Жағанова жанжал шығарып жатыр
«Руханият» партиясының Мәжіліс сайлауына жетпей мәні кетіп бара жатқан сияқты. Өткенде партия атынан сайлауға үміткер ретінде тіркелеген Мұхтар Тайжан Жаңаөзен қақтығысына байланысты қатардан шығатынын мәлім еткен еді. Мұхтар Болатханұлы Тайжанның табанды талабы түсінікті - ол аталған партия жетекшілерімен Жаңаөзендегі ахуалға қатысты ортақ пікірге келе алмаған соң, сайлау додасынан бас тартты. Сөйткен «Руханияттың» жағасына енді Жағанова жармасып жанжал шығарып жатыр.
«Жазушы-драматург, «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова «Руханияттың» партиялық тізімін тіркеуден алып тастауды және саяси бірлестік жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жіберген бұрмалаушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр» деп хабарлайды саяси әңгімелерге енжар қарайтын «Егемен Қазақстанның» өзі.
Алтыншаш Жағанованың айтуына қарағанда, Мәмбетәлин мырза тым тәкаппар, өркөкірек жан көрінеді. Ол партияның саяси жетекшілерімен мүлдем санаспайды екен: сасяси кампанияны жеке басын насихаттайтын жарнамалар легіне айналдырып жіберіпті. Бұрынғы «Дәуірлеу» партиясынан «Руханиятқа» ұласқан ұйым мүшелерін Мәмбетәлиннің Парламент Мәжілісінің депуттатығына кандидаттар ұсыну үшін өткізген сьезі тіпті ашындыра түскен.

- Съезд мүлдем заңсыз өткізілді. Республикалық комитет, пленум, партияның саяси атқару комитеті бізде бар-жоғы 7 адамды құрайды. Мәселен, солардың 5-і форум жұмысына қатысқан жоқ. Оның үстіне, жарғы бойынша партияның кезектен тыс съезін өткізу туралы шешім міндетті түрде пленумда қабылданып, облыстық конференциялар өткізілуі тиіс болса, олардың ешқайсысы мүлдем ұйымдастырылмаған. Партия форумында бірқатар өңірлерден делегаттар да өкілдік етпеген. Съезге біздің партиямызға ешқандай қатысы жоқ адамдар қатысып отырған. Мен съезді заңсыз, ал Мәмбеталиннің іс-әрекетін мүлдем таза емес деп есептеймін. Ол жағдайды білмейтін кандидаттарды адасушылыққа ұрындырса, бұл оған бедел әпермейді, - деп мәлімдейді А.Жағанова «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде («Руханияттағы» жанжал «ЕҚ», 27. 12. 2011 жыл).
«Съезді заңсыз» дейтін себебі 1995 жылы «Дәуірлеу» партиясы болып тіркеліп, 2003 жылы «Руханиятқа» айналған партияның жарғылық құжаттары, мөрі Жағанованың қалтасында болып шықты. «Партияның басымдықтары ретінде халықтың рухани жаңғыруы, ұлтаралық келісімді ілгерілету, яғни бәріміздің алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерге басымдық беру», - деген А.Жағанова басшылықтың жас буын өкіліне беру шешімі «Руханияттың» жастар қанатын дамыту мүддесі тұрғысынан қабылданғанын айтады.
Сонда дейміз-ау, басшылықты жас буын өкіліне аманаттаған апамыз мөр мен жарғыны неменеге жырып қалған? Осы жағы түсініксіз. 2003 жылдан бері Мәмбетәлинге мөр мен жарғыны бермеген Жағанова ол жайтты неге тап бүгінгі саяси науқан барысында жария етіп отыр? Ммм, жағдай шамамен мынада болса керек: «Руханият» Мәжіліс депутаттығына үміткер етіп ұсынған тұлғаның бірі - Мұхтар Шаханов. Жаңаөзендегі қақтығыстан кейін ояна бастаған ел бұрынғысынша жаппай «Нұр Отанға» дауыс бере қоймауы мүмкін. Айдап апарса да дауыс беруі дүдәмал халық «қалаулымыз Шаханов» деп шықса, Ақорда идеологтарының шыпасы бітеді ғой. Былайғы күннің өзінде мемлекеттік тілдің мұңын мұңдап, жырын жырлап Есілдің сол жағалауындағы ақ жағалы «жұртты» естанды етіп жүрген Шаханов Мәжіліс сарайына кіріп кетсе, Шаншар театрының актерлері айтапқшы, «жаман болады-ау, жаман болады». Сол «жамандықтың» алдын алу үшін Ақорда Жағанова апайға барып жалынып, мөр мен жарғының жырына жұмсаса керек.
- Мен ОСК-ге партияны тіркеуге ұсынылған құжаттарды мұқият тексеру керектігін ескерткен болатынмын. ОСК тарапынан ешқандай әрекет байқалмағандықтан, Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болдым, - дейді жазушы-драматург Жағанова. Мәселеге Бас прокуратура араласқан соң бұл әңгімеге нүкте қоя берсек те болатын шығар... Өйткені Жағанова партияны сайлауалды науқанынан алып тастауды талап етіп отыр.
«Абай-ақпарат»