Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3026 0 пікір 5 Қазан, 2011 сағат 08:35

haq.abai.kz - жаңа діни сайт оқырманына жол тартты

Abai.kz ақпараттық порталында соңғы жылдары еліміздегі қалыптасып отырған рухани жағдайға байланысты діни мазмұндағы мақалалардың дүркін-дүркін жарияланып келгені көпшілікке аян. Әсіресе, Хақ дін һәм ұлттық мүддені бір-біріне қарсы қоймай, қайта қабыстыра білу жолында порталымызда өткір-өткір мәселелер көтерілді. Дін - теологиялық құбылыс ғана емес, түсін білгенге қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін илаһи тетік, сондай-ақ, ұлттың жоғын жоқтап, мемлекетіміздің біртұтастығын сақтауға серпін беретін рухани  зор күш. Осы ретте халқымыздың ғасырлар бойы рухани сусындап келген кәусар-бұлағы - Ислам діні тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген жас мемлекетіміздің қанаты қатайып, тұғыры нығая түсуіне ықпал етуі тиісті-тін. Алайда, туелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кеңшілікті (діни босаңсуды) ұтымды пайдалана білген түрлі деструктивті және экстремистік пиғылдағы діни топтар рухани қажеттілігін өтеуге қайнар-көз іздеген азаматтарды түлкі бұлаң, айла-шарғыға салып, өзіне тартып, халықтың рухани келбетін алажаңқа түрге бөледі. Бұл өз кезегінде рухани бөлшектену ғана емес, жас мемлекеттің болашағын бұлдыр, келешегін көмескі етер бірден-бір керітартпа фактор еді. Жат пиғылдағы діни ағымдар рухани бірлікті біржолата сетінету үшін халықтың қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан діни наным-сенімін жоққа шығаруды күн тәртібіне қойып, осы бағыттта өршелене жұмыс істеді.

Abai.kz ақпараттық порталында соңғы жылдары еліміздегі қалыптасып отырған рухани жағдайға байланысты діни мазмұндағы мақалалардың дүркін-дүркін жарияланып келгені көпшілікке аян. Әсіресе, Хақ дін һәм ұлттық мүддені бір-біріне қарсы қоймай, қайта қабыстыра білу жолында порталымызда өткір-өткір мәселелер көтерілді. Дін - теологиялық құбылыс ғана емес, түсін білгенге қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін илаһи тетік, сондай-ақ, ұлттың жоғын жоқтап, мемлекетіміздің біртұтастығын сақтауға серпін беретін рухани  зор күш. Осы ретте халқымыздың ғасырлар бойы рухани сусындап келген кәусар-бұлағы - Ислам діні тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген жас мемлекетіміздің қанаты қатайып, тұғыры нығая түсуіне ықпал етуі тиісті-тін. Алайда, туелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кеңшілікті (діни босаңсуды) ұтымды пайдалана білген түрлі деструктивті және экстремистік пиғылдағы діни топтар рухани қажеттілігін өтеуге қайнар-көз іздеген азаматтарды түлкі бұлаң, айла-шарғыға салып, өзіне тартып, халықтың рухани келбетін алажаңқа түрге бөледі. Бұл өз кезегінде рухани бөлшектену ғана емес, жас мемлекеттің болашағын бұлдыр, келешегін көмескі етер бірден-бір керітартпа фактор еді. Жат пиғылдағы діни ағымдар рухани бірлікті біржолата сетінету үшін халықтың қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан діни наным-сенімін жоққа шығаруды күн тәртібіне қойып, осы бағыттта өршелене жұмыс істеді. Ал, дәстүрлі емес діни ағымдардың уағыз-насихатына иланып, құлтемірге айналған азаматтар халқымыздың бай мәдениетін терістеп, жоққа шығара бастады. Міне, осы қожыраудан кейін, Қазақ даласының қай түкпіріне барсаң да дәстүрлі түсініктегі исламның жанашырлары мен деструктивті діни  топ өкілдерінің арасындағы айтыс-тартысты көретін болдық. Бара-бара бұл қалыпты жағдайға айнала бастады. Қарама-қайшылық бар жерде елдің бірлігіне сызат түсетіні айтпаса да түсінікті-тін.

Деструктивті діни топтардың еліміздің аумағында алшаңдай басып, еркін жүріп-тұруына дін хақындағы заңымыздың солқылдақтығы ғана әсер еткен жоқ. Сонымен қатар, жетпіс жылдық атеистік дәуірдің салдары саналатын діни сауатсыздық та халықтың жат пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетуіне түрткі болды. Кеңестік кезеңде рухани тамырынан ажырап қалған халық тоқсаныншы жылдары діни сенімге бостандық алған  жылдары діни талдау жасамастан, сараламай бас-көз жоқ жастарды Ислам елдеріне оқуға жібере бастады. Қала берді, ел аумағына енген дәстүрлі емес діни топтар жұртымызды жадылап, жастарымызды жат діни сенімнің ұраншысына айналдырды. Жиырма жыл бойы осы мәселеге жалпақ-шешейлік танытып, самарқау қарап келдік. Нәтижесінде, бұрын алыс шет елдерден еститін «ислам эктремизмі», «ислам терорризмі» деген секілді құбыжық түсініктер, бүгін міне мемлекетіміздің тұтастығына селкеу түсіріп, Отанымыздың тыныштығын кетіріп отыр.

Біз елімізде болып жатқан діни үдерісіті саралай келіп, қоғамды бұл дерттен айықтырудың бірден-бір жолы дәстүрлі ислам құндылықтарымен халықты діни сауаттындыруымыз керек деп шештік. Діни сенімі мығым елді сырттан жау ала алмайды. Осы бағытта Abai.kz порталының құрамынан діни ақпараттар тарататын һәм дәстүрлі ислам пәндерінің негізінде діни сауат ашатын Hak.kz (http://www.haq.abai.kz/ ) сайтын ашып отырмыз. Еншілес сайтымыз негізінен Ислам тарихы мен философиясы, фикһ пен ақида, тәпсір мен хадистану секілді айдарлар бойынша мәлімет таратуды қолға алмақшы. Алла сәтін салып, жас мемлекетіміздің бір уығын көтерісіп, шиеленіскен діни мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп жатсақ, үкілі үмітіміздің ақталғаны деп білеміз. Ендеше, Алаш жұрты қош келдіңіздер Haq.kz сайтына!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349