Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2212 0 пікір 20 Тамыз, 2011 сағат 09:45

Е.ӘЛІМҚҰЛОВ: РЕСЕЙЛІКТЕР ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ АУДАНДАРДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕНЗИН МЕН ДИЗЕЛ ОТЫНЫН ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ САТЫП АЛУДА

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Ирина Нос. Биылғы тамыз қазақстандық автокөлік иелеріне танымал проблема - бензин тапшылығын әкелді. Бірқатар өңірлерден келіп түскен хабарларға қарасақ, халық арасында кең танылған АИ-92 маркалы бензинді тек қана «талон арқылы» сататын көрінеді. Бұған не себеп болғанын ҚазТАГ бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) төраға орынбасары Еркеғали Әлімқұловтан сұрады.

 

- Қазір мұнай өнімдерінің ішкі нарығында не болып жатыр? Әр аймақтан біз не ЖЖМ тапшылығы, не ол тек талонмен сатылып жатқандығы туралы, немесе олардың бағасының көтерілгендігі туралы хабар алудамыз...

 

- Қазір қазақстандық үш МӨЗ де толық қуатымен жұмыс істеуде, аздаған жетіспеушілік Павлодар мұнайхимия зауытының (ПМХЗ) 26 маусымнан 27 шілдеге дейін жабық болғандығына байланысты болды. Біз бензин тапшылығынан бірқатар ЖҚС-тардағы бензин бағасының көтерілу фактісін білеміз.

Сондықтан мен оқырмандар назарын 8 тамызда қабылданған мұнай және мұнай өнімдерінің айналымына мемлекеттік реттеу туралы заңның күшіне енгендігіне аударғым келеді. Одан басқа біз Кедендік одақ зонасындамыз, шекаралар ашық. Бұл нарықтағы бағаға әсер етерлік екі фактор.

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Ирина Нос. Биылғы тамыз қазақстандық автокөлік иелеріне танымал проблема - бензин тапшылығын әкелді. Бірқатар өңірлерден келіп түскен хабарларға қарасақ, халық арасында кең танылған АИ-92 маркалы бензинді тек қана «талон арқылы» сататын көрінеді. Бұған не себеп болғанын ҚазТАГ бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) төраға орынбасары Еркеғали Әлімқұловтан сұрады.

 

- Қазір мұнай өнімдерінің ішкі нарығында не болып жатыр? Әр аймақтан біз не ЖЖМ тапшылығы, не ол тек талонмен сатылып жатқандығы туралы, немесе олардың бағасының көтерілгендігі туралы хабар алудамыз...

 

- Қазір қазақстандық үш МӨЗ де толық қуатымен жұмыс істеуде, аздаған жетіспеушілік Павлодар мұнайхимия зауытының (ПМХЗ) 26 маусымнан 27 шілдеге дейін жабық болғандығына байланысты болды. Біз бензин тапшылығынан бірқатар ЖҚС-тардағы бензин бағасының көтерілу фактісін білеміз.

Сондықтан мен оқырмандар назарын 8 тамызда қабылданған мұнай және мұнай өнімдерінің айналымына мемлекеттік реттеу туралы заңның күшіне енгендігіне аударғым келеді. Одан басқа біз Кедендік одақ зонасындамыз, шекаралар ашық. Бұл нарықтағы бағаға әсер етерлік екі фактор.

Жаңа заңның күшіне енуімен оны әкімшілдендіруге қатысты, ол заң нормаларының Салық кодексінің нормаларына сәйкестігіне қатысты мәселелер туындады. Дәл сол туындаған сауалдарға қатысты үш зауыт орналасқан аумақтағы салық департаменттері оны өздерінше ұғынып отыр.

Проблема бар, біз салықшылармен бірнеше рет кездесіп, олардың бөлшек саудаға ЖЖМ беруін сұрадық. Қазір мұнай өнімдерін жөнелту проблемасы туындады. Бұл мәселе шешіліп жатыр.

 

- Бірақ, қашан? Бензина қазірдің өзінде жоқ...

 

Менің білуімше Салық комитеті түсініктеме берулері тиіс. Шындап келгенде,  жаппай жөнелту тежеліп жатқан жоқ, жекелеген оқиғалар ғана бар.

Бірақ бұл бірінші себеп емес. Ең бастысы - қазір Петропавл мен басқа да шекара маңындағы жағдайда. Оларда талонмен сатылуда. Оны біз ресейліктердің үлкен көлемде қазақстандық бензин мен дизел отынын сатып алып кетіп отырғандымен түсіндіреміз.

Келеді де толтырып алып (бензинді - ҚазТАГ), кері кете береді.

 

- Сонда бензовоз цистерналарымен келіп алып кетіп жатқаны ғой?...

 

- Жоқ, бензобактары үлкен көліктермен келіп, бөлшек саудадан сатып алып кетіп отырады. Қазақстанның солтүстік аудандарында осылай етуде.

 

- Бірақ осындай жағдай соңғы күндері Алматыда да Шымкентте де байқалуда. Ол жаққа ешқандай ресейліктер келмейді ғой... Сондықтан мен сізден тек шекара маңындағы жағдай туралы емес, жалпы жауап бергеніңізді қалаған болар едім.

 

- Мен, біздің бензин бағасының арзандығынан (ресейлік бензинмен салыстырғанда - ҚазТАГ) оның экспортқа кетіп жатқандығымен де байланыс бар деп ойлаймын. Ондай фактілер бар.

Сондықтан да ЖҚС-тер бензинді талонмен сатуға барып жатыр деп ойлаймын. Ішкі нарық сұранысын қамтамасыз ету үшін.

Шекара маңындағы өңірлер - Орал, Павлодар, Петропавлда шынымен де ресейліктер бізден АЗС-терден бензинді сатып алып жатыр деп ойлаймын.

 

- Сізге Қазақстанда ЖЖМ тапшылығы жазғы егістік науқаны жақындағанда басталатын сияқты көрінбей ма? Және меморгандар, оның ішінде БҚА да, кезекті сұлбаны ойлап таба бастайды да, қиындықтан өткізген болады, бірақ мәселені түбегейлі шешпейді...

 

- Мен оны қате көзқарас деп ойлаймын.Мен айтып отырған заңды біз ұзақ уақыт жасадық және күттік те. Заң ортадағы делдал құрылымдарды болдырмайды. Оған мемлекет басшысы қол қойып, ол 8 тамызда күшіне енді. Одан бері аз ғана уақыт өтті. Иә, заң нормаларын пайдалануда проблемалар туындауда, бірақ олар шешіледі.

 

- Үкімет қазір көтерме сауда нарығын реттемей, бөлшек саудадағы шекті бағаны бекітуде. Жақында ғана көтерме саудадағы ЖЖМ бағасы өскенімен, бөлшек саудадағы баға көтеріле алмайтындығы - заң бойынша - белгілі болды. Әр аумақтардағы бензин тапшылығы және оның талонмен саудалануы ресурс ұстаушылардың қарсылығының салдары бола алмайды ғой!?

 

- Маған желі иелерінің бұғын қатысты ұстанымы белгілі. Жауап келесідей: шынымен де жаңа заң бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) ЖЖМ көтерме бағасын реттеуге қатысты құзыреті жойылды. Бірақ ешкім де «Бәсекелестік туралы» заңды алып тастаған жоқ. Ал онда ЖЖМ көтерме нарығын реттеу құзыреті жетерлік.

Мен бәсекелестік туралы заң бізге мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға мүмкіндік береді деп мәлімдей аламын. Бұл туралы аталған заңның 10,11 және 13-15-ші баптарында айтылады.

Оған қосарым, бұрын Қазақстанда көтерме жеткізушілер аккредиттелмейтін, ал жаңа заңда ол көрсетілген. Яғни көтерме саудагерлер белгілі талаптарға сай болулары тиіс. Аккредиттеу де мемлекеттік реттеудің жаңадан енгізілген шарасы.

 

- Бірақ баға бәрібір көтерілуде. Мейлі үкімет шекті мән орнатсын, бірақ ЖҚС-тардағы баға ешкімнің араласуынсыз көтерілуде ... Бұған не дейсіз?

 

- Қазір біз ағымдағы жылдың шілдесінде бөлшек саудадағы баға көтерген 112 субъектіге қатысты фактілерді тексерп жатырмыз. Оның ішінде көтерме сауда субъектілеріне қатысты да. Әңгіме ірі ресурс ұстаушылар туралы болып отыр. Біздің тексерулеріміз көрсеткендей, бөлшек саудадағы бағаның көтерілуіне ешқандай экономикалық себеп болмаған. Мысалы 1 литр бензинге үстеме ақы 14-тен 26 теңге аралығында. Меніңше бұл өте үлкен үстеме баға.

Одан басқа, көптеген нысандар өзара тәуелді, бізде келісіп әрекет жасау фактілері - «сендер көтерсеңдер - біз де көтереміз» - бойынша, бәсекелестікке қарсы уағдаластық бойынша тергеулер бар. Тексеру Қазақстанның барлық аумақтарында жүріп жатыр. Біз барлық фактілерді талдаудамыз, ал нәтиже басқарманың осы айда өтетін кезекті отырысынан кейін жарияланады.

 

- Дегенмен, сіз мұнай өнімдерінің ішкі нарығының сұранысын  ішкі өндіріс көлемі толығымен қамтамасыз ете алмайтындығын теріске шығармайтын шығарсыз...

 

-Иә, қазақстандық нарықтың балансы сондай, біз мұнай мен мұнай өнімдерінің импортына тәуелдіміз. Біз белгілі бір октандығы жоғары бензин бойынша Ресейге тәуелдіміз. Ол АИ-92 және АИ-93 - бойынша 35%, АИ-95 және АИ-98 - бойынша 45%-дан көп.

Одан басқа ПМХЗ Ресейдің батыс-сібірлік мұнайын өңдеуге есептеліп салынған. Яғни республикамыздағы бар мұнай құбырлары бұл зауытқа қазақстандық мұнайды тасымалдауға мүмкіндік бермейді. Әлі күнге Қазақстан мұнайды ПМХЗ-ға Ресейден тасымалдауға мәжбүр. Бұл ретте Ресейден әкелінетін мұнай бағасы отандық мұнайға қарағанда едәуір жоғары.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435