Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3037 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 05:19

Ришат Асқарбекұлы. Азан діни рәсім бе, әлде айқай ма?

Қазақ атеистік Кеңес өкіметінің өктемдігі жүріп тұрған тұста да, азанын шақырып, Алла алдындағы құлшылығын ұмытпаған.  Ендеше етек-жеңімізді қымтап, ата дінді дәріптеп, жастар бес уақыт намазды қаза қылмауға бет бұрғанда, бұнысы қалай?  Енді еліміздегі дін мәселелеріне ресми көзқараспен қарайтын агенттік «Азан шақырып елдің мазасын қашырмайық» деген сипатта ұсыныс тастады. Бұл көптеген мұсылмандардың жанды жеріне істік тығып алғандай әсер қалдыруы мүмкін.  Таңғы намаздың алдындағы діни жоралғының дыбысын бәсеңдету заңмен реттелуі керек депті, Қайрат Лама Шәріп. «Діни рәсімдер тұрғындардың мазасын алмауы керек. Керек десең бұл менің емес, денсаулық сақтау министрлігінің  талабы»,- дейді агенттік басшысы. Шенеунік «Религия требует постоянного внимания и кропотливой работы»(15.11.2011 «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеті) деген сұқбатында осы мәселеге орай былай дейді: «Хотелось бы обратить внимание и прессы, и общественности на то, что претензии по поводу азана относятся не к факту, а к громкости его звучания в раннее утро. Руководство Духовного управления мусульман Казахстана  уже провело разъяснительную работу со своими официальными представителями в регионах по снижению мощности громкоговорителя  во время его использования.»

Сұқбатта ресми мекеменің өкілі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы аймақтардағы өкілдіктеріне діни жоралғыны орындауда дыбыстың шуылына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп отыр. Алайда мүфтият қызметкерлері дін басымыздан да, дін істері жөніндегі агенттіктен де мұндай нұсқаудың болмағанын айтады. Қазақстандағы 2,5 мың мешітті бақылауында ұстап отырған басқарма азан шақырудың астарына үңілу орынсыз деген ұстанымда.

Қайрат Лама Шәріп БАҚ өкілдеріне берген түсініктеменің тағы бірінде былай дейді: «Түнгі уақытта сағат он екі мен жетінің аралығында дауыстардың қатты шығуына байланысты денсаулық министрлігінің арнайы бұйрығы бар. Бұл санитарлық нормаға жатады. Отыз-қырық децибель көлемінде. Бұл тек азан менен шіркеулердің қоңырауларындағы дауыс емес түнгі клубтардағы музыкалардың да даусына қатысты норма.»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы №841 бұйрығы негізінде Тұрғын үйлер аумағында, қоғамдық ғимараттардың айналасанда шу мен инфрадыбыстың өлшемі гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Түнгі сағат 23.00 ден таңғы сағат 7.00-ге дейінгі мерзімде шуыл өлшемі  45 децибелден аспауы тиіс деген ресми құжат бар екені рас.  Бірақ осы министрлікке қарасты мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментіне осы күнге дейін мешіттің азан шақыруынан ұйқымыз бұзылды немесе мазамыз қашты деп бірде-бір шағым түспеген.

Дінтанушы Мұхитдин Исаұлы намазға жығылар алдында азан шақыру мұсылмандарда ежелден қалыптасқан үрдіс дейді. Ол -ислманың символы. Қазақстанда, оның ішінде Түркістан жақта Кеңес заманында да мешіттер болды. Алла үйінде азан шақырылып, намаз оқылды. Бірақ оның дауысына ешкімнің шағым айтқанын естімедік. Сондықтан дәл қазір сан ғасырлық діни рәсімді көптің талқысына салып, дау-дамайдың нысанасына айналдырудың не  қажеті бар. Әйтпесе жат ағымдар, тырнақ астынан кір іздеген әлдебір топтар жағдайды басқаша пайдаланып, қоғамды дүрліктіруі мүмкін, дейді дінтанушы. Ол азан да қоғамдық орында намаз оқу мен хиджап киюге қатысты  ел ішін алатайдай бүлдіріп, пәле іздеген теріспиғылдылардың ермегіне айналмаса дегенді меңзейді.

Қазақта «Аллаға жақын болғың келсе азанды бол, ағайынға жақын болғың келсе қазанды бол» деген нақыл бекер айтылмаса керек. Азан- намаз уақытының жақындағанын білдіріп, жамағатты құлшылыққа шақыратын діни рәсім екенін көзіқарақты жұрт біледі. Бірақ Аллаға деген мадағыңды  айқайламай-ақ,  күбірлеп айтсаң да естиді дегенге не дерсің?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377