Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 22 Мамыр, 2011 сағат 09:30

Сейфолла Оспан. Абай бабама тағзым!

 

1

Кешкен ғұмыр алды-артыңды болжамай, -

Малменен тең, көрсең оны олжадай:

Тектiлiктiң тәңiрiсiндей тұлға бар

Әр халықта мәңгi өшпес;

Ол - Құдырет, Ол - Абай!

 

Абай-алып, Абай-кiшiк - ақылман,

Абай биiк алыстан да жақыннан.

Кейде оған өрең жетпей жатасың,

Кейде әкең боп аймалайды сақтандырып жатыңнан.

 

Абай-Шығыс күндей күлiп ататын,

Абай-Батыс ойға ауыр бататын.

Тамырың ол толастамай, тоқтамай

Жүрегiңдi әлдилеп ап, қуат берiп жататын.

 

Абай-Самал өзiңдi өбiп түлетер,

Абай-Ызғар жанды қарып жүдетер.

Өмiрiң ол қоспасы жоқ өзгеден,

Жарқындықтың жұпар лебiн тал бойыңа үдетер.

 

Сиынатын пiрiң Абай, толғайтын,

Әруақтың күн дидары ол қолдайтын.

Қыдыр қонған құдыреттi, Ол - Емшi!

Керек десе тiптi өзiңдi өзiңнен де қорғайтын.

 

Кешкен ғұмыр алды-артыңды болжамай, -

Малменен тең, көрсең оны олжадай:

Тектiлiктiң тәңiрiсiндей тұлғамыз

Марапатты мақтан тұтар;

Ол - Құдырет, Ол - Абай!

2

Кешiрiм жоқ, кейiн тартып кер кетсем,

Қанатым кең қара танып ер жетсем;

Әппақ таңдай Абай Бабам алдымнан

Әруақтай жебеп шығар елдессем.

 

Жәйлардан бiр көңiлдi әбден қалдырған,

 

1

Кешкен ғұмыр алды-артыңды болжамай, -

Малменен тең, көрсең оны олжадай:

Тектiлiктiң тәңiрiсiндей тұлға бар

Әр халықта мәңгi өшпес;

Ол - Құдырет, Ол - Абай!

 

Абай-алып, Абай-кiшiк - ақылман,

Абай биiк алыстан да жақыннан.

Кейде оған өрең жетпей жатасың,

Кейде әкең боп аймалайды сақтандырып жатыңнан.

 

Абай-Шығыс күндей күлiп ататын,

Абай-Батыс ойға ауыр бататын.

Тамырың ол толастамай, тоқтамай

Жүрегiңдi әлдилеп ап, қуат берiп жататын.

 

Абай-Самал өзiңдi өбiп түлетер,

Абай-Ызғар жанды қарып жүдетер.

Өмiрiң ол қоспасы жоқ өзгеден,

Жарқындықтың жұпар лебiн тал бойыңа үдетер.

 

Сиынатын пiрiң Абай, толғайтын,

Әруақтың күн дидары ол қолдайтын.

Қыдыр қонған құдыреттi, Ол - Емшi!

Керек десе тiптi өзiңдi өзiңнен де қорғайтын.

 

Кешкен ғұмыр алды-артыңды болжамай, -

Малменен тең, көрсең оны олжадай:

Тектiлiктiң тәңiрiсiндей тұлғамыз

Марапатты мақтан тұтар;

Ол - Құдырет, Ол - Абай!

2

Кешiрiм жоқ, кейiн тартып кер кетсем,

Қанатым кең қара танып ер жетсем;

Әппақ таңдай Абай Бабам алдымнан

Әруақтай жебеп шығар елдессем.

 

Жәйлардан бiр көңiлдi әбден қалдырған,

Мұңайсам мен тәлкек көрiп тағдырдан;

Абай Бабам өлеңiмен жұбатып,

Жүредi ылғи алып-шығып тандырдан.

 

Қуансам да шаттыққа бiр малынып,

Шарап iшiп кеудемсоққа салынып,

Абай Бабам тағы шығар Сабыр деп

Адастырмай от сағымнан табылып.

 

Ашу қысса қайтаратын уыттай,

Ұшсам құсша көкке бiр сәт ту ұстай,

Қасымда ылғи қанаттасып үнемi

Жүрер Бабам еш пәлекет жуытпай.

 

Үлкенмен де, кiшiмен де сырлассам,

Өрген нақыл керек десе құрдастан,

Өз бейнеңдi берiп жатыр құт Бабам

Мәңгi өшпес тiрлiктегi жыр-дастан.

 

Жалған айтып қайтем сiздi бұрмалап,

Ашысымен көздi мына тырналап,

Өзiңiзбен сырласқан жан өлмейдi,

Күйiн кешiп қуыс кеуде құр далақ.

 

Өмiр-Абай, Абай-өмiр бiлгенге,

Тұтас жалған тәттi өмiрдi сүргенге.

Көкiрекке құйылғанда сөздерi,

Жарық қылар жан сарайды күннен де.

3

Алыстан әлем назар салатұғын,

Бiр халық бағасы боп қалатұғын,

Болады не бейнелер әруақты

Асыл тек, алтын дiңгек дара тұғыр.

 

Көремiн сол бейненi Абайымнан,

Елiнен ерек туған ағайыннан.

Тұнбасы ойдың терең көз жеткiзбес,

Өрiлген тұлғасы iшкi сарайыңнан.

 

Жақсыға халқым ғажап елегiзген,

Iлiмiн Шығыс, Батыс тел емiзген.

Тұнығы Абай атты тұнба болып,

Төрiнде парасаттың келемiз кең.

 

Ағылған ақыл-ойы ұлан-асыр,

Кең тыныс жүйрiктерiң көне ғасыр,

Кермелеп даналықпен кереметтей,

Орнаттың зәулiм күмбез "заман ақыр".

 

Бел болып бер жағына алтын емел,

Өрiнде шапақ атты халқың өнер.

Өзiңнен өр биiгiм асу бермес,

Шадыман арнасы мол шаттық төгер.

 

Күл-талқан боп күнi өткенмен күллi әмiр,

Тек анау теңдесi жоқ Түркi тәңiр,

Қуат боп не заманнан күлдiбадам,

Алып шығып ел болдық түбi Сабыр.

 

Әлемiң қызыға зер салатұғын,

Өзiңнен бағамызды ел алатұғын.

Бейнесiң әруақты бүгiндерi,

Мәңгiлiк алау күн боп жанатұғын!

4

Абай бабам отқа қақтап санасын,

Сырлас еткен барша елдiң данасын.

Ой азығын озып алған байытып,

Алға тартқан адамзаттың тобасын.

 

Қарын тоқтық - мал үлесi дегендей,

Арың жоқтық бейшаралық белеңдей.

Төрге сүйрер рухани биiктiк,

Төзiм берiп белiн буған берендей.

 

Жөргегiңнен сана сәуле шашылып,

Пырақ көңiл бала жастан ашылып,

Танытқандай тағдыр өзi өзгеше,

Ұстағандай құпиясын жасырып.

 

Сол құпия тылсым сырдың түңлiгiн,

Ой, Аллам-ай, алғаш рет бiлдi кiм?!

Жұмбақ әлем қанша жерден қымтансын,

Ақ сәуленiң түңлiк жапқан түрдi үнiн.

 

Тiлге оралған табиғилық парасат

Сан қилы ойдың майданында ғарасат,

Адастырмас өз өрнегiн берген ғой,

Айналғандай мына әлемге ағаш ат.

 

Сол тұңғиық әлем тартқан түбiне

Сапырғандай солқылдатып күбiге.

Күңiренiп жеке тартқан күрсiнiс,

Құлақ қойып тыңдасаңыз үнiне.

 

Ол үн мөлдiр таза ойдың тұнбасы

Ерiнбесең оқып жәймен тыңдашы,

Не дер екен тұңғиықтан сыр тартқан

Озық ойлы Абай атам тұлғасы?!

5. ӨЗ БЕЙНЕҢДI ӨЗIҢЕ ҒАНА ҰСЫНАМ

Абай - бабам!

Ұлы бейнең елге - жарық, күнге - айқын,

Тұнығыңнан қанып iшпей тынбайтын.

Тек бiзге емес, күллi әлемге ортақсың,

Ән сипатты ақиқатты жырлайтын.

 

Ойларыңа сағат сайын қанам мен,

Қанамын да, қалауымды табам мен.

Қанша жанды қасыреттен құтқардың

Сырлас болдың, мұңдас болдың адалмен.

 

Атақ деген сиқырлы бiр күй-ағын

Жаулап алған заманымда қиялым,

Әлде неге әппақ көңiл талпынды

Артық болса кешiре гөр, зиялым.

 

Болғанменен елiм жомарт, далам кең,

Бiр сәттiк бұл жанға шипа болар ма ем.

Әттең, дүние-ай, билiк болса қолымда

Бар атақты берер едiм саған мен.

 

Бiрақ сiзге қандай атақ лайық,

Қалың елiм, қазағымнан сұрайық.

Аямайды халқым сенен асылын

Мақұл онда қымбатына-ақ тұрайық...

 

Ұлы елдер бар көршi жатқан айнала,

Солардың бiр ордендерiн пайдаға

Жаратсақ бiз қайтер едi бiр сәтке

Сiзге ұсынып құрмет үшiн жәй ғана.

 

"Арыстанның бейнесi" бар азулы

Айналасы саф алтынмен жазулы.

Әлде мынау, ақ күмiске оранған

Берсем бе екен айыл мойын Аруды.

 

Даналыққа сыйым мол ғой ұсынар,

Бiр бойында сан қыранның күшi бар,

Мен өзiмше жарасар деп ойлаймын,

Мына ордендi, "Самұрықтай" құсы бар.

 

Мен халықпын! Халық тәңiр бiлемiн,

Қимаймын ба көп атақтың бiреуiн.

Қимайды емес таңдаулысын талғаймын,

Күллi асылдың көрсететiн iреңiн.

 

Мынау дұрыс па? "Айдаһары бар қос басты"

Оқпан ауыз, орақ тiлдi от шашты.

Небiр мықтың өлiп-өшiп кезiнде

Өзге емес, осы орденге тоқтапты.

 

Самұрық та, Айдаһар да - тiрi өлiм,

Жырларыңның бере алмайды жүрегiн.

Әттеген-ай, мұным ұят болды-ау деп,

Өмiр-бақи өкiнумен жүрермiн.

 

Қандай атақ берсем екен ендi мен,

Бiр өзiнен көрiнетiн кең дүнием.

Тапсам соны көңiл күйiм тынар ед,

Емiренiп еске алғандай ел кiлең...

 

Тоқта, тоқта, iздегенiм табылды.

Қой атақты: алтын, күмiс, лағылды.

Нағыз мақтан ақиқаттың айнасы

Өз бейнең ғой ақтап тұрған арымды.

 

Тәңiрiм-ай, айтуға да қысылам,

Қысылам да сөз бұлбұлын ұшырам.

Қол жетпейтiн жалғыз ғана ылайық -

Өз бейнеңдi өзiңе ғана ұсынам!

 

6

 

Күнге теңеу iздесем құлдыратып аламын,

Түнге теңеу iздесем бұлдырайды жанарым.

Үнге теңеу iздесем саңлау орнап санама,

Тiлге теңеу iздесем Абай бабам, нағыз ғажап балама!

 

Теңеу iздеп алтынға босқа әуре болмайын,

Теңеу iздеп асылға тауыспайын көз майын;

Ойға батсам тереңдей бiр асу бар арада,

Ақыл шыңы - заңғар шың Абай бабам, түсiредi сабама!

 

Көркiн көрсем өңiрдiң бұзылмаған қаймағы,

Ойран-топыр дүние ойға түсер қайдағы;

Шетсiз-шексiз көңiлдi жазғыруға болама,

Сүргiм келсе өмiрдi Абай бабам, келтiредi тобама.

 

Күннiң ыстық алауын бiлмеймiн мен шамалап,

Айтуға тiл жетпейдi толыққанды бағалап;

Бiздiң халық қызық қой айналған бiр балаға,

Қорғап қалған жалғыз-ақ Абай бабам, бағалатпай шалаға!

 

Сезiм деген селкеусiз жұтып қояр тылсымды,

Сезiм нөсер кернеусiз көтере алмас не сынды;

Осыларды жұмарлап сақтап қалған өзiмдi,

Қандай ғажап ғаламат Абай бабам, қалқан етiп төзiмдi.

 

Далам кең ғой тамсанар, дауыс та бар жар салар,

Анам сен ғой табиғат адамзатты қарсы алар.

Бiр өзiңнен айналдым берген Абай данамды

Пiрiмдей ғып жаратқан елден ерек жетiм етпей санамды.

 

Күнге теңеу iздесем құлдыратып аламын,

Түнге теңеу iздесем бұлдырайды жанарым.

Тiлге теңеу iздесем қуанып жар саламын,

Абай бабам үнiнен төгiледi нұр сәуле айтар болсам адалын!

 

Маған да өмiр бұл сәуле, Сiзге де өмiр бұл сәуле,

Мұрат берер бiр зәуде өткiзбейтiн босқа әуре;

Ана тiлiм ол менiң, Абай тiлi ол бiздiң,

Нағыз өзi маңдайдан парасатты жарқыраған жұлдыздың!

 

7. ЕУРОПАДА ӨТКЕН АБАЙДЫҢ ТҰҢҒЫШ БАНКЕТI

 

Бұл жазушы Қалмұқан Исабаевтың екi халықтың ұлы ақындарын табыстыру жолындағы жемiстi еңбегi.

1831 жыл 28 тамыз. Илменау.

Гете ақыннан қалған белгi бұл бiр жыл,

Талай асыл туындаған небiр жыр.

Өз халқында ар-намыс боп лаулаған,

Бiзге жеткен бұл бiр сыр.

 

Илменауда музейi бар Гетенiң,

Қалайша мен мұны айтпай кетемiн.

Қала iшiнде "Цум Лебендей" отель бар,

Оған да мен ақырындап жетемiн.

 

Мұндай әсте болмас әсем жер қоңды,

"Цум Лебенде" Туған күнiн ең соңғы

Ақын-Гете өткiзiптi тамаша -

Тақта iлiптi сол үшiнде елi оңды.

 

Гете жыры барша әлемдi жайлаған,

Өзек бопты орталарда қайнаған.

Лермонтов Миша орысша сөйлетсе

Абай үнмен қазақша да сайраған:

 

"Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

 

Шаң шығармас жол-дағы,

Сiлкiне алмас жапырақ,

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ." -

 

Деп Абайым әуенiмен шалқытты,

Табиғаттың жұпарымен аңқыпты.

Бiр жарымдай ғасыр өтiп арада

Өз елiне оралғанда бұл жырдың

 

Әуенiмен немiс халқы балқыпты.

Ақын Гете музейiнiң сәнi боп,

Арамызда қимас достық мәнi боп,

Арқасында Қалмұқандай ақсақал

Нұр шашыпты қазақ-немiс әнi боп.

 

Сол қалпымен банкет бопты тамаша -

Абай тойы тұңғыш рет жаңаша -

Еуропада өтiп жатты дүрiлдеп.

Дауа бар ма. Аллам өзi қаласа.

 

Және де сол "Цум Лебенде" саялы

Ең соңғы рет туған күнiн баяғы

Өткiзген жер қасиеттi Гетенiң,

Қандай ғажап сәйкестiк бұл аялы.

 

Бұл той өткен

1879 ж. 22 шiлдеде.

Болып жатқан жәй емес бұл iргеде.

Екi ұлы ақын табысқанда жырменен

Мақтан тұтып неге айтпаймыз бiз неге.

 

Дәлiн айтсақ аралықта бiр жарым

Ғасырыңыз өткен екен, ырзамын.

Ұлылардың көңiл-күйi тоғысқан

Бұл мереке болды менiң жырларым.

 

О, ҒАЖАП!

Абай бабамыз тумай жатып, яғни одан отыз жыл бұрын бұл өлеңге Карл Целтер деген сазгер ән шығарған екен. Бiр ғажабы сол ән Абай бабамыздың шығарған әуенiмен ұқсас болып, немiс ағайындарды таң қалдырған.

Қалмұқан Исабаев

 

Карл Целтер атты сазгер Гетенiң

"Қараңғы түн..." ырғағына ән жазып,

Ырза еткен елi тәуба ететiн

Шығармасын берiп елге жан азық.

 

1815-шы жылдар едi бұл сонау,

30 жылдай бұрын туған Абайдан.

Оңайлықпен шықпайтұғын тұмса дау

Таң қалдырған немiс халқын - Ақ айдар.

 

Екi әуен де бiр құрсақтан шыққандай,

Ұқсас бопты көзi ашық пiр тұтқандай.

Екi халық ықыласы жарасып

Екi ұлылық бiрiн-бiрi ұққандай.

 

Көше атымен көмкерiлiп аяғы,

Еске салды Едiл ердi (Атилланы) баяғы.

Еуро-Азия ынтымағы күшейiп

Достықтары баққа айналды саялы.

О, Ғажап!

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475