Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2569 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 20:32

Тәуелсіздік жылнамасынан дерек

15 қыркүйек - Орал оқиғасының 20 жылдығы

 

Тарих бізге келешегімізге  арқау болар тәлімдік тағылымдарынан сабақ алу үшін керек. Кеңестер Одағы деп аталатын әкімшіл-әміршілдік өктем жүйеге негізделген алып державаның тарқауының нәтижесінде Қазақ елі де өзінің дербестігін жариялады. Енді тәуелсіздік жолында сол бір жылдардың соңғы айларында қазақ еліне қатысты қоғамдық-саяси ахуалдың алқынып барып басылған кейбір оқиғаларына қысқаша хронологиялық шолу жасайық.

15 қыркүйек - Орал оқиғасының 20 жылдығы

 

Тарих бізге келешегімізге  арқау болар тәлімдік тағылымдарынан сабақ алу үшін керек. Кеңестер Одағы деп аталатын әкімшіл-әміршілдік өктем жүйеге негізделген алып державаның тарқауының нәтижесінде Қазақ елі де өзінің дербестігін жариялады. Енді тәуелсіздік жолында сол бір жылдардың соңғы айларында қазақ еліне қатысты қоғамдық-саяси ахуалдың алқынып барып басылған кейбір оқиғаларына қысқаша хронологиялық шолу жасайық.

Әйгілі ТЖМК - дан соң Қазақстанның демократиялық күштері, соның ішінде «Азат» партиясының өкілі Ж.Қуанышәлиннің 21 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің сессиясында республикалармен бұдан былайғы жерде конфедеративтік қатынаста болуды көтеруі кремльге жақпаса да, бұл идея Қазақстан халқының, оның қоғамдық ұйымдарының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Азаттықтар конфедеративтік қатынас шынайы тәуелсіздікке әкелетін нақты қадамның бастауы деп қабылдады. Оның үстіне Украина парламенті де жаңа одақтық шартқа қол қояр кезде аяқ астынан мемлекеттік шекара жөнінде өз заңын қабылдап, «нарықтық экономикаға өту жолында республика байлығы мен меншігін қорғау қажет» деген сылтаумен Мәскеудің келісімінсіз өз жеріндегі бұрынғы одақтық меншікке қарап келген өндіріс орындарын қаулымен-ақ Украинаның меншігіне өткізіп, ендігі жерде көрші мемлекеттерге ешқандай территориялық талаптарының жоқ екенін мәлімдеп, тәуелсіздікке деген нақты қадамын жасады.

Украина мен Қазақстанның бұл мінезі Ресейді біраз әбігерге салды. Осы кезде Ресей тарапынан ашу шақырып, азу көрсеткен мәлімдемелер борады. Ресей жағы: «Особенно тревожит наметившееся резкое расхождение во взлядах двух столпов будущего Союза России и Казахстана. Столь противоречивые тенденции объясняются в первую очередь, стремлением Казахстана дистанцироваться от РСФСР», - деп шоқты қайта үрлей бастады. С.Сартаевтың айтуынша мәскеуде «Одақтық шартты» талқылаушылардың бір жиынында үзіліс кезінде дәлізде тұрған қазақстандық делегация қасына Жириновский жетіп келіп: «Рано радуетеьс, не бывать суверенитету Грузии, Азербайджана, тем более Казахстана ...» - деп дау шығарыпты.

Мінезі ауа райындай құбылмалы Ресей Президенті Б.Ельцин өзін қайраңда қалар кемедей сезінді ме, әлде одақты әр тұсынан шулаған шовинистік бағыттағы сепаратистердің жел сөзіне желікті ме аяқ астынан: «Будете от нас убегать - вам же дороже станет», - деген мәлімдеме жасады (28.08.1991). «Теңдік сенің не теңің» - дегендей «РСФСР мен шектесіп жатырған республикалар одақтан кеткісі келсе, онда шекара дауы шығуы әбден ықтимал», - деп, Ресей Президентінің баспасөз хатшысы П.Вощанов та оны құптай сөйледі. Мұндайда казак - орыстар қарап жататын ба еді, П.Вощановтың мәлімдемесіне орай казактардың «Яйцкая воля» газеті: «Соншама несіне шулаймыз, себебі большевиктердің бөлісіне қол сұғылды. Вощановтікі дұрыс. Бұл Орал облысына ғана қатысты емес, Кавказ, Орта Азияға қатысы бар» - деп оны қолдайтындықтарын жазды (№3. 1991).

Осы жылдары Қазақстанның әр түпкірінде неоколониалист казактардың қуатты топтарының көбейуі, олардың Қазақстанның Ресеймен шекаралық өңірлеге шоғырлануы, туындаған даулы мәселелерді үнемі қоқан-лоққы, соғыс құралдарымен шешуге ұмтылуы, казачествоны мемлекетіміздің егемендігіне қауіп әкелер ықтимал әскери күштің көзі ретінде айғақтай түсті. Жел дауылдың шақырушысы - олардың бұл мәлімдемелері атқа мінуге даяр тұрған казак-орыстарды желпіндіре түсті.

Бұл кезде Орал казактары өздерінің автономиясын, «егемендік декларациясын» жариялап үлгерген еді. Олар 1920 жылғы 26 тамыздағы Декретімен Орал облысының Қырғыз автономиялық республикасы құрамына өткені заңсыз деп табылып, күші жойылсын, жаңа «Одақтық Шартқа» қол қойылар кезде орыс халқының мүдделері ескеріліп, Орал казачествосының бұрынғы жерлері түгелдей Ресей құрамына қайтарылуы тиіс. «Егер талаптарымыз ескерілмейтін болса, біз КСРО президенті М.С.Горбачев көрсеткендей, «өзнің тарихи отанынан тысқары тұрып жатырған ұлттардың еркін дамуы» туралы заңымен бекітілген құқықтарымызды қорғау үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз» деп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне «Үндеу хатпен» шықты. КСРО президентінің 1989 жылы жасаған «Партияның ұлт саясаты туралы» баяндамасынан алынған: «Ұлттар жинақы тұрған жерлерде ұлттық аудандар, территориялық автономиясы жоқ саны жөнінен ірі ұлттардың олақтық советтерін құру мүмкіндіктері бар» деген сөзін өздеріне бағыт-бағдар етіп алды. Орал казактарының атаманы А.Качалин өздерінің тәуелсіздігі жолында қажет болса қантөгіске де баратынын ресми кездесулерде әлденеше рет өз аузынан айтты.

«Орал казактарының егемендік декларациясынан» кейін БАҚ құралдары: «Комсомольская правда» газеті қосылып, 27.08.1991 жылғы санында «Қазақстан Ресеймен одақтаспаса Солтүстік Қазақстан облысының казактары автономия құрады немесе Ресейге қосылады», - деген хабар таратып, Қазақстанның солтүстік облыстарының Ресейге қосылу ниеті барын аңғартты. Бұған КСРО мемлекеттері қауіпсіздігінің кепілі деп тағдырын қолына сеніп тапсырған одақ президенті М.Горбачевтың өзі қосыла: «Я могу сказать, что если Союз будет рушиться, то это обернется бедой, так как границы у нас определелялись произвольно», - деп басталған текетіресті онан сайын ушықтырды. Оның айтқан бұл сөзі 1990 жылы қарашаның 21 күні РСФСР мен Қазақ ССР арасындағы Қазақстан территориясының тұтастығын мойындаған, екі мемлекеттің егемендік декларациясына сәйкес қол қойылған келісімдерді мойындамау еді.

Бұған жауап ретінде Қазақстан халқы, оның қоғамдық ұйымдары Алматыда 28.08.1991 жылы Ш.Уәлиханов ескерткіші жанында Ресей мемлекеті басшыларының мәлімдемелеріне орай наразылық митингісіне жиналды. Митингіде «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан», Украин мәдениет орталығы және қазақ радиосы өкілдері сөз алып, Ресей тарапынан шығып жатырған мәлімдемелерге мемлекеттер арасындағы бейбіт байланысты ушықтыру, арандату деген бағасын берді. Жиында республика басшысы мұндай қоқан-лоққыларға өзінің жауабын беруге тиістігі айтылды. Олар саяси теңдік принциптері мойындалмайынша, қалыптасқан шекаралардың мызғымастығы туралы мәселе айқындалмайынша алдағы жоспарланған республикалар арасындағы «Одақтық Шартқа» қол қоймауды талап етті. Әйтпесе, демократиялық күштер өз шекарасын қорғау мақсатында еріктілерден ұлттық әскери жасақтар құру қарекеттеріне кірісетінін ескертті. Сондай-ақ, демократтар мен қоғамдық ұйым өкілдері митингіде Семей полигонын түпкілікті жабуды көтерді. Ресей мен Қазақстан арасында бір сәт болжауы белгісіз үрейлі күндер қайта туды.

Қазақстан жағы ішкі қоғамдық күштердің бұлай бас көтеруін күтпеген болуы керек, соңғы кезге дейін одақта қалуды қолдап келген Назарбаев та састы білем: До настоящего времени не прозвучало  четко выраженный отказ России от территориальных притязаний к соопредельным республикам. А в Казахстане начал набирать общественный протест с непредсказуемыми последствмиями. Это может вынудить республику принять анологичные с Украиной меры. Особенность в том, что Казахстан является ядерной республикой», - деп Ресейге қолында басар нүктесі жоқ болса да, «қоймасаңдар» - деп қолтығындағы шүріппесіз (бағыттаушылық мүмкіндігі жоқ бола тұра) оқтұмсықты кезенді.

Қазақстанның қоғамдық ұйымдары мен демокаратиялық күштерінің, «Азат» партиясының мәлімдемелері үлкен қозғау туғызды. Ресей демократтары да қарап жатпады. Олар Ресей үкіметіне наразылық айтып, олардың мәлімдемелеріне өздерінің саяси бағасын берді. «Такие высказывания, как мы беремся доказать, бросають вызов здравому историческому соглашению и недавным договорам России с Украиной и Казахстаном. Они способны осложнить положение национальных меньшинств, прежде всего самого русского народа и уж никак не помогают прочно обеспечить  права этих меньшинств. Мы решительно отвергаем любые политические, клонящиеся к заявке на преобладающую роль России в СССР. Опаснее всего утверждение о возможности территорияльных и имущественных претензий в случае распада СССР», - деді олар. Бұдан тыс қалған биліктің сол кездегі «социалистік партиясы» мен «коммунистер» ғана болды.

Әлі есімізде, осыған байланысты республика президентінің Б.Ельцинге жолдаған жеделхатының желімен, 30.08.1991 ж. Алматыға жедел жеткен А.Руцкой мен Қазақстан басшысының арасында: «Қазақ КСР-і мен РСФСР арасындағы шекаралық белгілердің мызғымастығы өзгермейтіндігін» көрсеткен екі жақты «коммюникеге» қайтара қол қойылды. Сөйтіп, А.Руцкой екі ел арасындағы бір жыл бұрынғы 1990 жылы 21 қарашада қол қойған келісімнің бұзылмайтынын, көтеріліп жатырған территориялық талаптардың негізсіз екенін айтып көңілді орнықтырғандай болды. Мұндай қоқан - лоққыны Украина да басынан өткеріп, олар да дүрлігіп барып басылды. Қазақстандағыдай Киевте де 28.08.1991 күні Ресей мен Украина арасында осындай екі жақты құжатқа қол қойылды.

Дегенмен бұл саяси жанжал ұрысқа кірер алдындағы әскери дайындықтың керней үніндей болып, бір даярлықтың диірменін айналдырғандай болды. Солай болды да, Орал казактары 1991 жылы қыркүйектің 15 күні қалада той деген сылтаумен «Бүкілодақтық казактардың съезін» өткізіп, осы күні батыста Атырауға (Гурьев) дейінгі жерді алып жатырған «Жайық казактары автономиясының» құрылғанын және Ресейге қосылатынын ресми жағдайда жариялап жібермекші болды. Ал, бұл кезде көрші Самара облысының шекарасында Преднестровье сценариі бойынша генерал Макашовтың танк әскері Орал қаласына «бітімгершілік» желеуімен марш бросок жасауға даяр тұрған еді (қараңыз: «Азат» азаттық жолында» кітабы, 102-бет. С.Н.Қ. 2008 жыл). Алматыда «Алаш азаматтары» басқарған «Аттанайық Жайыққа» штабы құрылып, «казактардың арандату тойын өткіздірмейміз, ұлтарақтай да жерімізді бермейміз» деп еліміздің әр түпкірінен еріктілер жасағы Оралға ағылды. Қалада төрт күнге созылған (13-16 қаркүйек аралығы) үлкен қарсылық акциясы өтті. Сәтіне қарай Азаттықтар бастаған Қазақстанның әр облысынан жиналған халық өкілдері сепаратистердің желігін басып, ниеттерінің заңсыздығын әшкерелей отырып, халықты қантөгіске жібермей, бұл шараны болдырмады.

Сөйтіп, кеңес халықтарының арасынан қазақ халқы алып империя бұғауына 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш болып алдаспан сілтесе, 1991 жылы жер даулаған неоколаниалистердің шеңгелін енді көтере алмастай етіп шегелеген, соңғы нүктені қойған Оралдағы қыркүйек көтерілісі болды. Тәуелсіздік жылнамасындағы Алматы (1986) мен Орал көтерілістерін «тәуелсіздік атты қарлығаштың қос қанаты» дейтініміз де сондықтан.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

10.08.2011.

Ақтөбе қаласы.

Оқиғаға қатысты бейне деректер

Орталық алаңда Айсұлу Қадырбаева 15.09.1991 жыл

с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.09.1991 жыл. Митингі өтіп жатқан кез. Павлодардан келген азамат  сөз сөйлеуде. Оның арғы жағында (оң жағында) тұрған азамат та Павлодарлық әрптесі Қалиев Мақсот.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15.09.1991 жыл. Манифестанттар «Зенит» мәдениет үйінің алдында.

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15.09.1991 жыл. Ішкі істер бөлімінің арнаулы жасақтары орыс казактарының «мерекелік шарасына» (съезіне) қарсылық білдіруші халықтың екінші бөлігін «Зенит» мәдениет үйіне жібермей, олардың  жолдарына тосқауыл болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15.09.1991 жыл. Казактардың әскери жасақтары «Зенит» мәдениет үйінің алдында. Олар «Орал казак республикасының» құрылғаны жөнінде құрылтай өткізуге жиналып жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аманжол мен Жасарал жиналған халыққа сессия нәтижесін хабарлап тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Басқару штабының» бір топ мүшелері

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515