керісінше, жетістігіміз, сауаттылығымыз, өзгелерден біліміміздің жоғары тұрғандығы. Ал біз «Жеңісті» - «Женис», «Есілді» - «Есиль» («Ишим» демегеніне шүкір), «Ертісті» - «Иртиш» деп негізгі мағынасынан ғана емес, сыртқы пішіні бойынша да бірнеше өзгеріске түсіріп, (әрине, орыс басылымдарында) шімірікпейтін халге түстік.

Бұларды қойшы, ең сорақысы, «Алма-Ата» командасының атауы. Мұны қалай түсінуге болады? Жалпы, осы атау қайдан шықты? «Алматы» десе, түсінеміз. Ол - Қазақстандағы ең ірі, ең әсем қала. «Алма-Ата» - оның Кеңес өкіметі кезіндегі орысша атауы. Құдайға шүкір, Президентіміздің арнайы Жарлығымен («Қазақстан Республикасының астанасы туралы», 1995 жылғы 15 қыркүйек) орысша атауының өзі Алматы деп өзгертілді.

Бірақ бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, шетелдік (негізінен, Ресей) басылымдарындағы «Алма-Ата» атауы енді Алматы қаласының футбол командасына қойлыпты. Бұл - елдің заңын мойындамау, оның талаптарына бағынбау деген сөз емес пе. Яғни оның суын ішіп, дағарасына отыру ғой. Бұған жол бергеніміз заңға қайшы болмайды ма?!.»

Мақала бұдан көлемділеу еді, ықшамдап беруді жөн көрдік.

Содан бері түк те өзгерген жоқ. «Айқын» газетінің 2007 жылғы 26 маусымдағы санындағы «Көшбасшы екінші рет сүрінді» деген мақалада: «Жақында ғана «Алма-Ата» клубының кеңесшісі болған Арно Пайперс елордада былтыр өзі Қазақстан чемпионы қылған «Астана» клубының тақырға отырғызып кетті...», «Бұл турда бір-ақ ойын тең аяқталып, Екібастұзда жергілікті «Екібастузец» пен «Есіл-Богатырь» ұпай бөлісті» деп жазылыпты. Тек бұл ғана емес, «Айқын» газеті әлі де «Алматы» командасын «Алма-Ата» деп жазып жүр. Жоғарыда аталған «Астана ақшамындағы» (30.09.08) «Астана тағы да ұтылды» деген шағын хабарда да «Алма-Ата» - «Қайрат» - 1:0» деп жазыпты. Қазақ басылымдарының көбінде осылай жазылады. Орыс газеттерін ауызға алмай-ақ қояйық.

Байқасаңыздар, бұл төрт жыл ішінде ешқандай өзгеріс бола қоймаған. «Баяғы жартас - бір жартас...» Өзіміздің төл атауларымыз бен төл сөздерімізді өз тілімізде неге жаза алмай жүрміз? Алматы неге «Алма-Ата» болуға тиіс?

Бұған түбінде біреу жауап беру керек қой! Кім?

Бір қуанарлығы, осы «Алма-Ата» клубы тарап кетті. Енді бұл атау газет-журналдарға шықпайтын, біздің көңіл күйімізді бұзбайтын болды. Оған да шүкір.

Атаулар, көбінесе, қазақша бір бөлек, орысша бір бөлек жазылатын тек Қазақстан екен. Қазақша, орысша жазылу ерекшеліктерін (Ақтау - Актау, Қызылорда - Кызылорда, Талдықорған - Талдыкорган) былай қойғанда: жоғарыда аталып өткен Есіл - Ишим, Ертіс - Иртиштен басқа Тобыл - Тобол, Қарағанды - Караганда, Орал - Уральск, Өскемен - Устькаменогорск, т.т. Мұндайды қай елден көрдіңіз? Көрші Қырғыз елі, Өзбекстанда бар шығар, бірақ дәл осындай сорақы емес.

Енді атаулы сөздерді - қала, ауыл, мекеме, спорт (оның ішінде біз әңгімелеген футбол командалары да бар) командаларының атауларын қазақ транскрипциясымен жазуды қолға алу керек. Жанкүйерлеріміздің басым бөлігі балалар мен жастар. Олар сүйікті командаларының атауларын жаттап өседі. Қазақ тілінде жаттаса, сол күйі есте қалады. Бұл - тілді үйретудің де бір оңтайлы тетігі.

Өз елімізде отырып, өзге елдің атау сөздерін сол тілде (қарпі мүлде бөлек болса да. Бұл жерде, басқаны былай қойғанда орыс атауларының өзін қазақша жазып көріңіз, сауатсыз болып шыға келесіз) жазамыз да, өз атауларымызға келгенде сырғақтай жөнелеміз. Бұлай ел болам деу бос сөз.

Ондай жағдайда мемлекеттік тілді кім сыйлайды, қазақ тілін қалай өркендетеміз?

Тіл төңірегінде ойланатын, ойласатын мәселе көп. Оларды шешетін, шешкенде де ұлттық тұрғыдан шешетін кез келді. Келер ұрпақты екіұдай ойда қалдырмас үшін. Оларды шатастырмас үшін.

«qogam.kz» сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534