Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2767 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 07:59

Олжас Сүлейменов: «Мен - сынбаймын!»

Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада ақын, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовтің 75 жасқа толуына орай кездесу өтті. Бардық. Көрдік. Бір екі ауыз тілдесіп, сұрақ қойып, сұрағымызға орай ақының аузынан келте жауап алып қайттық.

Кездесуді жүргізген Мұрат Әуезов Олжас Сүлейменовтің ұлы ақын, қазақты әлемге танытып жүрген тұлға екеніне тоқталды. Олжас болса, әр тақырыптың басын бір шалып, әңгіме айтты. Сөйтіп отырғанда «Алаш айнасы» газетінің бөлім редакторы, ақын Алмат Исаділ Олжастың орыс тілінен аударған өлеңін оқып берді. Әлем қазақ деп таниды дейтін тұлға өз шығармасын ана тілінде аударма арқылы тыңдады. Түсінді, түсінбеді оны біле алмадық. Көптің сұрауымен өзі де ортаға шығып, орыс тілінде бір-екі өлеңін оқып берді. Олжас ақынға көкейде жүрген көп сауалды қояр уақытты күтіп отырғанымызда сұрақты көп ішінен бір адам қойды. «Сіздің атыңызға айтылып жататын сынға қалай қарайсыз?» деген сауалға Олжас: «Абайға да, Шоқанға да қарсы болған. Маған да қарсы. Бірақ, мен сынбаймын!» деп жауап қатты. Жұрт мәз болысты. Ду қол шапалақ. Мұрат Әуезовтің мәдениетті қарсылығына қарамастан елдің әр түкпірінен келдік деген адамдар Олжастың суреті бейнеленген картиналарды тарту етті. Кездесу кезінде залдан сұрақтар келіп түсіп жатты. Сауалдарды Олжекеңе ұсынып отырған Мұрат Әуезов: «Өмірімде тұңғыш рет цензор болып отырмын» деді.

Сауалдардың арасында Валерий Толмачев туралы да сұрақ болды. Олжекең Валерий Толмачев досының ұлы екенін, оның Мәскеуде халықаралық журналистика факультетінде оқығанын, дипломатия саласында, ЮНЕСКО- да көптеген жұмыстар атқарғанын, тоқ етері Толмачевтің еңбегі ерекше деп бағалайтынын айта келіп, қазір ол Италияның түрмесіндегі психикалық ауруларға арналған бөлімде жатқанын, оның ісімен өзі, елшілік айналысып бастағанын айтты.

Кездесу соңына таман Олжастың суреті бейнеліп, 75 деген жазуы бар ілініп тұрған плакат сарт етіп әп-сәтте шиыршықталып жиналып қалды. Мұны бірден байқаған Мұрат Әуезов: «Жамандыққа жорымаңыздар», деп бәйек болды. Ақыры кеш те бітті. Олжас Сүлейменовке  сауал қояр сәтке де жетіп, төмендегідей аз-кем сұхбаттасып қалдық.

- Олжас аға,  «Мамыр» деген ай атауынан неге ат-тоныңызды ала қашып жүрсіз?

- «Мамыр» деген арабша «ремонт» деген сөз. Майға қандай қатысы бар оның?! Ал, майды әзірбайжанша да, түрікше де «май» деп айтады. Желтоқсан деп жүрміз. Ал, баяғыда бұл айды «соғым ай» деп атаған. Қазір бұл сөз Полшьда ғана қалған, қараайымдардың  тілінде ғана сақталған. Ал, біз «Желтоқсан» дейміз. Неге жетпіс, сексен емес.

- Баспасөздегі өзіңізге қатысты сындарға не дейсіз?

- Түсінбейтін жігіттер бар ғой. Мен не деймін. Жазғандарымды оқысын! Сонда бәрі айтылған.

- «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз ғой. Қазақстанда АЭС салуға қалай қарайсыз?

- Қазақстанда АЭС салуға болмайды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір