Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3157 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 05:36

Ардақ Нұрғазыұлы. Жаңа эпос (жалғасы)

«Күй кітабын» оқыған адамның «мұнда Паганини қайдан жүр?» деп ойлап қалуы мүмкін. Еуропаның музыка тарихындағы ең даңқты скрипкашысы ретінде әлемге танылған Паганиниді атау арқылы ақын мұнда өзіне тән тәсілмен ой тастайды. Симфониялық музыка дамыған Еуропада скрипка бастанаяқ өзінің даралығын жоғалтпай келеді. Басқа аспапқа қарағанда, скрипканың орны бөлек. Біз домбыраны қалай қастерлесек, еуропалықтар скрипканы дәл солай даралап қастерлейді. Бұдан тыс ақын Паганини туралы жазғанда сахна мен жүріп жатқан концерт туралы айтады. Бұл жерде ақынның санасында қазақ күйінің онда да Құрманғазыдай дауылпаз күйшінің А.Жұбановтай рухтас-ізбасарларының талпынысымен, еуропалық осы заманғы музыканың деңгейінде түлегені туралы ойы өріс тапқан.

Музыканы сөзбен түбегейлі жеткізудің мүмкіндігі жоқ. Өйткені онда анық мазмұн болмайды. Ал, сөзде анық мағына бар. Қайшылық та осы жерде туады. Ж. Нәжімеденов бұл қайшылықта Батыстың модернист ақындары сияқты образдар шеруі арқылы шешкен. «Күй кітабында» осындай екі тамаша өлең бар.

«АДАЙ»

Екі ішек: бірі бостау, қатты бірі,

бес саусақ беретіндей ат дүбірін.

Күйшінің қатты ішекке қайраты өсіп,

екінші бостау, ішекте ақты мұңы.

Секілді қорғасын-сел балқып ағып,

асығып, арна салып аңқыды анық...

Түтіліп түбірінен кеткен бұта,

толқынға батып-шығып малтығады.

Көгала дүрмек болып ағады ағыс,

шаңқылдап шықты биік шағала-құс.

Ең соңғы жармасқанның жұлынғандай

қарайсың жанталаса жағаға алыс.

Бұралап бар толқынды қолтыққа атып;

мың сұлу бір қызықтан елтіп татып,

Бәрі де суға кетіп баратқандай

мың жібек орамалды желпіп батып...

Бейне бір төңкерілген өлі қайық,

жағада жартас қана қоңырайып.

Әйтеуір ала-тарғыл бұл көріністі

ұқпайсың не шаттанып, не мұңайып.

Азулы үн аңдағанның қаусатты ішін,

шаншылып кеп сезеді жүрек саусақ күшін;

кірсе егер құлағыңа,

күй әлемін

не жек көр, не бір затты аңсап түсін...

«ӘСЕМ ҚОҢЫР»

Менің де кетті бүгін күйім жылып,

Күлші әсем, көк күмісті құйылдырып!

Шашың да әсем екен үйірілген,

Өткендей тас төбеңнен құйын жүріп.

Тамшыдай тұнып жанса көз дегендер,

Қайтесің мөлдірлікті сезбегенде.

Шаттық жоқ бұ көшені кезбегенде,

Қайғы жоқ кәрліктен өзге менде.

Айнала күбір-күбір, мың-мың ғашық,

бал-сезім құйылады ындынды ашып.

Егіз үн жараспай ма,

кеткен кезде

екі ішек бір-бірімен қылмыңдасып.

Ғұмыр-ай, қарттар сүйген, жас ұнатып,

Көңілді күлкі, назға асыратып.

Жұмбақты ешкім керек етпеген соң

Жүр дейді құдайдың да басы қатып...

Қоңырым, әсемсің ғой әсерден де,

Тек күйдің күші келер әсемдеуге.

Күлмесек,

Жылымасақ бұл шуаққа

ұқсармыз емшек емес, тас емгенге.

Тамшыдай тұнып жанса көз дегендер,

қайтесің мөлдірлікті сезбегендер.

Шаттық жоқ - бұ көшені кезбегенде,

қайғы жоқ - кәріліктен өзге менде.

«Күй кітабы» қай қырынан қарасаңыз да симфониялық түс алады. Шығарма құрылымы жағынан жоғарыдағыдай сала-сала болып жіктелсе, ішкі образы арқылы да жіктеледі.

Бетховеннің «Тағдыр» симфониясының басталған тұстағы иірімін сыншылар сан-саққа жүгіртетіні бар. Себебі оның тасасында композитордың өмір жолы, қала берді, дәуірдің келбеті тұр деседі. Соған ұқсас төмендегі мына жолдар қарамаққа қарапайым тіркестей көрінгенімен, шығарманың музыка тақырыбында екенін есіңізге алсаңыз, бірден айтып тауысқысыз мағынаға ие болып шыға келеді.

Дала жатыр.

Жиылмапты-ау етегі,

кеңдік жатыр өзіне-өзі күш бермей.

Қыр бастары қараң-қараң етеді -

ақиқаттың көлеңкесі секілді.

Сөз - қазақ музыкасы, онда да күй туралы болып жатыр. Күй туралы айтқанда дала туралы міндетті түрде айтылады. Дала - үлкен кеңістік. Ол мәдениет пен тарихтың сахнасы. Жоғарыдағы екеу болған жерде кез-келген мазмұнды суыртпақтап шығуға болады. Соның бірі - ақиқат тақырыбы. Осылайша бір шумақ өлең ге көл-көсір мазмұн сыйып тұр. Мұндай түйіндер «Күй кітабында» жиі ұшырайды.  Бұл арада жоғарыдағыдай тіркестерден қандай мән-мағына табатыны оқырманның талғамы мен зейін-зердесінің білігіне байланысты болмақ.

Кейде ақындық деген қандай қасиет деген ой келе қалады. Көз алдыңнан қилы тағдырлар өтеді. Ақындық деген - өзің мен дүниенің арасындағы бір әлемде өртене жанып, соңында қараңғылыққа сіңіп кету. Қараңғылықты сезіне алмасаң, жана алмайсың. Поэзия деген - сөз емес, жанған От! Сөзге сіңген ұлы сезімнің жарығы, жылуы және үні. «Күй кітабында» біздің Ж. Нәжімеденов те өртеніп жанған.

«Күй кітабының» бойында мол мүмкіндік бар. Жол айрығында тұрған мұндай шығармалар өзін ғана көрсетіп қалмайды, болашақты да елестетеді. Мүмкіндік болса, мен «Күй кітабының» үш данасын сатып алуға дайынмын. Біреуін үйде, енді біреуін түзде оқу үшін, ал, үшіншісін «ең үздік қазақ ақынының қайталанбайтын дара туындысы», - деп жат жұрттықтарға сыйлау үшін алар едім.

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352