Сенбі, 23 Қараша 2024
3556 0 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 14:15

Мәжілістегі әйел депутаттар

Қазіргі таңда елімізде саяси сахнадағы әйел адамдардың үлесі артып келеді. Бұл - Елбасы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасының” сәтті жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі деуге болады.

Аталған тұжырымдама негізінде саясаттағы әйелдердің үлесі артып келеді. Мәселен, еліміздегі ең іргелі партия НұрОтанныңның құрамындағы 56 % ін әйел адамдар құрайды. Сонымен қатар, мәжіліс пен сенаттағы нәзік жандылардың да саны артқан. Мәселен, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің орынбасары – бірнеше жылдан бері саясат сахнасында жүрген Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы.

Ол биыл 62 жасқа толып отыр. Негізі мамандығы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Аталған мамандық бойынша Жамбыл педогогикалық  институын филология мамандығы бойынша бітірген. Кейін заңгер-құқықтану мамандығы бойынша қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  заң факультетін бітірген. Яғни, педогогикалық және заңгерлік білімі бар.

Ол алғашқы еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорныңы орынбасары болып бастаған. Алғаш рет 1990 жылғы сәуір мен 1993 жылғы  желтоқсан аралығында – он екінші сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Одан кейін Қазақсан Республикасындағы он екінші сайланымдағы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды және халықтың  білім алуын дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы, кейіннен комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1993 жылғы желтоқсан айынан 2007 жылдың тамыз аралығында Алматы қаласы Білім департаментінің директоры қызметін атқарған. 2007 жылғы тамыз  - 2011 жылғы қараша ааралығында төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тағайындалды. Одан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. Ал, 2012 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың қаңтар айы аралығында төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Ал, 2016 жылдың 24 наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары болды. Сонымен қатар, Гүлмира Истайбекқызы еліміздегі ең іргелі партия НұрОтан партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі болды. Кейіннен НұрОтан партиясының мүшесі болды. Депутаттыққа партиялық тізім бойынша сайланған.

Сонымен қатар Гүлмира Исимбаева 12 жылдық білім беру мемлекеттік  бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған “Букварь” оқулығының авторы. Одан бөлек, “Парасат”, “Құрмет” орденімен марапатталған. Ерен еңбегі үшін медалімен наградталған. Және, төсбелгіге ұсыныла отырып Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, “М.В.Ломоносов атындағы сыйлықтың лауреаты” медалімен, А.С.Пушкин медалімен, бірнеше грамоталармен сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Бүгінде Гүлмира Исимбаева отбасында ұл тәрбиелеп отырған ана.

Сонымен қатар, Мәжіліс бюросында да Гүлмира Истайбекқызынан бөлек Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы бар.  Ол бүгінде Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.

Гүлжан Жанпейісқызы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саяси экономика факультетін бітірген. Ол экономика ғылымдарының докторы. Профессор. 1972 – 1994 жылдары – Қазақ мемлекеттік университеті саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1994 – 1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Экономикалық консультанттар кеңесінің жетекшісі. 1995 – 1996 жылдары – Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылы – Экономика және құқық университетінің кафедра меңгерушісі, провессор. 1997 – 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы. 2001 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2007 – 2011 жылдары – "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты. Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы. 2012 жылғы 20 қаңтардан –"Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты. Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы. 2016 жылғы наурыздан бастап - "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты.Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы. «Парасат», «Достастық», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Ағылшын тілін меңгерген.

Бүгінде Гүлжан Қарақұсова екі ұл, бір қыздың анасы және сегіз немеренің әжесі.
Аталған кісілерден бөлек бүгінде Мәжілісттің VI – сайланымында Айсина Майра Арапқызы – эконмикалық реформа және өңірлік даму комитетіне жауапты болып отыр.

Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы   - әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, Аронова Ирина Петровна – халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне, Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы  - әлеуметтік даму комитетіне жауапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502