Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Өзекті 7094 9 пікір 29 Қаңтар, 2021 сағат 19:22

«Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі»

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий мерзімі аяқталады. Алайда, билік тарапынан бұл мәселе жөнінде әлі де нақты шешімдер қабылданған жоқ.

Казахстан предложил Китаю помощь по борьбе с коронавирусом

Әзірге президент Тоқаев жер шет елдіктерге сатылмайды дегенді айтумен келеді. Мәселен, 2019 жылдың мамыр айында Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен өткізген кездесуде: «Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!», - деді.

Ал, 2019 жылдың шілде айында, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне жерді пайдалану бойынша мониторинг жүргізуді тапсырды.

«Бұл жұмысты соңына дейін жеткізу керек. Жер кодексі нормаларының мораторийі 2021-де аяқталуына байланысты біз осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз. Парламент депутаттары, жұртшылық бұл мәселе бойынша пікір білдіреді деп үміттенемін. Шетелдіктерге келетін болсақ, жер оларға сатылмайды. Бұл жерде толық айқындық болуы керек»,- деді.

Мемлекет басшысының айтуынша, ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,5 миллион гектар жер игерілмеген. Сондықтан да Президент Үкіметке 2020 жылдың соңына дейін барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың шілде айында Ақордада өткен Үкімет жиынында жер мораторийінің мерзімі бітетінін тағы да еске салды:

«Бізге бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдау керек. Қазір бізге белгілі нақты мәселе бар. Ол – Жер шетелдіктерге сатылмайды! Біз бұл тақырыпқа енді қайтып оралмауымыз керек», - деген болатын.

Ал, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған жолдауында осы мәселені қайта көтеріп, нақты шешім қабылдау керектігіне тоқталды.

«Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс», - деді Президент.

Жер мәселесі әлгінде ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да назардан тыс қалмады. Мораторий мерзімі бітуге аз қалғанын тағы бір мәрте ескерткен Президент, Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып: «Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет», - деді.

Ақ жол» партиясы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

Ал Тоқаев қатысқан Үкімет отырысынан екі күн бұрын «Ақ жол» партиясының депутаттары Премьер Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, Жер кодексіне қатысты өз ұсыныстарын жариялапты.

Партияның ұсынысына сәйкес, шетелдік компаниялар мен азаматтарына жерді сатуға, сондай-ақ, Қазақстанмен шекаралас шет мемлекеттер мен олардың азаматтарына жерді жалға беруге тыйым салу қажет. Аталған ұсыныс бұған дейін Үкімет жанынан құрылған Жер жөніндегі комиссияға жолданған. Алайда, комиссия хаттамасына енгізілмепті.


Сонымен, «Ақ жол» партиясы депутаттарының мораторий мерзімінің аяқталуын ескеріп, Үкімет басшысына жолдаған сауалдары мынандай:

Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Ежелден қазақ үшін жер дауы ерекше назарда болғаны анық. Осы мәселеге қатысты Алаш арысы Ә. Бөкейханов: «... Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мәселесі негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ала қашты, тартып алды, тиіп кетті қылмай, ақылмен, сабырмен атқарған оң», - десе, ұлт ұстазы А. Байтұрсынов «Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі ия өлі болу мәселесі», - деген болатын.

Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының зары бүгінде де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Баршаңызға белгілі, 2016 жылы елімізде резонанс туғызған митингілерден кейін, Елбасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізген.

Бүгінде осы мораторийдің аяқталуына санаулы уақыт қалды. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Жер жұмыс істейтін адамдарға берілуі тиіс. Жер өндірістің басты факторы, тиімділік пен ашықтық болмаса, ауылды дамыта алмаймыз. 2021 жылы Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий аяқталады. Бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдануы тиіс. Бұл туралы Парламент депутаттары, саяси партиялар, қоғам ой қосады деп үміттенемін», - деп, Үкіметке нақты тапсырма берген.

Осы бес жыл ішінде болған өткір қоғамдық пікірталас халықтың жер мәселесі бойынша нақты  көзқарасы қалыптасқанын көрсетті. Бірақ, бұл елдің жерге деген пікірі әлі заңдастырылған жоқ.

«Ақ жол» партиясы Үкіметтің жанындағы Жер жөніндегі комиссияға шетелдік компаниялар мен азаматтарына жерді сатуға, сондай-ақ, Қазақстанмен шекаралас шет мемлекеттер мен олардың азаматтарына жерді жалға беруге  тыйым салу туралы ұсыныстарын жолдаған еді, бірақ белгісіз себептермен, Комиссияның қорытынды Хаттамасына енгізілмей қалды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Саяси бағдарламасындағы бұл ұсыныстарды өткен жылдың 30 желтоқсанында «Хабар» телеарнасында болған сайлауалды дебаттарда да партия Төрағасы нақты баяндаған болатын.

Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жер  мәселесіне қатысты ұстанымын толық қолдай отырып және мораторий мерзімінің аяқталуын ескеріп, жер заңнамасына  жедел түрде тиісті түзетулер енгізу қажет деп санайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» партиясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жер кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізіп, елді алаңдатқан жер дауының шешілуіне нүкте қойылу керек деп санайды.

Ұсынысымыз қабылданбаған жағдайда, «Ақ жол» партиясы Жер кодексіне өз тарапынан өзгерістер енгізуге дайын екендігін білдіреді.

Құрметпен, «Ақ жол» партиясы фракциясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары»


Түйін. 2016 жылы елімізде Жер мәселесіне байланысты үлкен толқулар болды. Көпшілік жердің шетелдіктерге сатылмауын, жалға берілмеуін ашық талап етті. Cол жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласында басталған наразылық акциялары еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасып, мамыр айының басында сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі резонанс тудырған Заң баптарына мораторий жариялаған еді.

Сол мороторий мерзімі биыл аяқталады.Одан кейінгі Жер тағдыры қалай болады? Бұған дейін құрылған Жер комиссиясына қоғам тарапынан үлкен сын айтылды. Ал, президент Тоқаев айтқандай  Жер комиссиясының жұмысы қайта жанданса, оның құрамында кімдер болуы керек? Үкімет Жер кодексіне түзетулер енгізгенде нені ескеру тиіс? Бұл мәселеге қоғам да, Мәжілістегі депутаттар қауымы да сергек қарауы тиіс!

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036