Ұлт рухының ұлы суреткері (видео)
Қажығұмар Шабданұлының тағдыры - отарлықтың қамытын ұзақ киген қазақтың тағдыры. Атақты «Қылмыс» романы - тұтас ұлттың басынан кешкен қасіретті де, қайғылы, аса ауыр жылдардың боямасыз суреті. Қазаққа коммунист атаулыдан келген зұлматқа қойылған ең ұлы ескерткіш.
«Қылмыс» романында бас кейіпкер Биғабыл шығарманың соңында атажұрты - Қазақстанға оралады. Бұл жазушының көрегендігі демеске лаж жоқ. Себебі, Қажығұмар Шабданұлының ұрпағы, шығармалары елге жетті. Бұл да бір орындалған арман. Әлбетте, жазушының өзі көзі қамасқанша «Отаным, туған топырағым, Қазақстаным!» деп арманда кеткені біз үшін де өтелмеген парыз болып қала береді.
15 ақпан күні Алматыда Жайнар Қажығұмарқызы және жазушының бір топ ауылдастары Қажекеңнің дүние салғанына жыл толуына орай, дастархан жайып ас берді. Асқа исі қазаққа белгілі азаматтар қатысты. Қабдеш Жұмаділов, Қажытай Ілияс, Зардыхан Қиянатұлы, Төлеген Жүкеев, Рысбек Сәрсенбай, Айдос Сарым сынды азаматтар Қажекең жайында соны ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Аста Қажығұмар Шабданұлының шығармашылық мұрасын жинақтап, бірнеше томға біріктіріп жарыққа шығару, жазушының мерейтойларын өткізу мен шығармашылығын насихаттау үшін арнайы қор құру мәселелі де айтылды.

«Abai.kz» ақпараттық порталы Қажекең үшін жасалатын әрбір істің бір шетінде жүруді, қолғабыс етуді өзіне парыз санайды. Соның бір айғағы ретінде таралымының аздығынан көпшілікке толық жетпеген «Қылмыс» романын жариялауды бастады.
Және Қажығұмар Шабданұлы дүниеден қайтты деген қаралы хабарды естіген кезде, ес жиып, кіндік жұрттағы барша елінің атынан Қажекеңе арнап ас берген де «Abai.kz» ақпараттық порталы екенін көзіқарақты оқырман білсе керек.
15 күнгі Қажекеңнің рухына бағышталып берілген аста Болат Мүрсәлім дайындаған «Ұлт рухының ұлы суреткері» атты қысқа бейнеүзік көрсетіліп, көргендер көздеріне жас алды.
Сол бейнеүзікті назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Абай-ақпарат»