Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3554 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 05:36

Жанат Асанқали. Астана – жылтыр қала

Сарыарқаның төсінен,  даламыздың төрінен орын алып, ел астанасы жайқалады дегенде барлығымыз қуандық. Астана статусына сай мемлекеттік тілдің бой көтерілуінің ұйытқысы және ана тіліне жанашыр тұлғалары ұйысқан Қазақстан халықтарын қазақ тілі төңірегінде үндестіріп, жұмылдыратын орталыққа айналатынына сеніп едік. Өкінішке қарай, ел күткендей болмады. Әйтсе де, шаһар жұрты еліміздің саяси және қоғамдық өміріне араласу белсенділігін жоғалтқан жоқ. Осы күні биліктегілер бас қалада өздерін жайсыз сезінгенге ұқсайды. Себебі, тірегі болған адамға адал лебіздерін білдіріп, президентке тағы да ескерткіш қойылсын деген әңгімелерді көп айтып жүр. Ертең заман өзгеріп жатса, сол пәтшағарлар жаңа келген билікке адалдықтарын білдіртіп, әлгі ескерткіштерді бірінші болып алып тастайды емес пе?!

Сарыарқаның төсінен,  даламыздың төрінен орын алып, ел астанасы жайқалады дегенде барлығымыз қуандық. Астана статусына сай мемлекеттік тілдің бой көтерілуінің ұйытқысы және ана тіліне жанашыр тұлғалары ұйысқан Қазақстан халықтарын қазақ тілі төңірегінде үндестіріп, жұмылдыратын орталыққа айналатынына сеніп едік. Өкінішке қарай, ел күткендей болмады. Әйтсе де, шаһар жұрты еліміздің саяси және қоғамдық өміріне араласу белсенділігін жоғалтқан жоқ. Осы күні биліктегілер бас қалада өздерін жайсыз сезінгенге ұқсайды. Себебі, тірегі болған адамға адал лебіздерін білдіріп, президентке тағы да ескерткіш қойылсын деген әңгімелерді көп айтып жүр. Ертең заман өзгеріп жатса, сол пәтшағарлар жаңа келген билікке адалдықтарын білдіртіп, әлгі ескерткіштерді бірінші болып алып тастайды емес пе?!

Құдайдың кең жеріне инженерлік коммуникацияларын жүргізіп, халыққа көбірек жер телімдерін беріп, үй салуға мұрсат берсе шаһар тынысы кеңейер еді. Мәселен, халқы тығыз қоныстанған ғалам елдерінің өзінде бүгін «субурбанизация» немесе «жасылға қоныс тебу толқыны» қарқынды жүріп жатыр. Ал бізде әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер бірінің үстіне бірі тұрғызылып жатқан жайы бар. Онсыз да тар аулалардың ішінде кеңселер мен дүкен- дүңгіршіктер тым көбейіп кеткен. Есіктің алдына қаз-қатар қойылған автокөліктерден балаларға ойын алаңы да қалмаған. Тығыз салынған шаһардың жайсыздығы адамның тынысын тарылтады емес пе. Тіпті, сахара далаға тым биік салынған үйлер ерсі көрінеді.

Урбанизация индустриализациямен қатар жүреді және тұрғындардың өзіндік қала мәдениеті қалыптасады. Егер Елбасы мәлімдемесіне сай 2030 жылға дейін Астана қаласы тұрғындарының санын миллионға жеткіземіз десек, өңдеуші өнеркәсіп саласын және бизнес-инфрақұрылымдарының дамуына үкімет халықпен жұмыла жұмыс істеуі керек. Мемлекет индустриясын ұқсата алмаған үкіметке тағы да жаңа тапсырма беруді түсіну қиын.

Қазақстанда қазақ халқын перифериялық тұрғыдан шығармай, Кеңес өкіметі елімізде ірі қалаларды салу барысында келімсектерді үйіп-төгу саясатын жүргізіп, әдейілеп қала жұртын орыстандырып отырды. Бүгін де сол келімсектер ұрпағы өздерін индустриалды қоғам өкілдеріне жатқызады. Себебі олар бізге: «біз кетсек күндерің қараң» дегендей өресіз сөздер айтудан ұялмайды. Соғыстан кейінгі жылдары қуғынға ұшырағандар мен әскери тұтқындар күшімен салынған өнеркәсіптің технологиясын жаңартпай, кеңес үкіметі соңғы тамшысына дейін сығып отырып өз пайдасына қолданды. Тозығы жеткен өндіріс орындары Егемен Қазақстанға мұралыққа қала берді. Тәуелсіз еліміздің басшылары кеңес үкіметінен қалған бар дүниені талан-таражға салып, жекешелендіріп қол-қолға сатып жіберді. Басқа түк қалмаған соң шетел инвестициясына бет бұрып, ақша сұрап қолдарын жайды.

Алыстан арбалап шетел құрылысшыларын қала құрылысына тасығанша өз мамандарымызды неге тартпасқа. Құдайға шүкір, өзімізде де тепсе темір үзетін, өнерлі де зерек жандар өте көп. Ендігі жерде ірі қалалардағы жоғары және кәсіптік-техникалық білім жүйесін күшейтіп, кәсіби мамандармен елімізде индустриалды қоғам қалыптастыруды биліктегілер басты назарға алуы шарт. Болашақта қала маңайындағы ауылдардан  шаһарға жұмысшылар күшін көптеп тартуға және екі аралыққа жиі қатынайтын транспорт мәселесі де шешілуі керек. Осыдан барып, күшейген мегаполиске қажетті қала агломерациясы да қалыптасады.

Елбасының қала халқын көбейтеміз деген сөзін Астана тұрғындарының табиғи өсімін өсіру қамымен айытты ма, жоқ тағы да тайраңдаған келімсектермен миллионға жеткізбек ойымен айыттыма екен?

Қазақстанға жыл сайын келетін 200 мың келімсекті қанатының астына алған үкіметтің түрі жаман. Сәтін күтіп байырғы халықты жоқ қылып ерітіп, лап беруге даяр келімсектер саны шексіз. Сондықтан, ел болып қауіпсіздігімізді өзіміз ойламасақ болмайды. Нәпақа табу үшін даладан қалаға ауып келген жергілікті азаматтарға билік неге қамқор болмайды?

Шаһар тұрғындарымен де үкімет дос емес, қаламызда коммуналдық қызметтің тұтыну бағасы аспандап тұр. Азық-түлік тауарлары да айтарлықтай қымбат. Тізбектеп айта берсе басқа да кемшіліктері өте көп. Жай ғана бір мысал, бюджеттен әкімшілік ғимаратты тұрғызуға бөлінген қаражатты «игерудің» қамын ойлаған тапсырыс беруші мырзалар өздеріне қолайлы бас мердігермен қол алысып келіседі. Ақыры құрылысы аяқталған объектіні тапсыру және қабылдау процессі кезінде қуыршақ технадзор қызметін араға салып, ғимаратты пайдаланушы жаққа ақауларымен қабылдауына қыспақтаумен көндіріп, қол қойдырып өткізіп жіберіп отырады. Кейін зардап салдарын шаһар тұрғындары көріп жатады. Осы салада тас болып қатқан жемқорлыққа ешкімнің де тісі батпайтынға ұқсайды.

Тартымды аңыз негізінде Астана қаласы ортасында тұрғызылған биік те, әсем «Астана-Бәйтерек» монументі шаһар жұртына жетіп жатыр. Көзі тірі адам төңірегінде қолдан аңыз жасап елді алдап не қыламыз. Қала құрылысында қыршын кеткен құрылысшылар қаншама, әрқайсысына дастан арнауға тұрады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338