Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2570 0 пікір 8 Қыркүйек, 2011 сағат 16:30

Теңіз тынысы

Жуырда Атырау облысындағы Теңіз кен алаңында болып қайтудың реті келді. БАҚ өкілдері үшін арнайы сапарды «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған болатын. Сапар барысында Астана мен Алматыдан келген бір топ журналистер қауымы «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі өндірістік тынысымен танысуға мүмкіншілік алды. Сапар кестесі бір күнге ғана белгіленгендіктен, біздер үшін қысқа уақыт аралығында «Теңізшевройл» ЖШС-нің тарапынан экологиялық, әлеуметтік салаларға қатысты атқарылып жатқан істерді көзбен көріп, облыс және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан үлесі туралы мәліметтер алуымыз қажет еді. Осы орайда «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджері Рзабек Артығалиев, Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджерінің орынбасары Линси Крейн және Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің кеңесшісі Светлана Қайырғалиева журналистердің мейлінше нақты әрі ауқымды мәліметтер алуына мүмкіндік жасап, өндірістік және әлеуметтік нысандармен таныстырылымды ұйымдастырды.

Жуырда Атырау облысындағы Теңіз кен алаңында болып қайтудың реті келді. БАҚ өкілдері үшін арнайы сапарды «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған болатын. Сапар барысында Астана мен Алматыдан келген бір топ журналистер қауымы «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі өндірістік тынысымен танысуға мүмкіншілік алды. Сапар кестесі бір күнге ғана белгіленгендіктен, біздер үшін қысқа уақыт аралығында «Теңізшевройл» ЖШС-нің тарапынан экологиялық, әлеуметтік салаларға қатысты атқарылып жатқан істерді көзбен көріп, облыс және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан үлесі туралы мәліметтер алуымыз қажет еді. Осы орайда «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджері Рзабек Артығалиев, Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджерінің орынбасары Линси Крейн және Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің кеңесшісі Светлана Қайырғалиева журналистердің мейлінше нақты әрі ауқымды мәліметтер алуына мүмкіндік жасап, өндірістік және әлеуметтік нысандармен таныстырылымды ұйымдастырды.

Алматыдан Атырауға таң сәріде әуеге көтерілген ұшақ бар-жоғы екі сағаттың ішінде бізді мұнайлы өңірге жеткізді. Уақыт тығыз. Қонақүйге жүгімізді қойып, Атырау қаласынан 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан Теңіз кен алаңына жету үшін біз қайтадан ұшаққа отырып әуеге көтерілдік. Иллюминатордан ойдым-ойдым қатпарлы сорлары бар, көк майса шалғыны жоқ, тап-тақыр, шөбі жұтаң болып көрінген мидай жазықтықты көзіміз шалып келеді. Қасымдағы әріптесімнің бірі «осындай табиғаттың асты тұңған байлық болғаны, Құдайдың бір кереметі-ау» деп таңғалысты. Міне, жергілікті табиғат турасында ауыз толтырып айтқаңымызша болған жоқ, әлемдегі ірі мұнай кен орны - Теңіз кен алаңына да жеттік.
Теңіз кен алаңында журналистерге алдымен қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Нұсқаулықты ала отырып, кен алаңында жұмыс істеудің қаншалықты жауапты екенін сездік. Себебі Теңіздегі өндірілетін мұнай құрамында күкірт бар болғандықтан қауіпсіздік шараларына қатаң назар аударылып, қажетті сақтан­дыру құрал-жабдықтары жарақтандырылған екен. ТШО-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке өте үлкен мән беретіні осыдан-ақ көрініп тұр. Бұдан кейін өндіріс менеджері, Теңіз мұнай-газ кешенің пайдалану бастығы Роберт Добрик бізге кешенді технологиялық желі­лер мен екінші буын зауытын, өзге де өндірістік нысандарды көрсетті. Әлемдік стандарттарға сай салынған зауыттар мен сан түрлі қондырғалар жүрісінен жаңылмай жұмыс жасауда. Алдымыздан шыққан мамандардың көбі дерлік жергілікті кадрлар. Біз бұған өз саласы бойынша біздерге өндірісті жан-жақты таныстырған басшылар, мамандар арқылы да нысандарды аралап көріп те көз жеткіздік. Теңізде жүзеге асуы жақын жаңа жобаларда жоқ емес. Біз танысқан сарқынды суларды қабылдап, оны механикалық және биологиялық өңдеуден өткізетін жаңа су тазалау қондырғысының жобасы - ТШО-ға болашақта талдарды, жасыл желекті суаруға, суды өндірістік мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи технологияларға негізделген ірі жобаның бірі болып отыр.
Мұнай саласына қатысты көп нәрсеге қанығамыз деп жүріп, уақыт­тың қалай сырғы­ғанын байқамайда қалыппыз. Түс ауа ғасыр жобасына баланған Теңіз кен алаңынан әуеге қайта көтеріліп, Атырауға бет түзедік. Ендігі кезекте, «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі қызметімен жете танысу үшін ТШО бас директоры Тим Миллермен кездесіп, пікір алмасуымыз қажет. Бас директорға қойылар сұрақтар да әлдеқашан тас түйін дайын болатын.
Жиын басында ТШО бас директоры Тим Миллер компанияның 2011 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша экономикалық-әлеуметтік негізде атқарған жұмыстарының қо­ры­тындысын баяндады. «Біздің компанияның осы жылдың бірінші жартысында мұнай өндіру көлемі 13 миллион тоннаны (104 миллион баррель) құрады. ТШО мұнайды бірнеше тасымалдау бағыттары бойынша экспортқа шығарады. Бірінші жартыжылдықта сұйытылған газ сату көлемі 664 мың тоннаға, ал құрғақ газ сату көлемі 3,4 миллиард текше метрге жетті. Ал ТШО-ның 1993 жылдан бастап 2011 жылдың маусым айына дейін Қазақстанға тікелей қаржы төлемі тұтастай алғанда 52,4 миллиард АҚШ долларын құрады» деген Тим Миллер одан кейін ТШО-да жұмыс жасайтын қазақстандық қызметкерлердің үлесінің артқаны турасында сөз етті. Оның айтуынша, 1993 жылғы 50 пайыз көрсеткішпен салыстырғанда қазір ұлттық кадрлар 85 пайызды құраған. Сондай-ақ ол денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша 2000 жылдан бері Теңізшевройл қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 2,26 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлінген екен.
Пікір алмасу барысында қойылған сұрақ­тардың ішінде көпшілік күткен сауалдың бірі - күкірт мәселесіне қатысты еді. Т.Миллер бұл сауалға былайша жауап қатты: «Біз бұл мәселені жан-жақты шешудеміз. Өнеркәсіптік өнімнің 30 мыңнан астам түрлерін өндіруде, минералдық тыңайтқыштар мен жанармай дайындауда қолданылатын жоғары сапалы күкіртті экспорттау бойынша нәтижелер жоқ емес. Күкіртті сату бағытындағы табысты жұмыс нәтижесінде Теңіздегі сақталған күкірт көлемі 4,5 млн. тонна­ға дейін қысқартылды. Теңізшевройл жоғары сапалы күкірттің төрт түрін ең алдымен Жерорта теңізі бассейні мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларға және Ресей, Украина, Қытайға өткізуде».
Әділін айту керек, ТШО өзіне тиесілі мін­деттерді бұлжытпай орындап келе жатқан бірден-бір компания. Бұдан «Теңізшевройл» ЖШС тоқмейілсіп отыра береді деген ой тумайды. Керісінше, компания жылдан-жылға кор­поративтік әлеуметтік жауапкершілік бо­йынша көшбасшы болуға жанталасатыны анық. Ең бастысы «Теңізшевройл» ЖШС елімізде заманауи технологияларға негізделген жобаларды жүзеге асырып, қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау, өндірістің экологияға әсерін азайту және өнім өндіру көлемін ұлғайту бағы­тындағы жаңа жетістіктерді көрсете отырып, ұлттық кадрлардың үлесін ұдайы арттырумен келеді.

Сұлтан Тайғарин,
«Ана тілінің» арнаулы тілшісі

Алматы-Атырау-Теңіз-Алматы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439