Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 04:45

Ақылбек Шаяхмет. Шегі бар ма шыдамның?!

Ханқамау

(шахмат)

Ханқамаудың  сырын сен түсін, мейлі, түсінбе,

Хан, уәзір, сарбазы - бір қораптың ішінде.

Карта деген ойынды түсін, мейлі, түсінбе,

Алтылық пен королі - бір буманың ішінде.

Аяқдоптың өзін де, түсін, мейлі, түсінбе,

Жанкүйерлер көреді стадион ішінде.

Адамдар да жайғасқан ішіне бір кеменің,

Қуаныш пен қайғыны бірге көріп келеді.

Қайда жүрсе пенденің  көретұғын күні осы,

Көрге жылдам түспейді көріп бітпей көресін.

Ойын бітсе түбінде жер қойнына кіресің,

Ақыл айтып қайтейін, оны өзің де білесің...

Ағаш  туралы толғау

Өмір деген осынау - тұтасқан бір ну орман,

Көшеттер көп көгерген, ағаштар бар қуарған.

Үйеңкі мен мәжнүнтал, жөке менен қара ағаш

Жатқан малдай қоралас өскен екен аралас.

Өну, өсу, өркендеу - тіршіліктің мақсаты,

Бұтақтары көп болып, қалса болды жақсы аты.

Көпті көрген, өткерген, көп жасаған еменнің

Тастай қатқан тамыры, көкірегі - шемен-мұң.

Жапырағы жайқалып, биік өскен қарағай

Теміржолға төселер жағылған соң қара май.

Өзі кербез, өр кеуде, ақ балтырлы қайың да

Күзгі салқын келгенде салынады уайымға.

Қысы-жазы орманда жайнап өскен шыршаны

Кеседі екен кей адам болады деп үй сәні.

Көктеп шықса құлпырып майысатын тал-шыбық

Долы дауыл соққанда қалады екен жаншылып.

Көздің жауын алатын не бір әсем гүлдің де

Үзілген соң хош иісі азаяды, білдің бе?!

Егер жеміс ағашы төгіп жатса жемісін,

Ол сыйлығы Алланың жарататын ел үшін.

Үйеңкінің түбінен ойып алған кей ағаш

Қобыз болып жарытпас, домбыраға жарамас.

Көргендер де бар бүгін бағы жанған қурайды,

Сыбызғының сазды үнін жұрт сүйсініп тыңдайды.

Бөренені ағын су кетсе төмен ағызып,

Кепкен бұтақ болады ошақтарға тамызық.

Құрық болар - иілсе, таяқ болар - сүйенсең,

Ағаш даңқын ендеше көкке көтер, Өлең, сен!

Керегесі - ағаштан, шаңырағы - ағаштан,

Қазағымның ежелден Алты Алашта бағы асқан.

Қымыз құйған шүпілдеп қолдағы ағаш тостаған

Дос көбейтіп, халқымды жақсылыққа бастаған.

Сипаттауға сөз жетпес айтсам-дағы қанша мен,

Тістің өзін қазағым тазалаған аршамен.

Тербетеді аналар сәбидің тал-бесігін,

Шебер қашап жасайды үйдің көсік, есігін.

Балалардың ең алғаш мінгені де ағаш ат,

Сол ағаштан жүрміз біз көпір салып, қала сап.

Отың басын қарық қып, көркіне сай жарасқан,

Кітап сөрең, төсегің, жихазың да ағаштан.

Көрген талай сынып та, көнген талай былыққа,

Сол ағашқа оттың жау екендігін ұмытпа!

Өніп-өскен орманға жай түспесін деп тіле,

Кесіп, құртып, жайпайтын ой түспесін деп тіле.

Ғасыр бойы жайқалып өсіп тұрған орманым,

Келешекке жеткізсін ата-баба арманын.

Шегі бар ма шыдамның?!

Кейбіреуге білімсіз қолдан жасап Құдайды,

Төріне іліп суретін, табынғаны ұнайды.

Жесе жемге тоймайды, құнығуын қоймайды,

Алла сондай кісіні байлық беріп сынайды.

Атақ, байлық, дәреже баста мәңгі тұрмайды,

Қуат қайтып, күш кеміп, тағдыр бағын ұрлайды,

Бабын тапқан қираған құмыраны құрайды,

Алла сондай кісіні кедей қылып сынайды.

Қандай кезде құрбақа басында ойнар құланның,

Көрген бар ма құлағын айыр тілді жыланның.

Айтыңдаршы, адамдар, беті бар ма аярдың,

Шеті бар ма шеменнің, шегі бар ма шыдамның?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606