Интернет-конференция: Уәлихан Қайсаров (басы)
Мемлекеттік мәртебесі биік биліктің жауапкершілігін сезініп, ел мүддесіне қызмет етуге жан-жақты даяр екенін білген Уәлихан Қайсаров президенттік сайлауға түсті. Емтиханды ел көрді. Қайсаров мырзаға лауазымы жоғары қызмет таңсық емес. Кезінде Сенаттың депутаты болған. Сонымен, білімі мен білігі толысқан, биліктің түрлі баспалдақтарынан өткен, саясаткер Уәлихан Қайсаров конференция барысында келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап қатып отыр.
«Абай-ақпарат»
- Құрметті Уәлихан мырза, жұрттың көбінің көкейінде жүрген бір сауал бар: Сайлау алдындағы қазақ тілінен тапсырған емтиханнан қалай өтпей қалдыңыз? Ал Ғани Қасымов өтіп кетті. Сонда сізден не сұрады, шынымен қате жібердіңіз бе? Әлде сізді әдейің өткізбеді ме? Егер қасақана өткізбесе неге кейін аштық жарияламадыңыз?
- Олар мені құлаттық деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде бұл олардың өздері құрған саяси жүйесінің қабілетсіздіктен емтиханнан құлағандығының айқын айғағы болды.
- Сіздіңше, қазақша түк білмейтін Қасымов сынақтан қалай өтіп кетті?
- Оны саяси сайқалдық деуден басқа ештеме айта алмаймын.
- Мырзатайға деген көзқарасыңыз қалай?
- Менің оған жаным ашиды. Аяймын байқұсты. Жетпіс жыл жинаған абырой-беделін жетпіс минутта өз қолымен жойды. Оныкі таза ездік.
Мемлекеттік мәртебесі биік биліктің жауапкершілігін сезініп, ел мүддесіне қызмет етуге жан-жақты даяр екенін білген Уәлихан Қайсаров президенттік сайлауға түсті. Емтиханды ел көрді. Қайсаров мырзаға лауазымы жоғары қызмет таңсық емес. Кезінде Сенаттың депутаты болған. Сонымен, білімі мен білігі толысқан, биліктің түрлі баспалдақтарынан өткен, саясаткер Уәлихан Қайсаров конференция барысында келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап қатып отыр.
«Абай-ақпарат»
- Құрметті Уәлихан мырза, жұрттың көбінің көкейінде жүрген бір сауал бар: Сайлау алдындағы қазақ тілінен тапсырған емтиханнан қалай өтпей қалдыңыз? Ал Ғани Қасымов өтіп кетті. Сонда сізден не сұрады, шынымен қате жібердіңіз бе? Әлде сізді әдейің өткізбеді ме? Егер қасақана өткізбесе неге кейін аштық жарияламадыңыз?
- Олар мені құлаттық деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде бұл олардың өздері құрған саяси жүйесінің қабілетсіздіктен емтиханнан құлағандығының айқын айғағы болды.
- Сіздіңше, қазақша түк білмейтін Қасымов сынақтан қалай өтіп кетті?
- Оны саяси сайқалдық деуден басқа ештеме айта алмаймын.
- Мырзатайға деген көзқарасыңыз қалай?
- Менің оған жаным ашиды. Аяймын байқұсты. Жетпіс жыл жинаған абырой-беделін жетпіс минутта өз қолымен жойды. Оныкі таза ездік.
- Халық Сіздің соңыңыздан еріп кетуге жақын. Билікті қолға алғаннан кейінгі алғашқы әрекетіңіз қалай болмақ?
- Егер халық сенім артып билікті қолға алып жатсам бірінші кезекте кезіндегі «дала демократиясының» бүгінгі жаңарған түрін дүниеге әкелер едім. «әй, Абылайлаған» Бұқарларды жаныма жинайтын едім. Бүкіл билікті халыққа, яғни маған сенген халыққа сенім артып, басқаруды өз қолына берер едім. Осылайша қазақты мазақтан да, азаптан да арашалар едік.
- Уәлихан аға, сіз Иманғали Тасмағамбетовті тұлға ретінде мойындайсыз ба? Оның Президент болуға қарым-қабілеті жете ме?
- Иманғали Тасмағамбетовты тұлға ретінде мойындаймын. Оның Президент болуға қарым-қабілеті толығынан жетеді. Бірақ оған билік тізгінін ұстатуға болмайды. Өйткені ол өзі айтқандай Президенттің өнімі. Яғни, ол келсе таз кепешімізді қайта киеміз.
- Осы президенттік сайлау болған сайын Ғани Қасымов пен Мэлс Елеусізовтың тұрақты түрде кандидат болып тіркелуінің сыры неде? Неге Ғани Қасымов пен Мэлс Елеусізов? Алғашқысының генерал, соңғысының эколог болғаны сырт елдерге көз қылып көрсету үшін керек пе әлде...? Ол не үшін керек?
- Қуыршақ театрын көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Қуыршақтар Ғани мен Мэлс. Сахна сыртындағы Карабастың кім екені бәрімізге белгілі.
- Егер тіл емтиханынан сәтті өтіп, президенттіке ұмтылғаныңызда қандай негізгі бастамалар ұсынар едіңіз? Яғни, Сіздің ойыңызша елде болуы тиіс қандай өзгерістер бар? Қазіргі биліктің кемшін тұстары қандай? Ел экономикасының дамуын қамтамасыз ету мен бағаны ырықтаудың қандай механизмдерін ұсына аласыз?
- а) Қазақтарды шетелдік инвесторларға емес, шетелдік инвесторларды қазақтарға құл қылар едім. Олармен бұған дейін қол қойылған келісім-шарттарды қайта қарастырар едім.
ә) Қазақтарды қанаудың арқасында байлыққа белшесінен батқан Машкеевич, Шодиев, Ибрагимов, Ким, Миттал тәрізді арамтамақтардың бізден тапқан пайдасын біздің экономикаға салуға, байлықтың заңды иесі ел игілігіне жұмсауға мәжбүрлер едім.
б) Жеті және одан көп бала тапқан алтын құрсақ қазақ аналарын және олардың кәмлетке толмаған балаларын толық мемлекет қамқорлығына алғызар едім.
в) Үш баласы бар жас қазақ отбасына мемлекет тарапынан тұрғын-үй сертификатын бергізер едім. Оны жергілікті атқарушы билікке өткізіп тегін баспана алуға қол жеткізер едім.
г) Ұлттық қорды пайдаланып қытайдан алған бүгінгі биліктің қарызынан құтылар едім. Негізі пісіп жетілген ой-мұраттарым өте көп. Бірақ ол бір сұхбатқа симайды.
- Ақ сақалы аузынан түскен Мырзатай Жолдасбеков деген қарияның тірлігі жаныңызға қатты батқанын білеміз. Бірақ сіз мойымай Мырзатайдың комиссиясын сотқа бердіңіз. Бірақ сіз ренжімеңіз, бұл да бір алдын ала дайындалған қойылым секілді. Сіз сайлауға түсесіз. Емтиханнан сүрінесіз. Сайлаудан тыс қаласыз. Сосын сотқа бересіз. Сот сізді жақтайды. Уақыт болса өтіп кеткен. Бұл не сонда? Тек ресми газеттер Болат Әбілдің командасындағы Уәлиханға өз беттерінен орын бергісі келмеген секілді. Сіз сайлауға түскенде де олар Мэлс, Ғанилар секілді Егемен Қазақстанға қалай сіздің де ой-пікірлеріңді шығарады? Бұл мүмкін емес болатын. Мырзатай сізден кешірім сұрады ма? Сотқа бергенше неге одан кешірім сұратпадыңыз? Неге ол әлі күнге дейін жауап қатпайды сізге? Әлде жасырын ымыраластыңыздар ма?
- Әрине бұл биліктің сценариімен қойылған қойылым. Сіз дұрыс пайымдағансыз. Егер мен үміткерлер қатарына енгенде заң бойынша маған бөлінген мүмкіншілікті пайдаланып бұқаралық ақпарат құралдарынан биліктің былығын жарыққа шығарып, оларды халық алдында масқара етер едім және олардың ұстанған бағыттарының бұрыс екенін дәлелдеп берер едім. Сонымен қатар, халыққа дұрыс жолды ұсынар едім. Мырзатай Жолдасбеков менен кешірім сұраған жоқ. Маған оның еш қажеті жоқ. Мен үшін ол адам өзін-өзі өлтірді. Саясаткерден сайқымазаққа айналуды мен өлім деп есептеймін. «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» дейді дана қазақ. Оны Мырзатайдың білмеуі мүмкін емес. Біле тұра осындай жиіркенішті қылыққа барған адам деуге ауыз бармайтын пендені халықтың тезіне салдым.
- Уәлихан аға, сізге сәттілік тілеймін. Уәлихан Қайсар аға, қайсарлығыңызға ризамыз. Сіз дара шығып, бәйгеге түстіңіз. Жармахандарға мойымаңыз. Олар кеше билікте болды - үндемеді. Ал сіз кезінде билікте жүріп үндедіңіз. Айырмшылықтарыңыз жер мен көктей. Кімді ұстаз тұтасыз?
- Ақ-адал пейіліңе, жүрекжарды тілегіңе мың да бір рахмет. Халқым қолдаса құрбан болуға қашанда дайынмын. Кенесары ханды ұстаз емес, пір тұтамын.
- Мырзатай Жолдасбековтің сізге жасаған қиянаты дейміз бе, қалай десек екен. Жоқ, олай айтуға тура келмейді. Сізге жасаған қамқорлығы деп білемін. Әйтпесе сіз де өзіңіз айтпақшы солардай клоун болар едіңіз. Келісесіз ғой?
- Мырзатай қиянатты маған емес, өзіне жасады. Сіздің айтып отырғаныңыз маған жасалған «қамқорлық» емес, халыққа, оның дауыс беру құқына жасалған қиянат. Мен басқа үміткерлердей клоун болмас едім. Өйткені билік менен өлердей қорқады. Оған өздеріңіз де куә болып отырсыздар.
- Мен риза боламын сізге, сайқымазақтардың санатына қосылмай қалған ағамыз бақытты екен. Мырзатайға рахмет айтамыз ба, әлде талайы-тағдыры солай ма, не десек те, кімнің-кім екендігін сайлау науқаны көрсетіп берді, осылай болуға тиісті, осылай болды, Құдайдың ісі. Осыдан туындайтын сұрақтар - Уәлихан ағамыз Құдайға сене ме екен? Мына билік Құдайды ұмытқандай ма, аға?
- Мен Құдайдан ғана қорқатын адаммын. Менің ойымша Қазақ Президенті өзінің қойын дәптеріне айналған, өзі тоғыз рет зорлаған конституцияға қолын қойып емес, ҚҰРАНҒА қолын қойып халыққа ант беру керек. Ал Конституция ҚҰРАННЫҢ астында болу керек.
- Билікке келсеңіз Шығыстүркістандағы (Алтай аймағы, Тарбағатай аймағы ,Іле аймағы ) қандастарымызға қандай көмек көрсетесіз?
- Қолдан келгенше барлық жағдайын жасап шеттегі бүкіл қандастарымызды жедел елге алдыру керек. Сонда ғана іргеміз бүтінделеді. Өйткені, қазақтың бар мәйегі соларда. Оларға жерсіну, бізге сіңісуі үшін және сол жақтан оңай шығуы үшін үш жылға қос азаматтық берер едім. Арғы жағын өздері таңдайды. Меніңше, ең маңызды көмек осы болар еді.
- Мырзатай туралы мақалдар шығып жатыр. «Заманың Мырзатай болса, Несіпбек болып шал!» деген мәтелді есітіп пе едіңіз? Сіз қандай мәтел ұсына аласыз?
- Ондай мақалды естіген жоқпын. Мен мақал емес «Билікке Мырзатайша майпаңдау» деген теңеу шығарар едім.
- Қайсар аға, сізге деген құрметім шексіз. Ал енді сіз неге ашық күреске шықпайсыз? Мәселен, Құранды ұстап тұрып Алаш Орда үкіметінің ісін жалғастырып, ұлылардың арман-мақсатына Қазақ халқын қалайда жеткізуге бар күш-жігерімді жұмсаймын, Қазақ тілін Ақорданың төріне шығарамын деп Алла алдында ант қабылдасаңыз, қазақтың еңбектеген баласынан, еңкейген қариясына дейін сіздің артыңыздан еретініне өз басым сенімдімін. Ал енді сізден күтерім түрлі-түсті әйел сөзі емес, қажет болса қан төгерлік еркектік әрекет. «Ревалюция без жертв не бывает» В. И.Ленин
- Мен ҚҰРАН ұстап халық алдында ант беруге, халықты бастауға әзірмін. Бірақ бүгінгі билік АЛЛАҒА сенбейді. Ол қазір тақ үшін қан төгуге әзір. Ал қан халықтыкі. Жалаңаш қолмен жауды ала алмаймыз(!).
- Өткен ғасырдың 90-жылдары қоғамдық-саяси жұмыста болдыңыз ба?
2. Тәуелсіздік алған кезде қайда едіңіз?
3. Азаттық қазаққа, қазақ Азаттыққа не берді?
4. Билік пен халықтың арасы қанша «шақырым»?
5. Қазақстандағы саяси субъект кім?
6. Қазақстан ұлттық мемлекетке айналу үшін қандай факторлар керек?
7. Қазақтардың үштен бірі шетелде. Елге оралту мүмкін бе?
8. Қазақ тілінің ахуалын қалай бағалайсыз? Мемлекеттік тіл рөлін атқаруға қанша уақыт, жалпықазақстандық тіл болуға қанша уақыт керек?
9. Сіздің ойыңызша, оппозиция жолына түскен адамдар оған саясатшы болып келе ме, әлде кейін қалыптаса ма?
10. Қазақстанның дамуы үшін ең басты фактор не?
11. Қазақстандағы барынша ықпалды топ қайсысы?
- Қоғамдық-саяси жұмысқа 1999 жылы келдім.
- Тәуелсіздік алған кезде Солтүстік Кореяда оқуда болдым.
- Азаттық қазаққа мүмкіншілік берді, қазақ азаттықтың жолын өз қолымен жапты.
- Билік пен халықтың арасы жер мен көктей.
- Қазақстанда екі ғана саяси субъект бар. Біріншісі Назарбаев, екіншісі халық.
- Қазақстанның ұлттық мемлекетке айналуы үшін бірінші дала демократиясы қайта тірілу керек, сонда қазақы рух тіріледі. Тірілген рух ештемеге бой бермес.
- Қазақта «Таспен жапалақты ұрсаң жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң тағы да жапалақ өледі» деген мақал бар. Билік тас, қазақ жапалақ. Қазақ тілінің ахуалы осы. Қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік тілге айналуына ешқандай уақыт керек емес. Ниет болса болғаны. Уақыт әлдеқашан өтіп кеткен.
- Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады. Өмірдің өзі саясаттан тұрады. Бүгінгі биліктің партиясы жағымпаздар мен құйыршықтардан құралған. Оларда өзіндік пікір жоқ. Ал, оппозиция жолына түскен жандар ар-намысын жоғалтпағандар. Сондықтан оларды саясатшы деп есептеуге болады.
- Қазақстанның дамуы үшін ең басты фактор - таза адамның қолына халық атынан билік беру.
- Сіздің сұрағыңызды мен толық түсініп отырмын. Бірақ өз ойымды айтқым келеді. Қазақстандағы ең ықпалды топ - халық. Өкініштісі, бүгінгі билік оны сенімнен де үміттен де айырды. Бүгінгі кеудесін керген жемқор топтарды халық қолдамаса ешкім де емес. Өйткені, халық құдайдан бір жас қана кіші.
- Сізді соңғы кезде «Руханият» партиясына кетеді деп жүр. Бұл партияның болашағы туралы пікіріңіз қандай? Әзірше аты да, заты да жоқ партияны жаңа деңгейге көтеру үшін қандай үлес қоспақшысыз?
- «Руханият» партиясының басшысын мен жақсы білемін. КИМЭП-ті бірге бітірдік. Оған мен сенемін. Халық қолдаса, әрине, партияның болашағы бар. Бірақ қазір менің алдымда партияға кіру жөнінде мәселе тұрған жоқ.
- Қажымұқан Ғабдолла ұйымдастырып жатқан «Қазақ елі» атты ұлттық қозғалысқа көзқарасыңыз қандай? Неге сол жігіттердің қасынан табылмадыңыз?
- Қажымұқан Ғабдолла ұйымдастырып жатқан «Қазақ елі» атты ұлттық қозғалысқа көзқарасым жақсы. Олар мені таяуда Алматыда өткен жиналысына шақырды. Бірақ мен бара алмадым. Қырғызстанда едім. Қазір мен олардың саяси кеңесшісімін.
- Назарбаевты жекпе-жекке шақырып едіңіз, соның ақыры не болды? Шыға қалар болса, сіз жеңер ме едіңіз?
- Назарбаевты саяси алаңда жекпе-жекке шақырғаным рас. Бірақ еш жауап болған жоқ. Егер шықса, әрине, жеңер едім.
- «Азатпен» ат құйрығын кесістіңіз бе? Сайлауға түсер кезде неге олармен ақылдаспадыңыз? Қанша дегенмен, «Азаттың» саяси бюросында мүшесіз ғой?
- «Азат» ЖСД партиясы саяси кеңесі мен президиумының мүшесімін. Сондықтан партиядан шығару туралы шешімді тек съезд шығарады. Мен өзім үшін шешім шығарып қойғанмын.
- Ұлтшылдар қазір немен айналысуы керек деп ойлайсыз?
- Ұлтшылдар қазір бір жұдырық болып жұмылу керек
- Мұрат Аджидың кітаптарын оқыдыңыз ба? Көзқарасыңыз қалай?
- Өкінішке орай, Мұрат Аджидың кітаптарын оқыған жоқпын.
- Уәлихан, «ноқталы басқа бір өлім». Мұсылман елдерінен үлгі алып елді көшеге шығар. Болат пен Жармахан құсап «көшеге шықсаң өлтіреді. Үйде отырып боқтағаннан әрі аспаңдар», деп үгіттеме. Қан төгіспей мақсатқа жету жоқ. Өлімнен қорықпа! Сонда ғана Президент боласың.
- Өлімнен қорқып отырған жоқпын. Алдында айтып кеткенмін. Құдайдан ғана қорқамын. Бүгінгі қиянатқа қасқая қарсы тұрар жігіттер біріксе, бастауға мен дайынмын.
- Жоспарыңыз қандай? Жаңа партия құрасыз ба немесе қазіргі тіркелген партиялардың біреуіне қосыласыз ба? Қазақстанда ұлттық мемлекет құру жөнінде не ойлайсыз?
- Партия жөнінде ойланудамын. Қазақстан онсыз да ұлттық мемлекет. Өйткені, әлемдік норма бойынша мемлекет құраушы ұлттың саны 65 пайыздан асқаннан кейін ол автоматты түрде ұлттық мемлекет деп танылуы тиіс. Тек бүгінгі билік оны мойындамай, статистиканы бұрмалап отыр.
- Уәлихан мырза, сіз «Кенесары хан» қоғамдық қорын басқарасыз.
Қазақтың соңғы ханының басын қашан елге әкеліп, рухымыз көтерілмек?
Сананың деколонизациясын жүргізіп, ел еңсесін көтеру үшін қандай іс атқаруға жәрдемдесе аласыз? Нұсқалар: алаш идеясы, ұлттық тарих туралы еңбектердің жарыққа шығарып, мүмкіндігінше бір бөлігінің тегін таратылуын қаржыландыруға өзіңіздің немесе қалталы азаматтардың қаражатын тарту және т.б.
- «Кенесары хан» қорына 1 жыл ішінде халықтан түскен қаржы 27 мың теңге. Қалған қаржының бәрі өзімнен шықты. Хан бас сүйегінің қайда екені белгілі, бірақ қайтару жолында көп кедергілерге кездесіп отырмыз. Денесі Қазақстанға әкелінген. Алаш идеясы мен ұлттық тарихты бөліп қарауға болмайды. Отарсыздану үшін екеуі де ауадай қажет. Жәрдем жөніне келер болсақ, жүрген жерімізде ұлт пен Алаш идеясын жағымыз талмай насихаттап жүрейік. Одан артық қандай жәрдем керек.
Жалғасы бар
«Абай-ақпарат»