Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 9988 0 пікір 30 Шілде, 2011 сағат 10:37

Абдиева Шырынхан. Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай  білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.

Осыған байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай  білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.

Осыған байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері, оның ішінде, студенттерге дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бір сарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне  қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда  өткізілетін сабақтарды  жоспарлаудың негізгі талаптары:
- жағымды психологиялық орта жасау;
- студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;
- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге  үйрету;
- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан  шешуге бейімдеу;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
- студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;
- студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
- студенттерге  өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін  орта құру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
- негізгі мәселені бөле көрсетуі;
- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
- студенттермен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;
- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
- студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін  тапсырманың  уақтылы және  нақтылы берілуі;
- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
- осы нәтижеге жеткізетін -сабақтың жүйелігі.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз  бетінше жұмыс істеуге  дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып  отыр.
Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда - студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінентысқары қалған жоқ.
Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға әзірлемелер  дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық   болатыны анық.. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы  сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту  мүкіндігіне ие болады.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару - қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланудың  негізгі мақсатының бірі - Қазақ радиосы, Шалқар бағдарламасы мен теледидар материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі оқытушы→дәрісхана→студент жүйесінің орнына  студент→компьютер→комьютерлік оқыту бағдарлмалары→оқытушы жүйесін енгізу, оқыту үрдісін,  оқытушы мен студент рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді. Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология - оқу  орындарында білім жетілдіруші құрал.
Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін студенттердің өзіне беруге болады. Студент материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда -жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасу және Қазақ радиосынан:  «Бала тілі - бал», «Атадан қалған асыл сөз», «Інжу-маржан»,  «Даланың дана арулары», Кешкі ертегі айдарларымен берілген материалдарды тіл дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б. Осы материалдар көмегімен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.

Мысалы: 1. «Ассоциация және болжам»
Студенттер топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай  ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?
2. «Сұрақ-жауап»
Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
3. «Мәтінді тыңдап, аяқта»
Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
4. «Мен диктормын»
Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.
5. «Мен музыкамен көркемдеушімін»
Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.
6. «Мен көркемдік жетекшімін»
Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.
Интернет арқылы  жалғастырушы топтармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді түрі ретінде соңғы кезде студенттердің өз беттерінше дайындап жүрген  - комикс жасау жұмыстарына толығырақ тоқтала кетейік. Комикс дегеніміз - әр түрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастырған әңгімелері. Әңгіменің ортақ тақырыбын студенттермен ақылдаса отырып, бірлесіп таңдауға да немесе студенттердің өз бетімен таңдауына да болады.
Комиксжасау  жолдары:
1. интернеттегі «Paint» бағдарламасымен салған суреттерінің көмегімен дайындайды;
2. дайын аннимацияларды пайдаланады;
3. мультфильмдерді пайдаланады;
4. суреттерге түсіріп, түсіріілген суреттерді пайдаланады;
Комиксжасау арқылы студенттердің - шығармашылық, логикалық  ойлау  қабілеттері қалыптасады; ассоцативтік өрісі кеңейеді; қазақша сөйлеу және жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілеттері дамиды, студенттің қазақ тіліне деген қызығушылығы және белсенділігі артады.
Жоғары деңгейде студенттердің «Отандық өнім»,  «Экономика тынысы», «Қазақ ғылымы»  айдармен  берілетінаудио-бейне мәтіндер бойынша түрлі шығармашылық жұмыстар ұсынылады.Жоғарыда берілген жұмыс түрлерінің нәтижелі болуы - дәрісханада жағымды ахуалдың қалыптасуы мен оқытушы мен студенттің арасындағы сыйластық, түсіністікке тікелей байланысты.
- интернет желісіне қосылған компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
- компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
- Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни студент ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық-коммуникативтік технология
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу мотивациясының артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

  1. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.
  2. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе.-1999.- №.3
  3. Гин А.А. Приёмы педагогической техники: Свобода выбора. Открытость. Деятельность. Обратная связь. Идеальность : Пособие для учителя. - 5-е изд. - М.: Вита - Пресс, 2003.
  4. Власкин А. А., Сенцова Т. М. Автоматизированная система обучения русскому языку. Материалы VI международной конференции "Информационные технологии в образовании" ("ИТО-97/98")
  5. Поташник. Инновационный процесс в школе. Москва, 1991.

 

Абдиева Шырынхан Дүйсенбекқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, лектор

abdieva@kimep.kz

http://mtdi.kz/kz/makalalar/oku-adistemelik/509

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963