Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7510 6 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 13:23

Атылып кеткен Алаш азаматтары

1937-1938 жылдары «шаш ал десе, бас алған» қызыл империяның жендеттері қазақ халқының оқыған, көзі ашық азаматтарын қынадай қырды. Тек осы екі жылдың ішінде қазақтан 25 мыңнан астам адам жазаланып, атылып кетті. Күні бүгінге дейін сол құрбандардың көбісінің есімдері де белгісіз. Кеңес Үкіметі оқыған көзі ашық азаматтардың бірден көзін жоюға асықты.

Әлихан Бөкейхан (1866 жылдың наурызы – 1937 жылдың 27 қыркүйегі) Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды.1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде білім алды.1890-1894 Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқуын жалғастырды.1906 – «Голос степи», «Омич», «Иртыш» газетінде,1908- «Товарищ», «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.1909-1917 – Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1917 – «Алаш» партиясының негізін қалап, төрағасы болды. 1917 – 25 орыннан тұратын «Алашорда» Үкіметі құрылды, басшысы – Әлихан Бөкейхан.

1937 – КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді. 1989 – КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша ақталды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 – 1931) - Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келді. 5 жасынан бастап хат таныған, Абай Құнанбайұлының немере-інісі. 1898-1899 – мұсылмандық парызын өтеу үшін, қажылыққа барады. 1917 – Алаш қозғалысының бел ортасында жүрді. 1919-1937 – «Таң» , «Қазақ тілі» басылымдарына мақала жазады. 1930 – Ғафур Семей түрмесінде үлкен ұлы қорлықпен қаза табады 1931 – ізіне түскен жендеттермен шайқаста оққа ұшты. 1961 – құдыққа тасталған сүйегі алынып, мұсылман ғұрпымен Абай зиратының қасына жерленді

Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1938) Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келді. 1882-1884 – өз үйіінде алғаш хат танып, ауыл мектептерінен білім алады. 1886-1891 – Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде білім алады. 1891-1895 – Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқиды.1895 жылдың 1 маусымы – Ақтөбе, Қостнай, Қарқаралы атырабында бала оқытады. 1913-1918 жылдары жалпыұлттық «Қазақ» газетінің Бас редакторы, 1917 – «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшелерінің бірі,1919- Кеңес үкіметінің сапына өтіп, Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери төңкерістік комитеттің мүшесі болды.

1937 жылы – Репрессияға ұшырап,  1938 жылы – ату жазасына кесілді.

Ғұмар Қарашұлы (1875 – 1921 ж) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1902-1910 – Ауылы Тіленшісайда жәдитше бала оқытады.1907 – татар және қазақ тілінде мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. 1911-1913 – «Қазақстан» газетін шығарусыға, саяси-мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты. 1917-1919 – «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшесі.1921 – Құнаншашпақ деген жерде қашқын әскерилер қолынан қаза тапты

Мұхаметжан Тынышбай (1879 – 1937) Алматы облысы, Қабанбай ауылында дүниеге келді. 1900 – Верный ерлер гимназиясында оқып, үздік бітірді. 1900-1906 – Санкт-петербургтегі I Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта білім алады. 1905-1907 – Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласады. 1907 – Ресей II-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланды. 1917 – Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесіосы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалды. 1919 – Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жарияланғаннан кейін, ол әртүрлі салада еңбек етеді. 1930 – Тұтқындалып, Воронежге жер аударылды. 1937 – Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген желеумен ату жазасына кесілді

Халел Досмұхамедұлы (1883 – 1939 ж) Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келді.1894 – Орал әскери-реалдық училищесіне түсті. 1912 – Орал әскери-реалдық училищесін тәмамдады. 1903 – Санкт-Петербор императорлық әскери – медицина академиясына түсті. 1909 – Әскери медицина академиясын үздік бітірді. 1917 – Алашорда үкіметінің Ұлт кеңесі құрамына сайланды. 1920 – Түркістан республикасы халық ағарту комисариаты жанынан Түркістан халықатарының оқу-ағарту, мәдени һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. 1924 – Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болды

1930 ж – тұтқындалды. 1932 – ОГПУ үштігінің шешімімен Воронежге 5 жылға жер аударылды. 1939 – әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді

Міржақып Дулатұлы (1885 -1935жж) Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келді. 1897 – Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз школына қабылданды. 1902-1904 – Торғай уезінде мұғалімдік қызмет атқарды.1909 – «Оян қазақ!» кітабы шықты.1917-1919 – «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшесі.1921 – Қазақ мемлекеттік баспасының бөлімін басқарды. 1922-1926 – Орынборда Қазақ халық ағарту институтында ұстаз болды.

1928 жылы тұтқындалып, 1930 – Ақтеңіз-Балтық каналының жұмысына жер аударылды.

1935 – Сосновец жерінде дүние салды

Жаһанша Досмұхамедұлы (1886-1938) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келді. 1899-1905 – Орал әскери реалдық училищесінде оқыды. 1906 – Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің факультетіне түсті.1917 – Томск сот округі прокурорының орынбасары болып қызмет етті.1917 – «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды

1930 жылы тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылды.

1938 – қайта ұсталып, ату жазасына кесілді

Жүсіпбек Аймауытұлы (1890-1930) Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.1911 – Керекудегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды. 1914 – Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. 1919 жылы Семинарияны бітірді.1917-1919 – Алаш партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің құрылуына қатысты.1921 – Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1924-26 – «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды 1926 – Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры.

1930 – Мәскеудегі Бутырька түрмесінде ату жазасына кесілді

Мұстафа Шоқай (1890-1941) Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді. 1902-1910 – Ташкент гимназиясында оқып, алтын медальға бітірді. 1914 – Петрогард университетін үздік бітірді.1914 – Әлихан Бөкейхан IV Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының хатшысы ретінде ұсынды. 1918 – Түркістан Ұлттық кеңесінің тұрақты атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланды

1941 – Берлин ауруханасында жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Елдес Омарұлы (1892-1937) Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келді.1907 – Қостанайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды.1911 – Орынбордағы орыс-қазақ мектебін бітірді. 1920-22 – Орынборда халық ағарту комиссариматында инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды. 1926 -1929 – Саяси қуғынға ұшырап, Ташкентте педагогикалық институтта, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болды.

1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы ату жазасына кесілді. Артынша, 10 жылға архангельскіге жер аударылды.

1937 – Кеңес үкіметі ату жазасына кесті.

Мағжан Жұмабай (1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев ауданында дүниеге келді. 1905-1910 – Қызылжардағы медреседе оқыды. 1910 – «Медресе-Ғалияда», Омбыдағы Мұғалімдер семинариясында білім алды.1912 – Қазан қаласында (Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылды. 1917 – «Алаш» партиясы мен алашорда үкіметін құруға белсене қатысты. «Бостандық туы» газетінде жұмыс істеді. «Шолпан», «Сана» журналы мен «Ақжол» газетінде жұмыс істеді. 1929 жылы – «Алқа» жасырын ұйымын құрды деген айыптаулармен 10 жылға сотталды.1936 – М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алды

1937 жылы қамауға алынып, 1938 жылы ату жазасына кесілді

Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1937)Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келді.1913-1917 жылдары Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясында оқыды.1920 – Коммунистік партия қатарына қабылданды.1920-1924 – Түркістан компанртиясы ОК мүшесі, Түркістан орталық атқару комитетінің орынбасары, Түркістан республикасының ішкі істер халық комисары, «Ақжол» газетінің редакторы. 1924-1925 – қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы.1925 -1926 – БК(б) П ОК ұлт республикалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушы болды.

1937 жылы ұсталып, 1938 жылы ату жазасына кесілді.

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937)Ақмола облысы, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келді. 1913 – Омбы ауылшаруашылығы училищесіне түсті. 1914-1918 – Қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» мүше болды.1916-1918 – «Балапан» қолжазба журналының редакторы. 1918- «Жас азамат» газетінің редакторы сынды әртүрлі қызмет атқарды.1930 – ОАМУ-дің аспирантурасында оқып жүрген жерінен, М.Әуезовпен бірге тұтқындалып, Алматы абақтысында екі жыл отырды. 1935 – Омбының Шарбақкөл аудандық ауруханасында дәрігер болады.

1937 жылы қайта ұсталып, Омбы қаласында ату жазасына кесілді.

Телжан Шонаұлы (1894-1938) Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1908-1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қырғыз училищесінде, 912-1916 жылдары Орынбордағы Мұғалімдер институтында оқыған. 1917 жылы І және ІІ жалпықазақ съезіне қатысқан. 1926-1929 жылдары Қызылордада Халық ағарту комиссариатында жауапты қызметкер, 1934 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінде доцент болған.

1937 жылы ұсталып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.

Бурахан Дағановтың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475