Жұмабек Тәшенов. Жаһанда жер көлемі жағынан оныншы мемлекет саналып, әлем елдеріне астықты эспорттайтын бестікке кіруінің астарында тұлғалардың ерен еңбектері, орасан зор қан-тері жатқанын «біреу білсе, бірі білмейді».
Есімі ескерілмей жүрген тұлға
Кеңестік империяның құрсауындағы елдердің тарихы бұрмаланып, сол кездегі саяси ауа райына қарай икемделіп отырды. Сондықтан болар тәуелсіздік тұғыры қонған сәтте де қаһарман тұлғаларды ескермей, кейбір жағдайларда ұмытып, қоғамның рухани игілігіне жарата алмай отырған жайымыз бар. Ойымыздың өрнегін төтесінен кестелесек. Ұлтымызға ХХ ғасырдың екінші ширегінде рухани сәуле шашып, қазіргі ұлт территориясының тұтас сақталып қалуына сүбелі үлес қосқан нар, алып тұлға - Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Бұл - даусыз, бұл - ақиқаттын ең шарықтау шындығы. Сөзіміз дәлелді, ойымыз айғақты болу үшін тұлғаның халық игілігі үшін сарап болған еңбектерін көзі көргендер мен шарапаты тиген қызметтес достары һәм замандастарының ойларын ортаға салсақ.
Есімі ескерілмей жүрген тұлға
Кеңестік империяның құрсауындағы елдердің тарихы бұрмаланып, сол кездегі саяси ауа райына қарай икемделіп отырды. Сондықтан болар тәуелсіздік тұғыры қонған сәтте де қаһарман тұлғаларды ескермей, кейбір жағдайларда ұмытып, қоғамның рухани игілігіне жарата алмай отырған жайымыз бар. Ойымыздың өрнегін төтесінен кестелесек. Ұлтымызға ХХ ғасырдың екінші ширегінде рухани сәуле шашып, қазіргі ұлт территориясының тұтас сақталып қалуына сүбелі үлес қосқан нар, алып тұлға - Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Бұл - даусыз, бұл - ақиқаттын ең шарықтау шындығы. Сөзіміз дәлелді, ойымыз айғақты болу үшін тұлғаның халық игілігі үшін сарап болған еңбектерін көзі көргендер мен шарапаты тиген қызметтес достары һәм замандастарының ойларын ортаға салсақ.
Жұмабек Ахметұлының билікке келуін Кәрішал Асан-ата «Шынжырда өткен жолбарыс...» кітабында былай өрнектейді: «...Тәшеновтің Республика деңгейіндегі бірінші басшылардың алдыңғысының біріне айналуына Хрущев пен Бугалиннің 1955 жылдың басындағы Үндістанға барған сапары бірден-бір себепкер болды. Шығысқа ұшып бара жатқан барлық ұшақтар жолда Ақтөбе аэропортында аялдама жасайтын. Мәскеуден Делиге дейін тура ұшатын лайнерлер ол кезде болмағандықтан Хрущев ұшағы Ақтөбеге табан тірейді. Аэропортқа обкомның бірінші хатшысы Ж.Тәшенов қонақтарға бас тартып қазақша сый құрмет көрсетеді. Облыстың барлық жетістіктерімен таныстырады...». Міне, осылайша Мәскеудің отағасы Хрущев көзіне түскен Жұмабектің қызметтік өрлеуі басталады. Орталық диктатураның қанша нұсқауы болғанымен ұлтын шексіз сүйген өр тұлға ұлт игілігі үшін атқарылған әрбір істің басында тұрды. Қазірде Республика сарайының алдында рухани сәуле шашып тұрған Абай ескерткіші салынуы, репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы ретінде талай-талай мықтыларымыздың ақталуын жеделдетті, сондай-ақ, қазақ кадрларын билікке тарту және т.б. тізбектеп келтіре беруге болатын қызметтері алмағайып.
Айдаһармен алысқан...
Дегенмен де, Жұмабектің отан алдындағы асыл парызын өтеудегі ең ұлы қызметін ғалым, жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шәріпов естеліктерінде «Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен соғысып аман сақтап қалған қазақ халқының ата-мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам - Жұмабек Тәшенов. Қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша шұрайлы жерін, бір қатерден оның сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», - деп жазады.
Хрущев ұсынысымен тың игерген 5 облыс Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын Мәскеуге тікелей бағындыру жөнінде шешім қабылдаған сәтте Жұмабек Тәшенов қарсылық білдіріп, Мәскеу басшысының мысын басатындай отты мына сөздермен: «Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся в этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..» бабалар жерін тұтас сақтап қалуға ықпал жасаған екен. Осы қарсылықтан кейін-ақ Жұмабек қызметін дұрыс атқара алмады деп, Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылып (премьерминистр), Шымкент қаласына қатардағы комсомол ретінде жұмысқа жіберіледі. Иә, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, кейінірек Қазақ КСР Үкіметін басқарған, ХХ ғасырдағы ең айтулы тұлғаларымыздың бірі Жұмабек Тәшенов Қазақстанның бес облысын - Ресейге, оңтүстіктегі Бостандық, Мақтаарал ауданын - Өзбекстанға, Маңғыстауды - Түркіменстанға бөліп беруді империяшылдық пиғылмен мақсат тұтқан Н.Хрущевтің содырлы саясатына "қазақтың даласы құрақ көрпе емес, әркімге үлестіріп бере беретін" деп атойлап қарсы тұрған дара, қаһарман қазақ. Бүгінде шын бағасын алмай жүрген ғасыр тұлғасы Жұмабек Тәшенұлы десек ешкім дауласа қоймас.
Мәскеудің нұсқауымен Жұмабек Ахметұлын талай рет жамандап, түрлі айдарлы сөздер тағуға тырысқан Исмайыл Юсуповтың өзі тұлғанын ел алдындағы азаматтық қызметін мойындап: «Қазақ халқы бір азаматқа қарыздар болса, ол осы Жұмабек Тәшенов болар. Ол ел алдындағы парызы мен қарызын адал атқарған адам. Ол ата-бабадан қалған кең байтақ қазақ жерін жанымен қорғап, сол үшін барлық игілігінен айрылған адам». Сірә, осыдан кейін-ақ сөз қозғаудың өзі қиындау екен.
Сөз бен істің арасы
Павлодар өңірінен ұлт дамуы үшін ерен еңбек еткен тұлғалар аз емес. Десе де, Жұмабек Тәшеновке өз деңгейінде құрмет көрсетілу керек-ау. Біздерде жаман ой бар. Олай дейтініміз көзі қарақты көп адамдар үшін Махамбет пен Ахметтің немесе Шоқан мен Мағжанның Керекуге ешқандай да қатысы жоқ. Жоқ, мүлде олай емес, терең ойлайтын о әрбір азамат үшін Кенесары хан, М.Шоқай мен Т.Рысқұлов бәрі-бәрі қазақтын дарасы емес пе? Ендеше, қазір біздер жер басып жүрген даланы «аман алып қалуға» тер төгіп, ықпал жасаған Ж.Тәшеновқа ең болмаса университет көлемінде біраз шараларды атқаруды уақыт талап етуде. Мысалға, аудитория атауы беріліп, мұражай ашылса, монографиялар шығып, ғылыми-мәдени шаралар өтсе жастардың патриоттық сезімін тереңдете түсуге оң әсерін тигізер еді. Бұл ойымызды қара шаңырақ ректоры Ерлан Мұхтарұлы қолдайды деген үміттеміз.
Ғабит Мүсірепов: «Біз ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы деген халық мақтаған кісіге өз жүрегінен орын береді. Менің жүрегімнің төрінен орын алатын, менің ер інім, еркек інім Жұмабек»
Есімі ескерілмей жүрген тұлға
Нұрлат АЙТЖАНҰЛЫ
«Абай-информ»