Сенбі, 23 Қараша 2024
2702 1 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 12:18

Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаны өздеріне сынап көрді

Қазақстандық бес ғалым COVID-19-ға қарсы жасаған вакцинаны өздеріне сынап көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді. 

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес, 2020 жылдың 13 тамызында макак-резустан антидененің кемінде 7 log болуы тиіс соңғы титрін анықтау жоспарланып отыр. Бұл жоғары иммуногендік көрсеткіш саналады.

«2020 жылдың 26 шілдесінде вакцинаның 5 әзірлеушісі тірі вируспен жұмыс істеу барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вакцинаны өздеріне сынады. Бірнеше тәулік өткеннен кейін олардың өздерін сезінуі жақсы, дене қызуы мен аллергиясы жоқ. Клиникаға дейінгі сынақ 2020 жылдың 20 тамызында аяқталып, нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі», - деп хабарлайды институттан.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталуы тиіс.

COVID-19-ға қарсы QazCovid-in вакцинасын институттың бас директоры К.Закарья және ғылыми қызметкерлер: Л.Құтымбетов, Б.Хайруллин, М.Орынбаев, Қ.Сұлтанқұлов, Е.Әбдірайымов, С.Нұрабаев өздеріне сынаған.

Институт өкілдерінің мәліметінше, вакцинаны салғызған ғалымдардың жағдайы жақсы. Олар бірнеше тәулік өткеннен кейін өздерін жақсы сезінген, дене қызуы мен аллергиясы жоқ.

«Вакцина COVID-19-ға қарсы бірінші отандық вакцинаны дайындау және сақтау технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын тікелей орындайтын институттың ғылыми қызметкерлерін толықтай эпидемологиялық қорғау үшін қажет болды. Аталған ғылыми қызметкерлер COVID-19-ға шалдығып қалған жағдайда институт отандық вакцина әзірлеуге бағытталған маңызды мемлекеттік міндетті орындайтын ең құнды мамандарынан ұзақ уақытқа айырылып қалар еді. Өзі дайындаған вакцинаны вакцинациялау медициналық және иммунобиологиялық препараттарды әзірлеушілердің жария емес ғылыми стандарты саналады. Әзірлеуші ең алдымен өзінің әзірлемесінің қауіпсіздігі мен иммуногендігін өзіне сынауы тиіс. Екіншіден, өзінің зерттеуінің нәтижесі мен сапасы үшін толықтай жауапкершілік алады. Осылайша, клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің қауіпсіздігіне кепілдік береді», - дейді институт директоры Күнсұлу Закарья.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349