Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2298 0 пікір 17 Тамыз, 2011 сағат 12:03

Сәкен Көкенов. Орыстілді басылымдар министрлікке қысым жасап жатыр

БАҚ пен ғаламтор беттеріндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты қызу пікірталас әлі де жалғасып жатыр. Әсіресе орыстілді баспасөз құралдары бір кісідей бірлік танытып, қоғамдық комиссия қолындағы бұл заң жобасына белсенді қарсылық көрсетуде. Бұл тақырыптағы жарияланымдардың астарынан мәселені шешудің жолын іздеу емес, түрлі батыл талаптармен ресми органдарға қысым көрсетушілік байқалатындай. Сол жарияланымдардың біршамасына редакциялық шолу жасаған едік...

БАҚ пен ғаламтор беттеріндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты қызу пікірталас әлі де жалғасып жатыр. Әсіресе орыстілді баспасөз құралдары бір кісідей бірлік танытып, қоғамдық комиссия қолындағы бұл заң жобасына белсенді қарсылық көрсетуде. Бұл тақырыптағы жарияланымдардың астарынан мәселені шешудің жолын іздеу емес, түрлі батыл талаптармен ресми органдарға қысым көрсетушілік байқалатындай. Сол жарияланымдардың біршамасына редакциялық шолу жасаған едік...

Орыстілді қауым 80 жыл мұрсат сұрайды

«ЦентрАзия» интернет порталы Марат Нұр­пейіс­тің «Ұлтшыл патриоттар Қазақстанды құлат­қы­сы келе ме?» деген тақырыптағы мақаласын ұсы­нады. Бұл мақала қазақша бүркеншік атпен берілген белгісіз автордікі болуы әбден мүмкін. Тақырыбының астарына үңілсек, «мемлекеттік тілдің күшеюі елді құлатады» деген тұжырымға тартып тұр. Мақала барысында автор «кейбір мамандық иелеріне мем­лекеттік тіл міндеттелетін болса, бұл - дис­кри­ми­нация» деп айыптайды. Мем­лекеттік тілдің өзіне тиесілі функциясын ат­қаруын дискриминацияға, яки азшылықтың құ­қы­ғының тапталуына теңеу, әрине, арандатушылық пиғылдан туындайды. Осылайша, орыстілді қауым мемлекеттік тілге деген көзқарасын ашық байқатып жатқандай. Аталған мақалада «орыс тілінің Қазақстанға енуі 80 жылға созылды, демек, қазақ тілін қалпына келтіруге де осы шамада уақыт қажет» деген пікір айтылады. Яғни 80 жыл уақытқа «мұрсат сұрайды». Тіпті мем­лекеттік тілді міндеттеуді 2013 жылы емес, 2017 жылы жүзеге асыруға да келісім беріп отырған жоқ. Бұл туралы да орыс баспасөздері мәймөңкелеп жатпастан, ашық жеткізуде.

Кетемін деп қорқыту кімдерге тән?

«Қазақтандыру туралы» заң Қазақстаннан Ресейге ығысуға мәжбүрлейді» деп аталыпты «Руский мир» порталындағы Анна Рогачёваның мақаласы. Сондай-ақ автор қазақстандықтардың арасында мемлекеттік тілді пайдаланушылардың үлес салмағы 20 пайызға жетпейтіндігі жөнінде жалған ақпарат ойлап табады.

Ал Лад қоз­ға­лы­сы­ның төраға орын­басары Пётр Кузьменко жуық ара­да осы мәселеге қатысты жиын өткізетіндіктерін, соның барысында пәлендей бір шешім қабылдайтындықтарын айтып қорқытады. Нендей шешім арқылы министрлікті райынан қайтармақ екені бір Құдайға ғана аян.

Тағы бір басылымда Орыс, славян, казак қауымдастығы төрағасының орын­ба­сары Анатолий Чесноков «мен енді мем­лекеттік тілді үйрене алмаймын, ал жас­тар­ға талап ету қиын, олар көрші елдерге кетіп қалады» деген ультиматум қояды.

Қазақстанның мемлекеттік тіл мәселесі отан­дық БАҚ-ты былай қойғанда, көрші Ресейді де қатты «алаңдатып» жатқанға ұқсайды. «Орыстарды дискриминациялау Қазақстанның мемлекеттік саясатына айналып бара ма?» деген тақырыппен да­был қағады ресейлік Km.ru порталы. «Қаза­қ­тар дайындап жатқан заң жобасы бойынша, кез келген балабақша мен оқу ор­нында қазақтілді топтардың үлес сал­ма­ғы 50 пайыздан кем болмауы керек» деген тіркеске шүйлігеді. Егер 50 пайыздық талапқа ие бола алмаса, оның мемлекеттік тіл статусы қайда қалады?! Оның үстіне орыс­тілді баспасөздердің балабақшалар мен оқу орындарындағы мемлекеттік тілге қар­сы шығуы логикаға мүлде сай келмейді. Осы күнге дейін «біз кеңестік заманда туған адамдармыз, енді бізді қазақша сөйлету мүмкін емес» деп уәж айту­шы­лар­дың баласын да мемлекеттік тілден алшақ ұстауды көздеуін мемлекеттік саясатқа қар­сы шығу деп қана бағалауға болады. Ресей­лік басылымдардан бұл тақырыпты Риа Новости, Лента ру, Росбалт және тағы басқа беделді сайттар мен мерзімді басы­лым­дар жарыса жазды. Қазақстандық ақ­парат алаңының Ресейге және орыстілді қауымға тәуелділігі басым екенін ескерсек, тіл туралы заң жобасындағы жағымды өз­ге­рістердің орнауы оңай болмасы анық.

Сонымен, Мәдениет министрлігінің 20 жыл кешіксе де, қолға алған шешіміне қар­сылық білдірушілер тағы да уақыт сұрайды. «Уақыт бәрін түзейді» деген жалаң тұжырымға сеніп отыруға бол­май­тыны белгілі. Әрине, орыстілді бас­па­сөз­дерді, шынымен де, тіл білмеушілердің құ­қығы алаңдататын болса, орыс тілін білмеу себебінен жұмыссыз қалып, базар жағалаған, әсіресе шетелден оралған қазақ­тардың тағдыры жөніндегі жария­ла­нымдар да аз болмас еді.

Қазақстандық «Республика.kz» сай­тындағы Нұрлан Атамбаевтың «Твоя моя совсем не понимай» атты мақаласы да қазақ тілін іске жарамсыз қарым-қатынас құралы ретінде көрсетеді. Кез келген істі жемқорлыққа әкеліп тіреп қоятын ав­тор­лардың әдеті бұл мақалада да көрініс беріпті. Автор Мәдениет министрлігі дайын­дап жатқан бұл заң жобасын «ше­неу­ніктердің ақша сындыруға арналған жобасы» деп бағалайды.

90-жылдардан қалған «кадрларды жоғалтып аламыз» деген жаңсақ қағидаға ары қарай да жармаса берудің жөні жоқ. Құлықсыз топтың дегеніне салсаң, жо­ға­рыда айтылғандай, тағы да 80 жыл мұр­сат сұрайын деп отыр. Сонда мем­ле­кет­тік тіл­дің қызығын біз көрмегенде, кім көруі керек?!

Арандатушы жарияланымдар заң алдын­да жауап бере ме?

Қазақстандық Православтар одағының Spgk.kz сайтында жарық көрген Ф.Ми­рог­ловтың мақаласында мағынасы түсі­нік­сіздеу ұран айтылыпты: «Орыс азаматтары мұндай шешімдерге салқын қараңыздар. Өздеріне жаза берсін (заңды). Тілге қа­тыс­ты кез келген жарлық пен заңды күле отырып оқыңыздар, себебі оның барлығы - фантастика ауылынан туылған дүние. Бұрынғыдай негізгі тілде, құдіретті, ұлы орыс тілінде сөйлеуді және жазуды жал­ғас­тыра беріңдер. Оған тосқауыл қою еш­кімнің қолынан келмейді...»  деп жал­ға­са береді. Міне, арандатушылықтың кө­кесі қайда жатыр! Әсілінде, олар Қазақ­стан Республикасының заңдарына мыс­қыл­мен қарауға шақыратын мәтін үшін ғана сот алдында жауап беруге міндетті еді...

Бұлай жалғаса берсе, ақпарат ала­ңы­ның арандатушы жазармандары ел ішіндегі аран­датуларымен Қазақстанды Ресеймен де ша­ғыстыра бастайды. Кез келген мә­се­леде түрлі көзқарас болады. Алайда орыс­тіл­ді БАҚ-тардың барлығының бірдей қасаң қарсылық көрсетуі ата-бабасынан қазақ жерін мекен етіп келе жатқан толе­рант­ты ұлт өкілдерінің ренішін тудыратыны анық. Оның үстіне мысқыл мен мазақ пікір ара­лас­қан арандатушы пікірлердің емін-еркін жариялануы тіпті көңіл құлазытады. Енді Мәдениет министрлігінің қолға алған игі бас­тамасына еш кедергі болмаса деген ниет бар. Ресми органдардың тіл үйренуге құлықсыздық танытқан орыстілді бас­па­сөз­дердің түрлі негізсіз сылтауларын уәж ретінде қабылдауына негіз жоқ.

Бір пікір:

Шерубай Құрманбайұлы, Тіл коми­те­ті­нің төрағасы:

- Орыстілді баспасөз құ­рал­дарындағы жарияланымдар тіл туралы заң жобасына өзгерістер енгізу жөніндегі қоғамдық комиссияның жұмысына бәлендей әсер етеді деп ойламаймын. Қоғамдық пікірді ескеру үшін аталған жұмыс тобының құрамына түрлі қоғамдық мекемелердің өкілдері қа­тыс­ты­рылған болатын. Солардың бастапқы жұмысы ғаламторда талқыланып жа­тыр. Әрине, ол соңғы нұсқа емес. Дегенмен қоғамдық комиссия өзінің қо­лы­нан шыққан жұмыстарын мемлекеттік органдарға ұсынып жатыр. Онда қай­сыбір азшылықтың құқығы тапталады деп ойламаймын. Дегенмен мемлекеттік қыз­меткерлерге талапты күшейтетін уақыт жетті.

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499