Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5181 3 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 14:47

Тарихи кино кім көрінгеннің ермегі ме?

Қазақ тарихы еріккенің ермегіне айналған заманға кез болып отырмыз. Айтқым келгені, қайтадан қолға алынып жатқан иісі алаш баласының ұлы ханы атанған Қасымхан туралы көркем фильмді түсіру қайтадан қолға алынғаны жөнінде.

Әрине, тарихты жаңғыртып, жас буынға үлгі ретінде ұсынған жөн. Өйткені бүгінгі һәм келер ұрпақ, ата-бабаларының жүріп өткен жолын, қазақ мемлекеті қалай құрылғаны сондай-ақ сол құрылу жолында қандай қиындықтарға: қанды қырғын, зұлмат-аштықтарға, қуғын-сүргінге ұшырағанын білгені дұрыс. Өткенді сыйлау, қадірлеу содан басталады.

Жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс қазақтың ұлы хандарының бірі Қасымхан еді. Хандық құрған 1511-1521 жылдар аралығында қазақ хандығының шекарасын кеңейтті, Сыр бойындағы шаһарларды қазақ еліне қаратты, халқы 1 миллионға жетті, 300 мың атты әскер ұстады. «Қасымханның қасқа жолы» атты заңдар жиынтығын шығарды. Қасым сондай айбары хан атанды. Демек ол туралы көп сериалы фильм түсіру кім көрінгеннің ермегі болмауы тиіс.

Десекте бұған дейін «Жау жүрек мың бала» және «Томирис» атты тарихи туындыларды түсірген белгілі режиссер Ақан Сатаев қолға алыпты. Сатаевтың кино түсіруде тәжірибесі бар азамат. Алайда киноның сценарийін тарихи шығармалар-романдар жазып жүрген Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев секілді азаматтарға неге жаздырмады деген ой тұрады. Қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тіпті сол кездегі сөз саптауды да білетін тарихшы-жазушылар жазғанда кино өзгеше жандана түсіре ме еді?

Ал қазір киноның сценарийін кім жазып жатыр дейсіз ғой, ол Ақан Сатаевтың өзі және қазақтың тарихынан мақұрым екі адам. «Шымшық сойсада, қасапшы сойсын» деген бар ғой. Яғни мұндай тарихи салмағы зор дүниені кім көрінген жазбағаны жөн еді. Амал нешік? Өкінішті. Бәлкім бұл жерде Ақан Сатаев тарихи киноға бөлініп отырған қомақты қаржыны өздеріне қалдыруды ұйғарған шығар...

Қалай айтсақта, қалай жазсақта мұндай қазақ тарихынан жеке дара орын алатын Қасымхандай ханды кино етіп шығару үшін көшеде жүргендерді емес, тарихты жетік білетін, және осы салада шығармалар жазып жүрген, тарихтың білгірі жазушыларды, тарихшыларды тарту керек еді ғой.

Біз кезінде түсірілген «Көшпенділерде», «Қазақ хандығында» кеткен қателіктерден, кемшіліктерден қортынды шығаруымыз керек –тұғын. Алайда сол кемшіліктерді тағы қайталағалы жатырмыз. Өкінішті. Тіпті осы Қасымханды «Ертұғырыл» атты ғажайып сериал түсірген түрік режиссері Метин Гюнай 75 серия етіп түсіреді екен дегенде дақпырт шыққан. 11 миллиард теңгеде аударылған. Аяғы сыйыр құйымшақтанып кеткен. Бөлінген 11 миллиард теңге қайда кетті ол да белгісіз. Бұл жолғысы мынау.

Қазақ қашан дені дұрыс тарихи киноларды түсіреді екен. Әлде «әттең, әттең» деп өміріміз өте ме?

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5253