Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 05:02

Қанағат Жүкешев. Жеңілістің себебін білген – жеңіске жетеді (басы)

Abai.kz оқырмандары мен интернет-конференцияға қатысушылар!

Түрлі себептермен келесі лектегі сұрақтардың жауабын кешіктіріп алғаныма кешірім өтінемін.

Бір қатар сұрақтар қайталанған немесе мағыналық жағынан ұқсас болғандықтан оларға жауап жинақтап берілді. Арандатушы сұрақтар мен балағаттаулар да назардан тыс қалған жоқ.

Тілдің күйі көңіл көншіте ме, тіл ғылымға бағыттала ма?

Мемлекеттік тілдің қазіргі күйіне қарап, сұрақты «көңіл көншіте ме» деп емес, «неге көңіл көншітпейді» деп қойған дұрысырақ болар. Өткен 20 жыл ішінде талай тер төгілді, қаражат бөлінді, мектептер мен ЖОО-да қазақ тілін оқытатын сағаттар көбейтілді. Сөздіктер мен монографиялар жазылды,.. Қыруар іс атқарылып жатыр.

Бірақ, жүк әлі орнында тұр. Нәтиже шығынды ақтады деп ешкім айта алмайды.

Сәке деп қол қойған қатысушы «Ешбір елдің тілі ғылымға бағытталып жасалған емес» депті.

Abai.kz оқырмандары мен интернет-конференцияға қатысушылар!

Түрлі себептермен келесі лектегі сұрақтардың жауабын кешіктіріп алғаныма кешірім өтінемін.

Бір қатар сұрақтар қайталанған немесе мағыналық жағынан ұқсас болғандықтан оларға жауап жинақтап берілді. Арандатушы сұрақтар мен балағаттаулар да назардан тыс қалған жоқ.

Тілдің күйі көңіл көншіте ме, тіл ғылымға бағыттала ма?

Мемлекеттік тілдің қазіргі күйіне қарап, сұрақты «көңіл көншіте ме» деп емес, «неге көңіл көншітпейді» деп қойған дұрысырақ болар. Өткен 20 жыл ішінде талай тер төгілді, қаражат бөлінді, мектептер мен ЖОО-да қазақ тілін оқытатын сағаттар көбейтілді. Сөздіктер мен монографиялар жазылды,.. Қыруар іс атқарылып жатыр.

Бірақ, жүк әлі орнында тұр. Нәтиже шығынды ақтады деп ешкім айта алмайды.

Сәке деп қол қойған қатысушы «Ешбір елдің тілі ғылымға бағытталып жасалған емес» депті.

Бұл «теорияны» кім, қашан ойлап шығарған, қайдан тауып, танысуға болады? Жалпы, ғылымға бағытталған деген не, бағытталмаған деген не? Ғылымға бағытталмаған дегенді тілдің дамуы үдерісінде ғылымның мүддесі ескерілмейді деп түсінуіміз керек пе? Сонда ғылым мен тілдің арасында ешқандай байланыс болмайды демексіз бе? Ғылымға бағытталмағандығымен қазақ тілі өзгелерден озық, ал Еуропа тілдері ғылым мүдделерін ескергендігімен артта қалып отыр ма? Осы тұжырымыңыздың ақиқаттығына өзіңіз сенімдісіз бе? Қазақ тілінің «ғылымға бағытталмауы» (сөз сыңайыңызға қарағанда, бұл құптарлық құбылыс) оны өзге тілдерден қандай артықшылық жағдайға жеткізді және ол неден көрініс береді?

Сәке! Бір ақымақтың сұрағына жеті академик жауап бере алмапты дегенді естіп пе едіңіз? Ал «мына көк аспанның ар жағында не бар?» деген бір аңдаусыздың сұрағына А.Эйнштейн де жауап бере алмай, «Сіз екеуміз онда бәрібір бармаймыз ғой. Оны біліп не керегі бар» деп сытылып шыққан.

Ф.Бэкон сонау XVI ғасырдың өзінде ағылшын тілін ғылымға бейімдеп, тіл философиясын тіл грамматикасынан бөліп алып, түгел қайта қарап, ғылым мен техника тілі ретінде орнықтырған болатын. Бұған дейін ағылшын тілі Ф.Бэконның сипаттауынша «адым аттаған сайын метафоралар мен теңеулерге толы болған» (қазіргі қазақ тілі сияқты). Демек, ол кезде ағылшындар да, қазіргі қазақтардың айтыскерлері мен жыршылары сияқты, теңеулермен, метафоралармен, елірте, есірте тіл безеуден алдына жан салмай жүрген.

Сәкең «қазақ - ғұлама халық» деген таптаурынды қайталапты.

Бұл «тұжырымнан» да жүз сұрақ туындайды. Қазақтың ғұламалығы неден көрінеді? Қашан, қалай дәлелденген? Мүмкін қазақтан шыққан Нобель сыйлығының лауреаттары америкалықтарға қарағанда көп шығар? Ол мәліметтерді қайдан табуға болады?

Біздің халқымыз - отарға түсіп, үш жүз сексен рет көтеріліс жасап, үш жүз сексен рет жеңілген халық. Тұнып тұрған байлығын кірмелердің қолына ұстатып қойып, «битін сығып, қанын жалап» отырған, ең кедей халық. Жемқорлықтан алдына жан салмайтын, тілі мен мәдениетінің бірде бір мәселесін шеше алмай, рухани мешеуліктің батпағына батып жатқан, кегежегі кері кеткен, кім алға тартса - соның шаужайынан алатын халық (әлеуметтік аурулардан, туберкулезден, байға шықпайтын қыздарының, тастанды балаларының көптігінен, проститутизмнен,.. жеткен «жетістіктерін» айтпағанда).

Енді осыдан кейін оны «ғұлама» деп кекетуде қандай мақсат бар? Әлде, Сәкең халықты «ғұламасың» деп айта берсе ол ғұлама болып кетеді деп ойлай ма екен?

Осы жолдарды оқып отырғанда менің ойыма «Полюбил румяный - бледную, полюбил хороший - вредную» деген М.Цветаеваның антитезасы түсіп отыр. Әрине, сіз «хорошийсыз», жау емессіз. Ұлтпатсыз. Бірақ сауатсыздықтан «вредний» бағытты ұстанып отырсыз.

Орыс философы П.Чаадаевтің айтқаны бар: «Я предпочитаю бичевать свою родину, предпочитаю огорчать ее, предпочитаю унижать ее, только бы ее не обманывать».

Сіз қазақты а л д а п отырсыз. Мақсатыңыз - «ғұламасың» дегенге малданып, бәрінен адыра қалып отыра берсін.

Қазаққа керегі - жалған қолпаш емес, б а с қ а.

Қазаққа керегі - ш ы н д ы қ және қ а м ш ы!

Қазақтың көзін шұқып отырып, үш жүз сексен рет жеңілуінің себебін түсіндіру керек, бұдан кейін жеңілмеуі үшін.

Қазақты қасқа маңдайынан ұрып отырып, өзгелердің қолындағы байлықты тартып алуға күреске қуып шығару керек, бұдан кейін кедей болып қалмау үшін.

Қазаққа жаны ашитын адам оның саяси сауатын көтерумен, оны демократиялық мәдениетке жақындатумен, әлеуметтік артта қалған - ауылдан шығарып, индустрияға араластырумен айналысуы керек.

Осындай «ерен» ойлармен әлемдік ақпарат тарату кеңістігіне шыққан Сәкеңе менің берер кеңесім бар: пікір айту үшін, өзін-өзі сыйлайтын адам, алдымен келтірер аргументтерінің шынайылығына көз жеткізіп алғаны дұрыс.

Сан мен цифр немесе тіл орнықтылығы туралы

Сан мен цифрға қатысты мәселе - қазақ тілінің тұрпатты мәселесі. Мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады. Қазақ тілінде бір семантикалық өрістегі сөздер бірімен бірі әбден шатасқан, оның салдары мағыналық күңгірттікке ұласып, тілді әбден түсініксіз етіп жіберген. Мысал үшін:

а) сущность - мән, маңыз;

значение - мағына, маңыз;

смысл - мән, мағына, мақсат, ақыл-парасат;

содержание - мазмұн, маңыз, мағына.

ә) мағына - смысл, значение, содержание, толк;

мән - значение, смысл;

мазмұн - содержание, сущность;

маңыз - смысл, содержание.

Сөздіктерден алынған бұл мысалдарда келтірілген сөздердің мағыналарын ешбір қазақ дәл басып түсіндіріп бере алмайды. Сондықтан бұл сөздерді ешкім төл мағыналық жүктемесінде қолдана да білмейді. Қазақ сөздері әр сөздікте әрқилы аудармалармен беріледі. Орнықты мағынада қолданылатын әр орыс сөзiне қазақтың қай сөзi тәржіма бола алатындығын түсiну мүмкiн емес.

Өткенде келтірілген «ынта» мен «ниет» сөздерінің мағынасын сұрақ қоюшылардың бірінің олай, екіншісінің былай түсіндіруге тырысуы да осы категориядағы мәселе болып табылады. Демек, аталған сөздерді 5 кісіге айтсаң - 5 түрлі, 15 кісіге айтсаң - 15 түрлі мағынада түсінеді. Бұл жерде кімдікі дұрыс екенін іздеуде мән жоқ. Мәннің үлкені қазақ тіліндегі ондаған мың терминдер мен ұғымдардың да «ынта» мен «ниет», «сан» мен «цифр», немесе жоғарыда келтірілген мысалдардағы сөздер сияқты 10 млн қазақтың 10 млн түрлі мағынада «түсініп» және қолданып жүргендігінде.

Бұл - индустриялы қоғамның тіліне қойылатын басты талаптардың бірі - тіл орнықтылығының қазақ тілінде болмай, ақыры, қазіргі қазақ тілін экономикалық айналысқа енгізуге мүмкіндік бермей отыруының себептерінің бірі болып табылады.

«Ынта» мен «ниет» сөздерінің мағынасын «керемет түсіндіріп» берген Қабылға айтарым: әдеби тіл деген болады, оған қойылатын талаптар деген болады, соның ішінде тіл орнықтылығы хақында аздаған хабар алып, біліп келіп, айтысқа сонан кейін түскен оңды болар еді. «Ниет» сөзінің «имандылықты білдіретін ғажап ұғым екенімен» келіспейтін, оның жаман мағынада да (мыс. қара ниетті деп) қолданылатынын дәлелдейтіндер де толып жатыр. Оларға Қабылдың түсіндіруін ғана жөн деп қабылдаттыру үшін соңғы ақиқатты айтуға құдайдың Қабылға берген мандатын көрсету керек.

Алдымен сыбап алып, сонан кейін тұжырымыңды келтіріп, сол жерде-ақ артың ашылып жатқанын көргеннен гөрі, алдымен тұжырымыңды келтіріп, егер ол қанағаттанарлық болып қабылданса, сонан кейін қарсы тұжырымның авторын сыбауға көшсең (тәрбиелік деңгейің сол болса), мұныңнан дөрекі болса да өзгелер қисын іздер еді. «Соңынан күлген орынды болады» деген бар, Қабыл мырза!

Бұл жердегі басты мәселе әдеби тілге қойылатын талаптардың орындалмауынан қазақ сөздерінің мағыналық және тұлғалық орнықсыздығының құбылыс ретінде орын алуында. Мен кітабымда стратегиялық мәні бар осы мәселені жолға қою керектігін көтердім. Ал ондаған мың терминдер мен ұғымдарды саралап, әрқайсысының мағыналық жүктемесі мен тұлғасын айқындап, орнықты қолдануға дайындап беру - ғылыми-зерттеу институтының құзіретіндегі жұмыс. Осы бағыттағы жұмыстар орындалмағандықтан қазақ тілінде іс жүргізу, оны ғылымда қолдану ойдағыдай нәтижеге жеткізе алмай отыр. Бұл - тіл философиясы мен тіл грамматикасына қатысты көп мәселенің бірі ғана. Мәселенің қаншалықты тереңде жатқанын осыдан ғана көруге болады.

«Заманауи» мен «көшбасшы» туралы

«Заманауи» сөзінің мағынасы оның жалғаулар арқылы түрлену қисынынан шығып тұр. Сондықтан ол - перспективалы сөз. Түрленуді орысша аудармамен қатар келтіріп түсіндіргенде түсінікті болады. Мысалы, заман - время; замандас - современник; заманауи - современный, демек, өз заманына тән деген ұғымды білдіреді. Қазақ тіліне жақсы кірігіп кеткен, осы тұрпаттас «мәдени», «әдеби» деген сөздер бар. Қазақтар «современный» деген ұғымды беру үшін «қазіргі» сөзін қолданып жүр. Оның - мағынасы «нынешний». Осы шақта ғана қолдануға болады, «современныйдің» мағыналық жүгін арқалай алмайды.

«Көшбасшының» екі кемшілігі бар. Біріншісі - бейнелі сөз, шын мағынасы «керуен басы». Индустриялы қоғамда іс жүргізуде көп мағынаның ортасында ойнап тұратын бейнелі сөздер ақпарат беру үдерісінде түсініксіздікке ұрындырады. Мыслы, «құқықбұзушыауыздықталды» десек, оған «оштрафован», «задержан», «арестован», «посажен» деген сөздердің қайсысымен берілетін операциялардың қолданылғаны түсініксіз болып қалады.

Екінші кемшілігі - «ысқырма» дыбыстардың көптігі. Бұл сөзде олардың саны үшеу: ш, с, ш. Қазақ еместерге тіл үйретуге қиындық келтіретін фактор. Қазақ тілінде «жетекші» деген нақты мағынаға ие сөз бар. Оны «лидер» ұғымында еркін, баламасыз қолдануға болады. Мысалы, саяси жетекші, ұлттың жетекшісі,..

Менің бұл түсіндіруім қазақ тілінде сөз жасаудың қиыннан - оңайға қарай, күрделіден - қарапайымға қарай деген ұстанымдарына сай келеді.

Бұл жерде де біз қазақ тілінің аяқ аттаған сайын алдан шығып отыратын  проблемасы - тілдегі орнықсыздық құбылысымен тағы ұшырасып отырмыз.

Фразеологизмдер туралы

Өз тілімізде қанша сөз, қанша тіркес бар екені «Мелекеттік тіл...» атты кітаптың «Тiл грамматикасы: қарама-қарсылықтар шоғыры» деген тарауында келтірілген. Ал, қазақ тілінде «1 миллионға жуық мағыналық бірлік бар» деген мәліметті келтірген Ә.Қайдаров.

Ісмет Кеңесбаевтың кітабындағы көлемді толық қамтылған деуге болмайды. Өйткені, тілдегі фразеологизмдердің саны жеке сөздерден ондаған есе артық болады. Бірнеше сөзден мағынасы басқа ондаған тіркес құрылуы мүмкін. Олардың бәрін толық қамтып шығару пайдалануға тиімді болмайды, салалар бойынша топтап шығару тиімді. Ал ағылшын тілінде 35 млн фразеологизм бар деген мәлімет те менің жорамалым емес, зерттеушілердің нақты еңбегінен келтірілген.

Реті келгенде айта кетейін, ел тәуелсіздігін ала алмай, әлі алдағының бәрі тұман болып, қазақ тілі қабырғасы қайысып, мемлекеттік мәртебеге қол жеткізе алмай жүргенде Кеңесбаев «мені Қазақстандағы орыс тілінің тағдыры толғандырады» деп көлгірсіген мақала жазып, іс жүзінде ана тілінің мүддесіне қарсы тұрғы ұстанған болатын.

Біреуді нұсқап, «бұл неткен надандық» деп жаға ұстаудан, «жат жұрт естімесін деп» балықша шоршып, білгіштің рөлін ойнамас бұрын, Қабылдың өзінің бірдеңені сезіп алғаны оңды болар еді.

Л.Крысиннің фразеологизмге берген дефинициясы мынадай: «устойчивое сочетание слов, значение которого отличается от простой суммы значений составляющих его слов». Өзге қазақ емес ғалымдардың да түсінігі ұстанымыда осыған саяды. Демек, «таяқ ұстап қалды» деген тіркестегі үш сөздің әр қайсысының алғашқы мағынасы әр түрлі. Ал, үшеуі біріккенде тіркес кедейленіп қалды деген мағынаға ие болады.

Қазір «абсолюттік ноль», «холодная война», «пороговые государства», «презумпция невиновности»,.. тектес тіркестер орыс тілінің фразеологиялық сөздіктерінен орын алған. Өнеркәсіпте, технологияда түрлі операцияларды, командаларды, процестерді  білдіретін, әлемнің қойнауларында болып жатқан құбылыстарды сипаттайтын күрделі тіркестерді санап шығудың қиындығы оларды қолданып сөйлеуден де қиынға айналып барады.

Қай тілде болмасын, он цифрдан сан жетпес цифр түзуге болатыны сияқты, жекелеген сөздердің санынан оларды қолданып құраған ФБ-дің саны ондаған, жүздеген есе артық болады. Қазақ тілінде де солай. Мысалы, бір ғана «бас» сөзінің қатысуымен жүздеген ФБ түзіледі: «қаны басына шапты», «басын тасқа ұрды», «бас еркі», «басқа-бас», «басқа түссе - баспақшыл»,.. Осы тіркестерде ұшырасатын «қан», «тас», «ерік» сөздері де бастапқы ұғымынан басқа жүздеген тіркестерді құруға қатысады.

Демек, қазақ тіліндегі 67 мың сөзден қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани аяларындағы (өндіріс техникасы, технология жағын қоя тұрғанда) құбылыстар мен үдерістерді сипаттай алатын 6-7 млн тіркесті  мағыналық және тұлғалық бірізділікке келтіріп, пайдалануға дайындап беру керек. Бұл бірінші кезекте атқарылатын жұмыстың нобайы.

Өзбек, әзербайжан және түрік тілдері туралы

Өзбек және әзербайжан тілдерінің жағдайының қазақ тілінен айырмасы, біріншіден - оларда жергілікті ұлт тілі мен орыс тілін қолданушылар арасында жік жоқ; екіншіден - олардағы демографиялық ахуал жергілікті ұлт тілі үшін Қазақстандағымен салыстырғанда қолайлырақ (орыс және өзге жұрттардың үлесі аз); үшіншіден - ол тілдер отырықшы халықтардың тілдері ретінде қазақ тілінен озық жағдайда. Өзбек тілінде егіншілік, бақшашылық, әзербайжан тілінде мұнай кәсіпкерлігіне қатысты өндіріс тілі қазақ тіліне қарағанда жақсырақ дамыған. Бұл жағынан олардың тәжірибесін ескеру пайдалы болар еді. Дегенмен, олар да өгіздің мұрнын жұдырықпен тескендей етіп, айналысқа ұрып кіргізіп жатыр. Ғылыми-теориялық негіздері солғын.

Түркі халықтары тілдерінің ішінде түрік тілі озық тұр. Өйткені, ол - ұлы империя болған халықтың тілі. Түріктерде өнеркәсіпке, әскерге, теңіз флотына, ресми іс жүргізуге қатысты қолданылатын ұғымдар мен тіркестер дерліктей қалыптасқан.

Түрік тілі - біздің ата-бабаларымыз қолданған тіл. Қазақшаға жақын. Сондықтан түрік тілінен алынған сөздер қазақшаға тез сіңісіп кетеді. Бұл тілдің лексикалық қоры мен тәжірибесін пайдаланудың қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне сай орнықтыру үдерісіндегі маңызы ерекше. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстарды атқару керектігі де қазақ лингвистерінің қаперіне кірмей жүр.

Сөзді сұрыптап, тілдің байлығын азайту

Интернет-конференцияда «Тіл туралы пайымдаулар аудармаларға қатысты ма? Сөзді сұрыптап, тілдің байлығын азайтуды көздеп жүрген жоқсыз ба?» деген сұрақтар қойылды.

Бұл күмән синонимдерге қатысты айтылғандардан туындап отыр. Қазақ лингвистерінің талдап түсіндіруінше «бір ұғымды қазақ тілінде бірнеше сөзбен беруге болады, бұл - ғажап байлық. Ал Жүкешев болса, осыларды «қысқартып, тілдік қорды азайтып тастамақ».

Осы құбылысты мысалмен талдайық. Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тiлiнiң синонимдер сөздiгiнде» «жұмыс», «iс», «қызмет», «шаруа», «еңбек», «қарекет» сөздері синонимдер тізбегі ретінде берілген. Аграрлық санада орнығып алған «ғажап байлық» туралы аңыз осыдан туындаған. Егер біз қазақ тілінде ресми іс жүргізе бастасақ, бұл аңыздың ауаға сіңген будай тарап кететініне бірден көз жеткізер едік. Өйткені, экономикалық айналысқа салып жібергенде жұмыс - іс емес, іс - қызмет емес, қызмет - шаруа емес, шаруа - еңбек емес, еңбек - әрекет емес болып шығады. Индустриялы қоғамда іс жүргізу талабы аталған сөздердің арасында мағыналық ұқсастық реңктерінің болғанына қарамастан, олардың әр қайсысының өз орнында жеке мағыналық жүктеме алып жүргенін қажет етеді.

Демек, индустриялы қоғам талап ететін тiл орнықтылығы, ұстанымы бойынша бұл сөздердің әр қайсысына жеке мағыналық жүктеме жүктеу керек. Сонда былай болады: жұмыс - работа; iс - дело; қызмет - служба; шаруа - хояйство; еңбек - труд; қарекет («әрекет» сөзiнiң бүлiнген түрi) - действие.

Тағы бір мысал келтірейік:

действительность - ақиқат, шындық, болмыс, жарамдылық.

Бұл - орысша-қазақша сөздіктен алынған, синонимнің көптігін әспеттеудің жетегімен құрылған аударма. Ал, қазақ тілін өндірістік іс жүргізуге енгізу үшін ақиқат - истина; шындық - правда; болмыс - бытие; жарамдылық - пригодность;.. болып аударылуы және қолданылуы қажет.

Қазақ тілші ғалымдары жүйе мен жүйешенiң, тұтас пен компоненттiң аражігін айыра алмай шатасуда. Олар үйден терезенi, қаладан көшенi, автомобильден моторды, шапаннан жеңдi ажырата алмай, синоним ретiнде мысалға ала бередi. Мысалы, орысша-қазақша сөздiкте «спичка - оттық, сiрiңке, шырпы» деген аударма жасалған. Бұл жерде «спичка» - «сiрiңке» аудармасы ғана дұрыс. Шырпы - сiрiңкенiң бөлiгi, басына күкiрт жағылған бiр тал. Оттық - түрлi тектi от көзi (мысалы, зажигалка болуы мүмкiн). Аталған мысалда тұтастық (сiрiңке) пен компонент (шырпы) синонимге айналып кеткен. Үш сөздi синонимдетiп, бiр сөздiң аудармасы ретiнде тықпалаудан еш ұтыс болмайтыны көрiнiп те тұр.

Синоним байлық болады, егер белгiлi бiр ұғымдар мен заттардың баламалары сөз қолданысы кезiнде артығымен, аса жығылып жатса. Синоним байлық болмайды, егер тiлдегi сөздер бiр ұғым немесе затты бiрнеше лексикалық бiрлiкпен атағанмен, екiншi бiр оларға жақын ұғым немесе затты атауға сөз табылмай жатса.

Тiлдiң байлығын синонимнiң көптiгiмен өлшеу - аграрлық сана шеңберінде мешеу ойлаудың салдары. Артық дәулет бас жармайды демекшi, синонимнiң көп болуы, егер олар шын синонимдер болса ғана жақсы, сонда олар тiлдiң байлығын көрсетедi. Ал байлықтың белгiсi осы екен деп, өзге мағынада қолданылып жүрген сөздердiң есебiнен синонимдердi жасанды әдіспен көбейтуге тырысу тiлдi қара жерге отырғызумен тең болар едi. Осы тұрғыдан қарағанда тiлдiң байлығын жарнамалау үшiн синонимдердi көбейтудi алға мақсат етiп қоюға және сол мақсатқа жету үшiн семантикалық өрiске енетiн сөздердiң бәрiн синоним санатына енгiзуге тырысуды тiлге көрсетiлген «аюдың жанашырлығы» деп қана бағалауға болады. Көпшiлiкке түсiнiктi, қарапайым қисынға салғанда тiл байлығы алдымен сол тiлдегi жеке лексикалық жүктемесi бар, орнықты пiшiнде тұрып, нақты мағынада қолданылатын лексикалық бiрлiктердiң көптiгiмен өлшенедi.

Ақпарат мазмұнының өзгеріп кетуі

Мен әскерде қызмет етіп жүргенде болған бір оқиға есіме түсіп отыр. Бір солдатқа отбасы Семейден «родился сын, похож на деда, уже улыбается» деп телеграмма салыпты. Кандалакшада (Мурманск облысында) қызмет етіп жүрген солдаттың қолына тигенде оның мазмұны былай өзгеріп барыпты: «родился сын, похож на соседа, уже ругаемся».

Осы тұрпатты механизмнің сөзге ергіш қазақ арасында таралуы маңыз аларлықтай. Соның салдарын менің «қазақ тілін индустриялы қоғамда қолдануға дайындау керек» деген идеямның тоны теріс айналдырылып, көпшілікке құбыжық ретінде тартылғанын көріп отырмын.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480