Марат Исенбаев (Сары әулие): «Туған қызым Бақыткүлден Алланың алдында бас тартамын...»
Жұмыр жердің бетінде зұлымдық атаулының түрі өте көп. Сондай сан алуан қаскөй зұлымдықтың бірі әрі бірегейі - жүрегіне иман нұры ұялаған мұсылмандар мен Жаратқанның өзі әулиелік нұрға бөлеген тақуаларға деген кейбір пенделердің сенімінің азаюы немесе мүлдем одан ада болуы дер едім. Салыстырмалы түрде айтар болсам, жалпы иман атаулыдан жұрдай болып, жүректің жетімсіреуінің жанында кісі өлтіріп, күнәһар атану әлдеқайда кешірімді. Бүгінгі күні мені мұны «бұрынғы» қызымның маған қарсы бағыттағы бүкіл жұртты дүрліктірген іс - әрекетінің алдында ақталу үшін емес, керісінше, оның жымысқы қылықтары арқылы қарапайым адамдардың көкірегінде тылсым әлем мен Алланың ақ нұры арқылы берілетін емінің құдіретіне деген сенімінің іргетасын бұзуға әректтенген ісі қолыма қалам алғызып, осы хатты жазуға мәжбүр етті. Ашығын айтайын, осынау шағын хатымда мен мәселенің мән - жайына мейілінше қысқа да нұсқа тоқталуды жөн көрдім, өйткені менің өз ар - ұжданым мен халқымның алдында ақталуыма ешбір себеп те әрі еш негіз де жоқ. Осыдан алты жыл бұрын, нақты айтқанда, 2005 - ші жылы заңды түрде мен өзімнің туған қызым Бақыткүлден саналы әрі заңды түрде нотариалды негізде бас тарттым. Ондай шешімге баруыма да мені мәжбүр еткен оның ешбір ақылға сыймайтын бір емес, бірнеше рет қайталанған шектен тыс арсыздығы мен опасыздығы болды.
Жұмыр жердің бетінде зұлымдық атаулының түрі өте көп. Сондай сан алуан қаскөй зұлымдықтың бірі әрі бірегейі - жүрегіне иман нұры ұялаған мұсылмандар мен Жаратқанның өзі әулиелік нұрға бөлеген тақуаларға деген кейбір пенделердің сенімінің азаюы немесе мүлдем одан ада болуы дер едім. Салыстырмалы түрде айтар болсам, жалпы иман атаулыдан жұрдай болып, жүректің жетімсіреуінің жанында кісі өлтіріп, күнәһар атану әлдеқайда кешірімді. Бүгінгі күні мені мұны «бұрынғы» қызымның маған қарсы бағыттағы бүкіл жұртты дүрліктірген іс - әрекетінің алдында ақталу үшін емес, керісінше, оның жымысқы қылықтары арқылы қарапайым адамдардың көкірегінде тылсым әлем мен Алланың ақ нұры арқылы берілетін емінің құдіретіне деген сенімінің іргетасын бұзуға әректтенген ісі қолыма қалам алғызып, осы хатты жазуға мәжбүр етті. Ашығын айтайын, осынау шағын хатымда мен мәселенің мән - жайына мейілінше қысқа да нұсқа тоқталуды жөн көрдім, өйткені менің өз ар - ұжданым мен халқымның алдында ақталуыма ешбір себеп те әрі еш негіз де жоқ. Осыдан алты жыл бұрын, нақты айтқанда, 2005 - ші жылы заңды түрде мен өзімнің туған қызым Бақыткүлден саналы әрі заңды түрде нотариалды негізде бас тарттым. Ондай шешімге баруыма да мені мәжбүр еткен оның ешбір ақылға сыймайтын бір емес, бірнеше рет қайталанған шектен тыс арсыздығы мен опасыздығы болды. Мен туған перзентімнен бірден бас таруға асықпадым, оның өзі де кезең - кезеңмен болды. Оның бәрі де Шымкент шаһарында тұрған кезімізден басталды. Бүгінгі күні маған ұят та болса өз қызыма қатысты аузым бармайтын жәйттерді ашық айтуыма тура келіп отыр. Оның ер - азаматтармен алғаш рет жеңіл жүріске салынып, дәлірек айтсам, жыныстық қатынасқа түскен жәйттері маған мәлім болған кезде мен бұл сорақылықтың алдын алу мақсатында Алматы, Тараз, Шымкент, Атырау, Қызылорда қалаларынан келген туған - туысқандар арасында шағын жиын өткіздім. Сол кезде жиналған барша жамағаттың алдында ол өз кінәсін мойындап, бұдан әрі мұндай жеңіл жүріске бармайтындығын, енді мұндай жағдайдың ешқашан қайталанбайтынын айтып маған сөз берді. Шымкент қаласында тұрған кезде осы бір келеңсіз жәйттер орын алса да, мен оның осындай жүректі толқытар ақталуынан кейін әрі жасының кішкентай екенін ескеріп, әлі де түзелер деген оймен кешіріммен қарап, оның өз - өзіне тоқтам салуына мүмкіндік бердім. Алайда, осыдан біраз уақыт өтісімен Алматыға қайтып оралғаннан кейін жаңағыдай жеңіл жүріске салынатын бұрынғы әдетін тағы жалғастыра бастады. Осыған орай, Бақыткүл менің және «Әулет» қайырымдылық қоры ұжымының шешімімен туған үйінен қуылды. Ашығын айтайын, өз басым түкке тұрмайтын нәрседен проблема жасап немесе «түймедейді түйедей қылып» көрсетуге әуес емеспін, мен де қарапайым ет пен сүйектен жаралған адам ретінде жеке басым мен отбасыма қатысты ар - намысым бар азаматпын. Менің бүгінде өзім бас тартып отырған қызым Бақыткүлдің мұндай арсыз қылықтарын осы кезге дейін менімен араласатын әрі маған жақын адамдар шоғыры ғана білді және де олардың ешқайсысы менің жеке басымды сыйлағандықтан жұртшылыққа ешқашан тіс жарып айтқан емес. Қанша жасырғанмен, бұл жәйттердің бәрі бүгінде аса үлкен құпия болмай - ақ, бәрібір дүйім жұрттың құлағына жетіп отыр. Жоғарыда атап өткенімдей, бүгінгі күні менің алдыма келіп кім сұрамаса да, халық алдында да, Алла алдында да, тіпті менің өлімнен қорқатындай етіп зәбір көрсететіндей жағдай басыма төнетін болса да ешқашан қызымды әке ретінде кері қабылдамайтынымды ашық айтамын. Мен Бақыткүлдің әкесі ретінде бір рет Алматы мен Шымкент қалаларында оның жеңіл жүріске салынып, жезөкшелікпен айналыспауына, түзелуіне мүмкіндік бердім, өкінішке орай, ол өзі таңдаған жолдан тайынбады. Ал, мен оның бұл қылығын тек әке ретінде ғана емес, Алланың сөзіне құлақ асқан мұсылман ретінде де ешқашан кешірмеймін. Жұрт мен жайлы не ойласа да, не деп сөгіп жамандаса да мен бүгінгі күні мені жаратқан Аллам мен бүкіл халық алдында қызымнан бас тартамын. Бұл менің ең соңғы әкелік сөзім мен нақты шешімім.
Бақыткүлдің озбырлығы сондай, бүгінде ол түрлі қитұрқы қылықтарымен әрі өтірік куәгерлік таныту арқасында қалайда Шымкенттегі оған ешқандай қатысы жоқ әрі ешқандай мұраға қалдырылмаған баспананы тартып алу мақсатында, басқаны айтпағанда имандылық жолында жүрген мына мені, туған әкесін қарабет қылуға, мені қаралау арқылы қалың қауымды менің ізгілікке толы миссияма деген сенімінен айыруға дәті жеткенде, оның қандай істе де ештеңеден тайынбайтындығын көзі қарақты оқырман өзі топшылап, таразылай жатар. Бүгінде осынау «шытырман» оқиғаға толы істің ақ - қарасын ажырата алмай жұрттың таңқалып, жағаларын ұстап отырғандығын айтпағанда, оның өтірікті шындай етіп жеткізіп отырған әңгімелері мен айыптауларына да құқық қорғау орындарының өкілдері де аса үлкен ықылас танытып отырмағандығына еш күмәнім жоқ. Олай дейтінім, отбасында өз ата - анасының берген тәлім - тәрбиесіне көніп, дұрыс жолды таңдаған ешбір жан мұндай сорақы қылықты санасына сыйдыра алмайды.