Арнұр Асқар. Қырғыздар тағы бір төңкеріс жасамақ
Жиырма жылдың ішінде екі бірдей билікті аттан аударған қырғыздар енді тілдік төңкеріске кіріскен сыңайлы. Осыдан бірнеше ай бұрын қырғыздың бірер қоғам қайраткері шенеуніктерге Манас жырын жаттатып, ырлай алмағандарын қызметтен қуу керектігін айтып мәселе көтерген-ді. Жуырда Қырғызстанның Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссиясы іс қағаздарын жүргізуді жүз пайыз қырғыз тіліне көшіру басталғанын мәлімдеді.
Бұл бастаманы қос қолын көтеріп қолдағандардың қатары баршылық. Біздегідей әрі-бері бұлталақтап жүргендердің қарасы аз. Бар болса да, ондайлардың көпшілігі өзге ұлыс өкілдері мен орыс тілді БАҚ-тар. Қырғызстанның білім беру академиясының вице-президенті Советбек Байғазиев:
- Егер адамдар тіл үйренгісі келмесе, ол өздерінің проблемасы, оны ешкім күштеп оқытпайды. Шетелдіктер бірер жылдың ішінде қырғызша сөйлеп кетеді, ал өмір бойы осы жерде тұратын өзіміздің отандастарымыз әлі күнге екі сөздің басын құрай алмай жүр. Ашығын айтар болсақ, мен кезінде орыс тілін ешқандай әдістеменің көмегінсіз үйреніп алдым емес пе?!- деп ештеңеден тайсалмайтынын танытып отыр.

Қазіргі таңда Алатооның ар жағындағы елде сексенге жуық ұлыс өкілдері тұрады. Жыл басында Жогоргу Кенеш депутаттары мемлекеттік телеарналардан көрсетілетін фильмдердің 80 пайызы қырғызша сөйлеуі керектігін айтып мәселе көтерген болатын. Телеарна басшылары мақұл деп бас шұлғыса да, әзірге аудармаға қажетті қаражат қолдарын байлап отыр. Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссия да қаһарына мініп, шенеуніктердің мемлекеттік тілде емтихан тапсыруларын талап етуде. Бұл комиссияның басты принципі: Қырғызша білсең - Отанға қызмет етуге лайықсың.
Қырғыз тілді БАҚ-тар бірлестігі де қалысар емес. Манастың бүгінгі ұрпақтары Мемлекет басшысының және Қырғызстан премьер-министрінің атына ашық хат жолдап, барлық мемлекеттік органдарды алдымен қырғыз тілінде, содан кейін ғана орысша ақпарат беруге көндіруді сұрады.
- Әрине, соңғы кезде шенеуніктер мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысып жүр, бүгінгі қоғам талабы осындай. Алайда, мемлекеттік органдардың көпшілігі БАҚ-тарға орыс тілінде ақпарат беріп, содан кейін ғана қырғызша аудармасын ұсынуға әдеттеніп алған. Осының кесірінен журналистер алтын уақыттарын жоғалтуда, - дейді Қырғыз тілді БАҚ-тар бірлестігінің мүшесі Шайырбек Абдрахманов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Парламент отырыстарында халық депутаттары орысша шүлдірлеуге әуес министрлер мен вице-министрлерге тарпа бас салып, оларды ана тілін құрметтеуге шақырудан қорықпайды.
Айыр қалпақты ағайындардың ана тіліне бет бұруы құптарлық әрекет, әрине. Алайда, бас-аяғы бес-ақ миллион қырғызды бір сәтте қырғызша сөйлету оңайға соқпайтын түрі бар. Қазақстандағы «Лад» сияқты ол жақта да лаңдатқыш ұйымдар мен жекелей адамдар жетіп артылады. Оның үстіне, экономикасы тұралап, саяси дағдарыстардан көз ашпаған айыр қалпақты ағайындар «байтал түгіл, бас қайғының» кебін киіп, тілдің қамын күйттеуге шамалары жетпеді. Демек, бәрін басынан бастайды деген сөз.
Шайырбек Абдрахманов айтпақшы, «Украина, Қазақстан сияқты елдер осы проблеманы шешуді әлдеқашан қолға алған. Бұл елдерде екі тілде мультфильмдер түсіріліп, түрлі телебағдарламалар жасалды. Әлемге әйгілі кітаптар мен фильмдер мемлекеттік тілдеріне аударылды. Ал Қырғызстанда ше? Сонау тоқсаныншы жылдардың басында «Говорим по-кыргызский» деген жалғыз-ақ бағдарлама болған. Оның өзі қаржының жетіспеуінен бозаға батып кетті».
Иә, Қазақстанда соңғы жиырма жылдан бері бәсеңдемеген мемлекеттік тілдің дауы Қырғызстанды да шарпи бастады. Бірақ байекелердің бізден бір айырмашылығы бар - атқа тақымы бір тисе төңкеріс жасамай тыным таппайды. Бұған дейін екі президентті шетел асырып жіберген айыр қалпақты ағайындардың енді орыс тілін де тақтан тайдырып, тарихи отанына тықсырып, Манастың тілін төрге шығаруға шамасы жететін шығар.
«qogam.kz» cайты