Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3019 0 пікір 7 Қазан, 2011 сағат 05:48

Мақсат Нұрыпбаев. «КСРО құлады. Ендігі жау - ислам әлемі...»

Әңгімені неден бастасам екен? «Шарасыздан шалға тиіп барамын»- деген екен бір қыз баяғыда. Сол сияқты шарасыздықтан ба, амалдың жоқтығынан ба, әлде қотыр лақ та өлер алдында тұяғын бір сілтейді ғой деген жандалбас па,  Һақ дінімізді, дінімізбен бірге сол дінді өмірінің өзегі, тіршілігінің маңызына айналдырған мыңдаған, тіпті миллиондаған мұсылман бауырлардың жан даусын, жүрек бұлқынысын, шарасыздықтан шыққан көз жасын көріп тұрып үнсіз қалу да бір қылмыс деген ой маза бермеді ме, әлде Алла тағаланың маңдайға жазғаны сол болды ма әйтеуір, бір топ жігіт белді бекем буып,  ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің дайындап, Парламентке ұсынған «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы»  заң жобасының қабылдануына үзілді кесілді қарсы шықты, агенттік басшысы Қайрат Лама Шарифтың қызметінен  кетуін талап етті.

 

Ойды ой қозғайды демекші бір мұсылман бауырымыздың қойған сауалы еске түсе кеткені. Мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан балаң жігіт біраз ойланып барып, «аға, осы діни экстремизм туралы сөз болса, неге ислам туралы айтылады. Ислам діні- қантөгіс пен экстремизм, терроризмге қарсы дін емес пе? Мыңдаған адамдарды жазықсыз қырып тастаған, әйелдерді, балаларды тірідей өртеген діни секталар туралы айтпайды ғой осы» деп кейістігін білдіргені.

Әңгімені неден бастасам екен? «Шарасыздан шалға тиіп барамын»- деген екен бір қыз баяғыда. Сол сияқты шарасыздықтан ба, амалдың жоқтығынан ба, әлде қотыр лақ та өлер алдында тұяғын бір сілтейді ғой деген жандалбас па,  Һақ дінімізді, дінімізбен бірге сол дінді өмірінің өзегі, тіршілігінің маңызына айналдырған мыңдаған, тіпті миллиондаған мұсылман бауырлардың жан даусын, жүрек бұлқынысын, шарасыздықтан шыққан көз жасын көріп тұрып үнсіз қалу да бір қылмыс деген ой маза бермеді ме, әлде Алла тағаланың маңдайға жазғаны сол болды ма әйтеуір, бір топ жігіт белді бекем буып,  ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің дайындап, Парламентке ұсынған «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы»  заң жобасының қабылдануына үзілді кесілді қарсы шықты, агенттік басшысы Қайрат Лама Шарифтың қызметінен  кетуін талап етті.

 

Ойды ой қозғайды демекші бір мұсылман бауырымыздың қойған сауалы еске түсе кеткені. Мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан балаң жігіт біраз ойланып барып, «аға, осы діни экстремизм туралы сөз болса, неге ислам туралы айтылады. Ислам діні- қантөгіс пен экстремизм, терроризмге қарсы дін емес пе? Мыңдаған адамдарды жазықсыз қырып тастаған, әйелдерді, балаларды тірідей өртеген діни секталар туралы айтпайды ғой осы» деп кейістігін білдіргені.

Уақыт шіркін қашан да тапшы болса да жүзінен имандылық нұры төгілген бауырыма өз білгенімше түсіндірген болдым. Сондағы айтқаным мынау еді: Ислам дінін әлемдік құбыжық етіп көрсету бірнеше кезеңге бөлінген. Тым арғысын айтпасақ та өткен ғасырдың 90 жылдары ислам әлеміне қарсы жойқын соғыс басталды. Бір ғана эпизод: 90 жылдардың басында Батыстың КСРО-ны толық жеңгені мен оның әлемдік саясатқа тигізер әсері туралы сөз болған НАТО-ның бір саммитінде «железная баронесса» атанған Маргарет Тэтчер қасында отырған Түркияның премьер-министрі Нәжмеддин Ербаканға бұрылып, «Келесі кезекте сіз. Сіз деп тұрғаным-ол мұсылман әлемі»,- дейді, Тэтчердің сондағы айтқаны: «Идея қандай да бір жау бейнесінсіз өмір сүре алмайды. Біз, батыс мемлекеттері, өз тіршілігімізді одан әрі жалғастыру үшін сондай жау тауып алуымыз қажет. КСРО құлады, енді оның орнын жаңа жау басады, ол енді ислам әлемі болады» деген еді. С Хантингтон өзінің «Өркениеттер қақтығысы» деген атақты кітабында «Батыстың негізгі проблемасы -- ислам фундаментализмі емес. Ол -- ислам, басқаша өркениет» дейді. Осыдан-ақ исламның неге әлемдік құбыжық кейпін жасауға таңдалып алынғанын аңғаруға болады. Оның арғы түбінде батыстың, Израилдың, Америка құрама штаттарының  әлемге үстемдік ету мақсатының жатқаны белгілі. Олардың бұл мақсатқа жетуіне негізгі кедергі келтіретін, иық теңестіріп, жойқын соққы бере алатын да ислам әлемі ғана еді. Өйткені ислам дінін берік ұстаған азаматты ақшаға сатып ала алмайсың, алдауға көнбейді, айдауға жүрмейді. Бір Аллаға ғана бас иетін, өзін ақшаның емес, Алланың құлымын деп санайтын азаматтардың қоғамын, мемлекетін ыдырату, бағындыру мүмкін емес. Бұл жерде «сатылмайтын нәрсе жоқ, тек әрқайсысының өз құны бар» деп өскен батыстық адам үшін, иманын әлемнің бүкіл байлығын берсе де сатпайтын адамды кездестіргенде шынымен де оның құбыжық болып көрінері сөзсіз. Ия шынымен де басқаша өркениет, басқаша құндылық.  Сөйтіп, батыс елдері ислам әлемін негізгі жау деп танып, ымырасыз соғыс бастады.

Оның арты Ауған соғысына, «құмдағы дауылға», Ирак мәселесіне жеткізді. 2001 жылы  төбесінен құс ұшпайды  дейтін Американың аспанында террористер иеленген бірнеше ұшақтың атой салуы, оның екеуінің дәл жапондар салған «Егіздер» сауда орталығына құлауы, АҚШ қауіпсіздігінің «алтын ордасы» Пентагонды қиратуы әртүрлі ойға жетелейді.  Кейбір сарапшылар бұл жойқын террорлық әрекетті АҚШ-тың өзі ұйымдастырғанын бұлтартпастай дәлелдегендей болса, енді бір ой айналдырған бес-алты адамның Пентагонды қиратуына мүмкіндік берген Американың қорғаныс қауқары қаншалықты екен деген күмәнды ойға жетелейді.

 

Қалай десек те бұл оқиға әлемді дүр сілкіндіріп,  геосаясатты басқа арнаға бұрған-ды. Ол арна --Ислам әлемін халықаралық көлемдегі террорист, экстремизмнің қайнар бұлағы, қордаланған ордасы секілді етіп көрсетуге, сол арқылды күллі мұсылманға қысым көрсетіп, адамдардың исламнан бас тартуына қол жеткізу амалы еді.

 

Осы тұста Америка  «ұлы мақсатына» қаншалықты жете алды деген сауал туындайды? Басында Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізуге ықпал етіп, артынан өздері басып алған  «құмдағы дауылдың» нәтижесі не берді? Бүгінде Ауғанстан ең ірі әрі жоғары сапалы наркотик өндірушіге елге айналды. Ал сол өнімнің басым бөлігі АҚШ жастарының жұлынын үзіп жатқаны да шындық. Ол елдің ғұламалары адам жаратылысынан қорыған жерге өш екенін естен шығарып алған ба деймін. Себебі, батыс ислам әлемін қысқан сайын оған бет бұрушылардың  қатарының өсе түскені байқалады. АҚШ демократия мен «ашық қоғам орнатуды» қызыл кеңірдек болып түсіндіріп, миллиардттаған ақша шашып жатқанда бір жағынан көптеген мемлекеттер мен ұлттар өзінің ұлттық болмысын дамытуға бет бұрды. Мұның айшықты дәлелі Ресей Федерациясы мен Венесуэлла бола алады.

 

Бұл әлемдік үрдістен жаһанданудың бір пұшпағын жамылған Қазақстан да сырт қалған жоқ. Біріншіден, Кеңес билігі құлап, оның тегеурінді идеологиясы құрдымға кеткен соң жас Қазақстан өзінің не мемлекеттік, не ұлттық идеологиясын қалыптастыра алмады. Оның негізгі себебі мемлекеттік идеология мен ұлттық идеологияның қарама қайшылығында жатса керек. Ресми билік батыстың шылауында кетіп, білім беруден бастап, мәдени, рухани құндылықтарды да  батыстық қалыпқа салғысы келген. «Еуропаға жол тартып» АҚШ-қа езеуреп, азаматтық позициясы қалыптасып үлгермеген мыңдаған сары ауыз балапан жастарды мұхиттың арғы жағына асырып, Еуропаны шарлатып, «өте терең» білім бергісі келді. Шет елде оқып келген жастарға түрлі артықшылықтар беріліп, биліктің бишігін қолдарына ұстатты. Алайда оның нәтижесі анау айтқандай бола қойған жоқ. Мемлекеттің милиондаған қаржысын жұмсап дайындаған «ғұлама мамандардың» біразы шет елде қалса, біразы өз елінен жұмыс таба алмай қайта мұхит асты.

 

Ал, әке-шешесінің соңғы сиырын сатқызып жоғары білім алған қарапайым қазақтың баласы қайда барса да бытысқан бюрократизм мен шырмалған коррупцияның шылауына түсіп, не жұмыс жоқ, не баспана жоқ сенделді де қалды. Қалада болса жұмыс жоқ, ауылда болса қызық жоқ... Не тегеурінді идеология жоқ; қысқасы не керек көмек сұрайтын бір Алладан басқа ешнәрсе қалмады. Міне осының «нәтижесінде» мыңдаған жас  дінге лап қойды. Оның ішінде кришнайт болғаны да, иуди болғаны да аз емес, десек те дені исламды жөн көрді. Бұл тұста да АҚШ-тың 2020 жылға дейін 10 миллион қазақстандықты «шоқындырып жіберу» жоспары айдалада қалды.

 

Сонымен айтып айтпай не керек, мешіттер лықа толып, қыбылаға бет түзегендер қатары көбейіп келеді, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі жастардың, депутаттардың, басшы шенеуніктердің діндар бола бастағаны қазақтың қара алтынына көзін сатып, қайтсек осы қоғамды мәңгүрт етеміз, миын улап, қайтсек қарусыз-ақ жаулап аламыз деп өзеуреген топтардың зәресін алғаны хақ.

 

Соның нәтижесі болса керек, Еуропадағы қауіпсіздік пен   ынтымақтастық ұйымына төрағалықты аяқтап, Ислам Конференциясы ұйымының тізгініне қол жеткізгенде, ең негізгісі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Дін істері жөніндегі агенттік жер бетіне тажал келгендей етіп «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын сопаң еткізді. Бақсақ бақа екен дегендей, дүйім жұрттан жасырып, қоғамға білдіртпей асығыс Мәжіліске өткізіп, жоғары жақтан жуан жұдырық көрсетіп, онсыз да жапырақтың сылдырынан секем алып тұрған депутаттарға «ескерту» жасап, шикілі-пісілі қабылдатып жіберуінің кілтипаны бар екен.

 

Заңнан хабары бар біреу болмаса, қарапайым қазақ мән бере қоймайтын әккі тәсілмен жасалған заң жобасы бойынша діни бостандық бір сәтте ғайып болып, «Ассалаумағалейкум» десең халық жауына айналып шыға келетін жағдайға жеттік. Кеше ғана Сенат қабылдап үлгерген заң жобасы бойынша енді дінге бет бұрған мыңдаған студенттер жатақханасында діни рәсім жасай алмайды. Ауруханаға түсе қалсаңыз, соңғы демің бітуге жақындағанда ғана не молда, не священник шақыра аласың, оған дейін «біссімілла» деуге де «Христос воскрес» деуге де тиым бар.

Ол аз десеңіз, аузында Құдайы бардың бәрі миссионер болды да шықты. Осыған дейін түрлі ақпарат көздерінде миссионер дегенге адамдарды бір діннен екінші дінге тартушы, біздің ұғымымыз бойынша азғырушы деген анықтама берілуші еді. Оның үстіне ислам дүниесінде  миссионер деген ұғым бар ма еді? Сөйтсек оның астары Қазақстанға келетін шет елдік миссионерлерге кең жол ашу екен. Заң жобасы бойынша шет елден бізге миссионер болып, былайша айтқанда азғырушы болып азаматтығы бары да, жоғы да келе береді екен.

 

Бір қызығы әлем болып жауласып, қызыл кеңірдек болып күресіп жатқан діни экстремизм туралы діни істерді реттейтін заңда бір ауыз сөз жоқ. Осыған қарап ойпыр-ай демеске шараң да жоқ. Сонда бұл заң кім үшін, кімнің мақсат-мүддесі үшін жасалды. Бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарына дөңайбат көрсетіп, Дін істері жөніндегі агенттік пен оның төрағасы Қайрат Лама Шариф туралы тек «позитив» айтылатын болсын деп, арнайы медиа-жоспар жүргізіп, депутаттарды жатқызып өргізіп отырған Президент Әкімшілігінің көздегені не?

 

«Менің ойымша, конфессиялық қозғалыстарға тыйым салу және азаматтарды діни ұстанымы үшін қудалау сияқты күрес тәсілдері нәтижесін бере алмайды. Дін мәселесіне келгенде билік өкілдерінің тарапынан қолдан жасалған қысым халықтың иман келтірген тобының жағымсыз әрекетіне алып келуі мүмкін деп ойлаймын» деген Елбасының сөзін елең қылмастан,  белсене әрекетке кіріскендердің ойында не бар?..

 

Осындай сан түрлі ойды салмақтаған адамдар арасында кәдімгідей дүрбелең туып, кейбір жүректерге үрей ұялағаны да шындық. Заң қабылданбай жатып-ақ «репрессияға» ұшырағандардың төбесі көрініп, қарасы көбейе бастады. Тәртіп сақшыларының сақалдының қолын қайырып, жаулықтының шаужайына жармасып, қойдай көгендеп, тізімге алып, саусағының ізін ала бастағанының да куәсі болып отырмыз. Ақтөбе облыстық сотының 13 жыл қызмет еткен судьясы «Аллаху акбар» үшін аластатылыпты дегенді естідік, Алматыда сақалы бар жігіттердің спортзалына кіре алмай қалғаны туралы да ақпар келіп жетті. Астанада 11-ші сыныпта оқитын қыз баланы «жаулығыңды шешпесең мектепке кіргізбейміз» деп, бүлдіршін қыз өз-өзіне қол жұмсаудың аз алдында отыр. Бұл бер жағы ғана... Ертең заң қабылданып, күшіне енсе не болады?

 

Соның салдары, жанға ауыр тиер жаңалығы бар жаңа заңның тигізген «көмегі» болар  жанымды алсаң да тілімді алма, тілімді алсаң да дінімді алма дейтін жастар бас қосты. Басында бес саусақтай бесеуі бірігіп, жұдырыққа айналса, артынан партия жетекшілері бас болып, жапа шеккен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мақсат тұтқан Жалпыреспубликалық азаматтық құқық және адам бостандықтарын қорғау жөніндегі Коалиция өмірге келді. Аталған заң жобасының салған лаңы жалпақ елге жария болып үлгермесе де қазірдің өзінде  мыңдаған адам  жаңа құрылымды қуаттап үлгерді. Коалицияның Елбасына көмек сұрап, араша тілеп, айрандай ұйыған ұлтымыздың тыныштығы мен береке-бірлігін тәрк ететін заң жобасына қол қоймауды мың мәрте өтінген хатын еліміздегі ірілі-ұсақты жиырмадан аса қоғамдық ұйымдар қолдап, қолдарын қойды.

 

Ол аз десеңіз заң жобасын талқылаған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (БДИПЧ/ОБСЕ) сарапшылары Коул Дурхам (Cole Durham, АҚШ), профессор Рафаэль Паломино (Rafael Palomino, Испания), профессор Роман Подопригора (Қазақстан), отец Всеволод Чаплин (Россия) жобаның адам құқықтары жөніндег халықаралық нормаларды өрескел бұзатынын ескертті. Ал   осы ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының жетекшісі Ян Ленарчич қатты алаңдаушылығын білдірді. Оның сыртында   Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы, Қазақстандағы Хельсинки комитеті дау туғызған заң жобасын қатты сынға алып, оның қабылдануы елімізде экстремизмнің өрши тусуіне жол ашады деді.

 

Айта берсек аз емес... Амал қанша, бұл әрекет үшін бүгін халық алдында, ертең Алланың алдында жауап беретінін жаны шыға айтқан депутат Бекболат Тілеуханның сөзі де ауада қалқып қалып қойды, май біткен депутат  құлақтарға жете алмады, құлаққа жетсе де түйсікті түрте алмады.

 

Ия шынымен де Алланың хақ дініне қарсы шығып, ел ішіне бүлік салған, нақақ көздің жасына, көпшіліктің қарғысына қалған адамның да, елдің де оңғаны жоқ тарихта. Сондықтан мұсылман бауырларды сабырға, көркем мінез танытуға шақыра отырып, бір Аллаға шынайы сенген адамның жүрегінде үрей болмайтынын да айта кеткіміз келеді. Ендігі үміт - жиырма жыл тыныштық пен сабырлылықты, дінаралық, ұлтаралық татулықты дәріптеп, елінің ертеңі үшін тер төгіп жүрген Елбасымыздың кесімді сөзінде.  Алла жар болсын!

 

«Абай-ақпарат»

,

P.S. Автор туралы:  Журналист  Мақсат Нұрыпбаев қазір

Жалпыреспубликалық  адам құқығы

мен бостандықтарын қорғау жөніндегі

коалициясы хатшылығының жетекшісі қызметін атқарады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413