Жұма, 22 Қараша 2024
Қазақтың тілі 5844 34 пікір 2 Қыркүйек, 2020 сағат 11:18

Қос тілді білім беру – мәдени геноцид!

Биылғы білім күні 30 жылғы тәуелсіздігіміздің арқасында «Қазақша білмейтін қазақ балаларының тағы бір тобы мектеп табылдырын аттады». Осы елімізде орыс тілді билік жасаған аралас мектептік «мәдени геноцидке» алаш баласы үнсіз көніп жатқанымызда Қытай отары Оңтүстік Моңғұлияда «қос тілді білім беру – мәдени геноцид» деп санаған халық бас көтеруі басталды

Жалпы ҚХР бойынша 6 миллионнан аса моңғұл тұрса, оның ішінде Оңтүстік Маңғұлияда тұрып жатқандары 2000 жылғы санақ бойынша автономиялық өлкенің 17,13%-ын, яғни 3 995 349 адамды құрайды. Қытайландыру саясаты негізінде бұл өңірдегі ханзулар саны бүгінгі күні 79,17%-ды құрап, 18 465 586 адамға жетіп отыр. Қазір қытайландыру саясатының кесірінен тек түрлі өңірлердегі осы ұлт өкілдерінің 2 миллионға тартасы ғана өз ана тілінде сөйлейді. Олардың ішінде 400 мыңдай жан өз төл жазуымен қытайдағы моңғұл тілді «Bainu» әлеуметтік желісін тұтынады.

Плакаттағы жазу: «Шет тілі – құрал, ана тілі – жаның»

Қытайда тап осы моңғұл тілді «Bainu» әлеуметтік желісі бұғатталды. Бұлай болуының себебі аталған Bainu әлеуметтік желісі 23 тамыз күні қыркүйек айында Ішкі Моңғұлияда білім беру тек қытай тіліне біржола көшетінін мәлім еткен болатын

Осыған байланысты адам құқығын қорғайтын Southern Mongolian дерек көздері WeChat-та осы жасырын жарлықты мәлім еткені үшін оның 450-ге  тарта қолданушысын қытай билігі жауапқа тартуға шақырды деп мәлімдейді.

Қытай Ата Заңымен ұлттық азшылықтың өз ана тілінде білім алуы тайға таңба басқандай бекемделсе де, моңғұл тілінің болашағына балта шабылып отыр. 

Ата-аналар ереуілге шығып, балаларын үйде оқытуға көшпекші. Автономиялы облыстағы WeChat қолданушылардың бірі: «Мен баламды мектепке жіберуден бас тартамын. Өйткені, өз тамыр-тегіңді ұмытып, өзге тіл мен мәдениетті оқып үйрену дегеніміз – сіздің балаңыздың болашағы жоқ дегенді білдіреді», - деп жазады. 

«Қос тілді білім беру» саястына қарсы тек оқушылардың ата-аналары, ұстаздары ғана емес, сонымен қатар ғалымдар да қарсы шығуда. Жапониядағы Сидзуок оңтүстік моңғұл университетінің профессоры Чогт Огонос «Қытай мәдени геноцидіне» қарсы қол жинай бастады. Қытайлық моңғұл қаламгері Туменулзей Буянменд: «Қытайдағы Қос тілді білім беру дегеніміз – тек қана жоба ғана емес, Оңтүстік Моңғұлияның барша тұрғындарын ассимиляцияға ұшыратуға арналған кең көлемді қадам» деп ашық жазады. Ал, адам құқықтары бойынша Оңтүстік Моңғұл ақпараттық орталығының директоры Энгэбату Тогочог болса, бүгінгі қытай саясаты еш жаңалық емес, соңғы отыз жылдағы Оңтүстік Моңғұлиядағы моңғұл тілінде білім беруді түбірімен жоюдың жалғасы дей келе: «Ауылдық жердегі моңғұл мектептері жойылып бітті. 1980 жылдардан бастап моңғұл тілінде білім алатындар 80%-ға дейін қысқарды. Біздің дәстүрлі өмір салтымыз толықтай тас-талқан болып, ұлттық бірегейлігіміз жойылды. Енді біз тілден айырылатын болсақ, одан басқа жоғалтатын ештеңеміз қалмайды», - деп өз пікірін алға тартады.

Қытайда заңнан тыс деп жарияланған «Ішкі Моңғұлия Халық партиясының» президенті Хатгин Долгион: «Ұлттық азаттықтың жоғары дәрежесі – автономия да емес, федерация да емес толық саяси тәуелсіздік. Тарих бізге өзінің ащы сабағын тарут етті. Ол – Қытайдан басы бүтін азат болу» деп ащына мәлімдеме жасады.

Біз өз елімізде төрт көзіміз түгел отырып, азат жерімізде тұрып жатып, қазақ баласының орыстануына жол беріп қарап отырмыз. Бұған кім кінәлі!? Ұлтымыз арасында қазаққа іші жылымаушылық «Сары орыстың бәрі – орыс» делінетін патшалық, кеңестік әм әлі күнге жалғасып келе жатқан неоресейлік «лингво геноцидтен» неге сабақ алмаймыз!? 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5154