Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4683 0 пікір 21 Желтоқсан, 2011 сағат 04:39

Алмахан Мұхаметқалиқызы. Құдағи жүзік

Ұлы өркениетті мәдениетіміздің бойымызға сіңіре білген тәлім-тәрбиесінің мәні салт-дәтүрімізде пайдаланып жүрген әшекей бұйымдарында да бұлтартпас үлгі болған. Алдымен тұрмыс-тіршілікте қолданыс тапқан нәзік нақыштар көшпелі халық мәдениетінің үлгілерін жазусыз, сызусыз ауызекі өнер туындылары арқылы, ою-өрнек, зергерлік бұйымдар арқылы нәзік те әдемі жеткізе білген. Жазу-сызусыз-ақ этникалық аяда көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін тудырған қыруар мәдениет мұрағаттары деректемелік байланыс жүесінен күні бүгінге дейін кіндігін үзген емес.

Түп-тамыры сонау әріде жатқан зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Қазақ қолөнерінің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің жасалуындағы бір ерекшелігі оның кәсіптік сипатына байланысты зергерлік бұйымдарды жұрт көп тұтынатын болғандықтан бұл өнер көп өріс алған. Сол замандағы діни ұғым бойынша тіл-көзден сақтайды, әртүрлі пәле-жаладан қорғап жүреді деген ұғыммен бойтұмар болатын әшекей бұйымдарын жасатуға құмар болған.

Көбіне күмістен жасалатын әшекейлік бұйымдардың жасалу жолдары мен пайдаланылуы жоғарыдағыдай түсінік бойынша ғана түсіндіріліп  келе жатқан бұйымдардың мәні тереңде. Мәдениеті мен тұрмыс-салтына аса зергерлікпен қараған «дала данышпандары» ешқандай қарыппен жазылмаған дала заңдарын, ырымшылдығын тұрмысымен тұтастырып жіберген.

Соның бірі - құдағи жүзік.  Жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл-күмістен жасалады. Қос саусаққа бірдей киілетін үсті шаңырақ тәрізді жалпақ, кейде күмбезді болып келеді. Жарқыраған ашық түсті күмбезге екі жерден шаңыраққа ұқсас өрнек салынады. Астында екі саусаққа киілетін қап орналасады. Құдағи жүзік сәнді болуы үшін балбармақ қолөнер шеберлері арнайы таңдалады.

Құдағи жүзікті құда түскен екі ауылдың құдағилары біріне-бірі сыйға береді. Мақсаты екі елдің баласы тіл табысып бір шаңырақ көтереді. Ірге көтерген шаңырақтаң босағасы берік, ғұмырлары ұзақ болуын қос құдағи осы жүзіктей берік ұстап, көңіліміз күмістей таза жарқырап жүрсін деген мақсатпен тағылады. Суретте көріп отырғандай астындағы екі саусақты жүзіктің үстінде көмкерілген шаңырақ екі саусақты біріктіріп тұрады. Күмістей жұмсақ қақтауға төзімді, жарқыраған түсін бермейтін металдың өзі жас отау иелерінің тауқыметке төзімді, мінезі жұмсақ, уақыт өткен сайын өңін бермейтін әдемілігі, татулығы сақталсын деген түсінік. Мәні тереңде жатқан осы бір қарапайм зергерлік бұйым ғасырлардан сағынтып жеткен бабалардың сарқытындай әсер етеді.

Абай мұраларын жіті зерттеп қарар болсақ, Ұлыдан айтылмаған сөз қалмағанға ұқсайды. Ақынның отыз үшінші қара сөзінде, «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі сол. Бірақ, құдай тағала аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады» - деген Абай тұлғасын біз әлі толық танып, білген жоқпыз.

Бүгінгідей дәулетіміз бен сәулетіміз айрықша сын кезеңге тап болып отырған тұста  ел арасындағы түсіністік пен туысқандықты қайта жаңғырту керек болса, мәдениетіміз бен әдебиетімізге көңіл бөлу үшін руханият үшін аса қажет-ақ. Абай мұрасын тереңдете зерттеп, халық этнографиясымен сусындап өскен дана Мұхтар Әуезов өзінің бір сөзінде, «Халық бойындағы қасиет кейде жер астында жатқан гауһар есепті» деген.Қазақ мәдениеті мен тұрмысын бүкіл «Абай жолы» роман-эпопеясына өріп отырып тамаша жеткізген ғұлама  жазушының әр сөзі мен дерегі бабалардың өшпес мұрасы іспетті.

Ертеректе қолында күміс жүзігі жоқ келіншектердің  қолынан ас ішпейді. Күмісі жоқ қолдың ыдыс-аяғы таза емес деп түсінеді. Медицинада таза күмісті суға салып қойса судағы зиянды қалдықтарды жойып жібереді екен.

Абай мұражайында қызмет істеп, қазақтың салт-дәстүрін көріп-біліп, терең түсінуіме мүмкіндігім болғанына өзім қатты ризамын.

«Көрсетпеген өнер зая кетеді» деген қазақта өнегелі сөз бар. «Заманды өнер жасайды» дегенді жеткізген бабаларымыз өздерінің жүріп өткен жолдар мен көңіл толқыныстарын қолөнерімен бірге өріп отырған. Сыры мен сымбаты бөлек мейлінше қарапайым қолданыстағы қолөнер бұйымдары алдағы уақытта да ғасырдан-ғасырға жалғасып, өнегелі ғұмырын ұзарта беретініне дау жоқ.

Алмахан Мұхаметқалиқызы

Қазақстан-Ресей университеті,

«Абайтану» ғылыми-танымдық

орталығының диреторы.

Ақын, Қазақстан Жазушылар

Одағының мүшесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408