Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2823 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 04:01

Мұхтар Шерім. Қара беттер ұйықтамайды...

Әйелімен құшақтасып жатқан... Таң ата көздерін жапалақ шоқып алғандай,  жыпылықтатып ашса, әйелі екеуі етпетінен жатқан біреуді құшақтап жатыр! Үстінде мәйкі, шашы алба-жұлба... Желкесінен қып-қызыл қан ағып жатыр ма... Ол орнынан ұшып тұрды.

- Ойә-бай, мынау кі-кім, Қатипаш?

Әйелі ащы дауысқа ояна қойған жоқ... Бері қарай аударылып түсті де, теңкиіп жатқан еркектің жауырынына білегін, сосын бір күндік отындай жуа-ан аяғын асып қойды. Ұйқысын қимай ыңырсып жатты да, кенет көздерін ашып қалып, өзі құшақтап жатқан «жынды бас» еркекке, сосын трусишең тіл ауыздан қалып, қалшылдап тұрған күйеуіне қарады. Төсегінен төңкеріле жаздап, шыңғыра түскен Қатипаш жүгіріп барып, күйеуінің бауырына тығылды.

- Мы-мына кісі кім, Мыж-Мыжбан?-деп сұрады етпетінен жатқан еркекке  үрейлене қарап.

- Т-танымаймын...

- Ол арамызда неге жатыр?

- Се-сенің кө-көңілдесің емес пе?

- Құдай сақтасын! Не, маған сенбейсің бе?

- Түнімен осымен құшақтасып жатқанбыз ба не, сонда?

- Со-солай сияқты... Мыжба-ан, қорқамын. Полиция шақырайық.

- Сол полицияның өзі емеспін бе?-деген Мыжбан  орындықта жатқан формасына жүгіріп, тапаншасын суырып алды.

- Ей, сен кімсің?-деп айқайлады сосын. Дауысы жанып жатқан су ағаштай қалтырап шықты.

- Мен ғой.

- Менің кім?

- Бұл қарабеттің үйі ме?

- Какой қарабет? Не деп тұрсыз? Тұрыңыз! Не, бетіңіз күйіп қалған ба?-деген Қатипаш енді күшейейін деді.

- Халыққа оқ атқан қарабеттің үйіне келдім,- деді ер кісі етпетінен жатқан бойы. Бұдан әрі шыдамаған  Жаңаөзен қаласының полицейі беймезгіл келген «қонақтың» жон арқасына бірнеше мәрте атып жіберді.  Етпетінен жатқан еркек қолымен арқасын қасыды. Оқ тесіп  кеткен арқасынан бықсып, түтін шықты. Бір кезде ол:

- Сендер халыққа оқ атып үйреніп қалған екенсіңдер. 2011 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге шыққан өрімдей жастарды да дәл осылай арқа тұсы­нан атып едіңдер...-деді де, сықырлап, орнынан тұрды. Мәссаған, Мыж­бан не көрді деймісіздер? Адам бойындай  ағаш қуыршақты көрді. Өзі атқан оқ арқасын тесіп кетіпті, бергі жағынан үйірейіп тұр екен. Мұны көрген Қатипаштың аузы-басы қисайып, табан астында талып қалды. Зәресі қалмаған Мыжбан шифонердің ішіне тығылды. Аяғын сықырлата басқан қуыршақ шифонерге жақындаған сайын, Мыжбан дірілдеп, тіпті селкілдей бастады. Әне, келе жатыр! Жақындап қалды... Ойбай, енді қайтті? Есікті ашып қалғанда, Мыжбан сасқанынан:

- Ассалау...-деп қалды.

- Сен Жаңаөзен қарабетісің.

- Не -неге?

- Өз халқыңа оқ жаудырдың...

- Бұйрық солай болды.

- Бұйрықты құйрығыңа қыстыра салмадың ба?

- Кешіріңіз, сіз кімсіз?

- Мен бе? Мен Құдайдың қуыршағымын! Жаратушы ием маған жан беріп, сендерге, қарабеттерге жіберді! Қуыршақ биліктің беттерін қап-қара етіп кел деді. Халыққа қарай алмасын деді. Пенделеріме ренжідім деді...

- Ке- кешіріңіз, біз полицаймыз...

- Білемін, білемін, бір байғұс бала жараланып құлап еді, жетіп барып, сойы­лың мен ұрып өлтірдің... Мә, бетіңе қара, Құдайдың қара бет пендесі!-деген қуыр­шақ адам қолына айна ұстата салды. Мәссаған! Бір беті қап-ара болып күйіп кетіпті... Түтін шығып жатыр ма... Қорыққан байғұс көшеге атып шық­ты...  Есуастанып кетсе керек, өзінің басын өзі ұрып барады...

«Құдайдың қуыршағы келіпті, қарабеттермен құшақтасып жатады екен...» деген сөз Жаңаөзен қаласын шарлап кетті. Ішкі істер министрлігіндегі бірнеше лауазымды қызметкерлер қорыққандарынан төсектерінің қасында шоқиып отыратын болды. Әсіресе, министр орынбасарларының бірі Ләппай Тақсыров­тың ұйқы көрмегеніне бүгін екінші күн.

- Жатсаңшы, - деді әйелі түннің бір уағында.

- Қорқамын...

- Жұрт не демейді... Кел, құшақтасып жатайық.

- Қуыршақ тек ортаға жатады дейді...

- Жабысы-ып жатайықшы... Жұмыс-жұмыс деп құшақтауды да ұмытып кетіп едің. Қайта жақсы болды.

- Сіріңке әкелші...

- Е?

- Көздерім жұмылып барады... Көз қабақтарыма тіреп қояйын...

- Тух, не деген қорқақ едің!-деген әйелі оны төсекке атып ұрды. Содан құшақтасып жатқан. Таң ата оянып кетсе...  Ойеба-ай, оянып кетсе... Әйелі біреуді құшақтап жатыр!  Арқасынан сипалап қоятынын қайтерсің! Күйеуі екен деп қалған да...  Кешіріңіздер, билік бұтына жіберіп қойды. Тіл аузы жоқ, әйелін жұлқылап оятты. Әйелі көздерін сығырайта ашты да, күйеуінің қап-қара бетін көріп, шыңғыра, көрпесін тас бүркеніп алды... Сосын қасында жатқан қуыршақ адамды көрсе керек, іш көйлекшең ойбайлай атып тұрып, тұра қашты. Соңында күйеуі... Дәл осы түні қала, облыс әкімдерінің де беттері қарайып шыға келіпті..  Мыңдаған жұмысшыларын қуып шыққан «Өзенмұнайгаздың» бұрынғы басшыларының  бірі де, қатты шошып оянса керек, қуыршақпен құшақтасып жатыр екен. Айнаға қараса, беттері қарайып, көздері алайып қалыпты деп естідік. Жаратушы иемнің жанды қуыршағы әлі талай шенеуніктің беттерін қарайтады екен... О,жаратқан ием, адамнан қулық артыла ма, бір қарабет бетіне  аппақ «пудыра» жағып алыпты! Өңкей қара жүректер!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592