Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3708 0 пікір 1 Тамыз, 2011 сағат 07:24

Еркінбек Серікбайұлы. Нәзигүл

(әңгіме)

Алматыға келіп жұмысқа орналасқаныма жұманың жүзіндей уақыт өтті. Нағыз тіршіліктің орталығына айналған қарбаласы көп қалаға әлі де үйрене алар емеспін. Жаңа жұмысымның жай жапсарымен толығырақ танысу үшін бұрынғы құжаттарды қарап отырғанмын. Кенет ұялы телефоныма  ағалы-інілідей сырлас досым хабарласып, ағынан жарыла амандықпен хал жағдайды сұрастырды. Әңгімесін айта отырып, хабарласуының мақсатына көшті. Ойымда ештеңе жоқ...

-Досым, саған бір қуанышты және бір ұнамсыз хабар айтқалы тұрмын. Қайсысынан бастағанымды қалайсың -деп түсініксіз күйде қалдырды.

-Қуанышты хабарыңды естуге дайынмын. Ал ұнамсыз хабарыңды айтпай-ақ қойсаң қайтеді.

-Жарайды. Ал, ендеше, тыңда. Махаббатта өмірдің сырлы мәні бар деп ұғынушы едің. Сол махаббатыңның мәні саналатын Нәзигүл күйеуге шыққан  екен. Басқадан естігеннен көрі өзім айтайын деп асықтым.

Нәзигүл Монғолиядағы қазақтар ең көп қоныстанған мекені Баян-өлгей аймағынан келген қазақ қызы. Қазір қытай тілін тереңдетіп оқытатын халықаралық жоғарғы оқу орнында оралман жастарға бөлінген арнайы жеңілдікпен білім алып жүрген. Менен екі жас үлкендігі бар еді. Оны көргеннен жүректің ғашықтық оты маздай жанып, кәусәр сезімнің кереметімен жасына аса бір мән бермей ынтыға ұнатқанмын. Ер жүрегіме ауыр тиіп көзім қарауыртса да сабырлы қалпымды сақтай отырып:

(әңгіме)

Алматыға келіп жұмысқа орналасқаныма жұманың жүзіндей уақыт өтті. Нағыз тіршіліктің орталығына айналған қарбаласы көп қалаға әлі де үйрене алар емеспін. Жаңа жұмысымның жай жапсарымен толығырақ танысу үшін бұрынғы құжаттарды қарап отырғанмын. Кенет ұялы телефоныма  ағалы-інілідей сырлас досым хабарласып, ағынан жарыла амандықпен хал жағдайды сұрастырды. Әңгімесін айта отырып, хабарласуының мақсатына көшті. Ойымда ештеңе жоқ...

-Досым, саған бір қуанышты және бір ұнамсыз хабар айтқалы тұрмын. Қайсысынан бастағанымды қалайсың -деп түсініксіз күйде қалдырды.

-Қуанышты хабарыңды естуге дайынмын. Ал ұнамсыз хабарыңды айтпай-ақ қойсаң қайтеді.

-Жарайды. Ал, ендеше, тыңда. Махаббатта өмірдің сырлы мәні бар деп ұғынушы едің. Сол махаббатыңның мәні саналатын Нәзигүл күйеуге шыққан  екен. Басқадан естігеннен көрі өзім айтайын деп асықтым.

Нәзигүл Монғолиядағы қазақтар ең көп қоныстанған мекені Баян-өлгей аймағынан келген қазақ қызы. Қазір қытай тілін тереңдетіп оқытатын халықаралық жоғарғы оқу орнында оралман жастарға бөлінген арнайы жеңілдікпен білім алып жүрген. Менен екі жас үлкендігі бар еді. Оны көргеннен жүректің ғашықтық оты маздай жанып, кәусәр сезімнің кереметімен жасына аса бір мән бермей ынтыға ұнатқанмын. Ер жүрегіме ауыр тиіп көзім қарауыртса да сабырлы қалпымды сақтай отырып:

-Ия... хабыршы мырза, сонымен бұл айтқандарыңды жаңағы екі хабарыңның қай түріне жатқызайын? Ендеше, бөгелме екінші хабырыңды айт. Бәрін айт!  Досым кекесінді үнмен:

-Ғашығыңның кімге шыққаны сені қызықтырмай ма?

-Қыз мақсаты кету, кіммен жұп құраса жұлдызы сонымен бақыт биігінен жарқырасын. Айтарын айттым, бірақ ішім әлем-жәлем.

-Жо-жоқ... Сен олай қайтелеспе... Әр адам  атақоныс отанымен ғана

бақытты екенін әсте естен шығармауы керек. Менің саған айтайын дегенім ол оралман қандас қыз. Өзегі тала өзім деп, атамекеніне келіп жоғары білім алып жатқанына көп уақыт жылжи қойған жоқ еді. Ол жағын маған қарағанда Нәзигүлге ғашық жан, сонымен үйленсем дейтін сен жақсы білесің. Аумалы-төкпелі қилы бір заманда оның ата-бабасы мекендерін тастап, өз қолдарын амалсыз кесулеріне тура келді. Шындығында олардың кетуіне мәжбүрлік жағдай жасады. Бұл бірінші, енді біреулері өз Атамекенін амалсыз тастап, сол Атамекеніне қоныстанып жатқан бауырларымызды шеттен келген қандастарымыз  дейтін халге жеттік. Бұл хал кезінде екі түйенің сүйкенген сәтінде өлген шыбын десе де болады. Жанымызға бататыны осыларды кімнің жасағандығы? Әрине сол заманда қазақ халқының көзбен көрген қиындықтары. Ал қиындықты құрушы да пайдаланушы да және зиянын көптеп көрушіде сол адамдар емес пе? Міне әңгіме қайда келіп тірелді...

Бұдан әрі досымның мылжың әңгімесін тыңдауға шыдамым таусыла кекештене:

-О-ой сенде бір, қайдағы тарихты, саясатты айтып адамның миын су қылмай, Нәзигүлдің кімге тұрмысқа шыққанын айтсаңшы!

-Білгін келсе айтайын, тыңда! Өзімен бір факультетте оқитын Түрік жігітінің жары атаныпты. Осы бір сөзді естігенде төбемнен бір шелек су құйып жібергендей денем дір ете қалды. Отырған орнымнан атып тұрдым да, алдымда жатқан бір-екі қағазды алақаныммен мыжа үстел үстіне қайта лақтырып жібердім.

-Нәзигүлдің мұнысы қалай?! Атамекеніне оралған қыздың Түрік жігітіне шыққаны несі? Бір көргеннен ғашық еткен арудың тұрмысқа шығып, жұбайлық бақытты ғұмыр сүргенін қалағым-ақ келді. Дегенмен... Досымның бұл айтқандарына сенгім келмеді.

-Саған мұны кім айтты? Жай ойдан шығарылған сөз шығар. - деп өз-өзімді жұбатқандай ма... әлде алғашында аузыма келгені осы болды ма? Әйтеуір әп-сәтте есімнен адастым.

-Сенің Нәзигүлге қалай ғашық екеніңді білемін. Ал, айтқан жағдайды осылай ойдан шығарылғандай етіп, қабылдадың ба?! - деп қайта өзімді сұрақтың астына алды.

-Атамекенге келгені кеше ғана еді ғой Қазақ жігіті құрып қалғандай Түрік жігітімен жұп құрағаны  қалай осыны түсіне алар емеспін. Мәнісін білсең түсіндірші маған.

-Әлгінде айтып өткен бар жағдайды өз бойына сақтаған тарих қатпарында жатқан саясат салдарының жаңаша түрі ғой. Сол кездегі мәжбүрліктің мәні өзгеріп, мағынасын сақтап біздің заманымызға жеткендігінде.

-Сенің айтқандарыңмен ой қортындыларың жөн делік. Бірақ ол кездегі қиыншылықтар адам төзгісіз дәрежеде емеспе еді. Сонымен қатар қолдан жасалған не бір қиыншылықтардың әсерінен өз жерін амалсыз тастады. Ал мына мамыражай заманда Нәзигүлдің бұлай істеуіне қандай қиыншылық нендей жағдай түрткілік етті.

-Ия, досым, солай. Солай... Білесің бе? Оған қаншама рет сезіміңді

білдіріп, ғашықтық сөздеріңді айттып, ет бауырың елжіреп өзіңнің бақыт құсыңа балап, жан жолдасың етуді басты мақсат еттің. Ол бақытын басқадан іздеп, сенің айтқан сөздеріңнің біріне әлі күнге жауабын бермей, ақыр соңы осыған келіп тірелді емес пе?

-Сөзіме жауап қайырмағанын қайдан білесің?

-Оны білудің қажеті шамалы. Әуелі тыңда! мен осылай көңілсіз аяқталарын және саған келісімін бермейтінін білгенмін. Сенің көңіліңді қалдырғым келмей үндемей жүруіме тура келді.

-Нәзигүлдің Түрік жігітімен бұрыннан жүретінін білетіндей нені меңзеп отырғаныңды түк түсіне алар емеспін. Және сөзіңді жұмбақтамай істің ақ қарасын ашып айтсаң маған сөз жәрдем болар еді.

-Онда сөзімді бөлмей жақсылап құлақ сал. Назарыңды салып, сезіміңді білдіргеннен бастап, Нәзигүлде саған ғашық  екен. Бүгін азанда онымен Стамбулға  кетіп бара жатқан кезінде оқыстан кездесіп, сөйлескенде сен туралы ой түкпірін айтып, ағынан жарылды.

-Досыңа шын көңіліммен ризамын. Маған ғашық екенін алғашқы кездесуімізде білдірген. Қанша кездессек дәл сонша астарлай сөз салып, тұспалдай отырып сезімін білдіретін. Кейде мен сөйлей  бастасам  сезіміне жауап күтумен тынышы таусыла үміті үзілердей үнсіз отыра беретін. Сондай кездесулеріміздің бірінде ол мені ауылына қонаққа шақырды. Мұнда да мен амалсыз баяғы әдетіме басып, ананы-мынаны сылтау еттім. Мұндай амалсыз әрекеттердің себебі мынау, досың мені жақсы күтіп, аяулы жар ететініне шүбә келтірмеймін. Бірақ, оның ағайын-туыс, дос-жарандары  мені қабылдай алатын ба еді? Міне мәселе. Осыған ұқсас толып жатқан жағдаяттар жеткілікті. Осындай қайшылықты жағдайлармен оныда өзімді де мазалағым келмеді. Ғашықтық сезімдер замана желісіндегі екі оттың ортасына келгендіктен бейамал әрекетке қадам бастым. Көкейіндегі ойларын өрбіте айтып дауысы дірілдей ете екі көзі жасқа толып, саған үлкен-үлкен сәлемін жолдай, асығыс-үсігіс қозғалып, жол жиегінде тұрған таксиге қарай беттеді.

Міне солай досым. Көңіліңе келмесін бір жағы Нәзигүлдікі де дұрыс шығар. Біздің қоғам әлі шеттен келген бауырластарына бүйірден бөлек біткен бұтақтай қарап, қанатының астына алуды үйренген жоқ қой.

-Басқа былай тұрсын сенің бұлай оттауыңа жол болсын-дедім ызаға қатты булыққанымнан.

-Меніңше, екеуміз әңгімені біраз жерге жеткіздік. Ал, бауырым ғашығым басқаға кетті деп салыңды суға малымай еңсеңді көтергенің жөн. Көрісіп, есендікте жолыққанша. Хабарласып тұр.

-Жақсы. Сау бол.

Ми қайнататын аптапта мынадай жағымсыз хабарды естігеннен кейін ештеңеге зауқым соқпады. Берілген тапсырмаларды істедім қылып, көңілсіз атқардым. Бар ойым Нәзигүлдің басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуына не түрткі болды екен деумен жүрмін. Осылай әреңдеп жүріп жұмыс күнін аяқтадым. Денемді дөңбектеп тастағандай сүлделеп аялдамаға жеттім. Баратын жеріңе әлде қайда жылдамырақ жеткізетін автобусқа мінбестен, бүгінгі құлазыған көңіл-күйіме сай трамвайға міндім. Өз серіктесін кез-келген сәтте баса озып артына қалдырмай, қайта қалыс қалған талай жолаушының үмітіне қол жалғау қызметін атқаратын трамвай жүрісінен аларым бар екен. Ішке кірмес жеті-сегіз егде тарқан қария кісілер жайғасыпты. Олардың барлығы маған аянышты көзбен қарағандайма әлде менің трамвайға бірінші рет мінгеннен кейін маған осылай көріндіме әйтеуір ыңғайсыздана, артқы орындыққа жайғастым. Жүрісі баяу көлікте отырып, ой-санамда біршама байыпқа келгендей салмақты кейпіммен кешкілік қала көрінісіне көз алдымнан өтудемін. Сабырлы қалпымды досымның «саған айтар жағымды және жағымсыз екі хабарым бар» - деген ойы бұзды. Айтқандарының оңды хабарын тауып таразылауды өзіме қалдырды. Қарама-қайшы пікірлер санамды астаң-кестең қылып, бас көтермей ой түбінде тұншықтым. Өткен айда ғана Университетте бір топта оқыған дос қызымның Арап жігітіне қолдан ұзатылу тойында достарыммен бас қосқанмын. Сол кезде дәл бүгінгідей құлазып, тойдан емес жаназадан қайтқандай көңілім жетімсіреп қайтқан едім. Осыдан кейін Нәзигүлді ашықтан-ашық кінәлап, сөге жамандаудан аулақпын. Оның  Түрік жігітіне күйеуге шығуына күйіп пісуімнің басты себебі өз Атамекеніне келіп көп тұрақтамағандығы жаныма қатты тиді. Бақыт құсымдай ғашығымның өзгені қолтықтағанына ішім удай ашып, меңдуана жеген адамдай қалың оймен жол үстіндемін. Көрікті, сылаң қаққан жүрісімен ашық-жарқын күлкісі, бал шекердей сөздерімен нәркес көздері адамды өзіне еріксіз тартатын. Есімін атасаң, көз алдыңа енді ғана қауыз жарып, айналасына ерекше көрік беріп тұратын жайқалған нәзік гүл елестейтін. Гүлдің де сан алуан түрі болатындай бұл гүлдің әуел баста құнарымен бойына жиған нәрі жақсы екенін бірден білу қиын емес. Осындай ажарлы да тәрбиелі қыз мені бір көргеннен өзіне ғашық етті. Ретін тауып таныса, келе оған іштей бауыр бастым олда маған бар сырын айтып, екеуара мұңымызды шағатынды шығардық. Кейде бар жұмысымды жиыстырып, Нәзигүлді кездесуге шақыратынмын. Басында әрнәрсені сылтауратып кездесуімді құп көрмей, ұсынысымды жаратпай тастайтын. Біртін келе өзі кездесуімізді әңгімесінде астарлай жеткізетін. Қаланың абыр-дабырынан шаршап, ауылға қайтайын деп жолға жиналып жатқан сәтімде Нәзигүл хабарласып, кездесуге сыңай танытты. Қанша дегенімен қыз баласы ойын ашық айтпай тұспалдай жеткізіп, айтарын шолақ қайырды. Ауылға ертең-ақ барармын деп, Нәзигүлдің ойын түсінгендей әуелгі ұсынысты айтып, кездесуге шақырдым. Келіскен уақытта уәделескен жерге келсем, ол келіп қалған екен, меніменен жылы амандасты, жүзі солыңқы, көзінде мұң бардай көрінді.

-Жеткенім осы болды. Көп күтіп қалдың ба?

-Жоқ. Өзімніңде келгенім осы ғана еді.

-Қалың қалай, саған қарасам бір түрлі ауырып тұрғандайсың ба?

-Анау айтқан дәнеңе жоқ. Кездесуге шығардың алдында Баян-өлгейден  анам хабарласып, хал жағдайымды сұрастырды. Содан сәл көңілім босап, мазам болмай тұр.

-Әйтеуір бәрі дұрыс па?

-Ия. Бәрі жақсы. Тек анамды көрмегеніме бір жарым жыл уақыт артта қалды. Содан қазір анамды қатты сағынып жүрмін. Сағынғанымнан не істерімді білмей беймаза күйге түсемін. Жанымдағы адамдардың барлығы менің анама деген сағынышымды түсінбейтіндей, ал мен мына әлемде жападан-жалғыз қалғандай жабырқау жадаулықты бастан өткерудемін. Тіпті қиыншылық пен қайғыдан қашып, басқа бөтен жаққа бас сауғалап, жан бағуға болады. Сағынышты қайда тастап кетесің, қалай құтыласың?

Нәзигүлдің сөзін тындап тұрсам, менің де көңілім босап, жылап жіберетін сияқтымын.

-Нәзигүл біздің ауылға жүр қонақ етейін. Таңғажайып табиғатпен көрікті жерлерді аралатайын көңілің басқа нәрселерге ауса сағынышың басылар. Осы бір сөзді айтқанымда ол маған оқырана қарағандай болып:

-Жо-жоқ, рахмет. Сабақтарымды берілген тапсырмаларымды орындауым қажет, келесі айдың аяғында Қытайға іс-тәжірбиеден өтуге барамыз соған дайындаламын.

Бір орындықта отырсақта екеуміз екі жақта жүргендей біраз уақыт үнсіз отырдық. Әңгіме ауанын атамекеннің қасиеті мен қастері туралы ой толғасам Нәзигүлге жеңілірек болар деген ниетпен әңгіме бастадым.

-Қазақ жері... Кең байтақ - Отанымыз. Атақоныс мекеніміз, жер бетіндегі қазақ халқының мақтанышы, Әрдайым ұлан-ғайыр дархан даламыздың қасиеті жолында әрбір қазақ баласы жанын беруге дайын болғаны абзал.

Осы ойды айтқан сәтімде ол ауыр күрсіне орнынан тұрып, алдымда ерсілі-қарсылы жүрумен өз ойын айтты.

-Қасиеттің құнын бағаламай, қадірін аяқ асты ететін сәттерді көріп мына өмірден түңілген шақтарыма кездестім. Өмірдегі қымбат құндылықтар халықтың деңгейі мен сапасын көрсетері хақ. Айтайын дегенім адам баласы пенделікке салынып, сатылмайтын асыл құндылықтарын өткінші ләззатқа айырбастайтын кезін көзім көрді. Менің аңсарым ауып атажұртыма келген кезде байқағаным атамекенде ана тілін білмей өзің қалағандай жақсы өмір сүруге жағдайдың молынан екеніне көзім жетті. Неткен масқара тірлік. Олардың өз жерінде отырып, ана тілін құрметтемейтіні қандай сорақылық. Ата-бабасының кіндік қаны тамған жерде отырған олар онда неге бізді оралман - деп айтады? Біз жердің қай шетінде тіпті айда күн кешсекте қазақ ұлтының өкілі ретінде есепке алынамыз. Ал өз атамекенімізге келген кезімізде «оралман» деп атайды. Бірде осылай оралмандар - деп әңгімесін бастаған адамға біз оралмағанбыз, барша қазақпен туысқанбыз деп енді қайтара олай атпайтындай еткенмін. Нәзигүлдің осы бір әңгімені нықтап айтқаны әліге дейін көз алдымда.

Атамекенінің түрлі жағдайына бей-жай қарамайтын қазақ қызына ішім одан сайын жыли түсіп. Екеуміздің осы бір соңғы әрі мағыналы кездесуімізден кейін Нәзигүлге сөз салуды ұйғардым. Ол кезде бұл біздің соңғы кездесуіміз екенін білмедім, қайта Нәзигүлге ынтызарлығым күннен-күнге артып, оның маған ерерін күткенмін. Мұндағы бар ойым шеттен келген қазақтарға иненің көзіндей қолымнан келген көмекті беру еді. Осылай атажұртына қайта оралған бауырларымызбен біріміз құда енді біріміз жекжаттай араласып жатсақ мынау оралман бұл қандас деп екіге бөлініп даурықпас едік. Санамды билеген тұманды ойлардың жетегінде отырып үйгеде жетіп қалдым. Күннің көзі қайтып, кешкілік жайдары самал ескенімен ол маған жағымды әсерін бере алмады. Жолдың келесі бетіне өтіп, сол маңдағы тоғыз қабатты үйлердің бірінен бес жігіт бірлесіп жалдап тұрып жатқан пәтерге жетуге асықтым. Үйлердің ауласынан өте бере қазақ жігітінің орыс қызын құшағына алып, ернінен құшырлана сүйіп тұрғанын көріп Нәзигүлді қатты аядым. Менде осылай Нәзигүлді құшағыма алып, келе-келе арманымыз бір болса-деп, ортақ бақытқа жетуді қалаған едім. Бірақ мен емес, мендік қылып бөтен біреу оның әйелдік тағдырының тұсауын кесетіні туралы ойлар еңсемді езді. Дәлізге кіріп лифтінің алдында ілулі тұрған «Лифт на ремонте» деген сөзді көріп терең күрсіне амалсыз баспалдақпен сезігінші қабатқа көтерілуге тұра келді. Екінші қабаттан аса аяқтарымның әлі кетіп, маңдайымнан аққан ащы терді сүртумен жоғары қозғалып келемін. Күндіз естіген жағымсыз хабарыма үйлестіре біреу әдейі дайындағандай лифтінің бұзылып тұрғаны жанымның қайратын алып, жігерімді жасытқандай... Жыларман күйде жетінші қабаттан әрең дегенде өтіп, терезеден  сыртқа өз-өзімді тастап жіберердей рухани әлсіз күйде тұрмын. Кенет тағы да сол ұялы телефоныма біреу хабарласып жатыр. Қалтамда тұрған телефонымды көтермей бірінші қоңырауын өткіздім. Дәліздегі терезеден әлі қарап тұрмын. Баяғы әуеніне басып ұялы телефоным қайта шырылдай бастады. Көтермеске амал жоқ. Әуелі кім екенін біліп алайын деп телефоныма қарасам әлгінде хабарласқан досым. Көңілсіз асықпай көтере бергенім сол еді телефоным қолымнан шығып терезеден түсіп кетті. Жетпегені осы еді, не күлерімді не жыларымды білмей жел соққан теректей теңселіп тұрмын. Бәлкім басымнан өткен бүгінгі уақиғалардың жалғасы осылай тізбектелгені дұрыс та шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320