Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3454 0 пікір 22 Қараша, 2011 сағат 06:25

Ауылға, ауылға!..

Жас мамандарды ауылға тартуды оңтайландыру арқылы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары

Жобаның мақсаты:

Ауылға қажетті мамандықтарға, тұрғылықты жердің жастарын тарту, яғни еңбек рыногында тұрақтылық қалыптастыру.

Жобаның міндеті:

Ауыл-аймаққа қажетті мамандықтарға  деген бәсекелестікті  арттыру арқылы сапалы қызмет пен өміршең жетістіктерге қол жеткізу.

Жобаның көкейтестілігі :

Қазіргі таңда ауыл жастарының жұмыссыздық проблемасы шыңырау шегіне жеткені белгілі. Жастарымыз мамандық таңдауда салғырттық танытып, жарқын болашағын  балта шауып жатқанын жасыра алмаймыз. Оған сапасыз білім мен сансыз әлеуметтік  проблемаларды қоссақ, кемелді келешегіміздің күңгірттенбеуіне кім кепіл?! Бірақ қол қусырып қарап отырғаннан ештеңе шықпасы анық. Біз осы жобаны жүзеге асыру арқылы, жоғарыдағы жағдаяттар мен проблемаларды шешу мүмкіндігіне қол жеткіземіз.

Жобаның маңыздылығының негіздемесі

Жас мамандарды ауылға тартуды оңтайландыру арқылы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары

Жобаның мақсаты:

Ауылға қажетті мамандықтарға, тұрғылықты жердің жастарын тарту, яғни еңбек рыногында тұрақтылық қалыптастыру.

Жобаның міндеті:

Ауыл-аймаққа қажетті мамандықтарға  деген бәсекелестікті  арттыру арқылы сапалы қызмет пен өміршең жетістіктерге қол жеткізу.

Жобаның көкейтестілігі :

Қазіргі таңда ауыл жастарының жұмыссыздық проблемасы шыңырау шегіне жеткені белгілі. Жастарымыз мамандық таңдауда салғырттық танытып, жарқын болашағын  балта шауып жатқанын жасыра алмаймыз. Оған сапасыз білім мен сансыз әлеуметтік  проблемаларды қоссақ, кемелді келешегіміздің күңгірттенбеуіне кім кепіл?! Бірақ қол қусырып қарап отырғаннан ештеңе шықпасы анық. Біз осы жобаны жүзеге асыру арқылы, жоғарыдағы жағдаяттар мен проблемаларды шешу мүмкіндігіне қол жеткіземіз.

Жобаның маңыздылығының негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерде басым бағытты әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, кадрларды дайындау және қайта даярлау туралы бағыттар осы жоба аясында кеңінен қамтылады.  Яғни, қазіргі таңда осы басымдықтардың орындалу тетіктерін қарастырады. Ауылды жерлерде даму серпілісін қажет ететін салалар мен бағыттардың нақтыланбауы, айқындалмауы көптеген қиындықтар туғызып отыр.

SWOT САРАПТАМА (жобаның мықты және әлсіз тұстары)

Жобаның мықты, ұтымды тұстарына тоқталсақ, үлкен жүйеге негізделген, даму үрдісі бар, прогресс айқын байқалады. Яғни нақты кезеңдерден тұрады, жүйелілік бар. Біріншіден ауыл жастарының жұмыссыздық проблемасын шешудің нақты тетіктері көрсетіледі. Екіншіден, жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің жанды жүмыс істеуіне мүмкіндік береді. Үшіншіден көп қаржы қажет етпейді. Осы күнге дейін қолданылмай келген көптеген қолжетімді ресурстар іске қосылып, орындалу тетіктері айқындалады.

Жобаның әлсіз тұстарына келсек, жобаның жүзеге асуына біршама  адами факторлар әсер етуі мүмкін. Себебі, мамандық таңдауда, болашаққа бағыт-бағдар алуда отбасылық жағдайлардың кері әсер әсері және түрі әлеуметтік факторлар көптеп кездеседі.

Жобаның жүзеге асуы

Жалпы бұл жоба аясында елімізде біршама жұмыстар атқарылды. Республика көлемінде үлкен қарқын алған «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша көптеген жас мамандар ауылға аттанды. Жас мамандар тұрғын үймен қамтамсыз етіліп, қаржылай әлеуемттік көмектер берілді. Бірақ бұл әлі де болса жеткіліксіз екенін өмірдің өз көрсетіп отыр. Өйткені көп жас мамандарға бұрын көрмеген, бейтаныс ортаға бейімделуінде біршама қиындықтар туындап, кейбір жастардың жұмысты тастап кеткен жағдайларда кездесті. Оған қоса ауылдағы жағдай да жастарды қанағаттандыра бермейді. Біз осы жоба арқылы жоғарыда аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз.

1-кезең Дайындық кезеңі

1)    Дайындық кезеңін аудандық білім бөлімдері бастайды. Бұл кезеңде аудан аумағындағы барлық мектептердегі үздік те қабілетті, түрлі олимпиада, байқаулар, ғылыми жарыстар, интеллекуалдық ойындардың жеңімпаз жоғары сынып оқушыларының деректер базасы жасалады. Сонымен бірге пәндер бойынша және бейін қабілеттеріне қарай толық зерттеме-сараптамалық жұмыстар жүргізіледі. Толық мәліметтер жинақталған соң, базаға енген барлық оқушыларға аудан әкімінің арнайы степендиясы тағайындалады. Степендия көлемі  2000(екі мың) теңге көлемін құрайды және бір жыл мерзімінде төленеді.

2)    Аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бірлесе отырып, алдағы 5 жыл көлеміне аймақтың  толық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін саралап, бос жұмыс орындары мен білікті мамандар жетіспейтін салалар, алдағы уақытта ашылатын жұмыс көздері , қолданысқа енетін түрлі әлеуметтік жобалар, агроөнеркәсіп бағыты бойынша әлеуетті жобаларға толық мониторинг жүргізіп, кең ауқымды түрде жариялайды.

3)    Осы мәліметті аудандық  білім бөлімі негізге алып, ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізеді. Яғни түрлі деңгейде дөңгелек үстелдер, конференциялар , семинар-тренингтер өткізіп, оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Яғни барлық мектептерге оқушылардың деректер базасы бойынша бағыт-бағдар, нұсқамалар беріледі. Оның ішінде Қазақстан Республикасы мен түрлі алыс-жақын шет елдердегі жоғары оқу орындары туралы толық анықтамалық материалдар дайындалады. Жоғары оқу орнының білім сапасы мен оқу-материалдық базасының қазіргі заман талаптарын сай болуы нақты көрсетіледі. Осының барлығын назарға алған мектеп бітіруші түлек өз таңдауын толық айқындап, аудан әкімімен келісім-шарт жасасады. ЖОО  бітірген соң студент өз ауданына келіп жұмыс істеуге міндеттенеді. Аудан әкімдігі болса , жұмыспен қамтуды өз міндетіне алады.

2-кезең  Негізгі кезең

1)    Мектеп бітіруші түлектер ЖОО студенті болған соң, тікелей аудан әкімі тарапынан үлкен қолдау мен қорғауға ие болады. Аудан әкімі атынан ЖОО басшыларына арнайы хат жолданып, жылы бір реттік  аудан әкімінің степендиясы  20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде тағайындалады.

2)    Студенттер демалыс кезінде, мектептерде жоғары сынып оқушыларымен түрлі кездесу, пікір-алмасу кештеріне қатысады. Сонымен бірге тағылымдамадан өз ауданында өтеді.

3)    Студент ғылыми-зерттемелік, тәжірибелік, диломдық жұмыстарын аудан аумағындағы әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, экономикалық даму, экологиялық бағыттар бойынша жүргізеді.

3-кезең Қорытынды кезең

1)    ЖОО бітіруші келісім-шартқа сәйкес ауданға келіп еңбек жолын бастайды.

2)    ЖОО бітіруші жас отбасын құрған болса немес көп балалы отбасыдан шыққан болса, тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үйді пайызсыз несие арқылы алады. Яғни айына 8500 (сегіз мың бес жүз) теңге көлемінде 10 жыл бойы төлейді. Қорытындысында ол үй өз меншігіне өтеді.

Жалпы жобаны құрастыруда мен Бәйдібек ауданын негізге алдым. Ал басқа аймақтарда жобаға өзгерістер енуі мүмкін, Себебі Бәйдібек ауданының экономикалық айналымдары басқа өңірлерге қарағанда аз екендігін ескергеніміз жөн. Ауданда өндіріс орындары кемшін. Кіші және орта бизнес субъектілері аз орналасқан. Халқы негізінен мал мен егін шаруашылығымен айналысады. Яғни шикізат секторы жеткілікті деңгейде, бірақ өңдеу, ұқсату жұмыстары жоқ. Ал қазіргі таңда мемлекетіміздің агроөнеркәсіп саласын жолға қоюда қарқынды қадамдарын көріп, сезініп отырып, ауданның да өзіндік алар үлесі бар екеніне көз жеткіземіз. Білімді ұстаздар мен білікті дәрігерлер жетіспеушілігін ысырып қойғанда, ауданда ауыл шаруашылығының жаңашыл-инновациялық әдістерін жетік меңгерген білікті мамандар жетіспейді. Яғни ауылдың өркендеуіне, дамуына қомақты  қаржылар бөлініп жатқанда, ауылда сол қаржыны әкелетін, игеретін , ұқсататын, жүзеге асыратын, жетістікке бастайтын мамандар тапшы, мүлдем жоқ десек те болады. Ал қаладан білікті мамандардың ауылға келгісі  келмейді.  Біз осы жоба арқылы тек әлеуметтік ғана емес, рухани, патриоттық тәрибені де дамытамыз. Яғни жастарды жастарды туған жеріне қызмет етуге шақырамыз. Мектеп бітіруші жастардың болашаққа деген сенімі нығаяды, ауылдағы еңбек рыногында тұрақтылық пайда болады. Сонымен қатар жас мамандар арасында бәсекелестік туындайды. Бәсекелестік болған жерде сапа, ал сапа болған жерде жетістік болатыны анық. Ауыл шаруашылық саласы мамандары Астанадан, медицина мамандары Қарағандыдан ауыл келіп еңбек етсе, бұл біз үшін үлкен жетістік болары сөзсіз.

Мен өз жобамды, «Өзіміз өсірген дарақтың жемісін, өзіміз неге жемеске?» деген пәлсапалық ой-толғаммен қорытсам деймін.

Жоба авторы: Жапал Долы

Астана қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411