Жексенбі, 24 Қараша 2024
Коронавирус 2828 4 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 11:11

Дүниежүзінің һәм Қазақстанның экономикасына жасалған соққы

Осыдан екі-үш айдай бұрын он миллионнан астам халық тұратын Қытайдың Ухан қаласында байқалған коронавирус бүгінгі таңда жер шарының жүзден аса еліне таралып, пандемияға айналғанын Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы жариялады. Қазіргі таңда бұл ауруды жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып, қатерлі дерттен сегіз мыңнан аса адам көз жұмды.

Covid 19 вирусы соңғы бір айда Батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралуда. 18 наурыздағы мәліметтер сәйкес осы дертке Италияда 18 мыңнан аса адам шалдыққан, бір тәулікте ауру 2,5 мың адамға жұғып, 250-і қайтыс болған. Германияда дертке шалдыққандар саны 3600 адамға жетіп, 1000-ы көз жұмған, Францияда - 3600 және 800. Қытай мен Оңтүстік Кореяда короновирусты жұқтырғандар саны 160 мыңнан асты. Бір қуанарлық жай аталған мемлкеттерде аурудың өршуі бәсеңдеп келеді. Мәселен бір тәулікте біріншісінде ауру бар жоғы 11, екіншісінде 107 адамда тіркелген.

Осыдан екі айдай бұрын Қытаймен шекаралас жатқан біздің елге Covid 19  дерті таралатыны жайлы болжам жасаған едім. Қаңтар мен ақпан айларында жиырма мыңнан аса жерлестеріміз көрші елден, оның ішінде екіжүзге жуық студент короновирус инфекциясы өршіп тұрған Ухан қаласынан келді. Аурудың келесі ошағы Оңтүстік Кореяда отыз мыңға жуық азаматтарымыз жұмыс істеуге және т.б. себептермен барған екен. Карантиндік және санитарлық шараларды сақталу нәтижесінде 8 наурызға дейін елімізде ауру жұқтырған адам байқалмаса, 9-14 аралығында төрт науқас тіркелді, оның біреуі Алматыға Италиядан, үшеуі Германиядан оралған, бәрі өзіміміздің қандастарымыз. Қазір ҚР денсаулық сақтау министрлігі 44 қазақстандық короновирусқа шалдыққанын растады. Ғаламторда «Нұр-Сұлтан» қаласы сотының төрағасы Германияда және бір отандасымыз Румынияда осы кеселден емделіп жатқаны жайлы ақпарат жарияланды.  

Германия мен Италиядан төрт отандасымызбен екіжүзге жуық жолаушылар  келгенін, олар бірден карантиндік оқшауға алынбағанын ескерсек, кеселге шалдыққандар саны күн сайын көбейе беретініне күмән жоқ. Мәселен 9 наурыз күні Франкфурттен Алматыға ұшып келген Аида Ким короновирусқа шалдыққан науқас бар екенін білмеген, күйеуімен тек ертеңінде ғана жұқпалы ауруханаға жатқызылыпты, бортта 73 жолаушы болған. Әр палатада алты адамнан жатқанын, үш сағат сайын дененің қызуын өлшеп, жазып отыратынын, қан мен сілекей тексерістерінің нәтижесі төрт бес тәуліктен кейін белгілі болатынын жазыпты. 19 наурызда жарияланған деректерге сәйкес елімізде короновирусқа шалдыққандар саны 44-ке жетіпті. Осыған байланысты 19 наурыздан бастап оңтүстік пен солтүстік астаналарда карантин жарияланды.

Короновирустың елімізде кең таралып кетуіне жол бермеу үшін мемлекет басшысы арнайы қаулы қабылдап, санитарлық гигиеналық шаралар іске асырылуда. Мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу оқындары студенттері мезгілінен ерте демалысқа жіберілді. Көп адамдар қатысатын  халықаралық және қоғамдық шаралар доғарылды немесе шектелді. «Ашық алаң» ток шоуы аясында Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлері Диас Ахметшәріп пен Динагүл Баяшева және т.б. қатысуымен Қазақстан телеарнасында бес алты рет сұхбат жүргізілді, күнделікті жарнамаларда сақтық шаралары бірнеше рет қайталанып жатыр. Олар: «Қолыңды тәулігіне бірнеше рет сабындап жу, арнайы қоспалар немесе спиртпен зарарсыздандыр, қол беріп амандаспа, түшкірсең аузыңды орамалмен жап, денеңді шынықтыр, ағзаның дертке беріктігін нығайту үшін көкөністер қолдан сияқты жалпылама  шаралар. Оған қоса: «Жабайы аңдар мен құстардан аулақ жүр, түшкірсең аузыңды жеңіңмен жап», деген сияқты да ақылдар айтылуда. Қалада жабайы аң мен құс қайдан болсын. 

Тұмау аурулары негізінен ауа арқылы (воздушно-капельная инфекция)  жұғатындықтан көшеде, қоғамдық орындарда, жолаушылар тасымалдайтын көліктерде бет пердемен жүру насихатталушы еді, короновирусқа қарсы бұл шараға көңіл аударылмады. Оның себебі: алыпсатарлар халықтың мұқтаждығын пайдаланып табысқа кенелу үшін дәріханаларда 20-25 теңге тұратын бетперделерді 200-250 теңгеден сататын көрінеді. Алматыда оларды тігетін үш төрт цех бар, бірақ, шикізаттың жоқтығынан олар тұралап тұрған көрінеді. Жақын арада Қытайдан материал келеді деп үміттенуде. Шымкенттен «Нұр-Сұлтанға» бетперденің жүз мың данасы жіберілмек. Халық саны бір миллионға тақаған мегаполиске ол не болсын. Оның үстіне төрт-бес сағат пайдаланғаннан кейін оны ауыстырып отыру керек, деп дәрігер кеңес беріп жатыр. Павлодарда тәулігіне 500 мыңдай бетперде шығарға мүмкіндік бар екен. 

Короновирустың таралуын шектеу үшін қоғамдық санитарлық-гигеникалық шара ретінде көліктерді зарарсыздандыру кеңінен қолданылып жатыр. Бірақ  мөлшері өте ұсақ, жоғарғы температура мен химикаттарға берік вирус  инфекциясын ол жойып жіберетініне сену қиын. Көп нәрсеге немқұрайлы қарайтын біздің отандастар тазалық пен гигиенаны жоғары дәрежеде сақтайтын, нұсқауларды бұлжытпай орындайтын аса ұқыпты, ыждахатты неміс халқынан аса алмас.

Елімізде жаңа тарала бастаған короновирус наурыз бен сәуірде өрістеп, маусым айына дейін созылуы мүмкін. Негізінен бұл ауруға отыз жастан асқан, созылмалы науқастан ағзасының беріктігі төмендеген адамдар жиірек шалдығады екен. Италияда одан қайтыс болғандардың көпшілігі 65-тен асқандар. Шетел ғалымдарының жинақтаған мәліметтеріне қарағанда бұл дертке он жасқа дейінгі балалардың шалдығуы 0,5,  11-17 жастағылардікі 1 пайыздан аспайтын көрінеді.

Covid 19 АҚШ ғалымдары қолдан жасаған ауру қоздырғышы, Ухан қаласындағы аса қатерлі микроағзалармен айналысатын вирусологиялық зертханадан таралған деген болжам бар. Осыдан бес-алты жылдай бұрын аталған мемлекеттің қаржыландыруымен Алматы қаласының шетінде жылықандылардың аса қатерлі дерттерін қоздыратын микроағзалар коллекциясын сақтайтын зертхана ашылған. Қытай ғалымдары бұл ауруға қарсы вакцина шығарған болу керек, Ресей вирусологтары да мақсатқа жетуге жақын, бірақ сынақ жүргізуге вирустың қажет штамын аспан елінен ала алмай отырған көрінеді. Ашық алаң ток шоуында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі короновирусқа қарсы вакцина шығаруға жоқ дегенде екі үш жыл керек деді. 

Он тоғызыншы ғасыр мен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде оба,  безгек, сүзек, өкпе ауруы (түбіркулез) және т.б. жұқпалы індеттерден миллиондаған адамдар қырылғанын; елімізде жол апатының өзінен жылына екі-үш мыңнан аса адам қайтыс болатынын ескерсек, бүгінгі таңда аса дүрлігетіндей ештеме жоқ сияқты. Бірақ, короновирус дүниежүзінің экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыпты халықаралық қатынастар доғарылып, бірталай мемлекеттер шекараларын жабуда, өндірістер тоқырауда. Осының салдары  және мұнай бағасының аяқ астынан төмендеуінен біраз елдердің ұлттық валютасы құлдырап, Қазақстанда бір АҚШ доллары 400-440 теңгеге дейін көтерілді. Жолаушылар тасымалдайтын компаниялардың, туристер қабылдайтын қонақүйлер мен олар тамақтанатын дәмханалардың, сауда орындарының, әсіресе Қытайдан жеңіл өнеркәсіп тауарлары, киім-кешек сататын кәсіпкерлердің жұмыстары тоқырауда. Оларды қолдау мақсатында мемлекет бюджетінен 300 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Тамыр таныстық пен сыбайлас жемқорлыққа жол бермей сол қаражатты шағын және орташа кәсіпкерлердіе қолдау мақсатында тиімді пайдалану қажет. Италияда короновирустың таралуынан үрейленген халық азық -түлік дүкендерінің сөрелерін босатқан көрінеді. Елімізде де осындай жағдай орын алмас үшін ауылшаруашылық министрлігінің өкілі бес алты айға жететін азық түлік қоры бар екенін ресми мәлімдеді. Covid 19 бен экономикалық дағдарысты жеңу үшін бостан-босқа үрейленіп дүрлікпей, халқымыз тәртіп пен сабырлық сақтағаны жөн

Мұрат Қойшыбаев

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5731