Жексенбі, 24 Қараша 2024
2448 0 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 18:10

ҰҚК теракт жасамақ болғандардың жолын кесті

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25-наурыз күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында теракт ұйымдастырмақ болған ер адамды қолға түсірді.

ҰҚК мәліметінше, ұсталған деструктивті діни ағым ұстанушысы Қазақстанда тыйым салынған халықаралық “ДАИШ” террористік ұйымы идеологиясының ықпалымен елорда маңында теракт жасамақ болған деп күдікке ілінген.

Тергеу кезінде ол адамнан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленген.

Бүгінде күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Айта кетейік, 13-наурыз күні Алматы қаласында “ДАИШ” ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясын ұстанатын тағы бір адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған болатын.

Қамауға алынған адам Наурыз мерекесінің қарсаңында халық көп жиналған орындарда теракт жасамақ болған деген күдікке ілінген еді. Тергеу барысында күдікті азаматтан екі жауынгерлік граната тәркіленген.

Сонымен қатар, күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255-баба  (Терроризм актісі) және 258-бабы (Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Сонымен, адамзат болшағына қауіп төндіріп тұрған ДАИШ қандай ұйым?

Алғаш 2013 жылы “Әл-Каида” террористік ұйымының бір бөлігі ретінде танылған ДАИШ лаңкестік ұйымы 2014 жылдың маусым айынан бастап Сирия мен Ирак аймағында бөлек халифат құрғанын жариялады. Олар өздерінің халифі етіп Абдалла Ибрагим әл-Самарийді сайлады.

ДАИШ ұйымының негізгі мақсаты – Таяу Шығыс елдері арасында алауыздық туғызып, өз аумақтарын барынша кеңейту. Олар “Халифат” құрамыз деген сылтаумен Сирия, Ирак мемлекеттеріне лаң салып, діни алауыздық тудыру арқылы қарапайым халықтың қанын төгуде.

ДАИШ содырлары қазіргі күнге дейін Сирия мен Ирак жерінде бейкүнә балаларды өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып келеді. Олар балаларды ұрлап, қару пайдалануды үйрететін лагерьлерге жібереді. Тіпті бала тоғызға толғанда оларды соғыс шептеріне жіберіп отырған. Одан бөлек содырлар балаларды жарақат алған әскерлері үшін донор ретінде де пайдаланады. Мысалы, осыдан бес жыл бұрын Ирактың Мосул қаласында содырлар теледидардан футбол көргені үшін 13 баланы өлтірген. Олар алықты алаңға жинап футбол көрудің харам екенін алға тартып, бейкүнә жасөспірімдерді пулеметпен қырып салған. Ал, ата-аналары балаларының мүрдесін де алып кете алмаған. Өйткені содырлар оларға “балаларыңды дұрыс тәрбиелемегенсіңдер” деп айып тағып, кінәлаулары мүмкін еді. Бұл мәселеге қатысты АҚШтың Джорджия университетінің мамандары зерттеу жасаған. Зерттеу қорытындысы бойынша, олар бірнеше жыл қатарынан террористік ұйымның насиатына, басқа да материалдарына, сондай-ақ, лаңкестікке тартылған жасөспірім балалардың белсенділігіне талдау-сараптау жүргізген. Зерттеу нәтижесінде, соғыс шебінде 8 жас пен 18 жас аралығындағы 89 бала қаза тапқан. Олардың басым көпшілігі Сирия мен Ирак елдерінен болған. Қайтыс болғандар негізінен бомба орнатылған көлікпен жанкештілікке барған көрінеді. Бүгінде ДАИШ құрамындағы балалардың 60 пайызы 12 мен 16 жастағы балалар. Өкінішке қарай олардың құрамындағы жасөспірімдер мен балалардың саны жыл сайын көбейіп келеді дейді зерттеушілер.

Ал, елімізде қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы жұмыс істейді. Аталған орталық ҚР Президентінің өкіміне сәйкес 2003 жылы құрылған. Ал, Орталық туралы Ереже мен құрылымы ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Президенттің күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде бір жылдан соң бекітілген. Бүгінде бұл орталық Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы мен ТМД Терроризмге қарсы орталығымен, “Орталық Азия ынтымақтастығы” ұйымының және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымының жұмыс топтарымен, сонымен қатар терроризмнің алдын алу, жолын кесумен айналысатын басқа да халықаралық құрылымдрмен өзара байланыста.

Терроризмге қарсы орталықтың негізгі міндеттеріне:

-терроризммен күресті тікелей іске асыратын мемлекеттік органдардың, сонымен қатар террористік және өзге де экстремистік әрекеттерге қарсы әрекет ететін министрліктер иен ведомствалардың қызметін үйлестіру;

-террористік және өзге де экстремистік қауіп-қатерлер мен белгілер туралы ақпарат жинау, ретке келтіріп талдау, сараптау;

-терроризмге қарсы қызметтің белгіленген ережелері мен бағдарламаларын, террористік және өзге де экстремистік шаралардың алдын алу мен жолын кесу;

-арнаулы терроризмге қарсы бөлімшелердің жеке құрамын әдістемелік қамтамасыз ету мен кәсіби даярлауды үйлестіру;

-терроризммен күресте тәжірибесі бар халықаралық орталықтармен, ұйымдармен байланыс орнату;

-жедел-тактикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындау және оларды өткізу кезеңін үйлестіру;

-экстремизм мен терроризмнің өзге де белгілерімен күрес мәселелерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

-ҚР Сыртқы Істер Министрлігімен бірлесе отырып, республиканың мемлекеттік органдарының терроризммен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауды үйлестіру;

Ал, өткен айда Түркістан облысында жергілікті құзырлы орган өкілдері деструктивті діни ағым өкілдерінің қатысуымен болған 34 қылмысты әшкерелеген. Оның ішінде, есірткі сақтау мен өткізу, діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау сияқты басқа да қылмыстар болған. Ыпыво

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтырғы жылы өңірде діни мақстын жасырып заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер анықталған. Салдарынан өңірдегі деструктивті діни ағымды ұстанатын 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 16-сы діни сипатты бұзғаны үшін қамауға алынған. Тәртіп бұзғандарға 5 млн.тг ден айыппұл салынған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602