Зира Наурызбаева. Жеті шелпек
Аса діндар жанұядан шыққан менің бір құрбым (кедей болса да, оның атасы Меккеге қажылықпен үш рет жаяу барып келген), бозбала ұлын арап тілінің үйірмесіне апарып жүрді... Бірнеше сабақтан соң ұлы оны «ағарта» бастады: жеті шелпек пісіріп, о дүниелік жанды еске алу мұсылмандыққа жатпайды екен. Ол пұтшылдық рәсімі, оны ұстану нағыз мұсылманға жат, ондайдан бас тарту керек... дегендей.
Шелпек пісіруді маған әжем үйреткен. Қамырды илеуден бұрын рәсім жолымен тазару керек, ниетіңді бағыштап, о дүниелік туыстардың қайырымын еске ала отырып, іске кірісу қажеттігін бойыма сіңірді. Өзі иленген қамырды ой мен сезімді таза ұстай отырып, басқаға алаңдамай жаятын. Жайма қамырды қызған тоңмайға салған сайын «Біссімілләсін» айтудан танбайтын, марқұм. Күбірлеп тұрып, аталарының бірін еске алып, Жаратқаннан оған мейірім мен шапағат тілейтін. Соңғы жайманы саларда Алладан аталмаған ата-бабасы мен о дүниелік бар қазақ үшін, жалпы мұсылман қауым үшін мейірім-шапағат сұрауды мен де үйрендім. Осылайша ізгі ниетпен піскен жеті нанға арнайы дұға оқылып барып, ауыз саламыз да «Тие берсін» айтуды тағы ұмытпаймыз. Бұл жерде ертеден келе жатқан мынадай сенім бар: тірі адам шелпек жесе, қайтқан жандар нанның, шыжыған тоңмайдың иісінен қуат алады деп есептеледі. Сол себепті болар, бұл жоралғы бір жағынан «Иiс шығару» деп те аталатын, әжем шелпек пісірерде солай дейтін.

1991 жылы дағдарыстан жарты жыл бойы айлық төленбейтін, карточкамен ғана жұртқа шөкімдеп азық үлестірген заман болды, оның өзі бірде бар, бірде жоқ еді. Сол жылы желтоқсан айында қайтқан немере ағамның жылдық садақасына шелпек пісіретін үйімізде тоңмай болмай қалды. Салым суға кеткен мен әжемнен: «Әже нанды тандырға (духовка) пісірсем, әруақтарға тие ме?» деп сұрадым. Көзі жасаураған әжем: «Әрине, айналайын. Ниетің таза болса, болды ғой. Ең бастысы сол, құлыным!» Он күннен соң оның өзі де о дүниеге аттанды. Жаназаға келген туыстарымыз, құрбылар, көршілер, жұмыстастар,- жағдайды айтқызбай-ақ ұқты, біреуі жарты қорап маргарин, біреуі ыдыс түбіндегі майдың қалғанын, енді бірі шыжғырылған тоңмай дейсің бе, әйтеуір, әлгі майшелпек пісіруге деген тапшылықпен күресіп, бәрі мұсылмандығын көрсетіп жатты. Мұндай рәсім, тіпті орыстанды деген қазақ отбасылардың өзінде жасалатын. Бұл рәсім - әрбір қазақ әйелі үшін өздеріне қымбатты жандарының жолына бағыштар дұғамен бірдей дәстүр ғой.
Иә, жасыратын несі бар, бұл рәсімге араптардың қатысы жоқ. Оның тамыры түркі халықтарының мұсылманға дейінгі дәуірінде жатыр. Сонда да оның әуелгі жарқын да биік нышаны әлі күнге ап-айқын. Бір біріне беттестірілген жеті шелпек, аспанның жеті қабатын болмаса Құранда айтылатын жеті қат жұмақты бейнелейді. Алланың бір аты да - жеті көктің Иесі. Рас, рухтың иіспен қоректенетіні турасында көпшілік біле бермейді. Барлық тілдерде де «рух» ұғымы «ауа», «жел», «дем», «иіс» сөздерімен байланыста. ХІХ ғасырдағы орыс ақыны: «Орыс рухы қайда болса, сол жердің Рус иісі аңқиды» десе, қазақтар әлі күнге «қазақы рух» ұғымын «иісі қазақ» деп жатады.
Әрине, діни көзқарас тұрғысынан о дүниелік жандардың қоректенуі жөніндегі идея күнә болу ықтимал, өйткені, әруақтарға деген садақаны интерпретацияласақ, онда құрбандық тек қана Жаратқанға бағышталуы керек қой. Бірақ бұл рәсім мұсылмандық рухқа сіңіскелі қашан?! Ол мазмұн тек қана «Біссіміллә» сөзінде ғана емес, Алладан тілеп, Құран сүрелерін оқып бағыштауда ғой. Рәсімнің мәні туыстарынан, ұрпағынан тиетін қоректе ғана емес, олар үшін Жаратқанға құлдық ұрып, бағышталатын дұға арқылы да қолдау табады емес пе.
Иіс пен дұға - бір біріне қарсы нәрселер де емес. Пайғамбардың өзі жұртқа мәлім уәжінде иістің жанның биікке, кемелденуге құштар етерлік сезімін оятарын меңзейтіні бар: «Иіс пен әйел мен үшін аса құнды және де менің жанарымды салқын тартқызатын дұға ғана» дейді. Әрине, Пайғамбар ұнататын жұпар иіс пен қойдың тоңмай иісін салыстыруға болмас. Алайда, құрбан қой - көптеген дәстүрлерге тән құрбандық жануар екені белгілі. Қашаған жыраудың байқататыны бар ғой: «Қой бізге жұмақтан келген жануар». Қой майы жағылатын шырақ та, зәйтүн майы толтырылған шырағдан да, Құрандағы батаға бағышталатын нәрселер - ортақ нышанның айырмасы тек қана географиялық әрі ұлттық нұсқаларында ғана.
«Жеті нан» рәсімі - ежелгі дәстүрдің сақталып қалған үзіндісі, ол турасында былай делінген: «Барлық халық үшін табыну рәсімін қалыптадық, олар сонымен тағзым етеді».(Құран, 22-66 сүре). Бәлкім, ол рәсімнің мәнін ашып әрі түсіндіру керек болар, бірақ ондай жоралғының араптарда болмағандығына және жоқ болғандықтан Пайғамбардың құзырынан тыс ретінде қарап жою... Исламның басты екі мерекесінің бірі - Құрбан-айт Абрам-Ибрахимның құрбандыққа даярлаған өз баласын Жаратқанның қоймен алмастыруы арқылы, ол баланың құрбан болуын қаламайтынын білдірді ғой. Ал, ендеше оның құрбандыққа ата-бабаны ескеруді, тарих, мәдениет, дәстүрді құрбан етуді де қалайды деп ойлайсыз ба?
Аударған - Сергек Ерсайын
Түпнұсқадағы тақырып: «Әуелгі ислам - Жыраулар мұрасындағы тәңірлік пен ұлттық идея немесе «Пұтшылдық» жоралғы «жеті шелпек» жөнінде бірер сөз»