Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2711 6 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 11:39

Қостанай Абайға неге қырын қарайды?

Биылғы жыл қостанайлықтар үшін жаман басталмаған сияқты. Әсіресе, облыс орталығының дәл іргесіндегі шағын ғана кент бұрынғы Затоболск деген атауынан айырылып, қазақи Тобыл деген атқа ие болып, еңсеміздің бір көтеріліп қалғандығы рас. Оның үстіне ол қала мәртебесіне иеленіп, жаңа өмірін бастапты.

Әрине, онсыз да Қостанайға қосылғалы отырған осынау шағын елді мекенге қандай себеппен қала атауының берілгендігі, мұның облысымызға қаншалықты экономикалық тиімділік әкелетіндігі секілді «ұсақ-түйек» мәселелерге жергілікті билік әдеттегідей онша басын ауырта қойған жоқ. Қалыптасқан «сырқаты» ғой, бұлардың қарапайым халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуді, қай нәрсені де байыптылықпен әрі біліктілікпен түсіндіріп отыру деген қазіргі замағы жұмыс тәсілін ұмытқалы қашан.

Жарайды, бюджеттің ақшасы қайда шашылмай жатыр, бұл бөтен бір үлкен де таусылмайтын» тақырып. Біздің айтайын дегеніміз мүлдем бұл емес. Бізді алаңдытып отырғандығы, осы көше, қала мен елді-мекендердің атауларын өзгерткенде жергілікті биліктің қандай қисынға, қандай тарихи әділдікке жүгінетіндігі. Біздің пайымдауымызша, облыстық болсын, қалалық болсын ана ономастикалық комиссия дегендер ештеңенің байымына бармастан, ойына қандай атау түседі, соны қоя сала ма деген күпірлік келеді. 

Мәселен, Затоболскінің Тобыл болып өзгергендігіне тікелей қарсы емеспін. Алайда осы облыста бұл кентті үлкендігімен он орап алатын Тобыл атты темір жол бекеті бар. Оның маңыздылығы соншалықты Нұр-Сұлтаннан кең байтақ еліміздің батысына баратын поездардың барлығы да осы жерден өтеді. Батысқа жол тартатын жолаушылар ағылып осында келеді. Демек, бұл Тобылдың ана Тобылдан басым түсетіндігі белглілі. Ендеше, Тобыл дегенде қайсысы алдымен еске түседі? Әрине, Тобыл бекеті. Демек, осынау екі атты қосарландырудың қаншалықты қажеті бар еді? Оның үстіне біз оны он жерден Тобыл деп қақылдағанмен осындағы өзге ұлттар мен орыстанып кеткен қазақтар оған тіліміз келмейді деген сылтаумен, оны ылғи «Тобол» деп атаудан таймай келеді. Облысымыздағы жылына бюджеттен 2 миллиардан теңгеден асам ақша алып, жегені алдынад, жемегені артында, тек ылғи легионерлер яғни келімсектерден құрылған футбол командамыз да ресми де, ресми емес те дәл осылай аталады. Енді жаңа Тобылдың да осының кебін кимесіне кім кепіл?

Біздіңше, бұл жерде бір әттегене-ай кеткен секілді. Онсыз да атау беру керек болса, неге халқымыздың бас ақыны Абай хәкімнің есімін бермеске? Ол Абай атамыздың алдымызда тойлағалы отырған 175 жылдығына деген өзіміздің ілтипатымыз болмас па еді? Оның үстіне бір кезде Тұңғыш Президентімізге көше атауын беру керек деген ұран көтерілгенде облыс орталығында Гоголь, Чехов немесе Пушкин секілді қала орталығында «мен мұндалап» тұрған әсем көшелер тұрғанда орталықтағы Абай даңғылына ауыз салдық. Асыққанымыз соншалықты, Абай есімі жазылған маңдайшаларды түн ортасында жұлып алып тастауға білек сыбана кірістік. Абырой болғанда ертеңіне мұндай жандайшаптықты республикалық ономастикалық комиссия тоқтатты. Және бұл масқараны мұндағы облыс бюджетінен қаржыландырып отырылған баспасөз емес, қазаққа онша бүйрегі бұра қоймайтын «Наша газета» деген басылым ғана дабыл көтеріп, түбірімен қопарып жатқан маңдайшаларды суретке түсіріп, шулатқаннан кейін ғана екпіні басылғандай болды.

Шындығында да мұның бәрі өтірік көзбояушылық болатын. Біздің биліктің Назарбаевты қалай құрметтейтіндігі де белгілі болды. Егер шынымен оның атын қалдырғысы келіп, ынтасы ауып тұрса, сол орталықтағы Гоголь секілді көшенің атын неге алып бермеді? Оған өзге жұрттың онша қарсы бола қоймасы белгілі ғой. Алайда оған жүректері дауаламады. Одан гөрі арада төрт ай өткенде ғана Назарбаевтың атын орталық базардан екі көше аулақ жатқан Гагаринге ауыстыра салды. Оның өзінде де Гагаринді біржолата жоюға батылы жете қоймады. Тәп-тәуір көше - Гвардейский деген даңғылды Гагаринге қайта сыйлады. Осы ма кезінде біздегі биліктің сол кісінің арқкасында үлкен лауазымға жеткендігінің қайтарымы, яғни шынымен ерекше кқұрмет көрсеткендігі? Жалпы, мұны құрмет деп атауға да ауыз бармайды.

Бір әңгімен бір әңгіме шығады дегендей көше атауларын өзгертудегі жөнсіздіктер мен жүйесіздіктер кез-келген адамды таң қалдырады. Мысалы, бізде кезінде облыстық партия комитетін 20 жылдан артық басқарған, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, Брежневпен достығының арқасында Қазақстан басшылығына мұрнын шүйіріп қараған Бородин деген партократтың атында керемет даңғыл бар. Ал еліміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген, хаплқымыздың ардақты ұлдарының бірі, сол Бородиннің тікелей басшысы Қонаев мүлдем ескерусіз қалған. Мұны аз десеңіз, кезінде театр мен кинода қаншама керемет сатиралық образ жасаған, бір өзі бір дастан дерлік, осы жердің түлегі Серке Қожамқұловқа да көше де, ескерткіш те жоқ. Ал сөйте тұра бір кезде тек алғашқы министр болғаны үшін ғана  Шайсұлтан Шаяхметовке сөзге келместен орталықтағы бір көшені бере салды. Мүмкін ол кісінің баласы мықты бизнесмен, ал келіні үлкен бір банкті басқарғандығынан да шығар. Ал Серке атамызды жоқтайтын ондай адамдар табыла қояр ма екен. Енді мұны да аз десеңіз, қазіргі таңда қала билігі кезінде Парламенттің Мәжілісін басқарған Орал Мұхамеджановқа көше береміз деп жанталасып жатыр. Не үшін? Қазақстан Парламентіне қандай еңбек сіңіріп, қандай жаңа сатыға көтеріпті? Сонда оның ана Серікболсын Әбділдиннен қай жері артық? Қадірлесек, сол кісіні қадірлейік те. Әрауғы риза болсын.

Жалпы, қысқасы бізде мұндай қисынсыздықтар жетіп артылады. Бүгіндері біздер «Қайсы бірін айтайық, ішің білсін Алуа-ай» деп іштей ашынғаннан басқа қолдан келер қайраң жоқ.

Жайберген Болатов

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420