Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 6417 5 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 13:34

Фараби арабтарға түсіне алмай жүргенін түсіндіріп берді

Ежелгі Сақтар мен Гректердің мәдени дамуындағы синкреттілік (үндестігі) - Әл-Фарабидің Аристотельді түсінуіне жол ашты. Фараби Аристотельге "түркі әлемінің" өкілі ретінде ғана бара алды...

28 күнгі лекциямда (ҚазҰУ) Әл-Фарабидің Аристотелге "келуі" араб өркениетінен емес, Ежелгі грек және Ежелгі сақтар мәдениеттерінің синкреттілігінен екенін - Антика мифологиясы мен Сақ мұрагерлері - қазақтардың дәстүрлері мен аңыздарының, сенімдерінің, тіптен - Құдайларының ұқсастығын мысалға келтіре отырып толық дәлелдеп шықтым.

Мұндай концепцияны көтерген ғылыми жұмысты таппаған едім... Мен оқыған еңбектерде "Әл-Фараби араб өркениетінің жемісі" деп қорытындыланған екен...

Алайда, бұл мәселеге дүниетанымдық деңгейде, дүниетанымдық ракурспен қарайтын болсақ, онда - екі алыптың диалогиясы ұқсас мәдени ортадан шыққанда (родственные души дегендей) ғана мүмкін болатыны заңды!...
Ондай мүмкіндікті Фарабиге өзі өскен, қанына сіңірген "Сақтар заманынан келе жатқан түркілік негізі" гана бере алған.

Ал Грек пен Арабтарда мұндай "дүниетанымдық туыстық" байланыс өте әлсіз...

Ендеше, Әл-Фараби "араби дүниетаныммен" өзі "бірінші ұстаз" атаған Аристотель іліміне терең бойлай алмас еді! Олай болғанда - Әл-Фарабидың өзі де "екінші ұстаз" деңгейіне көтерілмес еді!

Иә, араб өркениеті "Аристотелге қажеттілікті" тудырды және Аристотель мен Фарабиді "жолықтырды"! Ол үшін - алғыс!

Бірақ бұл сыртқы форма ғана - мазмұны емес: мәселен, ситуация басқаша болғанда - Әл Фараби кез келген тілде Аристотель туралы өз еңбектерін жаза алар еді!

Яғни, Әл-Фараби арабтарға "түсіне алмай жүргенін түсіндіріп берді" десе болады...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963