Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2499 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 07:11

Болат Дүйсенбі. Тәуелсіздік үшін күрестің сабақтары (жалғасы)

Осы, ашық арандатушылық ұйымдастырып, ұлтаралық қарым-қатынастың шиленісін тудыруға бағыталған бұл шараларға жергілікті биліктен де, республика басшылығы тарапынан да жедел саяси баға беріліп, оны тоқтататын жүйелі жұмыстар жүргізілмеді. Өйткені биліктегілердің халықтың арасына барып, етек алып бара жатқан келеңсіз жағдайларды ашық талқылауға батылдары мен өрелері жетпеді. Әрқашанда ұлтаралық қатынаста қандайда бір мәселелер құлағын көрсетсе болды билікті қорқыныш, үрей билеп, оның шешімін табу жолынан тайқып жүре беретін. Бұл жағдай облыс жұртшылығының алаңдауын тудырды. Жұртшылықты тыныштандыруды көздеген Халық депутаттары Шығыс Қазақстан обылыстық  Советі  Президумы КССРО халық депутаттары С.Г.Васильева, И.С.Петрушенко облыстық және Өскемен қалалық Советінің депутататары М.Н.Головков, А.Т.Босоногов, В.С.Аксенов, В.В.Попов, В.В.Патраков, В.В.Боговицкий, Е.А.Филимонов т.б. бастамашы депутаттар тобының қалалық Советтің президумын айналып өтіп халық депутаттары мен сайлаушыларды ұлттық әкімшілік - территориялық басқарма құру мәселесін көтергендерін айыптаған мәлімдеме жасады. Өкініштісі, осы мәлімдеменің жай ғана сөз болып, қалаларда, елді мекендер мен өндірістерде жұмысшылар, интелегенция арасында келеңсіз жағдайдың алдын алатын нақтылы шаралар ұйымдастырылған жұмыстардың жүргізілмегені және сол кездегі заң деңгейінде ешкімнің жауапкершілікке тартылмағаны болды.

Осы, ашық арандатушылық ұйымдастырып, ұлтаралық қарым-қатынастың шиленісін тудыруға бағыталған бұл шараларға жергілікті биліктен де, республика басшылығы тарапынан да жедел саяси баға беріліп, оны тоқтататын жүйелі жұмыстар жүргізілмеді. Өйткені биліктегілердің халықтың арасына барып, етек алып бара жатқан келеңсіз жағдайларды ашық талқылауға батылдары мен өрелері жетпеді. Әрқашанда ұлтаралық қатынаста қандайда бір мәселелер құлағын көрсетсе болды билікті қорқыныш, үрей билеп, оның шешімін табу жолынан тайқып жүре беретін. Бұл жағдай облыс жұртшылығының алаңдауын тудырды. Жұртшылықты тыныштандыруды көздеген Халық депутаттары Шығыс Қазақстан обылыстық  Советі  Президумы КССРО халық депутаттары С.Г.Васильева, И.С.Петрушенко облыстық және Өскемен қалалық Советінің депутататары М.Н.Головков, А.Т.Босоногов, В.С.Аксенов, В.В.Попов, В.В.Патраков, В.В.Боговицкий, Е.А.Филимонов т.б. бастамашы депутаттар тобының қалалық Советтің президумын айналып өтіп халық депутаттары мен сайлаушыларды ұлттық әкімшілік - территориялық басқарма құру мәселесін көтергендерін айыптаған мәлімдеме жасады. Өкініштісі, осы мәлімдеменің жай ғана сөз болып, қалаларда, елді мекендер мен өндірістерде жұмысшылар, интелегенция арасында келеңсіз жағдайдың алдын алатын нақтылы шаралар ұйымдастырылған жұмыстардың жүргізілмегені және сол кездегі заң деңгейінде ешкімнің жауапкершілікке тартылмағаны болды. Тағы да айтпасқа болмайтын шындық, сол кездегі Шығыс Қазақстанды басқарып отырған И.Н. Тутевольдің, облыстық атқару комитетінің орынбасары Н.М.Аверячкинаның, ірі өндіріс басшылары В.Л.Меттенің, Ю.М.Маргулистің, С.А.Тунниковтың, Ю.М.Семеновтың, В.И.Колмаковтың, А.И.Семеновтың және басқа да облыстық, қалалық  аудандық партия мен атқару комитеттерінің кейбір жауапты қызметкерлерінің осы топтарға бүйректерінің ашық бұратыны ды, қолдап жүргендері де барша жұртқа белгілі еді. Облыста қалыптаса бастаған бұл жағдай жүректері таза, Алтай өңірінің ғана тағдыры емес бүкіл елдің тағдыры ойландыратын азаматтар бірігіп, ел арасында іріткі салып жүрген топтармен күресу жолын іздей бастады. Ұлтқа байланысты мәселе өте нәзік, ол адамдардың сезіміне, рухани тәрбиесіне, әр адамның біліміне, парасаты мен ұстамына байланысты болғандықтан шу көтеріп жүрген топтардай, адамдардың ұлттық сезіміне тез әсер ететін дөрекі ұлтшылдық ұрандарды көлденең тартатын, митингі, айғай - шулы шараларға бармай халық арасында ашық, ұтымды жұмыс жүргізетін жол табу өте қиынға соқты. Ақиқат әр қашанда жеңеді деген ғой, азаматтар қиын да болса әділ және кімнің болса да жүрегіне жол тауып, сезім мен ашуды басып ақылға жеңдіретін тактиканы қолданатын жолды таңдады. Өскемен қаласындағы ат төбеліндей қазақтар (облыста қазақтардың саны 27.2 пайыздан аспайтын) қара дүрсін ұлтшылдықпен мәселе шеше алмайтын болғандықтан облыста тұрып жатқан барша ұлт өкілдерінің қолдауымен қазақ халқының ұлттық мүддесін және жер біртұтастығын қорғау жолын іске асыруды қолға алды. Ол үшін қоғамдық  ұйым құрып, тиімді жұмыс істейтін мықты орталық құру жоспарланды. Бұл жұмысқа белсенді білгір, ұстамды, ел ішінде сөзі жүретін азаматтар  біліктілікпен кірісті. Бес ай бойы облыстың қалаларында, аудандарда, село, ауылдарда  елге сөзі жүретін беделді азматардың көмегімен халық арсында еліміздің келешек егеменді ел болуына зыян әкелетін ұлтаралық шиленісті тудырып отырған сепаратистік әрекеттерінің зардабын түсіндіріп, келешек қоғамдық ұйым құруға бағытталған жұмыс жүргізілді. Билікке сенбегендіктен және алдағы стратегиялық жоспарға қарсыластар жағынан бөгет тудырмас үшін, осы дайындық жұмыстары мұқият  әзірлеумен  у - шусыз, нақты түрде жүргізілді. Сонымен қатар, осы  дайындықтар кезінде белсенді азаматтар Өскемен қаласындағы бұрыннан жұмыс істейтін қалалық «Қазақ тілі» қоғамы, экологиялық «Невада - Семей» қозғалысының сенімді мүшелерін (осы ұйымның біраз белсенді тобы автономия талап еткендерге қосылып кеткен) пайдаланып сепаратистік топтардың өткізетін шараларын бақылауда ұстап, үнемі олардың ұйымдастырылған жиындарына қатынасып отырды. Олардың әр қадамының кемшілігін пайдалана пікірталастар жүргізіп, қатынасушылардың күмәнін тудырумен қатар, арттарынан  қателесіп ерген азаматтарды анықтап, олармен жеке әңгімелер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар өз нәтижесін беріп, жарты жылдың ішінде облыста тұрып жатқан шешен, кәріс, ұйғыр халықтарының ұлттық мәдени орталықтары құрылды. Елімізде тұратын аз халықтардың алғашқы Ұлттық мәдени орталықтарын  құрып, қазақ халқының тәуелсіз ел болуына ат салысқан шешен А.А.Дурсаев, кәріс Ю.Ли, Н.С.Кан, ұйғыр М.Д.Мамедсупиев, А.Қ.Даутов, немістердің «Возрождение» орталығының жетекшілері А.Я.Риффель, В.Д.Миллер, және словян халықтарының өкілдері Г.И.Баскаков, И.Г.Назаров, Л.В.Рябцовская, Н.Г.Бородаев және татар М.Ш.Мусин болды. Бірлесіп, ынтымақтаса жасалған  дайындық  жұмыстарының нәтижесі Өскемен қалалық «Қазақ тілі» қоғамы,  «Невада - Семей» қозғалысы,  «Возрождение» қоғамы, «Войнах» шешендер  және кәрістер мен ұйғырлар құрған ұлттық мәдени орталықтары, сонымен қоса орыс, украин, литва, татар, поляк халықтарының өкілдері бірлесіп Шығыс Қазақстан «Бірлік - Единство» азаматтық  интернационалдық  қозғалысы(ШҚ  АИҚ «Бірлік - Единство » немесе (ВК  ГИД «Бірлік - Единство»)) құрылуы болды. Бұл Қозғалыс облыстағы басқа ұлт өкілдерінің құрған ұйымдарының басын қосып, олардың қазақ халқының намысы мен келешегін қорғау мақсатында бір бағытта жұмыс істуін ұйымдастырған басқару орталығына айналды. Осы Қозғалыстың басқару органдарына тең төрағалар болып Дюсембинов Б.Д.(қалалық «Қазақ тілі»қоғамы), Садықов Ж:А(«Невада - Семей» қозғалысы), Риффель А.Я.(«Возрождение» қоғамы), Баскаков Г.И.(Согра машина заводы), Дурсаев А.А.(«Войнах» шешен ұлттық мәдени орталығы), Кан Н.С.(кәріс ұлттық мәдени орталығы), Штейн В.Г.(Зайсан ауданы) сайланды. Қозғалыстың үйлестіру кеңесі мүшелігіне  Назаров И.Г.(«Казтяжарматура» заводы), Тойғанбаев Т.А.(Қорғасын - мырыш комбинаты), Мордасов И.(Энерготехникум, студент), Бородаев Н.Г.(обл. профсоюз комитеті), Түлүбаев Б.К.(Энерготехникум), Миллер В.Д.(«Возрождение» қоғамы), Қайназаров М.И.(Қорғасын - мырыш кобинаты «Қазақ тілі» қоғамы), Мамедсупиев М.Д.(ұйғыр мәдени орталығы), Сороковых Г.Ф.(партия қызметкері), Иманқұлов Т.(Құрылыс - жол институті, студент), Мусин М.Ш.(журналис), Исанов Қ. (Қаз. мүгедектер қоғамы кәсіпорны) сайланды. Сонымен қатар, конференцияның шешімі мен қозғалыстың насихат, ағартушылық жұмысын белсенді жүргізу мақсатында өзінің тәуелсіз газетін шығаруды іске асыру үшін басылым редакторлары етіп Рябцовская Л.В, Тоқпатаев У. және Қадылбеков А. бекітілді. Қозғалыстың алға қойған мақсаты қайткенде де бабаларымыздың тер төгіп, бастарын құрбандыққа байлап қорғаған қазақ елінің алтын алқасы,  кен байлығына тұнып тұрған Алтай өңірін келешек ұрпаққа шашауын шығармай сақтап, жерімізде тұрып жатқан халықтардың бірлігі мен ынтымағына  сына қақтырмау болатын. Қозғалыс мүшелері(қазақ  азаматтары) алға қойған мақсаттарын орындау жолында бірлігімен ынтымақтарын берік сақтау үшін ұлт мәселесіне байланысты ортақ идеялық көзқарастарын бекітті. Оның негізгі мазмұны: «Өз ұлтын нақтылы сүйген азамат ешқашанда басқа ұлт өкілдерін кемсітуге, қорлауға не болмаса бір ұлттан бір ұлт артық  дегенге жол бермеуі қажет. Егер қазақ азаматтары, халқының шын ел келешегін ойласа басқа ұлтқа жататын кейбір ішкі мәдениеті төмен адамдардың, надандық пен өткінші сезімге ілесіп жасаған қылықтары үшін олардың халқын қараламауды үйрену. Ұсақ сөз қуаламай, жабайы ұлтшылдықтың құлы болмай, өз халықыңның келешегін ойлайтын әр адам парасатты, нақтылы істерімен үлгі болатындай біліктілігімен нағыз ұлтшылдың  деңгейіне көтерілуі тиісті(Бұл «Алаш» көсемдерінің салған жолы). Сонда ғана қазақты басқа ұлт өкілдері сыйлап, мойындайды.Ұлт намысын қорғау жолында пайдасы бар барлық тактиканы қолдана білуді үйрену, бірақ  ешқашанда ұлтына зиян(уақытша болса да) әкелетін қадамға  барып, негізгі принциптен аутқымауға берік болу. Бірге жүрген күрестес дастарыңның пікірімен санасу және олардың қателеріне кешіріммен қарау».

Ұлт мүддесін қорғау жолындағы Азаматтық Қозғалыстың жұмысында  пендешіліктің, қоғамдағы кейбір қарым - қатынастың және жергілікті биліктің көзқарас ықпалының әсерінен біраз қиыншылықтардың әр кезде туындап,  қиналған жағдайлар да болды.. Қозғалыс құрылып, тіркеуден өтіп ашық жұмыс істей бастаған кезде, белсенділікпен көзге түскен кейбір азаматтарға олардың жұмыс істеп жүрген жерлері, өз тегінің азаматтары, кейбіреуіне билік тарапынан қысымшылық көрсету болғанына байланысты олар қозғалыс жұмысына бұрынғыдай араласа алмады. Бірақ қозғалыс мүшелері оларға түсіністікпен қарап, арада ешқашанда артық сөз болмады. Қайта, ең қиын, қозғалысты құру кезеңіндегі алдыңғы қатарда болып, атқарған істері үшін оларға ризашылығымен құрмет көрсетіп жүрді. Өйткені олар кейінгі кездерде де Қозғалысқа өз адалдығын сақтап, өздері жүрген орталарда қазақ елінің егемедік алуға талпынған қимылдарын қолдайтындарын білдіріп жүрді. Қозғалыстың жұмыс қарқыны, сепаратистік топтардың арандатушылық істеріне нүкте қойғанға дейін, белсенді түрде жүрді.    Бұл қоғамдық  Қозғалыспен басқа қоғам ұйымдары және жергілікті билік санаса бастады. Осы жағдайды пайдаланып, қозғалыс жергілікті билікті қоғамдық ұйымдардың пікірін тыңдап, олармен бір үстел басында жиналып, аумақтағы орын алған саяси ахуалды ашық талдауға баруды мәжбүрледі.Сол отырыстарда Қозғалыс өз көзқарастарын табанды түрде қорғай білді. Қазақ мәселесін қазақ азаматтарымен бірге ұтымды, ешбір жалтақтаусыз(ол уақытта - ұлт мәселесінде басқа халықтар туралы байқап сөйлейік, ұлтаралық қақтығыс болып кетеді деген үрей басым болатын) арашалап пікір қалыптастырғандар неміс А.Я. Риффель, шешен А.А. Дурсаев, ұйғыр А.Қ. Даутов, орыс Г.И Баскаков, татар М.Ш. Мусиндер еді. Қозғалыстың жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп, аудандарда үгіт, насихат - ағарту жұмысын жүргізуге, өзінің тәуелсіз газетін(«Наша газета») шығаруға еңбек сіңірген азаматтар

У.Тоқпатаев, М.Ш.Мусин,  Л.В.Рябцовская, С.Абенова, В.П.Угрюмов, А.И.Праксин,  Дюсембиновтерр еді. Құрылған Қозғалыс жұмысының ерекшелігіне байланысты  «Словяндар мәдени қоғамы» ұйымының кейбір қадамдарына сәйкес қимылдау үшін ұлттық ұйым құру қажаттілігі туды. Ақылдаса келе Қозғалыс басшылығының ұйғаруымен Қозғалыстың теңтөрағасы Ж.А.Садықовқа облыста «Азат» қозғалысының бөлімшесін құруды ұйымдастыру жүктелді және «Азат» ұйымына жетекшілік етуге Қозғалыстың үйлестіру комитетінің мүшесі  Б.Қ.Түлүбаев ұсынылды. «Азат» қозғалысына көбіне Жоғарғы оқу орындары студенттері мен жастар тартылды. Осы ұйымның белсенді мүшелрі Е.Қалиғожин, Қ.Уақов, Б.И.Бекжанов. М.Матиева және т. б. болды                    Шығыс қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың шиленісуін тудырған сепаратизмді тоқтатуға қомақты еңбек сіңірген біраз азаматтардың, сол кездердегі жағдайларға байланысты көлеңкеде болып, белгілі себептермен ешқашан аттары аталмай жүргені белгілі. Олар, қорғасын - мырыш комбинатының директоры А.С.Күленов, облыстық жабдықтау басқармасының басшысы Н.Қайсаров, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Т.Б.Құранбаев, үй жабдығы (мебельная) фабрикасының директоры Г.В.Вознюк, мүгедектер кәсіп орнының директоры Қ.Исанов, Өскемен пединститутінің ректоры Е.А.Маметқазиев, облыстық агроқұрылыс басқармасының басшысы Т.Шайжүнісов, агроқұрылыс басқармасының профсоз ұйымының жетекшісі А.Сапарбаев, Зайсан ауданының басшысы З.Құнияров, милиция полковнигі Қ.Ш.Нұғманов, Ұлан ауданының ауылшаруашылық басқармасының басшысы Б.С.Садықов,  облыстық  ауылшаруашылық профсоюз комитетінің басшысы Ш.Нұразханов,  Шемонайха ауданының басшысы С.А.Кузнецов, Глубоки ауданынынан В.С.Корчевный, Зырян ауданының бірінші басшысы болған Н.Ф.Кузьмин, Еңбек ері  Ж.Алдабергенов, Лениногор қаласында басшылық қызметте көп жылдар болған жергілікті ел сөзін жерге тастамайтын ақсақал А.И.Гусев, облыстық баспалар басшысы  Б.Абдырасылов болды. Қозғалыс жұмысын ұйымдастыруда және оның тактикалық қимылдарында қателіктер жібермеуді көздеп, істеген істерді сараптан өткізіп саяси жумыс бағытына көмек көрсететін қоғамдық ақсақалдар кеңесін құру ойластырылды. Өкініштісі, ел сенімін атқарады деп кездескен, беделді деген қазақ ақсақалдары сөйлескен азаматтардың өздерін  сөгіп «сендер әлдеріңді білмей қитықтан титық шығарып жүрсіңдер, орыстар ешқашанда теңдік бермейді» -  деп жолатпады (кейін солар тәуелсіздікті өз қолдарынан жасағандай биліктік маңайында жүріп сый - сыяпатқа бөленді). Бірақ, қозғалысқа  ақыл, кеңес беріп қолдауды басқа ұлт өкілдерінің зыялы ақсақалдары құптады. Өз ұлтын сүйе білетін, оның беделіне дақ  түсіруге бармайтын, келе жатқан өзгерістердің өмір заңдылығынан туындағанын ұғатын және ұрпақтарының тағдыры қазақ халқының тағдырымен бірге болатынын түсіне білген  облыста  беделдерімен белгілі П.И.Кузнецов, М.Ф.Орлов қазақ арасына  сөзі жүретін сыйлы ақсақалымыз Қ.М. Құсановпен бірге қозғалысқа кеңес беріп, қариялар арасында жастарды жаңсақ жолдан сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізуге көмек берді. Жоғарыда аты аталған адамдардың ұлағатты істері қазақ тарихында алтын әріппен жазылып, ұрпақтардың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Өмірдің тағы бір шындығы - сол кездерде қолдарында мүмкіншілігі бар кейбір қазақ азаматтары қозғалыстың әрекетін қолдауды қойып, оның  белсенді мүшелерінің аузын жабуға күшін салып, жігерсіз биліктің қолтығында жүріп «өз жейдеміз өзімізге жақын, ертең күніміз не болады» дегендер кейіннен «біз автономия құруға қарсы дауыс бергеміз» деп, биліктің талай сатысын басып өтіп парламентке депутат,  өкімет мүшесі болғандары да, бай кәсіпкер болғандары да белгілі. Бұндайлар аз еді, ал, олардың қылықтары халықтың жадында сақталып, түбінде ұрпағының алдынан шығар. Қозғалыстың бағыты, істеп жүрген жұмыстары сол кездегі биліктің өз қолдарынан шығарып алған ел арсының тыныштығы мен ұлтаралық шиленісті арандатушы  әрекеттерің алдын алу болғандықтан қозғалысқа  билік тарапынан шаралар өткізетін орын, байланыс жүйесінің қызметіне байланысты көмек бергендері артық болмайтын еді. Бірақта, қозғалыстың қиналып жүрген мәселелеріне көмектесудің орнына оларға  көмек көрсетіп жүрген мекеме басшыларына билік тарапынан қысым жасалып жүрді. Ал, ұлтаралық қарым - қатынасын шиленістіріп жүрген топтар өздерінің жиын, отырыстарын этнографиялық мұражайда, қалалық атқару комитетінде, мекемелерде еш бөгетсіз өткізіп жүрді. Қозғалыстың тәуелсіз басылымы «Наша газета» көп басты отбасының пәтерінің бір бөлмесінде жиналып газет шығарып жүргенде, сепаратистік топтың қоңырауларына айналған «Импульс» пен «Губерния» газеттері мекемелердің жабдықталған кабинеттерінде шығарылып жатты. Сондай мүмкіншіліктері бар қарсы топтың 1990  жылдың көктемінен 1991 жылдың күзі аралығында  арандатуға бағытталған жұмыстарының белсенділігі өте жоғары болды. Олардың ықпалымен осы аралықтарда қалалық  Советтің  5 - 6 сессиясы(көбі кезектен тыс) өткізіліп, қазақ елінің егемендігіне қарсылық білдірумен қатар автономия құру мәселесі талқыланған(аталған мәселелерді өткір талқыланған кейбір сессиялардың құжаттары облыстық мұражайдың қорына тапсырылмай, ізсіз жоғалған). Сессиялардың жұмысына қысымдық ықпал жасау мақсатында тұрғындарды сессия отырысына қатынасуға шақырған арнайы үнпарақтарды типографияға бастырып таратып жүрді.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502