Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2668 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 09:39

Интернет-конференция: Мейірхан Ақдәулет (жалғасы)

Ақын Мейірхан Ақдәулетпен өтіп жатқан конференция аяқталды. Мейірхан мырза оқырмандар жолдаған сауалдардардың соңғы бір тобына жауап бере келіп, абайды тану жайлы пікірін былайшы жеткізеді: «Абайдан пұт жасамау керек. Пұтқа надан табынады! Жұрт табынып жатқан соң. Абайды жүрекке, ділге сіңіріп, онымен дос болып алу керек. Әйтпесе, «Абай мықты ғой ...» дегенді «тупой чиновник» те айтады. Абайды түсінгеннен емес. Болғансудан.  Халыққа бәрін білетін кісі боп көрінгенсігеннен. Айтқанмын: Абай - «нормальный парень» деп. Себебі, ол менікі. Менің досым».

«Абай-ақпарат»

-Шыныңызды айтыңызшы, Таласбек Әсемқұлов, Зейнолла Серікқалиев ағалардың мақалаларын "Алтын Орда" газеті бетіне шығарғанда, өзіңізге де қарсы Жүсіпбек Қорғасбек, Әмірхан Меңдекелер тарапынан қулық-сұмдық ұйымдастырылады деп қорыққан жоқсыз ба?

-Оны Әмірханнан сұра.

-Мейірхан аға! Өткен жылы "Абайды пір етіп, сыйынудың қажеті жоқ" деген сұхбатыңыз республикалық басылымға шықты, биыл өзіңіз «Абай.кз»  ақпараттық порталына келіп әңгіме айтып отырсыз. Абай атамыздың аруағынан қаймықтыңыз ба?

Ақын Мейірхан Ақдәулетпен өтіп жатқан конференция аяқталды. Мейірхан мырза оқырмандар жолдаған сауалдардардың соңғы бір тобына жауап бере келіп, абайды тану жайлы пікірін былайшы жеткізеді: «Абайдан пұт жасамау керек. Пұтқа надан табынады! Жұрт табынып жатқан соң. Абайды жүрекке, ділге сіңіріп, онымен дос болып алу керек. Әйтпесе, «Абай мықты ғой ...» дегенді «тупой чиновник» те айтады. Абайды түсінгеннен емес. Болғансудан.  Халыққа бәрін білетін кісі боп көрінгенсігеннен. Айтқанмын: Абай - «нормальный парень» деп. Себебі, ол менікі. Менің досым».

«Абай-ақпарат»

-Шыныңызды айтыңызшы, Таласбек Әсемқұлов, Зейнолла Серікқалиев ағалардың мақалаларын "Алтын Орда" газеті бетіне шығарғанда, өзіңізге де қарсы Жүсіпбек Қорғасбек, Әмірхан Меңдекелер тарапынан қулық-сұмдық ұйымдастырылады деп қорыққан жоқсыз ба?

-Оны Әмірханнан сұра.

-Мейірхан аға! Өткен жылы "Абайды пір етіп, сыйынудың қажеті жоқ" деген сұхбатыңыз республикалық басылымға шықты, биыл өзіңіз «Абай.кз»  ақпараттық порталына келіп әңгіме айтып отырсыз. Абай атамыздың аруағынан қаймықтыңыз ба?

-Абайдан пұт жасамау керек. Пұтқа надан табынады! Жұрт табынып жатқан соң. Абайды жүрекке, ділге сіңіріп, онымен дос болып алу керек. Әйтпесе, «Абай мықты ғой ...» дегенді «тупой чиновник» те айтады. Абайды түсінгеннен емес. Болғансудан.  Халыққа бәрін білетін кісі боп көрінгенсігеннен. Айтқанмын: Абай - «нормальный парень» деп. Себебі, ол менікі. Менің досым. Кейде іштей керілдесіп аламыз. «Базарыңның барында қазіргілер құсап неге ойнап-күлмедің, жалғанды неге жалпағынан баспадың, т.т.» деп ренжимін. Абай езуін тартып, басын шайқайды. «А-ай, жаманым-ай!» дейді. Мен осыдан соң неге қаймығам оның аруағынан? Маған көмектесіп жүрген «блатной» «крышалар» емес, сол нормальный жігіт. (Мен де тобықты көрінем, немесе Абай төртқара шығар, татумыз екеуміз).

-Ахас аға (Тажутов) қайда жүр? кезінде «Алтын Орданы» дүркіретіп едіңіздер. Сол кездегі газеттей газет көргенім жоқ әлі. Неге қайтып қалдыңыздар? «Егеуқұйрықтардың ережесі» талқан қылды ма сіздерді де? Экономикалық-халықаралық, саяси-ұлттық тұрғыда дұрыс сараптайтын сарапшы-аналитик көргенім жоқ Ахас ағадан басқа. Өте өкінішті кәзіргі хан-талапайға түскен елдің жағдайы.
Аға, елдегі атышулы сопылар ісіне қандай көзқарастасыз? Сопылық дәстүрімізді қолдаған қаншама ғалым, ақсақал үлкен ағаларымыздың пікірлерін тыңдамай аты-жөні ешкімге белгісіз адамдардың нұсқауымен сотталып кете берген кісілердің ісі күмән тудырмай ма?

-Ақас... Айттым ғой, орысшаласақ, «у нас перевернутый мир, перевернутое сознание». Ақас сияқтыларды Елбасына кеңесшілікке ұсынар едік әйтпесе...

Баяғыда Ақас айтып, айналымға түсірген «егеуқұйрықтар ережесі» әлі күшінде тұр. Сол  себепті де «ұлттың дұрыс миын» аса қажет етпей тұр біздің қоғам.

Сопылар туралы айттым. Мен ойлаймын: соның бәрі қазақтар емес пе, тіпті, адасып жүрсе де, түсіндіріп, жолға салып, басы істейтіндердің бәрін сорлылау қазақтың мүддесіне неге пайдаланбасқа? Біз алып өңірде отырған аз ғана халықпыз, қандай күн туса да, ақылды, білімділерімізді сақтап, көбейте беруіміз керек қой. Өзімізді аяуымыз, жақсыларымызды көбейтуіміз керек. Әзір, айттым ғой, тек қана өзіміздің өзімізге шамамыз жетіп тұр. Ұлт дегеннің потенциалы санаулы ғой. Таңдаулы аз. Сол аз таңдаулының бәрі бірдей адал емес. Солай екен деп тірсегін қырқа беретіндей біз пақыр орыс не қытай емеспіз ғой, «қалғаны да жарайды» дерлік...

-Әй, құйтырқылар-ай! Осындай сөздеріңмен ғой сендер Жүсіпбек, Әмірхандар мен Мейірхандардың арасын ашып біттіңдер. Қазір олар өзара жау сияқты. Бірақ білім-білік жағынан, әдебиетке терең бойлау жағынан жоғарыда қысыр коммент жазғандардан 100 есе артық. Мәке, бір-ақ өтінішім бар. Өзіңіз секілді талантты жігіттер айтаққа ермей, бүтін жүріңіздерші. Бізге мейірімді Мейірхандар, ел дегенде жөн сөйлейтін Жүсіпбектер қатар керек. Аман болыңыз! Кемі Зиманов ағамыздың жасын жасаңыз.
Астаналық ініңіз

-Мен еш қазақпен жау емеспін. Кәдеге асатынның бәрінің қадірін білу керек, айттым ғой, көп емеспіз.  Жүсіпбек,  Әмірхандар, өзгелер, бәрі аман болсын.

P.S. Қадірін білу деген «значок» беру, «тізімге қосу» емес. Жанмен, жүрекпен қастерлеу, аман сақтау, қажет болса, болысу.

-Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын қалай бағалайсыз? Ол қазір Астанада тұрады.

-Таласбек - табиғи ғажайып потенциялын толық пайдалана алмай келген дарынды досым. Себеп - баяғы, «егеуқұйрықтар ережесі». Алла амандық берсін оған, ол талай шаруа бітіре алады.

-Мұхтар Мағауинді Әмірхан Меңдеке неге Аманхан Әлімнен қорғап қалмады деп ойлайсыз?

Прагалық досыңыз

-Оны өзінен сұра.

-Досыңыз, талантты сыншы Әлия Бөпежановамен хабарласып тұрасыз ба?

-Әлбетте. Мен оны сирек кездесетін қазақы адамның бірі деп қадірлеймін.

-Әмірхан Балқыбектей дарынды ақын, білгір көсемсөзшімізді неге бағалай алмай жүрміз деп ойлайсыз?

- Бағалау деген не? Бастық қылу, сыйлық беру ме? Оны саналы қазақтың бәрі бағалайды. Аман жүрсін ол.

P.S. Жалпы адал кісі мақтан да, баға да дәметпеу керек. Олай болса егер, ол сауда боп шығады.

-Плакатшыл, декламацияшыл, агитатор ақын Серік Ақсұңқарұлы өлеңдерін поэзия деп айтуға бола ма? Оның жазып жүргені речитатив емес пе? Соңғы кездері ол жағымпаз, төпіли жалағыш, өрекпе ақынға айналды.

-Сен Серікке кейіме. Жақсы ақын. Әлгінде айттым, қазақтың барын қадірлеу керек. Серік нашар болғанда саған (маған, оған) біреу өзінікін бере ме? Меніңше, біреуден мінсіздік дәметуден оңайы жоқ, соны қою керек қазаққа. Ал не жалау, қалай жүру әркімнің өз шаруасы, әрі-беріден соң өз түсінігі, бары. Тағы айтам, біз өте азбыз ғой. Аяу керек аз адамды. Әрине, ұнамағанын айту керек, тек жанына кездік салмай-ақ айтқан жөн, кәсіби тұрғыдан, мәдениетті түрде.

Маған байланысты да солай. «Құл ешкімді сүйе алмайды, жарығым» (Жұматай Ж.). Құлдар мені де өз қатарына қосылмағаным үшін кешіре алмайды. Егер сені ауданға әкім қойса, өзгеше сайрар едің. Көрмедіктің әңгімесін айтпа.

-Билікте жүрген ақындар -  сарай ақындары. Тәртіп комиссиясында талайлардың бетін тіле отырып, онан да асқан сорақылықтардың ортасында жүрдіңіз. Жазған өлеңдеріңіз бен өз жеке тұрқыңыздың арасындағы айырмашылық үлкен сияқты.

-Мұның жауабын айттым: барлық билік натуралданған қазақтарға көшіп келеді. Шыны сол. Мұның емін мен де таба алмай жүрмін.

-Мейірхан мырза, Сізді ана бір оқиғадағы мінезіңізден соң құрметтеуді қойдық, сонау бір кездері ағалармен аралас болған бір көз көрген азамат аға дейтінмін, жәй бір пенде екенсіз, тірегі жоқ- ау... деп басынғыңыз келгені ұят болмады ма өзіңізге? сол замандағы адамдардан сол шаңырақта сізден басқа көнекөз қалмапты да ғой.... түсінген шығарсыз?

-Түсінбедім. Тек бір сасық иісті сезіп отырмын. Ашық айтсайшы, көрелік. Тексіздің бықсығы сияқты әңгіме ғой бұл. Тура кеп, басымды шаппаймысың?

-Мәке! Сізге көп рахмет! Кезінде "Қазақ әдебиетін", кейін "Жас алашты" билеп-төстегендерді, былайша айтқанда, Жүсіпбек Қорғасбектің қиянатшыл тобын "Алтын Орда" газетінде тас-талқан қылдыңыз-ау.

-Оны дұрыс түсін. Мен келісе алмайтындықтан ащы айттым, бәлкім, артық. Талқандау емес, құрастыру керек.

-Адам баласына қиянат жасаған кезіңіз болды ма?
Қандай ісіңіз үшін қатты өкінесіз?
Осы өмірде Сіздің шығарға жаныңыз ғана бөлек, қимас адамдарыңыз бар ма? Олар кімдер?
Аттарын атай аласыз ба?
"Өмірдің артын көріп қойдым" дегенді де Сіз айтқансыз. Сіздің өміріңіздің мәні не? Осы сұрақтарға шынайы жауап алғым келеді. Мүләйім, бояма болса, жауап жазбай-ақ қойыңыз.
Рахмет.
Асылжанардақ.

-1) Әрине. Соңынан өкінетініме ғана тоба деймін.  Бірақ «осы әтеңе нәлетке жасайыншы» деп жасаған қиянатым жоқ. «Ат шаба алмас мінімнен» дейді Абай. Менің мінімді, мүмкін, поезд тарта алмайтын шығар. Екі-үш байға тиіп келіп,  «қызбын» деп қылымситын қардың қылығына  баспаса егер, мінсіз адам жоқ шығар.  Бірақ «жұрт та сөйтіп жатыр ғой...»  деп өзімді ақтаған адам емеспін.  Қиналам. Міндерім үшін.

2) Үш қатынды бірден алып, 35 баланың әкесі, болмағаным үшін (осындай да әзіл болады!).

3) Шүкір, бар. Айтпаймын: қадірі кетеді.

4) Білмеймін. Өмірдің мәні - өмір сүру (шығар). Мүмкіндігінше, хайуанға айналып кетпеу.

-Қазір қазақтың сөзін батыл сөйлеп жүрген бірден бір басылым "Жас қазақ үні" газеті туралы не айтасыз? Өзге газеттер, мысалы мемлекеттік басылымдар неге осы газеттей ұлт мәселесін өткір жазбайды? Оның басшысы, дарынды ақын Қазыбек Иса туралы ойыңыз? 138-дін хатын қолдадыныз ба? Тағы бір сұрағым, Алматыда елбасы ескерткіші ашылды, Ақтөбеде қашан орнайды?

Құрметпен, шығармашылығыңызды құрметтейтін өзіңізге таныс қарындасыңыз.

Мен төреші емеспін. Жақсыға қуанам, жаманға ренжимін. Ал бұл - ең үлкен шаруа. Қазбек - інім. Оны мақтасам, інісі болғасын... дерсің. Аман  болсын!

138-дің хатын қолдаймын. Маған қол қойдырмады, қашықтамын ғой.

Ақтөбедегі, өзге жердегі ескерткіштер туралы үкіметте немесе мен мына құпия, тоқ күлкілі премьердің  орнына  бара қалсам,  менен сұрарсың.

-Мейірхан аға неге зиялы қауымның қәдірі жоқ, неге үкімет сіздерді қуыршақ қып ойнайды, неге сіздер қуыршақ болып кетесіздер, қаншама зиялы қауымның хаттары неге ескерілмейді, сондай-ақ құнсызданып кеткені ме? зиялы қауымның неге аузы бірікпейді?

-Бұл жайлы аз-кем айттым ғой.

-Мейірхан аға, егер Сіз қазір қарапайым қатардағы мықты журналист қалпыңызға қайта түсіп, мақала жазар болсаңыз, ең алдымен қандай тақырыпқа қалам тартар едіңіз?! Немесе қазіргі қазақ журналистикасы көтеруі тиіс ең үлкен үш мәселені айтыңызшы. Баяғы "Алтын Ордадағы" публицистикаңыз мәнерінде жазылатын нағыз мақала туралы айтып отырмын.
Оралдан журналист ініңіз

-Қазақ ұлтының шынайы, бүгінгі болмысы  туралы.  Оның сорлылығының ішкі һәм сыртқы  себептері. Ұлтты құрып  кетуден,  қазіргі баяу деградациядан құтқарудың  шынайы, қатал концепциясы. Осы үшеуімен бәріміз айналыссақ болар еді. Айтпақшы, қазақы даңғазалық  пен  қызылкөздіктен  арылып, салқын ақыл, ыстық жүрекпен кіріспесе бұл іске, онда қазіргі  байбаламға, негізсіз, пайдасыз у-шуға қайта ораламыз. Содан қорқам. Жазбайтыным да сол шығар,  «Әжептәуір әнді» мұрыны барлар да бүлдіруі бек мүмкін ғой.

-Сіз Асқар Сүлейменовті өте жоғары бағалайды деп естиміз. Оның өзгелерден ерекшелігі туралы айтып беріңізші.

-Ол үшін мақала, бәлкім,  кітап жазу керек.

-Тағы да мүмкіндік берілсе, шалғайда жүріп-ақ баяғы "Алтын орда" (қазір ол газет бар ма өзі?) деңгейіндегі газет шығара алар ма едіңіз?

Оразәлі

-Оны кім беріп жатыр.

-Мейірхан, сіз Асқар Сүлейменовтің шығармашылығын ерекше бағалау себебіңіз неліктен? Асқар Сүлейменов жазуы ерекше, қазақ қаламгерлерінің ешқайсысына ұқсамаған, ешуақытта атақ-даңқ қумаған, жағдайымды жақсартамын деп, ешқашан биліктің әнін айтпаған, үнемі қараша халық жағында болған, шығармалары тәуелсіздіктің рухани жолын көрсеткен жазушы. Сіз осыған келісесіз бе?

-Келісем. Сүйемін,  қадірлеймін.   Қазақтар соның  деңгейіне  көтерілсе деп армандаймын.

-Қазіргі жас ақындарға да жұғып үлгерген жағымпаздық жайлы не айтасыз?
2. Алматыға келіп неге бір тамаша кеш өткізбейсіз?
3. Сізді ұлтшыл, намысты азамат деп естушы ем, неге Шахановтар бастаған қазақ ұлтшылдарының жанайқайына үн қоспайсыз? шеттен қызықтап тұрғанға ұялмайсыз ба?
4. Қазіргі жастар поэзиясында кімдерді жоғары бағалайсыз?
осы сұрақтарға жауап алғым келеді.

-1) Заман  солай -  қу мен алаяқ  қадірлі боп тұр.

2) Мүмкін...

3) «Айғай салып арзандатпа шындықты...», ал мен ұялатындай ештеме істегем жоқ.

4) Айттым: бұл қысқа жауаптың  ісі емес.

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377