Ерлан Қарин. Таңбалы тас
Шілденің ортасында, көптен күткен Моңғолияға сапарымыздың сәті түсіп, Астанадан Өскеменге жол тарттық. Бұл жолы сапарымызға себеп болған - еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алыстағы қандастарымызға «Нұр Отан» партиясы атынан жіберілген жаңа кітаптар, әуендердің жинағы мен фильмдерді жеткізу мәселелерін үйлестіру.
Өскеменнен Баян Өлгейге аптасына екі рет СКАТ әуекомпаниясының АН-24 ұшағы қатынайды. Әйтеуір, жолымыз болып, үш билет қолымызға тиді. Жүк пен адамға лық толы ұшақ, әуеге зорға көтерілгендей болса да, бір жарым сағат ішінде Алтай тауларын асып, Өлгейге жеткізді.
Аймақ басшылығы әуежайда қарсы алып, жұмыс мәселелерінің біразын сол жерде талқылап, қалғанын жергілікті баспасөз орталығының жетекшісі, белгілі ғалым, ақын Сұраған Рахметұлының үйіне барып ақылдастық. Қысқасы, елден жіберілген кітаптар мен басқа да құнды дүниені Өлгейдегі бір Мәдени орталықта шоғырландырмай, аймақ бойынша үлестіруге келістік.

Сапарымыздың екінші мақсаты - аймақтағы балбал тастарды фото және видеоаппаратқа түсіру. Уақыт аздығынан жолға түні бойы жүріп отырсақ та кешке шығатын болдық, себебі балбалдардың барлығы шығысқа қарай орналасқан, сондықтан фотоға түсіруге ең ыңғайлы уақыт таңғы сағат 4 пен 9-дың арасы.
Жолда Ұлаңқұс - қазақша Қызықайын елді мекеніне кіріп, көлігімізге жанармай құйып алдық.
Жол бойы, бізді ертіп келе жатқан Жанарбек Ақыбиұлы жергілікті жерге қатысты түрлі аңыз-әңгімелермен, қызықты хикаяларды айтып, диктофонымыз тынымсыз 5-6 сағат жазып келді. Соның арқасында жолдың ауырлығын да, түрлі қауіпті кедергілерді де сезбей, түнгі 3-те Жебет Қайырқан деген жерге жеттік. Алдын ала жинаған дерекке сәйкес бұл жерде үш балбал тас бар көрінеді.
Таңғы 5-те Жанарбек екуіміз тұрып алып, Аққол өзенін кешіп, әлгі тастарды суретке түсіре бастадық.
Балбалдар негізі жақсы сақталған екен. Маңайда ауыл да, жайылған мал да көрінбейді, мүмкін соның арқасында да шығар.
Ал мына тас - тіпті өзгеше көрінді. Ең алдымен, өңімен. Басқа балбалдарға қарағанда қаратастан жасалған екен.
Мына суретті Фейсбукке ілгенімде, астына былай деп жаздым: Көктүріктің қасындағы көкбөрі. Жанарбек белгілі блогшы, лақап аты - Көкбөрі.
Тастарды түсіріп болып, енді жиналып жатқан сәтте Жанарбек қарсы таудың етегіндегі тастағы суреттерді қарап қайтайық деген ұсыныс жасады. Сөйтіп, "міне ғана тұр" деген жеріне 7 шақырымдай жаяу өрмеледік. Бірақ, есесіне шынымен де таңқалдыратындай тастағы ежелгі суретшілердің галлереясына кезіктік.
Мысалы, мына бір жарым метрдей тастағы алып сурет.
Немесе қодастың суреті.
Айбалта ұстаған жауынгер
Аттардың әсемделгені де аңғартты бізді.
Жанарбек екеуіміз тастағы суреттерді сартылдата келіп түсіре бастадық.
Мына бұғының суреті ерекше әдемі болғаны бір бөлек, екінші жағынан мазмұны да күрделі - алдында шауып бара жатқан я ит, я қасқыр, және садақ тартып, көздеп тұрған аңшының бейнесі.
Өз басым, мені ерекше таңқалдырған сурет - бұл барыстың суреті.
Барыстың тауешкілермен бірге тағы бір суреті.
Шибөрі
Жебет Қайырхан теңіз деңгейінен 3600 метр жоғары орналасқан. Бұл жерде төрт мемлекеттің шекарасы қиылысады - Моңғолия, Қазақстан, Қытай және Ресей.
Тастағы суреттерді тамашалап жүріп, уақыттың да тез өткенін байқамай қалыппыз. Лагерьге қайтып келіп, бұлақтағы сумен шәйді қайнатып алып, таңғы асымызды ішіп, қайта жолға шықтық.
Таудың арасында спутник байланысының өзі де дұрыс ұстамайды. Еркін Сайлауұлы спутник телефонының антеннасын Үнді мұхитының бағытын аулап байланыс құрмақшы.
Күндіз жүрісіміз жылдам - екі сағаттың ішінде Қара жаматы деген жердегі балбалға да жеттік.
Менің мақсатым - талтүске дейін фотоаппаратқа түсіріп үлгеру.
Бұл тастың ерекшелігі - балбалдың үстіндегі суреттер
Бірақ қайқайған мұрты мен сақалының өзі де ерекше
Экспедиция мүшелері
Қара жаматыдан бірден Өлгейге қайтып оралдық. Аймақ басшылығымен кездесуден басқа Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Баян Өлгейдегі филиалының қызметкерлерімен кездесу, жергілікті радиоға сұхбат беру жоспарланған болатын.
Өлгейде әр келген сайын Сұреке ауласына киіз үй тігіп қарсы алады, бұл жолы да сол үйде жаттық. Бұрын келгенде аңғармай, тек осы ретте ғана ілінген түскиіздерге көзім түсті.
Сұрастырсақ, оның барлығын жеңгеміз Раушан Базарханқызы өз қолымен жасаған екен.
Қайтар күні Сұрекең бір аңшының үйіне апармақ болып еді, бірақ ақсақалды кезіктіре алмадық. Жазыдағы сурет еріксіз өзіне назар аудартты.
Аулада - үйшікте қасқырдың бөлтірігі, жанында бүркіт.
Үлкейгесін, қасқырды атып терісін алады немесе бүркітшілер жарысы кезінде бүркітін салады.
Қасымыздағы Әнуар ақын бірден - "ажалы мен жемі қатар жатыр екен" деп диктофонына дауыстап ертеңгі жол күнделігіне түртіп қойды.
Сондықтан, бұл шағын фоторепортаж биылғы Моңғолияға сапарымыздың тек шағын суреттемесі ғана, амандық болса, толық нұсқасын жуырда бір басылымдарда жариялаймыз.