Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3137 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 04:50

Сапарбаев Шымкенттік дихан-шаруаларды Шығысқа апарып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мен дихандары еліміздің шығыс өңірінде мал бағып, бақша баптауға бел буып отыр.  Жуырда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ұлан ауданының әкімі Жомарт Мұратов оңтүстікке арнайы сапармен барып қайтқан соң екі облыстың арасында барыс-келіс жиілеп, Алтайды бетке алған ағайынның көші көріне бастады. Олар қазір Ұлан ауданына келіп қоныстануда. Келген бетте мал бордақылайтын қоражайлар салып, жем шөбін қамдап үлгергендер де бар.  Соның бірі «Нұрәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Шерәлі Ұсыманов бордақы алаңы ретінде 10 гектар жер иеленіп, құрылыс жұмыстарын бастап кеткендігін, енді әкімшілік мал жайылымы үшін 1000 га жер беретіндігін айтады.  Шерәлінің сөзіне қарағанда жаз маусымы ерте аяқталатын шығыста 75-80 күнде пісетін сояның жаңа түрін өсіруге болады екен. Ал, Ұлан ауданының Саратовка ауылының маңынан 20 гектар жер алған сарағаштық (ОҚО)Арапбай Орынбаев дейтін дихан алдымен қияр, сәбіз, картоп егетіндігін, содан соң жылыжай салатындығын әңгімелейді.  Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісімен сұхбаттасқан Арапбай отағасы: «Шыбық қадасаң шынар  өсетін топырағы құнарлы жер екен бұл жер. Сондықтан 20 гектар аз болатын шығар», - депті.  Осы арада сұрақ туатыны анық. Жергілікті жұрт қайда? Жер неге оларға да жалға берілмейді?

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мен дихандары еліміздің шығыс өңірінде мал бағып, бақша баптауға бел буып отыр.  Жуырда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ұлан ауданының әкімі Жомарт Мұратов оңтүстікке арнайы сапармен барып қайтқан соң екі облыстың арасында барыс-келіс жиілеп, Алтайды бетке алған ағайынның көші көріне бастады. Олар қазір Ұлан ауданына келіп қоныстануда. Келген бетте мал бордақылайтын қоражайлар салып, жем шөбін қамдап үлгергендер де бар.  Соның бірі «Нұрәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Шерәлі Ұсыманов бордақы алаңы ретінде 10 гектар жер иеленіп, құрылыс жұмыстарын бастап кеткендігін, енді әкімшілік мал жайылымы үшін 1000 га жер беретіндігін айтады.  Шерәлінің сөзіне қарағанда жаз маусымы ерте аяқталатын шығыста 75-80 күнде пісетін сояның жаңа түрін өсіруге болады екен. Ал, Ұлан ауданының Саратовка ауылының маңынан 20 гектар жер алған сарағаштық (ОҚО)Арапбай Орынбаев дейтін дихан алдымен қияр, сәбіз, картоп егетіндігін, содан соң жылыжай салатындығын әңгімелейді.  Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісімен сұхбаттасқан Арапбай отағасы: «Шыбық қадасаң шынар  өсетін топырағы құнарлы жер екен бұл жер. Сондықтан 20 гектар аз болатын шығар», - депті.  Осы арада сұрақ туатыны анық. Жергілікті жұрт қайда? Жер неге оларға да жалға берілмейді? Әлде шығысқазақстандықтардың қолынан бақша дақылдарын өсіру, мал бағу келмейді ме? Сөйтсек, Ұлан ауданына қарасты ауылдардың қайсыбірі қаңырап бос қалыпты. Манат, Борсақ, Жанұзақ, Ақтау, Азова, Таврия сияқты елдімекендердің тұрғындары қала сағалап кеткен.  Байырғы тарихи отандарына ат басын бұрғандар бар, қысқасы бір кездегі дулы-шулы ауылдардың базары тарқағандай жадау күйге ұшыраған. Сондай сұрқай көріністің бояуын кетіріп, даланың ажарын ашу мақсатында облыс басшылығы халқы тығыз орналасқан, әрі істің, сауданың  көзін білетін Оңтүстік Қазақстан облысының дихан-шаруаларымен келісімге келіп жатқанға ұқсайды.   Қайткенде дұрыс шешім. Туысырап иен тұрған жерлерге қытайдың, не, өзбектің диханын әкеліп төккенше, қазақты қоныстандыру құптарлық іс емес пе? «Елге ел қосылса - құт» деген дана қарттарымыз. Ел ішінің осылайша араласып, тұтаса түскені абзал. Қазақ даласының қай пұшпағы болса да - қазақтікі. «Мынау атакемнің жұрты еді», «мынау ағаекемнің қонысы еді» деп қазақты қазақ кеудеден итермей, игіліктің жолында табыса түссе, таныса түссе, қане?.. Солтүстік Қазақстан облысында да мысалы, тұрғыны сиреген ауылдар көп. Демек, ШҚО-ның тәжрибесін енді СҚО-да жалғастыру қажет шығар.

«Абай-ақпарат»

P.S. Ауыл халқының саны Шығыста шынымен де тым аз. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында 277,4 мың адам тұрса, Сайрам ауданында 259,9 мың, Сарыағашта 263,8 мың адам өмір сүреді. Ал Шығыс Қазақстан облысының  Ұлан ауданында бар-жоғы 43 мыңнан астам тұрғын болса, Күршім ауданында халық саны 40 мыңға да жетпейді екен (деректер Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Дидар» газетінен алынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297