Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2146 0 пікір 12 Қыркүйек, 2011 сағат 07:06

АЛТЫНБЕК

12-нші қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні

Қырықтың мол iшi қазақтың кiл қаймақтарына неге жұт боп тие бередi осы? Үшiншi мүшел мен төртiншi мүшелдiң арасында (37 жас пен 49 жастың арасы) жоғалттық зиялыларымыздың көпшiлiгiн. Алаш күрескерлерiне мылтық кезелгенде олардың түгелге жуығы қылшылдаған қырықтың iшiнде едi, екiншi мүшел мен үшiншi мүшелдiң арасында...

"Егер қырықтан аман шықсам, жүзге жетемiн", - дейдi екен Қасым Аманжолов. Сөйткен Қасым дәл қырық төртiнде бақиға аттанды. "Мен бүгiн дәл қырықтың бесеуiнде" деген Мұқағали Мақатаев та сол өзi жырлаған қырық бесiнде өттi дүниеден.

Қазақтың көрнектi жазушысы Жүсiпбек Аймауытов "ұлтшыл" деген айыппен атылғанда 42 жаста емес пе едi? Қазақ Сәкен Сейфуллинiнен 44-iнде айырылды. Қайраткер Тұрар Рыс­құлов та дәл 44-iнде оққа ұшты. Айта берсең, қырықтың iшiнде көз жұмған қайраткерлерiмiз сұмдық көп.

Қазақ қоғамы жүз жылда да жазыла қоймайтын терең жарасын ыңырана жалап жатыр әлi. "Қырықтың қырсығынан ендi құтылған шығармыз" деп жүргенбiз. Сөйтсек, оның сарқыншағы әлi бар екен. "Қырықтың қырсығы" қазақты әлi өкшелеп жүргенiне көзiмiз жеттi...

12-нші қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні

Қырықтың мол iшi қазақтың кiл қаймақтарына неге жұт боп тие бередi осы? Үшiншi мүшел мен төртiншi мүшелдiң арасында (37 жас пен 49 жастың арасы) жоғалттық зиялыларымыздың көпшiлiгiн. Алаш күрескерлерiне мылтық кезелгенде олардың түгелге жуығы қылшылдаған қырықтың iшiнде едi, екiншi мүшел мен үшiншi мүшелдiң арасында...

"Егер қырықтан аман шықсам, жүзге жетемiн", - дейдi екен Қасым Аманжолов. Сөйткен Қасым дәл қырық төртiнде бақиға аттанды. "Мен бүгiн дәл қырықтың бесеуiнде" деген Мұқағали Мақатаев та сол өзi жырлаған қырық бесiнде өттi дүниеден.

Қазақтың көрнектi жазушысы Жүсiпбек Аймауытов "ұлтшыл" деген айыппен атылғанда 42 жаста емес пе едi? Қазақ Сәкен Сейфуллинiнен 44-iнде айырылды. Қайраткер Тұрар Рыс­құлов та дәл 44-iнде оққа ұшты. Айта берсең, қырықтың iшiнде көз жұмған қайраткерлерiмiз сұмдық көп.

Қазақ қоғамы жүз жылда да жазыла қоймайтын терең жарасын ыңырана жалап жатыр әлi. "Қырықтың қырсығынан ендi құтылған шығармыз" деп жүргенбiз. Сөйтсек, оның сарқыншағы әлi бар екен. "Қырықтың қырсығы" қазақты әлi өкшелеп жүргенiне көзiмiз жеттi...

Мемлекет және қоғам қайраткерi, Алаш зиялыларының үзiгiн жалғаушы Алтынбек Сәрсенбайұлы да дәл 44-iнде оққа байланды. Батыраштар мен Қотыраштар қастық жасамағанда биыл 12 қыркүйекте Алтынбек Сәрсенбайұлы 49 жасқа толар едi... Мүшелге кiретiн едi... Қоғам мүлде басқа бағытта дамыр едi... Амал нешiк, бүгiнгiнiң "сталиндерi" мен "бериялары" ол күнге жеткiзбедi.

...Қазақты "қырықтың қырсығы" әлi өкшелеп жүр. Қашан құтылар екенбiз бұл қырсықтан!

 

Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ,

ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты,Қазақстанның халық жазушысы:

ҰЛТЫН ОЙЛАҒАН АЗАAМАТ

Алтынбек Сәрсенбай­ұлы шын мәнiнде мемлекет­шiл, халықшыл, ұлтжанды, нағыз демократ азамат болатын. Тәуелсiздiктiң алғашқы 10 жылында мемлекетке, үкi­метке қызмет iстедi. Көп үлес қосып, бiрталай шар­уалар атқарды. Бiрақ кейiн билiктiң бұрыс жолға түске­нiн байқады да, билiктен де, мансаптан да iргесiн аулақ салды. Бәрiн тастап халыққа келiп қосылды. Сондықтан да Алтынбектiң рухы халықтың санасында мәңгi жасай бередi.

Ол - халық жағына шыққанда, қайсыбiреулер сияқты көзбояу, уақытша көзалдау үшiн емес, бiржо­ла, түбегейлi халық жағына өткен адам. Бұл қадам бi­реу­лерге жақпады. Дұшпандары оны қыршынынан қиып кеттi. Әйтсе де, Ал­тынбектiң өмiрi қиылғанымен оның рухы өшпейдi. Ол - шейiт болып кеткен адамдардың, азаттық, тәуел­сiздiк жолында құрбан болғандар қатарында саналады. Ке­шегi Алаш қайрат­кер­лерi, жазықсыз қаза тапқан азаматтар секiлдi оның да аты тарихта жазылатын болады.

Соңғы рет Алтынбекпен кездесiп, жеке-дара сөйлес­ке­нiмiз есiмде қалыпты. Министрлiк, елшiлiк қызме­тiн тастағанда жиырма шақты ақын-жазушыларды шақырып, басын қосты. Сұх­бат­тасты. Өзiнiң жайын айт­ты. "Бұл - не бұрылыс, құ­былыс" деп таңданып жүрген шығарсыздар. Жайым­ды айтайын", - дедi. Бiз сонда Алтынбектiң әңгiмесi­не ұйыдық. Ол соңғы рет Ресейде Қазақстанның елшiсi болып қызмет iстедi ғой. "Қазақстанда өзгере бастаған көзқарасым Мәскеуге барып нығайды", - дедi сол жолы. "Қазақстанды сырттан бақылағанда анық бiлi­недi екен. Ресейге қаншалықты тәуелдi, тәуелсiз екенi, қаншалықты байланып қалғанымызды, олардың бiздерге жоғарыдан төменге қарай қалай қарайтынын сол жерде ұқтым. Шынайы тәуел­сiздiкке жету үшiн халық жағына шықтым. Ұлттың, халықтың мүддесiне қызмет еткiм келедi", - деп ағынан жарылды.

Темiрхан МЕДЕТБЕК,

ақын, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты:

РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ҚАТАРЫНДА САНАЙМЫН

"Ақиқат" журналында жұмыс iстеп жүрген кезiм. Алтынбек министрлiк қызметте болатын. Сонда мемлекеттiк газеттердi реформалауды қолға алды. Демократияны, пiкiрлердiң саналуандылығын ендiрудi көздедi. Бiрақ билiк бұған жол бергiсi келмедi. Бұл әрекетке көнбеген Алтынбек билiктi тастап кеттi. Сонда оның ешқашан өз принципiнен таймайтынына көзiм жеткен едi.

Асылы, Алтынбек Сәрсенбай­ұлы - қоғам қайраткерi, күрескер екенiн көзi тiрiсiнде-ақ дәлелдеп берген азамат. Ол ел, жер, саясат туралы, адамдық, имандылық қасиеттер, кiсiлiк, кiшiлiк туралы дер кезiнде сөйледi. Елдi, жердi жаулап бара жатқан қылмыскерлiк әрекет­тердi, сонымен бiрге ұлтқа деген қайырымсыздықты жер-жебiрiне жеткiзiп айтқан ұлы тұлға. Қайталап айтамын, ұлы тұлға. Өйткенi, ол өзiнiң қызметiн де, жеке мүддесiн де ұлттық мүдде үшiн құрбан еттi. Ұлттық, халықтық, елдiк мүдденi өте жоғары қоя бiлдi. Халыққа қызмет ету керек екенiн, тек қана билiк жүргiзу емес, олардың сөзiн тыңдап, санасу қажеттiлiгiн де дер кезiнде айтты. Халықтық демократияны қолдады. Елдi билеушi халық екенiн қатты қадағалады. Сондықтан да Алтынбектiң орны ерекше, есiмi ұмытылмайды. Алтынбектi ұлт үшiн құрбан болған рухани тұлғалардың қатарында санаймын.

 

Дулат ИСАБЕКОВ,

жазушы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты:

ХАЛЫҚ ҮШIН, ЕЛ ҮШIН ҚЫЗМЕТ ЕТТI

Алтынбек - Қазақстандағы мемлекеттiк демократияның ашық, анық, айқын жолына түскен азаматтардың бiрi. Билiктiң тұтқасын бiр адамдай ұстаған адам. Оның айт­қандарына жұрт құлақ асатын, солардың бiрi - менмiн. Өйткенi ол iшкi және сыртқы дүниенiң бәрiн жақсы бiлдi, оны елге жеткiздi де. Әсiресе соңғы жылдары халық үшiн, ел үшiн көп қызмет еттi. Демократия деген терминнiң тәуелсiз елiмiзге шындап келуiне шындап белсене кiрiстi. Мұның өзi оған оңайға соқпады. Өмiрiн орып кеттi. Өкiнiшке қарай, бұл қастандықтың кiмнен келгенiн әлi күнге бiлмеймiз.

"Жазушы" баспасының тiзгiнiн ұстап отырғанымда Алтынбек министр болатын. Баспахананың 60 жылдық мерейтойында ерекше қамқорлық жасады. Қызметте жүрге­нiн­де баспаханаларды гүлдендiрудi қолға алған едi. Жалпы, Алтынбек­тiң кесек-кесек кiсiлiк қасиеттерi өте көп.

Алтынбектiң өмiрi кенеттен бiтетiнiн ойлаған да жоқпын. Ал­ғаш министр болған кезде құттықтап: "30 жасыңда министр болдың. Ары қарай не iстейсiң?" деп әзiлдеген едiм. "Маңдайға жазғанын көремiз ғой" деп едi сонда. Сол маңдайға қысқа ғұмырды жазғаны, өкiнiштi-ақ.

Өлгенi бар, тiрiсi бар, әдебиет жолында жүрген жазушылардың шығармаларын сараптап, бағалап отыратын. Оралхан Бөкей оқулары да Алтынбектiң кезiнде шығып едi. Мiне, осындай азаматымыздан қапыда айырылдық. Ендi оның орны тола ма, толмайды ма, ол болашақтың еншiсiндегi жауап.

 

Сейiтқасым ОПАНОВ, "Азат" ЖСДП-ның түркiстандық белсендi азаматы:

АЛТЫНБЕКТI ҚОРҒАЙ АЛМАҒАНЫМА НАЛЫДЫМ

"Ақ жол" партиясының екiге бөлiнiп, кiмнiң кiм екенi байқалған. "Нағыз Ақ жолдың" алғашқы құрылтайына арнайы Түркiстаннан Алматыға келдiм. Бар тiлегiм - Алтынбекпен кездесу, тiлдесу. Қанша әрекеттенсем де, онымен кездесе алмадым. Жиын тарқап, асханада тамақтанып отырғанбыз. Кенет есiктен Болат, Алтынбек және Төлеген кiрiп келдi. Жалтақтап олар отырған жаққа қайта-қайта қараймын. Үшеуi тамақтанып, сыртқа беттегенде, мен де соңдарынан ердiм. Өзара сөйлесiп бара жатыр. Бiр кезде Алтынбек артына бұрылып, маған қарады (менiң ниетiмдi байқаған екен). Жылы жымиып, "ассалаумағалейкүм!" деп қос қолдап амандасты. Жанындағылардан бөлiнiп, аман-саулық, жөн сұрасты. Бiршама уақыт сөйлестiк. "Аға, Түркiстанда партияның өкiлдiгiн ашу жоспарда бар. Соған өзiңiз жетекшiлiк жасасаңыз", - дедi. Қоңыр даусы адамды өзiне ерекше баурайтын азамат едi ғой... Үнiндегi сенiмдiлiк бойыңа күш берiп, қажай түседi. "Аға, бiз мақсатымызға жетемiз" деген сонда. Осы кездесу ойымнан кетпейдi. Алтынбектей азаматы бар қазақ елiнiң биiкке шығарына кәмiл, шүбәсiз сендiм... Мен Алтынбектiң келуiн тағатсыздана күтiп жүрдiм.

Ағам қайтыс болып, жаназасын өткiзiп жатқанбыз. Таяқ тастам жерде "ақжолдық" бiр жiгiттiң әлдененi өрекпи айтып жатқанын байқадым. Жандарына барып, сұрау салғанымда, төбемнен жай түскендей болды. Алтынбектен айырылыппыз. Iшiмдi өртеген өкiнiшке, күйiнiш, ренiш бәрi-бәрi араласып жатқандай. "Неге? Қалай ғана?" деген екi сұрақ санамды осып барады. Өкiре, өкiне жыладым... Өзiме, бар қазаққа өкпелей жыладым. Алтынбектi сақтамағанымызға, қорғай алмағанымызға налыдым. Алтынбек партияның дiңгегi, басы болды. Ол кеткен соң, басы жоқ партия теңселiп, тентiреп кеттi. "Нағыз Ақ жол"-дың көбесi сөгiлiп, Алтынбексiз ыдырай бастады. ЖСДП-мен бiрiгiп, қатарындағы қаншама адамдарын жоғалтты. Бұрынғы жолдас­тары, әрiптестерi Алтынбектiң арманын, аманатын қастерлей алды ма? Менi осы сұрақ қинайды. Пендешiлiктiң құрсауынан шыға алмай, негiзiн Алтынбек қалаған партияның құтын қашырсаң, бағасын кетiрсең, не болғаны?

 

Жанарбек ӘШIМЖАН, ақын:

ӘЗIЛI АТТАН ТҮСIРЕТIН

Алтыкеңмен көбiне "спорттық" қарым-қатынаста болдық. Журналистердi ұйымдастырып, жиi футбол ойнайтынбыз. Ол футболды ерекше жақсы көрдi, шебер ойнайтын. Ойын болған соң, ашуланасың, айғайлайсың. Алаңда адамның бар мiнез-құлқы ашылады. Сондайда ол барлығымыздың сыртымыздан бақылайды екен. Бiр күнi газетiмiздiң басшысының командасына қарсы топта ойнадым. Жүкең доппен жүгiрiп келедi екен. Алтыкеңе пас беру үшiн алдынан шығып, допты алмаққа әрекеттендiм. Икемсiз әрекеттен болды ма, Жүкең сүрiнiп кеттi. Ойын ережесi бұзылды деген бастығыма өзiмнiң дұрыс және доп үшiн ойнағанымды айтып, шырылдап жатырмын. Кенет жанымызға келген Алтыкең "Жанарбек, сен доп емес, редактор үшiн ойнадың ғой" демесi бар ма. Дау-дамайымыз қыран топан күлкiге ауысты. Оның осындай ұтымды сөздерi күрделi түйiндi оп-оңай тарқатушы едi. Қашанда тек әдiлдiктi жақтап, ақиқатты айтатын. Әрбiр айтылған сөздi қалт жiбермей, саралап, таразылау - Алтынбек ағаға тән ерекше қасиет болатын.

 

Жалғасбай қажы Бостанұлы, зейнеткер-дәрiгер:

КӨРМЕСЕМ ДЕ КӨРГЕНДЕЙМIН

Алтынбек қысқа ғұмырында халқына шынайы берiлгендiктiң, сүйiспеншiлiктiң, жанашырлықтың, қам­қоршы қайраткерлiктiң өнегелi үлгiсiн көрсете бiлдi. Мен оның баспасөз беттерiндегi пiкiрлерiн, сөздерiн, ойларын жiбермей оқып жүрдiм. Оның тiлеуiн тiледiм. Өзiме өте жақын тұттым. Жүзiн бетпе-бет көрмесем де, көргендей, қасында жүргендей әсерге бөленемiн. Оның терең ойлары менiң ойымды байытты, көкiрек көзiмдi ашты.

Алтынбектi ерекше жақсы көремiн. Өйткенi ол халқын, яғни бiздi ойлады, бiздiң ұрпағымыздың бүгiнi мен ертеңi үшiн қаракет еттi. Айтқан сөздерi соншалықты әдiлеттi әрi көрегендiк едi. Шiркiн-ай, ол азаматымыз тiрi жүрсе, ел басқарып, президент болса, қоғамды да, билiктi де түзеп, оң жолға бастар едi деп өкiне армандаймын. Артындағы тұяғы - қызы мен ұлы аман болсын. Алтынбектiң аруағына бағыштап әрдайым дұға етемiн. Өзiм сияқты Сәрсенбайұлын - халық ұлын қимастықпен еске алатындарға айтарым: оған қастандық жасатқандар Алладан жазасын тартады.

 

Жұмабай ДОСПАНОВ, "Алтын ғасыр" газетiнiң бас редакторы:

ДАНАЛЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКIЗДIМ

Алтынбекпен жүзбе-жүз кездесудiң сәтi тек 2004-жылы ғана түстi. Шiлде айы болатын, Алматыда едiм. Әдейi өлтiрiлген танымал тәуелсiз журналист Асхат Шәрiпжановпен қоштасу Лермонтов театрында өттi. Ақпарат және мәдениет министрiне қайтадан тағайындалған Алтынбек Сәрсенбайұлы да онымен қоштасуға келген. Оңтайлы сәттi қалт жiбермей, амандасып, лауазымымен құттықтадым, 2000-жылдың күзiнде маған "Атырау ақшамы", "Алтын ғасыр" газеттерiн еш кедергiсiз ашып бергенi үшiн қолын қайтадан алып, алғысымды бiлдiрдiм.

- Жұмеке, қолымда тұрғанда пайдаланып қалыңыз. Тағы екi газетiңiзге куәлiк берейiн, Ермұраттар сияқты, - дедi ол ақжарқын кейiппен.

- Алтеке, рахмет. Әзiрге жарайды ғой. Ойланып көрейiн, кейiн хабарласармын, - дедiм, одан сайын разы болып.

- Кейiн кеш болуы мүмкiн... Мен бұл қызметте көп отырмаймын, қойған талабым бар, орындалмаса - кетемiн, - дегенiнде әлгi жып-жылы жүзiне салқын жүгiргендей көрiндi маған.

Шынымен, қыркүйекте Алтынбек министр портфелiн өз еркiмен керi тапсырды...

"Назарбаевшылдар өз "жеңiстерiне" жоқ дегенде жарты жыл мас болумен жүредi. Ал бiз - оппозиция келесi сайлауға алдағы көктемнен қайта дайындықты бастап кетемiз. Бiз ендi жаңа стратегиямен басқа жолға түсiп, Грузиядағыдай, Украинадағыдай, Қырғызстандағыдай оппозицияны билiкке жеткiземiз. Мен соның жобасын дайындауға кiрiсiп кеттiм" деген едi. Бұл сөздердi 2005 жылғы әдiлетсiз өткен президенттiк сайлаудан кейiн айтып едi. Мүмкiн оның өлтiрiлуiне осы жоспар-жобасының тiкелей қатысы болған шығар... Заманбек те осы тәрiздес "жоба-жоспарын" дайындау үстiнде атылған едi...

Алтынбек Сәрсенбайұлының ерекше даналығына көп жағдайда көзiм жеткен. Қазақстанда ешқашанда тарих пен халық кешiрмейтiн қазақ ұлтының әлемдiк деңгейдегi асыл азаматтарына ХХ-ғасырдың 30-жылдары мен осы ғасырда жасалын­ған саяси қудалаулар мен олардың бастарын жоюдың қасiреттерi - тым ұазаққа созылатынын бiлгенiмiз жөн. Осы тұтас бiр ұлттың тағдырына қаныпезерлiкпен өте ауыр қылмысқа барғандар - Отанымыздың ең опасыз сүмелектерi.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478