Алмас Жұмағали. Қытайлардың қазақ қызына үйленуі соғыстан да қауіпті
«Қара қытай қаптаса, сары орысты әкем дерсің» деген сөздің түбі тегін емес. Тоқ етерінен бастасақ: 1991 жылы «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заң қабылданды. Осы заң бойынша шетел азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР аумағында 10 жыл тұрақты тұрғаннан кейін ҚР азаматтығы берілетіндігі туралы айтылған.
1995 жылы Президенттің заң күші бар жарлығымен өзгеріс енгізіледі де, 10 жылдық мерзім 5 жылға түсті. Қытай мемлекеті осы жағдайды онсыз да күтіп отырды. Тіпті, қытекеңдер бізде базарлатып жүргеніне де 10 жыл болып қалды емес пе!?. Бұл шешім тіпті Аспан асты елінің ішкі-сыртқы саясатына қабыса кетті.
Соңғы кездері қара көз қыздарымыздың шетелдіктерге көп тұрмысқа шығатынындығы жиі айтылып жүр. Көбіне көп оның себебі қалтамен байланыстырылады. Бұл тұрғыдан келсек, қазіргі Қазақстанда жүрген қытайлардың тесік қалта емес екендігі де аян. Және қыздарымыздың бәріне ақша керек деп бір шыбықпен айдауға да болмас. Олар шынымен бірі біріне ғашық болуы да әбден мүмкін.

Олай дейтініміз антропологиялық жағынан біз де монголоидпыз. Бір кездері индеецтер еуропалықтарды көргенде, еуропалықтар монголоидтарды көргенде тұрпатын тұрпайы көріп қашқан болса, қазақ пен қытай бірін бірінен соншалықты қашатындай себебі жоқ. Сондай-ақ, қытайдың әдемі қыздарын (миллионнан бірі ғана) сирек көретін болсақ, қазақтың он қызының біреуі сұлу, қалғаны әдемі, 1-2-уі ғана еркекшора болуы мүмкін.
Демек, қытай жігіт ана жақта түсінде көретін сұлуларды мына жақты өңінде «тегін» көрген соң сезімі ойнап кетуі де мүмкін. Ал ҚР азаматшасына үйленетін болса, қазіргі заң бойынша Қазақстан азаматтығы сөз айтпастан бірден беріледі, яғни күйеу жігіт екі қоянды бірден атады. Мұндай азаматтықты бірден беретін тәртіп тек кейбір саусақпен санарлықтай ғана елдерде бар.
Қытайлардың жаппай келіп үйленуі соғыстан да қауіпті. Себебі, қазір жұртқа сес көрсетіп өзінің ядролық ресурстарын толықтырып, әскерін күшейтіп жатыр. Алда-жалда соғыса қалған күнде қытайдың әскер санына патронымызда жетпейді. Бұл ел ешқашан басқыншылық (агресивті) соғыс жарияламайды. Оның ең тиімді, тәжірибеден өткен әдісі - «биологиялық соғыс». Бұл күнде дүниенің қай бұрышын алсаңыз да қытай қалашықтары, кварталдары, мафиясы мен зауыттары бар. Онымен шектесіп жатқан мемлекеттердің бәрі қытайланып кетті. Мысал, Тай халқы тұруға тиісті Тайланд, Кхмер халқының елі Камбоджа мемлекеті...
Камбоджа дегенде еске түседі, бізбен бірге аспирантурада бірнеше Камбоджалықтар оқыды. Бәрі қытай сияқты, тек Пхон Бундхал атты аққұбасы «Мен 75%-ке таза Кхмермін»,- деп мақтанатын. «Сонда сен 25%-ке кімсің»,- деген біздің сұрағымызға ол: «Әрине, қытаймын, бізде жұрттың бәрі де 50-75%-ке қытай»,- деуші еді. Осылай кете берсе, біздің де 100-150 жылдан соң осылай деп тұрмасымызға кім кепіл??.
*****
Біздің ойымызша, түбірлендіру (натурализация) жолымен азаматтық беруді алып тастау керек. Бұдан «Ойбай, бізді өзге мемлекеттер демекратиялық деп танудан қалады» деп жалтақтаудың да қажеті жоқ. Мысалы, Израиль еврейден басқаны қабылдамайды. Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Кувейт т.б. мемлекеттер этникалық арабтан басқаны өлсе де қабылдамайды. Латвия мен Эстонияда тілден емтихан тапсыртады. Бұларға ешкім де «кемсітті» деп байбалам салып жатқан жоқ.
Осылай істесек, Қазақстанның болашағына көз тігіп, байлығына қызығып келіп жатқан нөпірді тоқтатар едік. Тіпті болмаған күнде оған кедергі болған болар еді. Әйтпесе, қазіргі күні оларға даңғыл жолды өзіміз салып беріп отырмыз.
Дәл қазір жер асты байлағынан келген пайда белгілі бір қалталардан шыға алмай жатса да, болашақта біз әлемдегі мұнай магнатына айналамыз ба деген үміт бар. Міне дәл осы алпауытқа айналған шақта түбірлендіруді алып тастамағанымызға өкінеріміз хақ. Олай дейтініміз, мысалға, Сауд Аравиясы мұнайдан келген пайданың бір бөлшегін өз азаматтарына көмек көрсетуге жұмсайды. Барып келіп жатқан азаматтардың айтуынша екі таза араб үйленсе, бірден пәтер беріп, арнайы қордан 20 мың АҚШ $-на жуық қаржы бөледі.
Ғайыптан тайып ондайлық шылқымайға батар күн бола қалса, «Екі таза қазақ үйленсе» деп айта алмайтынымыз анық. Сол себепті, қанға емес, азаматтыққа жүгінеміз. Ал осы сәтте айдаладан қаңғып келген қытекеңдер мен орекеңдерді ата-баба қанымен қалған байлыққа ортақтастыруымыз керек пе? Тіпті, осы «бетімізден тайынбасақ» ол кездерде, американдықтармен, италияндықтармен, ағылшандармен т.б. құдандалы, туысқан болып қалуымызда мүмкін. Егер де түбірлендіруді алып тастап, тек филиацияны қалдырсақ, ол кезде тұрғындардың дені кіндік ұлттан тұрған болар еді, әрі екі ҚР азаматы отау құрса деп жәрдем көрсетсек те өз ұлтымызға келтірілген көмек болар еді.
Алмас Жұмағали, заң ғылымдарының кандидаты
«namys.kz» cайты