Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 03:28

Қанағат Жүкешев. Көп сұраққа бір жауап (жалғасы)

 

Көп сұраққа бір жауап

«Абайды жамандап диссертация жазды», «қазақ тіліне қарсы шықты»,.. дегендерге қатысты жауапты бұдан бұрын да, соңғы рет өткен жолы бергенмін.

Бұл кіналауға қатысты алғашқы айтарымды мен сол 2007 жылдың өзінде-ақ ашық айтқанмын. «Деловая неделя» газеті ғана оны дер кезінде жариялады (қараңыз: «Деловая неделя», № 46, 30.11.2007 ж.). «Ана тіліне» берген жауабым редакцияланып, мені кіналаған материал басылған бірінші бетте емес, газеттің соңғы беттерінде, кіші шрифтпен жарияланды. Менің жауабымды мені «әшкерелеген» материал жарияланған бірінші бетте, сондай шрифтпен, уағында жариялауға аталған газеттің редакторының пәйнегі шыдамады. Редакция ғайбаттады, жағар күйесін жақты, жабар жаласын жапты, ал менімен бетпе-бет келгенде, жауап бергеннің ырымын жасап, құйрығын екі бұттың арасына қысып алып зытты.

Интернет-конференцияға қатысушыларға өткен жолы берген жауаптарымның бірінде «диссертацияның қолжазбасы Ғылым академиясының кітапханасында. Соған барып, тексеріп, «Абайға қарсы жазылған» тұстарынан сілтеме алып, олардың қай беттен, қай тараудан алынғанын нақты көрсетіп, осы сайтта жариялаңыз. Қалған әңгімені сонан кейін жалғастырайық» дегенмін. Содан бері екі айдың жүзі болды. Диссертация мәтінінен алынған Абайға қарсы келтірілген сілтеме қайда?

Осыдан бәрі түсінікті емес пе?

 

Көп сұраққа бір жауап

«Абайды жамандап диссертация жазды», «қазақ тіліне қарсы шықты»,.. дегендерге қатысты жауапты бұдан бұрын да, соңғы рет өткен жолы бергенмін.

Бұл кіналауға қатысты алғашқы айтарымды мен сол 2007 жылдың өзінде-ақ ашық айтқанмын. «Деловая неделя» газеті ғана оны дер кезінде жариялады (қараңыз: «Деловая неделя», № 46, 30.11.2007 ж.). «Ана тіліне» берген жауабым редакцияланып, мені кіналаған материал басылған бірінші бетте емес, газеттің соңғы беттерінде, кіші шрифтпен жарияланды. Менің жауабымды мені «әшкерелеген» материал жарияланған бірінші бетте, сондай шрифтпен, уағында жариялауға аталған газеттің редакторының пәйнегі шыдамады. Редакция ғайбаттады, жағар күйесін жақты, жабар жаласын жапты, ал менімен бетпе-бет келгенде, жауап бергеннің ырымын жасап, құйрығын екі бұттың арасына қысып алып зытты.

Интернет-конференцияға қатысушыларға өткен жолы берген жауаптарымның бірінде «диссертацияның қолжазбасы Ғылым академиясының кітапханасында. Соған барып, тексеріп, «Абайға қарсы жазылған» тұстарынан сілтеме алып, олардың қай беттен, қай тараудан алынғанын нақты көрсетіп, осы сайтта жариялаңыз. Қалған әңгімені сонан кейін жалғастырайық» дегенмін. Содан бері екі айдың жүзі болды. Диссертация мәтінінен алынған Абайға қарсы келтірілген сілтеме қайда?

Осыдан бәрі түсінікті емес пе?

Жөні түзу адам мұндайда кешірім сұрауы керек.

Қазақ тіліне «қарсы шыққаным» туралы мәселе үш жыл бойы талқыланып келеді. Өкінішке орай, ғылыми журналдарда, беделді ғалымдардың атымен жазылған сындарлы талқылауды көрген жоқпын. Ал бүркеншік атпен, подвал қараңғылығында жасырынып жүргендермен салғыласып жатуды арға сын санаймын.

Ескертемін, енді мен бұл сұрақтарға қайта оралмаймын.

Abai.kz-нің ұйымдастырушылары! Теорияға - теориямен, конструктивті тұжырымға - тұжырыммен, бетке тура қарап отырып жауап бере алатын ғалымдар бар ма? Адамды емес, идеяны талқылауға, мәдениетті пікірталас өткізуге жарайтындар бар ма? Болса, пікірталасқа соларды алып келіңдер. Болмаса: НҮКТЕ.

Қазақтың бойкүйездігі, саяси енжарлығы, өз мүддесін қорғай алмайтын қауқарсыздығы туралы

Қазақтың «бойкүйездігінің, саяси енжарлығының, өз мүддесін қорғай алмайтын қауқарсыздығының» себептері көп. Ол себептердің сипатын бірер ауыз сөзбен түсіндіру қиын, ол үшін кітаптар жазу керек.

Қазақтың бәрінен жұрдай болып, боғын шабақтап қалуының үлкен бір себебі - әлеуметтік артта қалуда, демек, ауылды жерлерде шоғырланып, жұмысы механикаландырылмаған, регламенттелмеген, табысы аз мал шаруашылығымен тұйықталып қалуында. Қазақ адамзаттың даму сатысының төменгі, аграрлы баспалдағында тұр.

Құбылыстың көрініс беруінің тағы бір себебін халықтың ділінен (менталитетінен) іздеу керек. Қазақ трайбализмінің сипаты да діл аясындағы мәселелермен қабаттас қарастырылады.

Тағы бір үлкен себеп - элитаның тегінде (осыған қатысты мәселенің ұшықтарын өткен жолғы жауаптарымда да шығарғанмын). Қазақ билігінің басында отырғандар - кешегі кедейлердің, құлдардың ұрпақтары. Қазақ айтады: «құм жиналып тас болмайды, құл жиналып бас болмайды». Элитаны тектік белгілеріне қарай талдау бұған дейін әлеуметтік психология ғылымында болып көрмеген нәрсе.

Келесі себеп - қазақтар ұстанған құндылықтардың шынайы емес, алдамшылығында. Сондықтан қазақтың рухани өмірінде адасу көп, қай мәселенің болса да, түйіні ондаған жылдар бойы шешілмей, үнемі алдан қайталанады да отырады.

Гумилевтің пассионарлық теориясына менің де ден қойған кезім болды. Бірақ артынан қазақ омалуының себебін басқа жақтан таптым. Пассионарлық теория бойынша тоқырау мен даму мөлшермен бірер жүз жыл ішінде алмасып отыруы керек. Ал қазақтың XVII ғасырда басталған тоқырауы әлі жалғасып келеді және саңлау көрінер емес.

Бұл қағида қоғам табиғи жолмен дамып бара жатқан жағдайларға қатысты алғанда ақталуы мүмкін. Ал қазақ сияқты, табиғи даму заңдылығы бұзылып, өзгенің ықпалына түскен халық үшін пассионарлық теория жүрмейді.

Дегенмен, сұрақ қоюшыға айтарым: іздеген - табады. Даму факторларын бақайшағына дейін шағып, қолмен қойғандай түсіндіріп беретін теориялар бар. Олардың релеванттығын өркениет тарихы практикасынан көзге шұқығандай көрсетіп бере алатын мысалдар да жеткілікті. Біз бәрін білеміз. Тек, бізге керегі, «сөйлегендер білмейтін», білмесе де айтқанын басқаларға таңатын, ауыр психологиялық ахуалдан сейіліп, «білгендер сөйлейтін» ауа-райын орнату керек.

Жеңілістің себебін білген жеңіске жетеді

Н.Масанов әулетті зиялы отбасынан шыққан, сондықтан тектілігі әр ісі мен әрекетінен көрініп тұратын, ғасырлар тоғысындағы қазақ аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі еді.

Көшпелілер туралы монографиясында Н.Масанов қоғамның тарихтағы орнын ғылым тұрғысынан нақты айқындап берді. Заманауи саясатта да сұңғылалықтың үлгісін көрсетті. Ол қазақтың ұлтттық проблемаларының бәрінің алдымен қоғамды демократияландыру жолымен дамытқанда ғана шешімі табылатынына сенді. Өмірлік практикада осы бағытты ұстанды, бастысы, өз ұлтының келешегі үшін өмір сүріп, еңбек етті.

Ол ойындағысын жасырмай, батыл айтатын. Осы батылдығы оның түбіне жетті. Сенсуалдық деңгейде ғана ойлай алатын, сауатсыз ұлтпаттардың оны түсінуге интеллектуалдық дәрмені жетпеді.

Н.Масановты қазақтың отарға түсуі және тәуелсіздік жолындағы жанкешті әрекеттері, ақыры оған қол жеткізе алмауы фактілері мазалады. Ол «халық күресте шыңдалады» деген қағиданың ақиқаттығына күмән келтірді. Оны қазақтың тәуелсіздік жолында үнемі жеңіліске ұшырауының себебі қинады. Ол ашығудың, қырылудың, шетке қашудың, 380 рет жеңілудің бәрі жиналып,  сананы ширықтыра алмағаны ма деген ойлар кешті («мало мочили?»). Осы ізденіс ойларының ұшқындары үшін ұлтпаттар оны сотқа тартты. Н.Масанов көтерген осы мәселе әлі өзектілігін жойған жоқ.

Мінеки, елдің отарлық бұғаудан босағанына 20 жыл толды. Бұдан былай көтеріліс жасамау үшін, жасай қалғанда жеңілмеу үшін не істеу керек деген сұрақ әлі біздің көкейімізде сайрап тұр. Осы сұрақтардың жауабын табу керек. Онсыз алға жылжу болмайды. Өйткені, жеңілістің себебін анықтап алмай, жеңіске жету мүмкін емес.

Саяси оппозиция туралы

Қазақ саяси оппозициясының әлсіздігінің екі себебі бар. Бастысы - бұқара тарапынан саяси қолдау таба алмай отыруында. Кешегі коммунистік тоталитарлық психология меңдеген бұқараның саясатпен ісі жоқ, тіпті жазушылар мен өзге көркем өнер өкілдерінің өздері саясаттан тысқары тұрады және онысын жөн деп есептейді. Демократиялық сауаттың төмендігі, құқықтық нигилизм халықты өз бақыты үшін саяси амалдармен күресу керектігінен ажыратып тастаған. Халық саяси партиялар арқылы, сайлауларға белсене қатысып, өз адамдарын, адал патриоттарды парламентке өткізіп, солардың күшімен проблемасын шешу қажеттігін түсінбейді. Кімнің кім екенін танымайды. Азаматтық қоғамда өмір сүруге дайын емес.

Бірінші себептен екінші себеп туындаған. Халықтың саяси енжарлығынан оппозиция әлсіз болса, оппозицияның әлсіздігінен биліктің басынуына жол берілуде. БАҚ-ны иемденіп алған билік бұқара мен оппозицияның арасындағы байланысты болдырмау тактикаксын ұстанып отыр. Мұнысы әзірше «жемісін» беріп келеді.

Қазiргi дамыған демократиялы қоғамдардың өмiрiне қарасақ бәрi бұқараның қолында сияқты. Өркениетті қоғам мүшелері құзiреттiлiгi төмен үкіметке бағынбайды, халықты оңға бастамайтын саясатты қабылдамайды, билiктегiлердiң мемлекет деңгейiнде қателiктер жiберуiне жол бермейдi. Егер оларда билiктегiлер дұрыс басқармай жатса, халық бiрден наразылық актiлерiн ұйымдастырады: митингiлетедi, демонстрациялатады. Саяси партиялар бiрден қаперiне алып, өздерiнiң тұрғыларын бiлдiре бастайды, мәселеге қатысты шешiмдерiн, ұсыныстарын жариялайды. Түйiндi шешудiң пәрмендi жолдарын билiктегiлер қабылдамаса, қарсылық әрекеттер кең ауқымды қамтып, бүкiл елдi шарпыған iрi көтерiлiске, революцияға ұласып кете барады. Мұның арты билiктегiлердiң орнында қалуын ойлауы былай тұрсын, бастарын сауғалауына апарып соқтыруы мүмкiн. Осылай, өркениеттi қоғамдарда халық бұқарасы билiктiң әр қадамын бақылауға алып, ел мүддесiн ескерiп басқаруға мәжбүрлеп отырады.

Артта қалған қоғам адамынікімен салыстырғандағы дамыған қоғамдар адамының микрокосміндегі айырма мынада: Өркениетті қоғамдардың билеушілері («жоғарыдағылар») қоғамда тоқырау белгілері біліне бастағанда өзгерістерді жоғарыдан өздері бастамаса, онда бұл ынтаны халық бұқарасы («төмендегілер») өз қолдарына алады, биліктегілер алмастырылады, қоғам жаңа импульспен ілгерілеу жолына түседі. Өркениетті қоғамдар елдің даму қарқыны мейілінше жоғары болып тұрған жағдайда да мерзімі жеткенде билікте отырғандарды ауыстыра береді. Бұл әдіс билікке жаңадан келген саяси күштердің әрекетін елдің қарышты дамуы қамтамасыз етілген фонында ақиқатты тануға көмектеседі. Мешеу қоғамдар ел экономикасын діңкесін қатыра тұралатып тастаған, күйреуге ұшыратқан саяси күштерге, егер олар «ондаған жылдардан кейін бәрі жақсы болатынына» уәде берсе, оған сенім білдіре салады, ары қарай басқара беруге мүмкіндік тудырады.

Батыста бұқара әлсiз болғанда, билеушi ақсүйектер оны алға сүйреп шықты немесе билеушi жолдан тайып бара жатқанда бұқара көтерiлiп, оны тақтан тайдырды. Осылай, бiрiн бiрi кертартпа жолға түсiп кетуге жiбермейтiн, әдiлдiктiң үнемi жеңiп отыратын жағдайын жасайтын демократиялық тетік қалыптасты.

Ал Шығыс елдерінің практикасы билеушінің қоғамды алға бастыруды ойламайтынын, бұқараның қоғамның қайда бағыт алып бара жатқанын шамалай алмайтынын көрсетіп отыр. Шығыс қоғамдарының мүшелері саяси белсенділігінің төмендігінен немесе жоқтығынан билеушілерінің әрекетін бақылауға немесе оларды дұрыс жолға бағыттауға ықпал ететін деңгейге көтеріле алмаған. Мемлекеттің ресурстарын қоғамды мешеулендіруге жұмсайтын үкіметтерге бағына береді, олардың қитұрқы саясатын қабылдайды, айтқанын істей береді. Бұқараның билікті иемденіп алған кертартпаны кетіруге шамасы келмейді. Осылай, мешеу қоғамдардың бәрінде «жоғарыдағылар» зауықсыз, «төмендегілер» қауқарсыз ахуал орнаған.

Ежелгі грек аңызының кейіпкерлері бейнесінде сипаттағанда, Шығыс адамының екі бүйірінен қысып отырған екі "жалмауыз" бар. Олар - қоғамның даму тетігін қолына ұстаған екі рухани қозғаушы күштер субъектілері. Біріншісі - Шығыс Сцилласы - бұл елдердің адамгершілік сана деңгейі төмен билеушілері. Олар қоғамды алға бастыруды, жаңартуды, ілгерілетуді қаламайды, әлеуметтiк мәселелердi әдiл шешпейдi, жемқорлықты өршітеді, мемлекеттiң ресурстарын жеке басының қамына жұмсайды, бұқараның бұйығылығын пайдаланып, оны езе бергiсi келедi, сауатсыздықта ұстайды, өзiне тиiмдi заңдар қабылдап, билiкте мәңгi қала берудiң жағдайын қарастырады. Екіншісі - Шығыс Харибдасы - Шығыс адамының өзінің әлсiздiгi, саяси-құқықтық мәдениетiнiң төмендiгi, менталдық аппаратының жетiлмегендiгi, құндылықтарының алдамшылығы, жалпы сауатының аздығы, дүниетанымының тарлығы, рухани мешеулiгi, еркiндiгiн түсiнбеуi, міндеттерін бiлмеуi, билiкке заңды талаптар қоя алмауы, әлеуметтік бұйығылығы, құлшылығы, мәңгүрттігі.

Сайлау әділ болса, кім жеңіске жетер еді?

Сайлау әділ болса, ел қамын ойлаған ең мықты саясатшы билікке келер еді. Билік әділ болса, қазақтар үш-ақ жылдың ішінде дүние жүзіндегі ең бай халыққа айналар еді. Өйткені, біз ел аумағындағы табиғи байлық көлемін жан басына шаққанда дүние жүзінде бірінші орындамыз.

Сайлауға қатысты мына факторларға назар аудару керек.

«Үміткер» Ғ.Қасымов осымен екінші рет «балама кандидаттың» рөлін ойнап отыр. Бұл жолы әр сөзімен, әрекетімен көңілсіз қойдың қозысы екенін өзі көрсетіп-ақ бақты. Бірде ол бұқарамен кездесу жасаған болғанда «осы біз нешеуміз» деп жиналғандардан сұрады. Онысы мен шын саяси сайысқа түсіп жүрген жоқпын, сондықтан президенттікке менен басқа кімдер түсіп жатқанын да білмеймін дегені болатын.

М.Елеусізов болса өзі Н.Назарбаевті қолдап дауыс бергенін айтыпты. Осыдан кейін «жасылдардың» жетекшісіне шын сеніп дауыс бергендердің көңілдерінде қандай дақ қалатынын ойлап көріңіз. Өзіне сеніп дауыс берген жүз мың адамды алдап, жеме-жемге келгенде оларға екі саусағының арасынан бас бармағын көрсетіп, «мен өзім ана жақтамын» деп, шыға беруін қалай бағалауға сөз таба алмай отырмын.

Ал Ж.Ахметбеков деген бір кезде биліктің бұйыруымен электоратты бөліп түсіру үшін Компартияның арасына жік салып, оны екіге бөліп әкеткен үлы сеператист Косаревтің орынбасары.

Қуыршақ «үміткерлердің» «екінші орын үшін күресуінің» өзін дүниежүзілік тарихта болып көрмеген, салауатты саясаткер жасай алмайтын, қазақтан басқаның қолынан келмейтін абсурд деп қана бағалауға болады.

Шын балама кандидат болмаған мұндай сайлаудың әділ өткендігі немесе өтпегендігі, сайлау үдерісінде заңбұзушылықтың болғаны немесе болмағаны туралы сөз қозғауда мән жоқ.

Бұл сайлауға қатысты сөзді оның болғанына емес, боладысына қатысты қозғау керек. Неге билік референдум арқылы президенттің өкілеттілігін ұзартып алуды көздеді? Неге онысынан тез бас тартып, кезектен тыс сайлау өткізуді ұйғарды? Кезектен тыс сайлау не үшін қажет болды? Неге сайлауға дайындық қысқа мерзімде өткізілді? Неге билік сайлау комиссиясына оппозициялық партиялардың өкілдерін қатыстырмау үшін жанталасады? Неге әкімшілік жанталасып, ылғи сайлауды ұйымдастыру жұмыстарын өзіне алып алады? Неге бұл жолы билік сайлаушылардың қатысуына қатты көңіл бөлді? Бұл «сайлаудың» сыры осы сұрақтардың жауабында жатыр.

Бұл жолы жергілікті әкімдік өкілдері сайлауды ұйымдастыру барысында алдарына бұқараны сайлау учаскелеріне мейілінше көбірек келтіру мақсатын ғана қойды. Олар бұқараның аз келуінің білініп қалуынан ғана шошитынын көрсетті. Ал «дауыстарды санап», ойына келген ицфрды жариялауға қиналған жоқ.

Заң бойынша саяси партиялар құру, сайлау өткізу - азаматтық қоғамның құзіретінде болуға тиісті. Азаматтық қоғамның төл ісіне араласу - мемлекеттің күштілігі емес, әлсіздігі. Мемлекет нағыз оппозицияның қатысуымен, баламалы сайлау болса, және ол әділ өтсе, биліктен айырылып қалатынын сезеді. Сезгендіктен - қорқады. Әлсіздік пен үрей биліктегілерді  осындай инсинуациялармен, фальсификациялармен айналысуға мәжбүр етіп отыр.

Бір ескерерлігі, жариялаған «нәтижелері» өздерінің артын ашып жатқанын билік аңғармады. Осы сайлауды өткізумен Қазақстан өзіне кері имидж жасады. Қазақстан өзін шетелге артта қалған, тұрпатты авторитарлық мемлекет екенін тайға таңба басқандай айқындап берді. Бұл сайлау ел президентінің ғана емес, мемлекет ретіндегі Қазақстанның өзінің де халықаралық беделін мықтап түсірді. Евронюс берген хабар бойынша өркениетті қоғамдар біз туралы мынадай түсінік алды: Қазақстанды басқарып отырған бұрынғы коммунистік функционер; ол биліктен 20 жыл бойы айырылмай отыр; өткен жылы референдум арқылы билігін тағы он жылға ұзартпақ болды; онысынан еріксіз бас тартуға мәжбүр болған соң, кезектен тыс сайлау өткізді; оппозиция мұны қажетсіз және антиконституциялық шара деп бағалап, сайлауға қатысудан бас тартты; ОБСЕ Қазақстанда өткен бұдан бұрынғы сайлаулардың ешқайсысын әділ деп бағалаған жоқ болатын, бұл жолы да сайлау заңы бұзылғанын көрсетіп берді.

Бұдан артық қандай мінездеме керек? Осыдан бәрі түсінікті емес пе, биліктегілердің де, біздің өзіміздің де кім екеніміз?

Бұл сайлау «Пиррдің жеңісі» болды. Билік өзінің сауатсыз және әлсіз екендігін тағы дәлелдеді. Авторитарлық биліктің ақыры осыдан басталуға тиіс.

Қазақ саяси оппозициясына сауатты әрекеттер жасау жағы жетіспей тұр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір