Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3453 0 пікір 4 Желтоқсан, 2011 сағат 12:18

Ырысбек Дәбей. Рух бостандығы

Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік, түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ. Ақиық ақын өзі де оны көзі тірісінде ескерткен еді. «Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, менің нәзік жанымды кім түсінер!?».  Қазақ әдебиетінің алтын босағасын аттаған кез-келген қалам иесінің шарқ ұрып шешімін іздейтін жұмбағы да осы болмақ. «Неге?» дейтіні жоқ, ақиқаты солай. Анығында Мұқаң тұспалдаған «менің нәзік жаным» - қазақ әдебиетінің бүкіл болмыс-бітімі. Бұндай жауапкершілігі үлкен Ұлы Сөзді айту - мың жылда бір туатын Мұқағали секілді арыстарға ғана бұйырыпты да, оның мәні мен мазмұнына бойлау кейінгілердің пешенесіне жазылыпты. Түбі терең жұмбақтың қалтарысын қаншалықты сүзе алдық? Ол - бүгінгі әдебиеттің көтерілген кеңістігі, қазақ жанының әуелгі эстетикалық талғамына талпынысы болмақ еді. Өкінішке қарай, ол биіктің алдырта қоятындай оңай соқпағы көзге шалынып тұрған жоқ. Арғы заманды айтпаған күнде де, Абайдан кейінгі Шәкәрім, Мағжан, Ілияс, Сәкен, Қасым, Мұқағали, Жұмекен, Төлеген секілді алыптар қаламы тудырған сұрапыл энергияны оңды-солды шашып, «заманға жаман боп күйлеген» естанды халімізге не дейік?.. Олжас Сүлейменовтің: «Шекспир құбылысы болмаса, ағылшын станогі дүниеге келмес еді», - дегенін қаперге алсақ, айтпағымыздың астары су бетіне қалқып шығады.

Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік, түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ. Ақиық ақын өзі де оны көзі тірісінде ескерткен еді. «Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, менің нәзік жанымды кім түсінер!?».  Қазақ әдебиетінің алтын босағасын аттаған кез-келген қалам иесінің шарқ ұрып шешімін іздейтін жұмбағы да осы болмақ. «Неге?» дейтіні жоқ, ақиқаты солай. Анығында Мұқаң тұспалдаған «менің нәзік жаным» - қазақ әдебиетінің бүкіл болмыс-бітімі. Бұндай жауапкершілігі үлкен Ұлы Сөзді айту - мың жылда бір туатын Мұқағали секілді арыстарға ғана бұйырыпты да, оның мәні мен мазмұнына бойлау кейінгілердің пешенесіне жазылыпты. Түбі терең жұмбақтың қалтарысын қаншалықты сүзе алдық? Ол - бүгінгі әдебиеттің көтерілген кеңістігі, қазақ жанының әуелгі эстетикалық талғамына талпынысы болмақ еді. Өкінішке қарай, ол биіктің алдырта қоятындай оңай соқпағы көзге шалынып тұрған жоқ. Арғы заманды айтпаған күнде де, Абайдан кейінгі Шәкәрім, Мағжан, Ілияс, Сәкен, Қасым, Мұқағали, Жұмекен, Төлеген секілді алыптар қаламы тудырған сұрапыл энергияны оңды-солды шашып, «заманға жаман боп күйлеген» естанды халімізге не дейік?.. Олжас Сүлейменовтің: «Шекспир құбылысы болмаса, ағылшын станогі дүниеге келмес еді», - дегенін қаперге алсақ, айтпағымыздың астары су бетіне қалқып шығады. Кешегі кеңестік кер заманда Мұқаң бұл сырды ашық айтты:

Қазынам бар.

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!

Алам десең,

Алдымен зертте мені...

Мұқағали құбылысын біз қаншалықты игілігімізге жарата алдық? Мәселе осында. Өлең мен өмір ара қатынасындағы дегдар жұрттың Күн астындағы жарқын болашағын қалыптастыра алған сәтте  Мұқаңның барлық құпиясы - «мәңгілікке өзімен ала кеткен» асылына жақындаймыз. Мұқағалиды мың жылдықтарға құлаш ұратын ақын дейтін сәуегейлігіміздің өзегі осы болуы керек. Ал қазақ нұрлы келешекке сенетін халық. Қысқасы, ұлт ретінде қаншалықты сапалық деңгейге көтеріле алсақ,  Мұқағали поэзиясы бүгінгі біздің эстетикалық ләззатпен ғана шектелген кеңістігімізден де аспандай түсері хақ. Жаратушы Ием ұлттың құпия кодын санаулы ғана адамдардың білуіне мүмкіндік беріпті. Ұлт ретінде өсудің бұралаң жолы - әулиелік бұйырған тұлғалар аманатын әспеттеумен ғана шектелген «соры қалың соққы жеген пешенемізге» жазылмаған...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351