Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 07:00

Ішкі ЖЖМ нарығын қалай реттейміз?

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Толқын Тәшімов. Жазда басталып, күзде жалғасын тапқан отындық дағдарыс соңғы жиырма жылда мұнай өндіру көлемі үш есеге артқанына (былтыр 79,5 млн тонаға дейін) қарамастан, ҚР үкіметінің елді қажет көлемде ЖЖМ-мен қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті. ЖЖМ тапшылығы нәтижесінде Өскемен, Атырау, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында, басқа қалалар мен елді мекендерде отын жетіспеушілігі байқалды. Ал ұсақ және орташа бензин құю станциялары жабылып, ірі станциялары отынды талонмен беріп жатты.

Бұл жолғы дағдарыстың Қазақстан тарихында ең ұзақ болғаны алаңдатады. Әрине, бензин мен дизель отыны қымбаттай бастады: үстіміздегі жылдың 9 айында шамамен үштен бірге өсті. Осыдан кейін азық-түлік те қымбаттай бастады. Үкімет мәселені шешуге, ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға тырысты: мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салды, орталықтандырылған түрде Ресейден 50 мың тонна жоғары октанды бензин сатып алды, сонымен бірге, Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) толлингтік схеманы (өңдеуді) талқылауды ұсынды.

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Толқын Тәшімов. Жазда басталып, күзде жалғасын тапқан отындық дағдарыс соңғы жиырма жылда мұнай өндіру көлемі үш есеге артқанына (былтыр 79,5 млн тонаға дейін) қарамастан, ҚР үкіметінің елді қажет көлемде ЖЖМ-мен қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті. ЖЖМ тапшылығы нәтижесінде Өскемен, Атырау, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында, басқа қалалар мен елді мекендерде отын жетіспеушілігі байқалды. Ал ұсақ және орташа бензин құю станциялары жабылып, ірі станциялары отынды талонмен беріп жатты.

Бұл жолғы дағдарыстың Қазақстан тарихында ең ұзақ болғаны алаңдатады. Әрине, бензин мен дизель отыны қымбаттай бастады: үстіміздегі жылдың 9 айында шамамен үштен бірге өсті. Осыдан кейін азық-түлік те қымбаттай бастады. Үкімет мәселені шешуге, ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға тырысты: мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салды, орталықтандырылған түрде Ресейден 50 мың тонна жоғары октанды бензин сатып алды, сонымен бірге, Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) толлингтік схеманы (өңдеуді) талқылауды ұсынды.

Отынның сапасы да сын көтермейді. 2011 жылдың бірінші жартысында  мұнай өнімдерін сататын 175 кәсіпорын тексерілді. 109 жағдайда бұзушылықтар анықталды, жалпы құны 400 млн теңгенің ЖЖМ-сын сатуға тыйым салынды. Себеп: ЖЖМ ресейлік отыннан нашар болған жағдайда да жерлестеріміз оны отын құю станцияларында араластыруға тырысады. Жоғары октанды бензиннің орнына 55-80 аралығындағы октандық саны бар бензин сатылатын оқиғалар көп.

Отындық дағдарысқа әкелген басты себеп - КСРО-дан мұра болып қалған қазақстандық үш МӨЗ-дің ескірген, тозығы жеткен жабдықтары. Мұнай бағасы тоннасы үшін $150 болғанның өзінде үкімет МӨЗ-дерді модернизациялауға қаржы бағыттау мүмкіндігін таба алмады.

Мұнай-газ саласына инвестициялық капитал ірі екенін атап өту керек: капитал салымдарының көлемі $100 млрд-тан асты (ТМД көлеміндегі ең үздік көрсеткіш). Бірақ қаржы негізінен шикізатты шетелге жеткізетін құбырлардың құрылысына бағытталып жатыр. Ал өңдеу азайып келеді: 20 жыл бұрынғы 18 млн тоннадан қазіргі 13 млн тоннаға дейін.

Отындық дағдарыс созылмалы ауруға айналып, әлеуметтік дүрлігу тудыруға жеткенде, үкімет модернизациялау жоспарын жариялауға мәжбүр: 2016 жылы МӨЗ-дер модернизацияланып, «Еуро-5» деңгейінде отын шығара алады, ал өңдеу көлемі жылына 17,5 млн тоннаға жетеді. ҚР мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында осындай жоспар жазылған. Есептеулерге сәйкес, үш МӨЗ-ді модернизациялауға шамамен $4 млрд қажет. Алайда қаржыландыру проблемаларына байланысты (негізінен бұл Қытайдың ақшасы), МӨЗ топ-менеджментінің жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеуі салдарынан жұмыс қолға алынбай отыр. Егер осындай баяу қарқын сақталса, отындық дағдарыстың себептері қалады. Ал зауыттар ағымдағы жөндеуге жабыла береді, жақында Шымкент МӨЗ-і солай жабылды ғой. Жыртықты жамау модернизация мәселесін шешіп бермейді.

Қазір Қазақстанға ел ішінде өңдеуді дамытқанның орнына, мұнай мен газды сыртқы нарықтарға сатқан пайдалы. Экспорт - дәл осы жерде түсетін тірі валюта, ал өңдеу миллиардтаған салымдарды қажет етіп, ұзақ жылдар бойы басты ауыртады. «Әлем нарығында мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан асқанда, Қазақстанда бұл баррельді өндіру мен оны мұнай құбырымен айдауға кететін нақты шығындар ең көп дегенде 30-35 долларды құрайды. Қаржы нарықтарынан келетін 70-тен аса доллар көлеміндегі айырмашылық шикізатты шетелге шығаруға итермелейді», - дейді саяси шешімдер институтының сарапшысы Сергей Смирнов.

«Шамадан артық шығарудың» салдарынан қазақстандық МӨЗ-дерге жүктеме аз: бүгінгі күні кәсіпорындардың қуаттарын пайдалану шамамен 67% көлемінде (Павлодар МӨЗ-і - 49%, Шымкент МӨЗ-і - 65%, Атырау МӨЗ-і - 71%). Осыған байланысты зауыттар беру схемасымен жұмыс істейді, ал шикі мұнайға экспорттық баж салығының төмендігі шикізатты сыртқы нарықтарға шығаруды ынталандыра түседі. Жоғарыда аталған себептердің бәрі мұнай мен газ конденсатын өндірудің артуы жағдайында (2011 жылдың қаңтар-қырқүйегінле 1,4%-ға) сәйкес кезеңде бензин өндірісі 11,9%-ға төмендеді.

Жергілікті мұнайшылар алға тартатын дәйектер бөлек тоқталуды қажет етеді. Мысалы, қазан айының басында KAZENERGY VI Еуразиялық энергетикалық форумында ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев елдегі отындық дағдарыстың басты себептері ретінде мұнайдың әлемдік бағасының қымбаттауы мен Ресеймен салыстырғанда қазақстандық ЖҚС-тардағы отынның арзандығын атады.

Бірақ мұндай түсіндіру күдік тудырады: Қазақстан шикі мұнайды импорттаушы емес, экспорттаушы болып табылады. Және ішкі нарықтағы баға қалыптастыру мәселесіне келсек, ол сын көтермейді. ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА)  мұнай өнімдерінің көтерме нарығының субъектілері белгілеген баға мұнай бағасының қарқынына сәйкес келмейді деген қорытынды шығарды. Мұнайдың көтерме нарығының ірі ойыншылары мұнайды сатып алу бағасы арзандағанда да ЖЖМ бағасын көтерген. Осы себепті шикізат 20,1%-ға арзандағанда, дизель отыны 32%-ға қымбаттаған. Мұнай бағасы 4,1%-ға қымбаттаса, АИ-92 бензинінің литрі 24,6%-ға өскен. Осының бәрі монополияға қарсы ведомстволардың ЖЖМ нарығына бақылауы нашар екенін көрсетеді.

Қазақстандық бензин ресейлік бензиннен арзан деген дәйек анық. Қазір бұл айырмашылық 20% деңгейінде. Мәселе отынның бағасында емес, халық кірісінің деңгейінде. Мысалы, Германияда орташа жалақыға 3,1 мың литр, Ресейде 730 литр, Қазақстанда 680 литр бензин сатып алуға болады.

Отындық дағдарыс туралы басқа да болжамдар бар. «Біреулер ресейлік проблемалар трейдерлер үшін ЖЖМ нарығында тапшылық тудыруға ыңғайлы себеп болды деп ойлайды. Бұлай ойлайтындар Қазақстанда бензин өндірісінің төмендеуінің Ресейдегі «Еуро-3» айналасындағы проблемалармен қатар келуі кездейсоқ емес деп есептейді. Әсіресе, МӨЗ-дердің мұнай өнімдеріне деген көтерме бағалары жалпыға жарияланбайтынын және басқалар үшін МӨЗ-ЖҚС тізбегіне «кіру» мүмкіндігінің жоқ екенін ескергенде», - деп ойлайды С.Смирнов.

Сонымен қатар жеке меншік жанар май құю стансаларының иелері отын нарығындағы дағдарыстан нарықтың монопольданып бара жатқанын көріп отыр. Бұл күдікті ірі ойыншылардың нарықтан шағын және орта бизнесті ығыстырып шығарып жатқаны растай түседі. Бұл ретте Бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) бұған қарсы ешқандай шарасыз, себебі монополиялардың артында ықпалды адамдар тұр.

Бұл ретте билік ескі қуаттарды қайта жаңғырту қажеттігі туралы айтудан шаршамайды. Ал төртінші МӨЗ құрылысын бастау, осы саланың басшысы Мыңбаевтың айтуынша, 2019-2020 жылдары ғана қолға алынбақшы.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, мемлекет біріншіден, МӨЗ-дер мұнай беру сұлбасымен  жұмыс істеу қағидасынан бас тартуы керек, екіншіден, Ұлттық қор мысалымен мұнай резервін құру және төртінші МӨЗ құрылысын салуды тездету керек.

Бүгінге мемлекет барлық үш МӨЗ-ді де қадағалап отыр, сондықтан біріші шартты орындау оңай. Сарапшылардың есептеуінше, мұнай беру сұлбасы қазынаға төленетін салық көлемін екі еседен астамға, ал МӨЗ-дердің кірістерін - 20 есеге азайтады екен. Қолданыстағы қуатты жүктеу үшін мемлекеттік мұнай резервін құру және өндіруші компанияларды оған қатаң бекітілген мұнай көлемін жеткізіп тұруды міндеттеу қажет. Олар өздерінің міндеттерін орындамайынша, сыртқа шығарылатын шикізатқа экспорттық баж салығын артығымен салу керек. Шұғыл түрде заманауи МӨЗ құрылысын бастап, оның өнімін ішкі нарықты қандырған соң, экспорттауға болады.

Одан басқа, реттеу тетігі ретінде мемлекет астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруда қолданатын әдіс: яғни мұнай өнімдерін тауарлық инвентаризациялау мен бағаны қалайтын деңгейде ұстап тұру мақсатында сатып алу және сату тетігін қолдануға болады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502